Соңғы жаңалықтар
Руханият • 01 Қазан, 2025
Бекзаттық пен дегдарлық үлгісі
Ақтөбеде интеллектуалды поэзияның ірі өкілі, лирик Қуандық Шаңғытбаевтың 100 жылдығы мен атақты сатирик Үмбетбай Уайдиннің 90 жылдығына арналған «Әдебиет. Рух. Қоғам» халықаралық байқауы өтіп, поэзия мен проза жанры бойынша сынға түскен 140 шығарманың үздіктері анықталды. Қуандық Төлегенұлының туған жері Қарабұтақ ауылындағы ақын тойына жан-жақтан жұрт жиналып, ұрпақтары да келіпті. Ақтөбедегі «Шығармашылық академиясы» ғимаратында өткен «Сөз өнерінің сәулеткері» атты кеште ақынның көзін көрген қаламдас інілері естеліктерімен бөлісті.
Қоғам • 01 Қазан, 2025
Қарттық қай жастан басталады? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2002 жылғы қабылданған «Белсенді қарттық: саясаттың негізі» құжатындағы мәліметтерге сәйкес, қарттық 60 жастан басталады, оның өзінің кезеңдері бар.
Ғалам ғажаптары • 01 Қазан, 2025
Адамдардың шамамен 2%-ы айналық синестезия деп аталатын ерекше қабілетке ие. Яғни олар басқа адамның бойындағы әсерді өз денесінде толық сезіне алады.
Тағзым • 01 Қазан, 2025
Жеңістің 80 жылдығына орай Түркістан облысы Жетісай ауданы Ақниет ауылындағы аллеяға мәрмәрдан ескерткіш қойылған. Аудан жұртшылығы соңғы уақытта осы алаңқайда елдік мәдени-тағылымды шаралар өткізіп жүр. Таяуда осы жерде Түркістан тәуелсіздігі үшін күрескен есіл ер, Алаш қозғалысы мен «Жас бұхаралықтар» қозғалысының қайраткері, 1920 жылдары 400 мыңға жуық қазақ тұрған тарихи Бұхара республикасында үкімет мүшесі болған тұлға, 1924–1925 жылдары Орталық Азия республикаларының шекарасын айқындау комиссиясы мүшелерінің бірі Мырза Наурызбайұлының туғанына 125 жыл толуына арналған мәдени-ғылыми іс-шарасы ұйымдастырылды. Оған Алматы мен Астанадан келген зиялы қауым өкілдері, қайраткер М.Наурызбайұлының ұрпақтары, аудан жұртшылығы қатысты.
Ғалам ғажаптары • 01 Қазан, 2025
Біз «күркетауық» деп жүрген құсты әр халық әртүрлі мемлекетпен байланыстырып атайды.
Спорт • 01 Қазан, 2025
Батуттағы гимнастикадан Болгарияның Варна қаласында өткен әлем кубогінің кезеңдік сайысында Виктория Бутолина мен Ерлан Тасмағамбетов 49,680 ұпай жинап, қола медаль еншіледі. Жерлестеріміз тек жапониялық Юсей Мацумото мен Хикару Мори (50,330 ұпай), ресейлік Данила Касимов пен Анжела Бладцевадан (50,290 ұпай) қалып қойды.
Ғалам ғажаптары • 01 Қазан, 2025
Германияда 100 жастан асқан қариялардың қатары көбейіп келеді. 2024 жылы елде ғасыр жасаған 17 900 адам тіркелген. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда шамамен 25 пайызға көп.
Шаруашылық • 01 Қазан, 2025
Астықты алқаптағы қауырт қимыл
Егінжайдағы жұмыс өрмек жүзінен ауған. Көктем мен жаз біршама ылғалды болды. Егін бітік. Қазір дарқан даланың даңғайыр диқандары соңғы алқаптардағы егінді бастырып, жинау үстінде.
