Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 16 Қазан, 2025
Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет облыс орталығының әкімі сайланды. 12 қазанда семейліктер қала әкімі сайлауында өз таңдауын жасады.
Зерде • 16 Қазан, 2025
Солтүстік Қазақстан облысында Екінші дүниежүзілік соғыста Кеңес одағының батыры атағын алған үш-ақ қазақ азаматы бар. Сол үш батырдың бірі – Жәлел Қизатов.
Тұлға • 16 Қазан, 2025
Тіл ғылымына еңбегі сіңген академик
Академик Шора Сарыбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Халықаралық түркі академиясы және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы «Жаһандану дәуіріндегі тіл ғылымы, филология және түркітанудың өзекті мәселелері» тақырыбында түркология конгресін өткізді.
Ғалам ғажаптары • 16 Қазан, 2025
Ес – өткен мен болашақ арасындағы көпір. Адам баласы өмір бойы сансыз ақпарат жинайды, бірақ оның бәрі есте қала бермейді.
Ұстаз • 16 Қазан, 2025
Ұстаздар династиясы – ұрпаққа ұлағат
Қазақта «Ұстаздық – ұлы жол» деген ұғым бар. Шәкірт жүрегіне нұр құйып, білім мен тәрбиені өмірінің басты мұратына айналдырған әулеттер тарихта көп кездеспейді. Солардың бірі – Жетісу өңірінде тамыры тереңге жайылған Ахметовтер әулеті. Бұл әулеттің әр мүшесі ұстаздық жолды өмірлік миссия деп біліп, саналы ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеуге арнаған.
Ғалам ғажаптары • 16 Қазан, 2025
Уақыт көзге көрінбейтін, бірақ бәрін өз ырғағымен реттеп отыратын құбылыс. Ол тыныш ағып жатқан өзен секілді. Біз оның ағысымен жүреміз, бірақ тоқтата да, кері бұра да алмаймыз.
Шаруашылық • 16 Қазан, 2025
Мәртөк ауданында жиын-терім аяқталды
Қыркүйек айынан қазанның ортасына дейін жалғасқан күздің шуақты да жылы күндері өңірдегі шаруашылықтардың жиын-терімді сәтті аяқтауына мүмкіндік берді. Әсіресе астық өсіріп, мал азығын даярлайтын қожалықтар ауа райының қолайлы күндерін тиімді пайдаланды.
Ғалам ғажаптары • 16 Қазан, 2025
Адам өмірінің шамамен үштен бірі ұйқымен өтеді. Ал сол ұйқының 6 жылға жуығы түс көруге байланысты. Орташа есеппен әр адам күніне 4–6 рет түс көреді, бірақ оянған соң көбі оны есіне түсіре алмайды.
Аймақтар • 16 Қазан, 2025
Кейінгі екі жыл бедерінде Жамбыл өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Еліміздегі жасыл қалалардың санатына жататын Тараз шаһарында да төңіректі тегіс таза ұстау мақсатында біршама іс тындырылды. Ең бастысы, шаһар халқы экологиялық мәдениетке баса назар аудара бастағаны көңіл қуантады.
Жәдігер • 16 Қазан, 2025
Қаған композициясы толықтырылды
Қайбір жылы Елеке сазында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде көп жәдігердің ішінен белдіктің жапсырмасы ерекше көзге түскен. Сол жапсырмадағы қағанның құрылтай құрып отырған бейнесі реализм стилінде жасалып, облыстық тарихи-өлкетану музейіне қойылған еді. Құрылтай композициясы биыл толықтырылып, қағанның қасына қос көмекшісі сомдалды.
Ұлттық спорт • 16 Қазан, 2025
Жылыой ауданында дәстүрлі садақ атудан ашық турнир өтті. Сайыста еліміздің 12 өңірінен, Өзбекстан мен Ресей Федерациясынан 100-ден аса спортшы бақ сынады.
Байқау • 16 Қазан, 2025
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында даңқты композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған республикалық дирижерлер байқауы өтті. Саусағынан сиқырлы саз төгілген музыка шеберлерін бір алаңда тоғыстырған өнер додасы екі күнге жалғасты.
