Соңғы жаңалықтар
Әйел әлемі • 02 Қазан, 2025
Ayelder Dausy-2025 жыл сайынғы сауалнаманың қорытындысы нені көрсетті?
Мұндай қорытындыны Kazakhstan Women’s Health жобасы аясында өткен «Ayelder Dausy 2025» жыл сайынғы сауалнамасы көрсетті. Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы әйелдердің өз денсаулығына көзқарасын анықтау. Сауалнамаға елдің әртүрлі өңірлерінен 18-60 жас аралығындағы 540 әйел қатысты. Нәтижелер 30 қыркүйекте Алматыда өткен «Әйелдер денсаулығы қоғам назарында» атты ашық пікірталаста таныстырылды.
Өнер • 02 Қазан, 2025
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорында халық суретшісі Молдахмет Кенбаевтың бірнеше туындысы сақтаулы тұр.
Спорт • 02 Қазан, 2025
Футболдан еліміз ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқарушы болып Талғат Байсуфинов тағайындалды. 57 жастағы маман кезінде еліміздің бірқатар клубтарын жаттықтырып, елеулі табысқа қол жеткізді. 2016–2017, 2020–2022 жылдары еліміздің бас командасының тізгінін ұстады.
Спорт • 02 Қазан, 2025
Футзалдан 2026 жылы өтетін Еуропа чемпионатының соңғы іріктеу сынында Италияға есе жіберіп, қарт құрлықтың басты доп додасынан шет қалғаннан кейін еліміз құрамасының үш бірдей белді ойыншысы ұлттық команда сапынан кететіндерін ресми түрде мәлімдеді.
Ғалам ғажаптары • 02 Қазан, 2025
Жаңбырдан кейін ауада ерекше иіс сезіледі. Ғылымда бұл құбылыс «петрикор» деп аталады. Оны 1960 жылдары аустралиялық ғалымдар анықтап, атау берген.
Бокс • 02 Қазан, 2025
Кім жеңеді: Головкин бе, Кличко ма?
Биылғы қарашада World Boxing (WB) конгресінде аталған ұйымының жаңа президенті сайланады. Сол сәтті барша спорт сүйер қауым тағатсыздана күтіп отыр.
Ғалам ғажаптары • 02 Қазан, 2025
Поляр шұғыласы – атмосфераның жоғарғы қабатында пайда болатын ерекше жарық құбылысы. Ол негізінен жердің магнит өрісі мен күннен тарайтын зарядталған бөлшектердің әрекеттесуінен туындайды.
Байқау • 02 Қазан, 2025
Алматыдағы «Халық аренада» мәнерлеп сырғанаудан Олимпия ойындары мен әлем чемпионатының күміс, қола жүлдегері, Азия ойындары мен Дүниежүзілік Универсиаданың жеңімпазы Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир басталды.
Шаруашылық • 02 Қазан, 2025
Еліміздің батыс аймағында брокколи өсірілетінін естіген жоқ едік. Алайда атыраулық Азамат Есмұратов сирек дақылды мұнайлы өңірде өсіруге болатынын дәлелдеді.
Футбол • 02 Қазан, 2025
Еліміздің «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші матчын өткізді. Алматының «Орталық стадионын» дүбірі кернеген тартыста жерлестеріміз әлемнің таңдаулы клубтарының бірі Испанияның «Реал Мадрид» футболшыларынан жеңілді.
Аймақтар • 02 Қазан, 2025
Қонаев қаласының 55 жылдығына орай мәдени-спорттық іс-шаралар жоғары деңгейде аталып өтті. Жаңа нысандар пайдалануға берілді. Соның бірі әрі бірегейі келушілердің көңілін өсіріп, тынысын кеңейтетін сән-салтанаты келісті жаңа демалыс орнының қызығын қала жұртшылығы көре бастады. Жасыл желекті алаңқайда серуендеген қалалықтардың қарасы көп. Демалыс аймағы Қойшыманов – Алматы көшелерінің қиылысында орналасқан. Нысанның жалпы аумағы 6 527 шаршы метрді құрайды.
Ғалам ғажаптары • 02 Қазан, 2025
Уақыттың кейде жылдам, кейде баяу өтетіндігі – бәрімізге қызық құбылыс.
Басылым • 02 Қазан, 2025
Балалар әдебиетінің қазынасы жаңа бір көркем кітаппен толықты. Оның авторы, белгілі жазушы Толымбек Әбдірайым. Жинақ – «Құс ұясы» деп аталады.
Аймақтар • 02 Қазан, 2025
Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана директорының орынбасары Гүлмира Аязбаева Қазақстан кітапханалары одағының шешімімен «Жыл кітапханашысы – 2025» аталымына ие болды.
