Соңғы жаңалықтар
Саясат • 15 Қазан, 2025
Парламенттік реформа – эволюциялық жолдың жалғасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Президент сөзінің басында бұл реформаның ел тағдырына тікелей ықпал ететін мәселе екеніне баса мән беріп, осынау тарихи міндет жолында жұмыс тобының мүшелеріне сенім білдірді.
Пікір • 15 Қазан, 2025
Жаңа Конституция қабылдағанмен бірдей
Мемлекет басшысының қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентті реформалау Сенатты таратуға емес, еліміздің саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға бағытталғанын еске салды.
Саясат • 15 Қазан, 2025
Ынтымақтастықтың мерейлі белесі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясының мерейтойлық іс-шарасына қатысты.
Пікір • 15 Қазан, 2025
Партияларға жауапкершілік жүктеледі
Партиялық-саяси құрылымдардан заң шығарушы билікке көшу үдерісінің маңызын айқындап алуымыз керек. Геосаяси және ішкі жағдайларды ескере отырып, басты мақсатымыз – мемлекеттілігімізге төнуі мүмкін барлық тәуекелді барынша азайту.
Саясат • 15 Қазан, 2025
Шетелмен әріптестік не береді?
Кейінгі кезде үкіметте елімізді академиялық хабқа айналдыру жөнінде жиі айтылып жүр. Осы мақсатта Қазақстанда шетелдердегі беделді жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу қарқынды қолға алынды. Мұндай мүмкіндік отандық мектептердің түлектеріне шекарадан шеткері шықпай-ақ әлемдік деңгейдегі университеттердің дипломын алуға жағдай жасады. Бұдан басқа тағы қандай артықшылығы мен тиімділігі бар? Тарқатып көрейік.
Пікір • 15 Қазан, 2025
Саяси жүйені жаңартудың айрықша бағыты
Қазіргі таңда елімізде саяси жаңғырудың жаңа кезеңі жүріп жатыр. Әділетті Қазақстан құру жолындағы стратегиялық бағдар айқындалды. Жаңа саяси және құқықтық институттар да қалыптасып жатыр. Қоғамның азаматтық белсенділігі мен саяси мәдениеті артып келеді. Мұндай жағдайда мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту және оның тиімділігін арттыру – уақыт талабы.
Қоғам • 15 Қазан, 2025
Этножурналистика – келісім кепілі
Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға Сенат депутаттары, ҚХА Журналистер клубының мүшелері, жетекші медиаменеджерлер мен сарапшылар қатысты.
Саясат • 15 Қазан, 2025
Энергетика мен коммуналдық сектор жаңғырады
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ЭКСЖ Ұлттық жобасының іске асырылу барысын тексерді.
Құрылыс • 15 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерге ауқымды инвестиция тарту туралы тапсырмасын жүйелі түрде жүзеге асыру мақсатында Жамбыл өңірінде айтарлықтай жұмыс атқарылып жатыр. Таяуда Байзақ ауданында уақыт сұранысына сай қант зауытының, облыс орталығы Тараз қаласының индустриялық аймағында ауыл шаруашылығы техникасын шығаруға маманданған кәсіпорынның құрылысы басталды.
Форум • 15 Қазан, 2025
Еларалық инвестициялық форумға қатысты
Душанбе қаласында «Жасыл инвестициялар: тұрақты болашақ үшін қазіргі мүмкіндіктер» тақырыбында екінші «Душанбе халықаралық инвестициялық форумы – 2025» өтті. Іс-шара барысында Қазақстан – Тәжікстан ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары қаралды.
Аймақтар • 15 Қазан, 2025
85 ірі агрожоба іске асырылады
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Абай облысына жұмыс сапары аясында Семей қаласында жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті. Жиынға облыс әкімі Берік Уәли, өңірдегі шаруашылық жетекшілері, кәсіпорын басшылары қатысты.
Аймақтар • 15 Қазан, 2025
Қуаңшылық қысып, көтерем мал көбейді
Түкістан облысында жауын-шашынның аздығынан жайылымдар мен шабындықтар ерте қурап, жем-шөп бағасы бір жылда тоннасына 35 мыңнан 60 мың теңгеге дейін өсті. Қысқа жеткілікті азық дайындай алмаған қожалықтар малын арзанға сатуға мәжбүр, ал ұсақ шаруалар қарызға шөп тасып отыр.
Жасанды интеллект • 15 Қазан, 2025
Жасанды интеллект кен орындарын модельдеуге көмектеседі
«Қазақмыс» геологиялық барлау мен пайдалы қазбаларды өндіру жұмысына жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізіп жатыр. 2025 жылдың мамыр айында іске қосылған «Grade Copilot» модулі бар жаңа «Micromine Advance» жүйесі кен орындарын жылдам әрі дәл модельдеуге мүмкіндік береді. Бұл өндірістің тиімділігін арттырып, деректердің барынша дәл болуын қамтамасыз етеді.
Пікір • 15 Қазан, 2025
Конституциялық реформа – қоғамның күткен мәселесі. Ол парламенттік реформа секілді тарихи маңызы бар оқиғаның айналасына қоғамды шоғырландыру тұрғысынан өзекті.
