Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 14 Қазан, 2025
Еліміздегі ең байырғы кәсіпорын – Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарланған алдын алу жұмысы басталды. Бұл Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сәйкес 25 қазанға дейін жалғасады.
«Таза Қазақстан» • 14 Қазан, 2025
Ұлттық құрылтай мүшелері бастамаға үлес қосты
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтай мүшелерімен бірге «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық акциясына қатысты.
Экономика • 14 Қазан, 2025
Қостанайдағы «Аллюр» зауыты бүгінде «JAC», «Chevrolet», «Jetour», «Skoda», «Hongqi» брендтерін шығарып жатыр. Отандық автокөлік нарығындағы үлесі – 61%. Зауыт құрастырып шығарған «Chevrolet» жеңіл көліктері ел көлеміндегі жаңа автомобильдер сатылымында алдыңғы орында тұр. 2021 жылы аталған компанияның портфеліне «Kia» бренді қосылған соң сатылым көлемі бірден үш есе өсті. Ал 2023 жылы компания жылдың аймақтық дистрибьюторы атанды.
Аймақтар • 14 Қазан, 2025
Қант қызылшасын қабылдау басталды
Ақсу мен Көксу қант зауыттары шаруалардан тәтті түбірді қабылдай бастады. Биыл екі зауытқа жалпы көлемі 528 мың тонна өнім өткізілмек. Оның ішінде 292 мың тоннасы – Ақсу қант зауытына, 236 мың тоннасы Көксу зауытына бағытталады.
Теңге • 14 Қазан, 2025
ЖИ: Доллардың қалай өзгеретіні бірнеше факторға байланысты. Қазір 1 доллар 541 теңге болып, тұрақты көрінгенімен, оның жағдайы мұнай бағасы мен Ұлттық қордан түсетін ақшаға тәуелді. Егер мұнай барреліне шамамен 80 доллар болып тұрса, теңге де көп әлсірей қоймайды.
Экономика • 14 Қазан, 2025
Базалық мөлшерлеме: себеп пен салдар
Базалық мөлшерлеменің 18%-ға көтерілгенін мәлімдеген Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов инфляция төмендемесе, бас банк қараша айында ақша-несие саясатын одан әрі қатайтуды қарастыруы мүмкін екенін айтты.
Қоғам • 14 Қазан, 2025
Техбайқаудың түйткілі қашан шешіледі?
Көлікті техникалық байқаудан өткізу мәселесі кейінгі кезде қоғамда қызу талқыға түсе бастады. Бұны көп адам «бармақ басты, көз қысты» әрекетті заңдастырып берген сала деп санайды. Өйткені қазір бұл орталықтар шын мәнінде көлікті тексермейді, бар жұмысы – суретке түсіріп, ақшасын алып, жібере салады. Жуырда толғағы жеткен мәселе Мәжілісте де көтерілді.
Сараптама • 14 Қазан, 2025
Стейблкоинді қарапайым халық қалай қолданады?
«Wise Invest Consulting» крипто компаниясының басшысы Темірлан Нұрахимовтың жауабы:
Басылым • 14 Қазан, 2025
Ақпарат айдынында – «Астана ақшамы»!
«Бәйтеректің» түбіндегі біз үшін де, осында қаламын ұштаған талай әріптестерім үшін де биік шаңыраққа шат көңілмен кіргеніміз рас-ты. Қасымдағы фототілші Ерлан Омаров та осы редакцияда ұзақ жылдар еңбек еткен. Тапсырма беріп, мені осында жіберген «Egemen Qazaqstan» газеті бас редакторының орынбасары Талғат Батырхан да осы ұжымның бір тұтқасын ұстап, көптеген тілшінің жазуын түзеді, жолға салды. Қай мағынасында да. «Егеменнің» бас редакторының тағы бір орынбасары Орынбек Өтемұрат та осы редакцияның табалдырығын имене басып, жетіліп, желкен жайып шықты. Мұндай мысалдар көп-ақ. Біз кейде «Егемендегі» ақшамдықтар – бір қауым елміз», деп мақтанып қоямыз.
Қоғам • 14 Қазан, 2025
Елімізде ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүзеге асырыла бастағалы бері ел басқаратын азаматты таңдау науқанына қатысатындар қатары көбейгені байқалады. Жұрт бойынан бұрынғыдай «менің дауысым не шешеді? Билік бәрібір өзіне ыңғайлы адамды басшы етеді», деген етекбасты енжарлық азайып келеді.
Таным • 14 Қазан, 2025
Ығы-жығы, шу-шұрқан шаһар кептелісінде мұндай көліктер көзге көп шалына бермейтіні белгілі ғой. Әйтсе де, анда-санда, арагідік көзге түссе, назар аудартпай қоймайды. Сондай сирек көліктің бірі мына «Москвич-403»-тің зауыттан сүйегі сомдалып, дөңгелегі жерге тигелі 60 жыл толыпты.
Тұлға • 14 Қазан, 2025
Құсбегінің есімі неге ескерілмейді?
Ертіс-Баян өңіріндегі кәсіби құсбегілердің соңғы тұяғы, КСРО аңшылық ісінің үздігі Мәуия Әбікейұлының туғанына биыл 125 жыл толды. Өкінішке қарай, ізінен аңыз ерген саятшының есімін туған елі ұлықтай алмай отыр.
Шаруашылық • 14 Қазан, 2025
Жауапты науқан аяқталуға жақын
Санаулы күндерден соң Солтүстік Қазақстан облысының диқандары орақ науқанын толық аяқтайды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Есіл өңіріне іссапармен келіп, облыс әкімі Ғауез Нұрмұхаметовпен бірге ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің «Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша қабылданған шаралар» атты жиынына қатысты.