Медицина • 15 Қазан, 2025
Талас ауданының прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізіп, нәтижесінде бірқатар білім беру ұйымдарында балаларға профилактикалық медициналық тексерулерді ұйымдастыру жұмыстары тиісті деңгейде атқарылмағанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 15 Қазан, 2025
Алматыдағы жабайы базарлардың дәурені аяқталып келеді
Алматы қаласында жабайы базарлардың дәурені бітіп, дәуірі аяқталып келеді. Бүгінде мегаполисте заманауи да жайлы форматтағы базарларға көшу кезеңі жедел жүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Қазан, 2025
Қонаев қаласында мейірім мен ізгілікке толы ерекше мереке – Мүгедектігі бар адамдар күні аталып өтті. Шараға ерекше балалар мен олардың ата-аналары, әлеуметтік сала мамандары және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Суицид • 15 Қазан, 2025
Петропавлдың №1-ші қалалық ауруханасының төртінші қабатындағы ашық терезеден 67 жастағы пациент секіріп кеткен. Дәрігерлер дер кезінде көмек көрсеткенімен ауыр жарақаттан әйел адам көз жұмды деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 15 Қазан, 2025
Сенімнен айрылған мердігерлерге бақылау күшейді
Бүгін Алматы билігі мемлекеттік сатып алуларға қатысатын мердігер ұйымдарға қойылатын талаптарды қатаңдата түсетіні туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қазан, 2025
Облыстағы «AMANAT» партиясының белсенділері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен рейд ұйымдастырып, ашық қалған коммуникациялық люктер, электр қондырғылары және балалар мекемелеріндегі терезелердің жағдайын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 15 Қазан, 2025
Қанат Бозымбаев Оңтүстік Кореяда өткен роуд-шоуда Alatau City жобасын таныстырды
Сеул қаласында Alatau Rise With Kazakhstan Forum өтіп жатыр. Форумның ашылуына Қанат Бозымбаев қатысып, әлеуетті инвесторлар мен серіктестерге жаңа Алатау City жобасын таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 15 Қазан, 2025
Астанада Astana Think Tank Forum 2025 өз жұмысын бастады. Биылғы форумның тақырыбы – «Поляризациядан серіктестікке: халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіру».
Үкімет • 15 Қазан, 2025
Олжас Бектенов есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті. Онда мемлекеттік органдардың үйлесімді іс-әрекеттері мен жаңа стратегияларды қамтитын 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспар талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 15 Қазан, 2025
Мәскеу сахнасында Төлен Әбдіктің шығармалары дәріптелді
Қазақстанның Ресейдегі Мәдениет күндері аясында Үлкен Ордынкадағы Кіші театр сахнасында Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының «Парасат майданы» спектаклінің көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 15 Қазан, 2025
Қырғызстанға және Өзбекстанға жаңа әуе рейсі ашылады
Qazaq Air (Vietjet Qazaqstan) әуе компаниясы Астанадан Бішкек пен Самарқандтқа тікелей екі жаңа халықаралық бағыт ашып жатыр. Орталық Азиядағы бағыттарын кеңейту бастамасы ҚР Президентінің түркі елдері арасындағы байланыстарды дамыту арқылы туризмді, сауданы, білім беру мен мәдени ынтымақтастықты күшейту жөніндегі стратегиялық бастамасымен үндес келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 15 Қазан, 2025
Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметінен кетті
Қазақстан жастар құрамасы Өзбекстанға қарсы Ташкентте екі жолдастық кездесу өткізді. Команданың аға жаттықтырушысы бұл ойындарды қорытындылай отырып, өз қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 15 Қазан, 2025
Президент ҚР Үкіметі мен Армения Үкіметі арасындағы заңдарға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Қазан, 2025
Алматы облысында болған жол апатынан 2 адам қаза тапты
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада Алматы облысы, Жалпақсай ауылында болған ірі жол апатының кадрлары жарияланды. Алдын ала деректерге сәйкес, апатқа қатысқан көліктердің бірін небәрі 13 жастағы жасөспірім жүргізген. Ол алған жарақаттарымен емханаға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қазан, 2025
Атырауда бес балабақша ваучерлік қаржыландыру жүйесінен шығарылды
Атырауда №8 «Ақбота» балабақшасының қызметкерлері бірнеше айдан бері жалақы алмағанына байланысты наразылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 15 Қазан, 2025
Конгреске инклюзия саласындағы жаһандық маңызы зор мәселелерді талқылау үшін әлемнің 40 елінен 150-ден астам ғалымдар мен сарапшылар, 400-ден астам педагог-практиктер, сондай-ақ қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері келді. Сарапшылар баршаға қолжетімді білім беруді дамыту мен әлем елдерінде ерекше балалармен жұмыс істеу тәжірибесін дөңгелек үстел барысында талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республика күні • 15 Қазан, 2025
Он үш жылдан кейін оралған мереке
35 жыл бұрын елімізді егемендікке бастаған «Егемендік туралы декларация» қабылданған еді. Құнды құжат шекарамызды шегендеуге, дербес экономикалық, құқықтық саясат жүргізіп, қарулы күштерімізді құруға, мемлекеттік басқару тетігін айқындауға жол ашқан алғышарт болды, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 15 Қазан, 2025
Анна Данилина Қытайдағы WTA 500 турнирін жеңіспен бастады
Қазақстанның үздік жұп ойыншысы, әлемнің 13-ракеткасы Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде алғашқы айналымда жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.