Ғалам ғажаптары • 15 Қазан, 2025
Биылғы экономика саласындағы Нобель сыйлығы инновациялық экономикалық өсу жолын түсіндірген ғалымдарға берілді. Жүлденің жартысы АҚШ-тағы Солтүстік-Батыс университетінің қызметкері Джоэл Мокирге бұйырды. Ал қалған жартысын Франс колледжінің қызметкері Филипп Агион мен Лондон экономика мектебінің қызметкері Питер Хоуитт бөлісті.
Мәдениет • 15 Қазан, 2025
Сырда «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалі өтіп, байырғы жұртта түркінің көне сазы жетінші мәрте қалықтады. Түркия, Тыва, Алтай, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан мен елімізден жиылған 200-ге жуық өнерпаздың басын қосқан дәстүрлі өнер мерекесін «Тұран» этнофольклорлық ансамблі бастап берді. Облыс әкімдігі мен халықаралық «Түркі мәдениеті және мұрасы» қоры бірлесе ұйымдастырған биылғы фестиваль Қызылорданың астана атанғанына 100 жыл толуына орайластырылды.
Ғалам ғажаптары • 15 Қазан, 2025
Камчаткадағы Ключевский жанартауы қайта оянып, одан шыққан күл-тозаң 7,2 шақырымға дейін биікке көтеріліп, желдің әсерінен 57 шақырымға дейін таралған.
Театр • 15 Қазан, 2025
Қазір белгілі орыс драматургі Александр Сухово-Кобылиннің «Кречинскийдің үйленуі», «Іс», «Тарелкиннің өлімі» атты трилогиясы театрларда жиі қойыла бермейді. Махамбет атындағы Атырау облыстық академиялық қазақ драма театры осы бір танымал трилогияның ортаңғы бөлімін «Іс № 20/25» деген атаумен сахналады.
Ғалам ғажаптары • 15 Қазан, 2025
Өз есімдерін бүкіл әлемге әйгілеуді ойлағандар не істемейді? Жаңа Зеландияда тұратын Лоуренс Уоткинс есімін 2 253 сөзге дейін ұзартып, «Guinness World Records» кітабына енді.
Спорт • 15 Қазан, 2025
Қарасай ауданының «Үшқоңыр» спорт кешенінде КСРО спорт шебері, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Бақытжан Әбдібаевтың 80 жылдығына арналған республикалық турнир өтті.
Жәдігер • 15 Қазан, 2025
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы Сәкен Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану музейінде түрлі жәдігер жинақталған. Мұндағы құнды дүниелердің бірі – Бибіғайша Халилақызының қолынан шыққан тұскиіз.
Футбол • 15 Қазан, 2025
Еліміздің ұлттық құрамасы келесі жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы кезекті матчын өткізіп, ұпай еншіледі. Сырт алаңда Солтүстік Македония құрамасына қарсы тартыста 1:1 есебімен тең түсті.
Мирас • 15 Қазан, 2025
Ұлттық аспаптар – халқымыздың рухы мен жанының айнасындай. Киелі қобыз көне жұрттың арман-тілегін боздатса, қара домбыра қазақтың өзіне айналып кеткелі қашан? Жыл өткен сайын ұлттық аспаптарымызға деген құрмет артып отыр.
Мирас • 15 Қазан, 2025
Бозанбайдағы бекзат өнер байқауы
Жылдағыдай нөпір халық Бозанбайға қарай ағылды. Олар қыран құстың қалықтағанын, асауды құлақтағанын, тазының жүгіргенін қызықтасақ деп асықты. Айта кетейік, Шығыста биыл бұл байқау бесінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Әуелде облыстық деңгейде басталған іс-шара бүгінде халықаралық деңгейге шыққан.
Қоғам • 15 Қазан, 2025
Абай облысында жоғалып кеткен жасөспірім қыз аман-есен табылды
Абай облысының Бородулиха ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен 13 жастағы қыз бала Семей қаласынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қазан, 2025
Қазақстан балалар үшін қауіпсіз бе? Халықаралық зерттеу нәтижесі
ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия бойынша балаларды қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесшісі Аарон Гринберг Қазақстанның физикалық және психологиялық жазалау деңгейін төмендету бойынша өңірлік көшбасшылар қатарына енгенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 14 Қазан, 2025
Ерейментауда 7 адам уланып қалды
Ақмола облысының Ерейментау ауданында жаппай улану оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 14 Қазан, 2025
15 қазанға арналған валюта бағамы жарияланды
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қазан, 2025
Ақтөбе облысында 14 жастағы мектеп оқушысы сәбилі болды
Ақтөбе облысында 13 қазанда Уил орта мектебінің 9-сынып оқушысы, 14 жастағы қыз бала босанды. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 14 Қазан, 2025
Талғарда бір жыл ішінде екінші прокурор ауысты
Талғар қаласында бір жыл өтпей жатып, тағы да прокурор ауысты. Бұл лауазымға Жайнарбек Мыңбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.