Мирас • 14 Қазан, 2025
«Хикметтер» аудармашысы ұмытылмаса игі
2007 жылы магистратураны аяқтап, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығына кіші ғылыми қызметкер болып жұмысқа орналастым. Кітапханада біраз әдебиетпен, арасында музей экспозициясымен жете таныстым. Бір күні музей-қорықты аралап жүріп, Қылует жерасты мешіті музейінің экспозициясында тұрған «Диуани хикмет» кітабына дайындалған құжаттарды көзім шалды.
Ғалам ғажаптары • 14 Қазан, 2025
Білесіз бе, коаланың саусақ іздері адамдыкіне қатты ұқсайды. Тіпті ғалымдар электронды микроскоптың көмегімен зерттегенде де бұл сүйкімді жануардыкінен адам саусақ таңбасынан ажырата алмай біраз абыржып қалған.
Шымкент • 14 Қазан, 2025
Эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шымкентте жыл басынан бері жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ), тұмау мен COVID-19 індетіне қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова мәлімдеді.
Аймақтар • 14 Қазан, 2025
Балаға қамқорлықтың жарқын үлгісі
Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында Білім салалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды. Жиынға Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мақсат Өткелбаев, қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Ысқақов, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев, жекеменшік мектептердің жетекшілері, кәсіпкерлер, «Қаржы орталығы» АҚ өкілдері қатысты.
Медицина • 14 Қазан, 2025
Ұйқы безіне жасалған алғашқы тіліксіз операция
Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханасында ұйқы безі қатерлі ісігі диагнозымен түскен науқасқа лапароскопиялық әдіспен, яғни ешқандай тіліксіз тұңғыш рет операция жасалды. Науқас мұның алдында басқа қалаларға барып, сол жақтың клиникаларында бірнеше тексеруден өткен.
Ғалам ғажаптары • 14 Қазан, 2025
Қытайдың Аньхой провинциясындағы 36 жолақты тасжолда бұрын-соңды болмаған ұзын-сонар кептеліс болды.
Ұлттық спорт • 14 Қазан, 2025
Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дәстүрлі «Бүркітшілер тойы» аясында ІІІ Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде қазақ елінің құсбегілік спортының ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді.
Тағзым • 14 Қазан, 2025
Алматыдағы Ұлттық кітапханада көрнекті жазушы Жұмабай Шаштайұлының туғанына 75 жыл толуына арналған әдеби жиын өтті. Қалам ұстаған қауым ұлт әдебиетіне айшықты қолтаңбасын қалдырған жазушыны құрметпен еске алып, әділет пен адамгершілікті тұтас ғұмырының өзегіне айналдырған қаламгер туралы естеліктер топтастырылған «Өзгермеген адам» кітабының тұсауы кесілді.
Өнер • 14 Қазан, 2025
Сәтбаев қаласындағы №7 мектептің 10-сыныбында оқитын Жанмира Айтбаеваның шығармашылығымен танысқан жан таңғалмай қоймайды.
Ғалам ғажаптары • 14 Қазан, 2025
Жасанды зерде – әділетке себепші
АҚШ-та жасанды зерде көмегімен сотта жеңіске жеткендер саны артып келеді. «NBC News» тілшілері жүргізген зерттеу кезінде ChatGPT арқылы өз ісін ақтап шыққандар анықталған.
«Таза Қазақстан» • 14 Қазан, 2025
Жетісу облысында экологиялық мәдениетті арттыру, тұрғындардың табиғатқа жанашырлық көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өтті. Ауқымды іс-шара аясында өңірде «Үлгілі елді мекен» облыстық байқауының жеңімпаздары анықталып, ең таза ауылдар мен аудан орталықтары марапатталды.
Медицина • 14 Қазан, 2025
ДДСҰ ескертеді: «мутацияланған бактериялар» күшейіп барады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) адамзат антибиотиктерге төзімді бактериялармен бетпе-бет келіп отырғанын және бұл «үнсіз пандемия» ғаламдық қауіпке айналуы мүмкін екенін хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 13 Қазан, 2025
ТЖМ тікұшағы науқас баланы шұғыл түрде Көкшетауға жеткізді
"Қазавиақұтқару" әуе бөлімінің экипажы санитарлық авиация дәрігерлерімен бірлесіп, Шортанды ауданынан баланы Көкшетау қаласындағы медициналық мекемеге шұғыл түрде жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 13 Қазан, 2025
Тұман, өрт, боран: Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірнеше аймағында жаңбыр, күшті жел және найзағай болады деп болжап отыр. Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 13 Қазан, 2025
Алматыда 9 айда жарты тоннадан астам есірткі тәркіленді
Биыл 9 айда Алматы қаласы полициясының бөлімшелері 500-ден астам есірткі қылмысын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 13 Қазан, 2025
Жамбыл облысында мектепте тұз сепкен әйел жазаланды
Жамбыл облысында жергілікті тұрғын мектепке мұғалім болып жұмысқа орналасқысы келген, алайда бұл әрекеті сәтсіз аяқталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 13 Қазан, 2025
Бозымбаев энергетика саласындағы сатып алу платформасын 1 қарашаға дейін енгізуді тапсырды
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі жөніндегі Ұлттық жобаны іске асыру бойынша жобалық кеңсенің отырысында 2029 жылға дейінгі жаңғырту картасын әзірлеу, Ұлттық жобаға Цифрлық теңгені енгізу, халықаралық қаржы институттарын тарту және аспаптандырудың қамтылуы мен қажеттілігін талдау нәтижелері қаралды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.