Тағзым • 01 Қазан, 2025
Қыркүйектің соңғы күндері Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында Қазақстанның халық жазушысы, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Жұбан Молдағалиевтің 105 жылдығы аталып өтті.
Егемен Қазақстан • 01 Қазан, 2025
Болашақ журналистер – бас басылымда
Шыны керек, былайғы жұрт «төртінші билік» атаған журналистиканың рөлі қандай деген сауал алдымыздан жиі шығады. Цифрландыру, әлемдік ауқым, жеделдік, аудиториямен байланыс сияқты құрылымдар да жаңарып барады. Ендігі жерде журналистер тек контент жасаушы ғана емес, медиаменеджер, аналитик, фактчекер ретінде де өз міндетін атқаруы қажет екені күн тәртібіне еніп барады.
Қоғам • 01 Қазан, 2025
Елді жаһанға танытатын ерекше жоба
Қазақстан мен Қытайға ортақ халықаралық бұл жобаның бастамашысы әрі атқарушы продюсері – Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген. Жоба елімізде өнер байрағын желбіретіп қана қоймайды, тусыраған туризмге де дем береді. Бұл іс қолға алынғалы елімізге қызығушылық танытқандардың саны артқан және бір тәулік ішінде 400 мыңнан астам шетелдіктен сауалдар түскен. Осыған орай, Астана қаласында Димаш Құдайбергеннің бастамасымен Қытай Халық Республикасының «Hunan Broadcasting System» арнасы әріптес ретінде қолға алған «Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасына арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Спорт • 30 Қыркүйек, 2025
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» өз алаңында мадридтік «Реалдан» жеңілді
UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің екінші турында қазақстандық «Қайрат» (Алматы) испаниялық «Реал Мадрид» (Испания) командасын қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қыркүйек, 2025
Тараз қаласындағы «Әлеуметтік базар» алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатымен кезекті жәрмеңке өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 30 Қыркүйек, 2025
Әскери қызметшілерге жаңа төлем түрі енгізілді
Қазақстанда «далалық төлемдер» деген ұғым енгізіліп, оларды тағайындау ережелері мен тәртібі бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 30 Қыркүйек, 2025
Мәртөк ауданының үш елдімекеніне газ құбыры тартылды
Мәртөк ауданының Қызылжар ауылдық округіне қарасты үш елдімекеніне газ құбыры тартылды. Осылайша Бөрте, Қызылжар, Шевченко ауылдарының тұрғындары жылдағыдай көмір, тамызық сатып алу бейнетінен арылды. Жалпы ұзындығы 74 шақырым болатын көгілдір отын құбырын тартумен «Ерзат» өндірістік кооперативі айналысты. Осы жобаға жергілікті бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлінген еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қыркүйек, 2025
Жетісу өңірінде ғасыр жасаған 22 қария тұрып жатыр
Жетісу облысында жасы 100-ден асқан 22 қария өмір сүруде. Олардың ішінде ең егдесі — биыл 108 жасқа толған Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кентінің тұрғыны. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ғалам ғажаптары • 30 Қыркүйек, 2025
Аризона университетінің астрономдары планетаның жаңадан жаралып жатқан сәтін суретке түсіріп алды. Ғаламшар Жерден 437 жарық жылы қашықтықтағы WISPIT-2 жұлдыз жүйесінде орналасқан, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 30 Қыркүйек, 2025
Талдықорғанда болат шар шығаратын зауыт салынады
Жетісу облысы, Талдықорған қаласында Чилилік «ME Elecmetal» компаниясы тегістегіш болат шар өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Жаңа кәсіпорынның іргетасы 2026 жылдың наурыз айында қаланбақ. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Технология • 30 Қыркүйек, 2025
Робототехникалық жүйелер мен жасанды интеллект бойынша бірлескен жобалар таныстырылды
«Пудзянь инновациялық форумы–2025» аясында цифрлық трансформация, жасанды интеллект және интеллектуалды өндіріске арналған Ляонин подфорумына еліміздің жетекші университеттері мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 30 Қыркүйек, 2025
Полиглот ұландықтар тәртіпті қамтамасыз етеді
Бүгін кешке Алматыда жергілікті «Қайрат» командасы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында аты аңызға айналған «Реал Мадридке» қарсы алаңға шығады. Бұл матчқа алыс-жақын шетелдерден де көп турист келгені белгілі. Осыған орай тәртіпті сақтауға көп тіл білетін ұландықтар тартылған.