Ауа райы • 02 Қазан, 2025
Қазгидромет: Бес өңірде күн суытып, үсік жүреді
"Қазгидромет" 2 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 01 Қазан, 2025
Алатау қаласында 5 млрд теңгенің жері мемлекетке қайтарылды
Алатау қаласында заңсыз берілген жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 01 Қазан, 2025
Мбаппе Алматыдағы матчтан кейін «Қайраттың» деңгейін жоғары бағалады
Франция құрамасы мен мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе Алматыда өткен Чемпиондар лигасының ойынында «Қайраттың» қақпасына үш гол соқты. Ірі есеппен жеңілгеніне қарамастан, ол қазақстандық клубтың ойынын жоғары бағалап, турнирге қатысуын бүкіл футбол үшін маңызды деп атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 01 Қазан, 2025
Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының әлеуметтік желілері жұмысын тоқтатты
АҚШ-тың Бас консулдығының әлеуметтік желілерінде жаңа ақпарат жарияланбайды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 01 Қазан, 2025
Астанада спорттық балық аулаудан ашық чемпионат өтті
28-қыркүйекте елордалық спорттық балық аулау федерациясының ұйымдастыруымен, жағалаудан спиннинг арқылы спорттық балық аулаудан Астанада ашық чемпионаты өтті. Жарысқа 17 командадан 51 спортшы қатысты. Турнир екі турдан тұрды, әрқайсысы үш сағаттан, үш секторда өткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 01 Қазан, 2025
Бәсекеге қабілетті мамандар даярлау маңызды
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ұстаздарын кәсіби мерекелері – Мұғалімдер күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы бұл мерекенің елімізде ерекше мәнге ие екенін атап өтіп, ұстаздарға деген зор құрмет пен алғысын білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 01 Қазан, 2025
Белгілі кәсіпкер қақпашы Шерхан Қалмұрзаға қымбат көлік сыйлады
Қақпашы Шерхан Қалмұрзаға қымбат көлікті белгілі бизнес-блогер Ұлықбек Шарипов сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 01 Қазан, 2025
«Үркер - 2025» ұлттық сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды
Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы Үркер – 2025 ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қазан, 2025
Қазақстанда 100-ден асқан қанша адам бар?
Қазақстанда 100 жастағы және одан да үлкенірек жастағы 448 азамат бар. Ең жасы үлкен қазақстандық Ұлытау облысында тұрады, ол 115 жасқа толған туған күнін атап өткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 01 Қазан, 2025
Мұхтар Талқанбаев: Әрбір ұстаздың еңбегін мойындау – үлкен мәртебе
Жамбыл облысындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған Дарын лицей-интернаты математика пәнінің мұғалімі Мұхтар Талқанбаев Астанада өткен салтанатты жиында Мемлекет басшысының қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 01 Қазан, 2025
Ақтауда түркі елдерінің «Қорқыт ата» кинофестивалі басталды
Ақтау қаласында Түркі әлемінің «Қорқыт ата» кинофестивалі салтанатты түрде ашылды. Қазан айының 1-5 күндері аралығында Маңғыстау өңірі түркі елдерінің режиссерлері, актерлері, продюсерлері мен көрерменін тоғыстырған рухани және мәдени орталыққа айналады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қазан, 2025
Қазақстанда бірқатар азық-түлік бағасы төмендеді – Ұлттық статистика бюросы
2025 жылғы қыркүйекте айлық инфляция деңгейі 1,1% құрады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Туризм • 01 Қазан, 2025
Kazakh Tourism Development халықаралық PGI компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
1 қазанда Астанада Kazakh Tourism Development ұлттық компаниясы халықаралық аренада танымал PGI компаниясымен келісімшартқа қол қойды. Құжатқа сәйкес, әлемдік тау шаңғысы курорттарын жобалау мен дамытуда көп жылдық тәжірибесі бар PGI Almaty Superski жобасына кеңесші ретінде қатысатын болады, деп жазады Egemen.kz.
Тарих • 01 Қазан, 2025
Мәншүк Мәметованың ата-анасының суреті жарияланды
Ғұмыры кербестінің кекіліндей қысқа болғанмен, ерлігімен еліне нұсқа бола білген қазақтың қаһарман қызы – Мәншүк Мәметова. Отанын оқтан қорғап небәрі 21 жасында опат болған қаршадай қыздың тағдыр тауаны тістескен тамыр сияқты шытырман һәм шырғалаң. Ұлттық баспасөз батыр Мәншүкті назарынан тыс қалдырған емес. Соның ішінде ел газеті «Egemen Qazaqstan» пулеметші қызға қатысты тың деректерді тұрақты жариялап тұрды. Басылым тігінділерін ақтарып отырып 1992 жылдың 6 маусымында шыққан нөмірге көзіміз түсті. Құнды мұра құмсағат уақыттың құрсауында құмығып қалмас үшін, жазылған жайдың жаңғырығы ретінде оқырман назарына қайта ұсындық.
Аймақтар • 01 Қазан, 2025
Монополистер 20 млн теңгеден астам айыппұл арқалады
Павлодар облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті жыл басынан монополист компанияларға жоспардан тыс жеті тексеру жүргізген. Нәтижесінде бес заң бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Қазан, 2025
Павлодарда жылу-электр станциясында жұмысшы қаза тапты
Павлодарда орналасқан ЖЭС-2 кәсіпорнында тағы бір қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.