Соңғы жаңалықтар
Спорт • 10 Қазан, 2025
Елена Рыбакина Қытайдағы турнирде әлемнің бірінші ракеткасына есе жіберді
Қытайдың Ухань қаласында теннистен WTA 1000 турнирі өтіп жатыр. Отандасымыз Елена Рыбакина беделді турнирдің жартылай финалына жолдама иелене алмады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 10 Қазан, 2025
Елордалық оқушы «Жасыл мектеп» жобасын ұсынды
Болашақтың жасыл әрі экологиялық қауіпсіз мектеп жобасын таныстырған Ақбота Базарбай №29 мектептің 9-сынып оқушысы, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Қазан, 2025
Қ.Тоқаев Душанбеде Владимир Путинмен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен Душанбеде кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 10 Қазан, 2025
Ұлытауда «Қазақтың Қайраты» атты салтанатты кеш өтті
Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының Мәдени-сауық орталығында ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Қайрат Байбосыновтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың Қайраты» атты салтанатты кеш өтті, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 10 Қазан, 2025
Алматыда Түркология конгресі басталды
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясында көрнекті ғалым, ҰҒА академигі, филология ғылымының докторы, профессор Шора Сарыбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Жаһандану дәуіріндегі тіл ғылымы, филология және түркітанудың өзекті мәселелері» тақырыбында түркология конгресі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қазан, 2025
Жамбыл облысында ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы қолға алынды
Жамбыл облысында жылына 500 мың тонна кен өндіретін ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 10 Қазан, 2025
Ұлттық банк инфляцияны тежеу үшін базалық мөлшерлемені көтерді
Сарапшылар бұл тәсілді жиірек қолданудың нарыққа әсері аз екенін айтады. Базалық мөлшерлеменің 18 пайызға көтерілгенін мәлімдеген Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов инфляция төмендемесе, қараша айында монетарлық саясатты одан әрі қатайтуды қарастыруы мүмкін екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қазан, 2025
Қазақстандық жүргізушілерге Ресейдің шектеулері қолданылмайды - депутат
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Болатбек Әлиев Қазақстан Үкіметі Ресей тарапымен жедел келіссөздер жүргізіп, халықаралық тасымал жүргізушілеріне қатысты жаңа көші-қон шектеулерінің жойылғанын хабарлады. Бұл шешімнің арқасында мыңдаған жүргізуші жұмыс орнын сақтап қалды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Қазан, 2025
Президент: Креативті индустрия бағытында ТМД елдерінің әлеуеті зор
ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысындағы сөйлеген сөзінде Президент ТМД-ның гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қоры базасында Креативті индустрия қауымдастығын құруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 10 Қазан, 2025
Темірлан Анарбеков жаттығуға қайта кірісті
Бұл туралы «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі жариялап, жаттығу сәтінен видео үзінді бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 10 Қазан, 2025
Қошанов: Шикізаттық тәуелділіктен арылуда мұнай-газ секторы маңызды рөл атқаруы тиіс
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Энергетика министрлігі Парламент Мәжілісімен бірлесіп Ақтау қаласында ұйымдастырған Мұнай-газ машина жасау форумында сөз сөйледі. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, бизнестің, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының, салалық қауымдастықтар мен даму институттарының, сондай-ақ отандық және шетелдік мұнай-газ машина жасау кәсіпорындарының өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Қазан, 2025
Президент техногендік төтенше жағдайларды болжаудың өңірлік орталығын құруды ұсынды
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Қазан, 2025
Қ. Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Жиынға қатысушыларға ілтипат білдірген Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытып, саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырған тәжік тарапы мен Президент Эмомали Рахмонға алғыс айтты, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 10 Қазан, 2025
Денсаулық сақтау басшыларының V Республикалық форумы өтті
Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруде басшылардың көшбасшылық қасиеттері, кадр даярлау сапасы, инфрақұрылымды жаңарту және жеке сектордың қатысуы маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты Қазақстандық денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығы жыл сайын сала мамандарына көшбасшылық дағдыларды дамытуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін алаң ұсынады. Мысалы, осы жолы сала мамандары Денсаулық сақтау басшыларының V Республикалық форумында бас қосты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 10 Қазан, 2025