Заң мен Тәртіп • 30 Қыркүйек, 2025
Әділ қоғам орнатудың алғышарты
Елдің дамуы мен қоғамның тұрақтылығы ең алдымен заң үстемдігі әрі тәртіпке бағыну мәдениетіне тікелей байланысты. Өйткені заң бар жерде құқық қорғалады, тәртіп бар қоғамда теңдік орнайды. Мемлекеттің іргесі берік болуы үшін заңның беделі биік тұруға тиіс, ал азаматтар өз кезегінде сол заңды құрметтеп, тәртіпті сақтауы қажет. Сондықтан да Президентіміз биылғы Жолдауында «Заң мен тәртіп» қағидатын мемлекетіміздің мызғымас тұғыры деп айрықша атады.
Президент • 30 Қыркүйек, 2025
Астанаға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок ресми сапармен келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 1-3 қазан күндері Астанаға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Егемен Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2025
Жас тілшілер редакция жұмысымен танысты
«Қазақ газеттері» серіктістігінің шаңырағында Maqsut Narikbayev University студенттері қонақ болды. Халықаралық журналистика мектебінде білім алушылар «Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясымен танысып, тәжірибелі мамандардың дәрісін тыңдады.
Қоғам • 30 Қыркүйек, 2025
Алматыдағы мамандандырылған музыка мектеп-интернаттарына жаңа автобустар берілді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қолдауымен және демеушілік қаражат есебінен Алматыдағы екі мамандандырылған музыка мектеп-интернатына жаңа мектеп автобустары сатып алынды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 30 Қыркүйек, 2025
Азаматтар әділет органдарына қандай мәселелермен жүгіне алады
30 қыркүйек елімізде әділет органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Еліміздегі норма шығару үдерісінің үйлестірушісі, заң үстемдігінің орындалуы мен құқықтық негізін қалыптастырушы мамандардың азаматтардың құқықтық сауатын арттыруда да алар орны ерек, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 30 Қыркүйек, 2025
Мәдени мұраны сақтау жолындағы маңызды қадам
ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны сақтау жөніндегі 2003 жылғы Конвенциясын жүзеге асыруға арналған оқыту семинары өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 30 Қыркүйек, 2025
Шымкент тұрғыны туған інісіне бір бүйрегін сыйлады
Шымкент қаласының №1 клиникалық ауруханасында жергілікті трансплантолог дәрігерлер тобы 240- бүйрек трансплантациясын сәтті жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 30 Қыркүйек, 2025
Елордада «Мюзикл әлеміне саяхат» өтті
«Astana musical» мемлекеттік театры оныншы маусымдық мерейтойына орай «Мюзикл әлеміне саяхат» атты арнайы мерекелік кеш өткізді. Көрермен назарына мюзиклдерден таңдалып алынған ең үздік көріністер, сахна шеберлерінің қатысуымен өтетін ерекше қойылымдар, хореографиялар мен естен кетпес музыкалық тосынсыйлар ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 30 Қыркүйек, 2025
Жетісуда күріш алқабына орақ түсті
Жетісу облысының Қаратал ауданында биылғы күріш жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Бұл өңір – облыстағы күріш өсіретін жалғыз аймақ. Жалпы 951 гектар алқапқа егілген дақылдан 3 мың тоннадан астам өнім алу жоспарланып отыр. Орташа түсім – гектарына 32,9 центнер, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында жол апатынан 8 адам қаза тапты
Алматы — Бішкек тас жолында болған жол апатынан сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.