Сәуір айында басталған «Қазақстан әуесқой лигасы» мәресіне жетті, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 10 Қазан, 2025
Арал теңізін құтқару жайы талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның төрағалығымен өтіп жатқан Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ) басқармасының екінші отырысына қатысушы елдер делегациялары басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қазан, 2025
Карғыба өзені бөгетін реконструкциялау жобасы қолға алынды
Бөгет – Абай облысына қарасты Ақсуат ауданы аумағында. 2021 жылы жобаны әзірлеу кезінде олқылықтарға байланысты тоқтатылған реконструкциялау жұмысын Су ведомствосы қайта бастады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қазан, 2025
Ғарышқа турист ретінде ұшқан Данна Қарағұсова алған әсерін бөлісті
Кешелі бері әлемнің назары қазақтың нәзік қана қара қызы Данна Қарағұсоваға ауып тұр. Біздің Даннамыз 8 қазан күні Origin экипажының құрамында суборбиталық ұшуға қатысып, Жер атмосферасынан тыс кеңістікке көтерілген алғашқы қазақстандық әйел атанды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қазан, 2025
Ұлттық тасымалдаушы теміржол билеттеріне жеңілдіктер мерзімін қысқа дейін ұзартты
Енді жолаушылар 3 қараша мен 11 желтоқсан аралығында 7 бағытқа билеттерді 40%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 10 Қазан, 2025
Қазақстандықтар мемлекеттен 1,5 миллион теңге ала алады
20 қазаннан бастап Қазақстанда жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттарға өтінім қабылдау басталады. Гранттың көлемі 1,5 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Президент • 10 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбедегі Ұлттар сарайына барды
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысу үшін Душанбедегі Ұлттар сарайына барды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 10 Қазан, 2025
Қоғамдық орында мас күйінде жүрген атыраулық 25 күнге қамалды
Атырау қаласының тұрғыны алкогольдік ішімдік ішуге салынған тыйымды бұзып, қоғамдық орында мас күйде жүрген. Оның бұл әрекетін бірнеше рет қайталағаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 10 Қазан, 2025
Қызылорда облысының ауылдарын сумен қамтуға 2,2 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аталған іске қайтарылған активтер қаражаты есебінен 2,2 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Музей • 10 Қазан, 2025
Музейге 1600-ден астам ұлттық музыкалық аспап қойылған. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 10 Қазан, 2025
Есірткі тасымалдаған бойжеткен сотталды
Есірткі сату ісі бойынша сотталған қыз бір қателік өміріне балта шапқанын айтып берді. 19 жастағы бойжеткенді «курьер керек» деген хабарлама соңында түрмеге тоғытқан, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 10 Қазан, 2025
TurkicSkills-2025 чемпионатында Қазақстан 6 алтын алды
Осы айдың 4-9 күндері Ақтау қаласында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында I Халықаралық TurkicSkills-2025 кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасы 6 алтын, 2 күміс және 1 «Үздік медальонмен» басты жеңімпаз атанды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 10 Қазан, 2025
Кассациялық сот заңсыз жұмыстан босатылған қызметкердің құқын қорғады
«Жезқазғанцветмет» өндірістік бірлестігіне қарасты «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 10 жылдан астам жерасты кенішінің өндіру учаскесінің шпур бұрғылаушысы Б. есімді азамат денсаулығына байланысты жұмыстан шығарылған, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 10 Қазан, 2025
«Орталық Азия – Ресей» саммиті: Өңірлік ынтымақтастықтың жаңа кезеңі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанның Душанбе қаласында өткен екінші «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысты.
Үкімет • 10 Қазан, 2025
Ішкі нарықты қорғайтын шешімдер
Үкіметте вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Сыртқы сауда және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында ішкі нарықты қорғауға және орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге арналған бірнеше шешім қабылданды.
Қоғам • 10 Қазан, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында бір палаталы Парламентке көшу бастамасын ұсынып, мұндай реформа сарапшылар мен қоғам арасында жан-жақты талқылануы қажет деген еді. Осы мақсатта Еуразиялық интеграция институтының «Ашық саясат» сараптамалық клубы кезекті отырысын өткізді.