Соңғы жаңалықтар
Ұлттық спорт • 25 Қыркүйек, 2025
«Ақ бидай» спорттық ойындары аяқталды
Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» VIII республикалық ауыл спорт ойындары мәреге жетті. Жарысқа 17 команда, 2000-нан астам спортшы қатысты. 20-дан астам олимпиадалық, олимпиадалық емес, ұлттық спорт түрлерін қамтыған іс-шара Қонаев қаласы мен Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандарында өтті.
Өнер • 25 Қыркүйек, 2025
Алматы облысының орталығы Қонаев қаласының құрылғанына биыл 55 жыл толып отыр. Осыған орай, қалада алты күндік түрлі спорттық, мәдени, танымдық, қайырымдылық іс-шаралар бағдарламасы жасалып, шаһар көгінде әуезді ән-күй қалықтайды. Мерейтой шымылдығы қалалық мәдениет үйінде «Қонаев әуендері» ансамблінің тұсаукесер концертімен ашылды.
Инфрақұрылым • 25 Қыркүйек, 2025
Инфрақұрылым мәселесі жүз пайыз шешілген аудан
Шымкенттің Абай ауданы шаһардың коммуналдық инфрақұрылым мәселесі түбегейлі шешімін тапқан әкімшілік аймағы атанып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 25 Қыркүйек, 2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Математика, механика және ақпараттық технологиялар» атты Х халықаралық ғылыми конференция өз жұмысын бастады, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 25 Қыркүйек, 2025
Биыл шымкенттік диқандар қанша өнім алды?
Биыл Шымкент қаласының диқандары бидайдан гектарына орта есеппен 10 центнерден өнім алды. Жаздың күнгі ыстық пен қуаңшылыққа бидай жақсы шығып қамбаға астық құйылды, деп жазады Egemen.kz.
Тарих • 25 Қыркүйек, 2025
Халықаралық ұйым басшысы тарихи нысандармен танысты
Жуырда Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет бойынша ұйымының (ISESCO) Бас директоры, доктор Салем бин Мохаммед Әл-Малик Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен келді. Жұмыс сапары барысында мәртебелі қонақ республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұра нысандарын аралап көрді. Атап айтқанда халықаралық ұйым басшысы Ибрагим ата мен Қарашаш ана кесенелерінде, сондай-ақ «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде болды, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 25 Қыркүйек, 2025
Студенттерге арналған жатақхана ашылды
Алматыда 339 орынға лайықталып жасалған жатақхана студенттердің игілігіне берілді, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 25 Қыркүйек, 2025
«Бір ел-бір кітап» акциясының аясында оқуға таңдалған 51 кітаптың арасына ақын, жазушы, сыншы, аудармашы Тәкен Әлімқұлов пен ақын, жазушы, күйші Жұмекен Нәжімеденовтың еңбектері енгізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қыркүйек, 2025
Солтүстік Қазақстанның электр қуатын таратушы жекеменшік «СКРЭК» компаниясы түрлі сылтаумен 2026 жылдан бастап 1 квт сағат электр қуатының тарифін бірден 70 пайызға көтермек. Бұл - бүгінгі 9,09 теңге бірден 15,34 теңгеге өседі деген сөз, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2025
Жол белгісіне тоқтамаған жүргізуші апатқа ұшырады
Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл ауылының маңындадағы теміржол өткелінде ауыр жүк машинасы поездбен соғылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 25 Қыркүйек, 2025
Петропавлдың орталығындағы Интернационал көшесіндегі 2 қабатты ескі үйлердің бірінен өрт шығып, бір пәтер от құшағына оралды, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 25 Қыркүйек, 2025
Абай облысында «Жыл кітапханашысы» анықталды
Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы директорының орынбасары Гүлмира Аязбаева Қазақстан кітапханалары Одағының шешімімен «Жыл кітапханашысы – 2025» номинациясына ие болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2025
Семейден еліміздің ірі қалаларына қатынайтын әуе рейстерінің саны артып келеді. 23 қыркүйектен бастап «Қарағанды – Семей – Қарағанды» бағытында сыйымдылығы 50 орындық «Bombardier CRJ200» ұшағы жолаушыларды тасымалдай бастады, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 24 Қыркүйек, 2025
Мегаполисте туризм тынысы қандай?
2025 жылдың алғашқы жартысында Алматыдағы туристік инфрақұрылымға салынған инвестиция көлемі 92,2 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 62%-ға артық. Аталған саладағы тың жаңалықтар туралы қаланың туризм басқармасы хабарлады.
«Таза Қазақстан» • 24 Қыркүйек, 2025
Семей-Астана тасжолы тазаланды
Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Полиция департаменті, этно-мәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жас белсенділер қатысып, қала шетіндегі Семей-Астана тасжолы бойын қоқыстан тазартты.
Алматы • 24 Қыркүйек, 2025
Алматыда Бағалы қағаздар орталығы депозитарийлерінің дүниежүзілік форумы басталды
Форумды ашқан Орталық депозитарийдің (KCSD) басқарма төрағасы Еділ Медеу геосаяси болжамсыздық пен өңірлік бөлшектенудің өсуіне жауап ретінде қазақстандық ұйым дербес инфрақұрылым құруға ұмтылып отырғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 24 Қыркүйек, 2025
Студенттер жасаған ЖИ дәрігер 98% дәлдікке жетті
Медицинадағы цифрландыру үдерісі бүгінде жаңа деңгейге шығып жатыр. Студенттерден құралған «Enactus» командасы жасанды интеллект негізіндегі телемедициналық жүйе жасап, оны тәжірибеге енгізуді бастады. Бұл жоба дәрігер мен пациент арасындағы байланысты жеңілдетіп қана қоймай, диагнозды дәл қояды, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 24 Қыркүйек, 2025
«Еңбек жолы - 2025» конкурсының жеңімпаздары марапатталды
Батыс Қазақстан облысында Жұмысшы мамандықтар жылына орай дәстүрлі республикалық «Еңбек жолы - 2025» конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталып, салтанатты түрде марапатталды, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 24 Қыркүйек, 2025
Ғалымдар ауыл шаруашылығы жүйесінің дамуына ықпал ететін цифрлы платформаны таныстырды
Президент Жолдауында айтылған аграрлық саланы елімізде өндірілген тұқыммен қамтамасыз етуге қатысты және агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында, Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы және Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы жүйесін цифрлық тұқым қозғалысын бақылау жүйесін өндіріске енгізу негізінде жетілдіру мәселелері бойынша өңірлік семинар-кеңес өткізді.
Шымкент • 24 Қыркүйек, 2025
Шымкенттегі ұзақ өмір сүру орталығына 130 адам барып жүр
Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев қаладағы бірқатар әлеуметтік мекеменің қызметімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 24 Қыркүйек, 2025
Мәжіліс депутаты білім беру жүйесіне қатысты бес ұсыныс айтты
Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаевқа депутаттық сауал жолдап, білім беру саласына қатысты бірқатар ұсыныс айтты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 24 Қыркүйек, 2025
Әлем чемпионатында шардаралық спортшылар 19 алтын медаль иеленді
Болгарияның Албена қаласында өткен қол күресінен Әлем чемпионатында Шардара спортшылары үлкен жетістікке жетті. Жалпы есепте Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетсе, оның ішінде шардаралық спортшылар 19 алтын медаль иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 24 Қыркүйек, 2025
Мәдениет және ақпарат министрі «Үстірт» нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға табыс етті
24 қыркүйекте Париж қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Эрнесто Оттонемен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 24 Қыркүйек, 2025
Мәжіліс депутаттары Шығыс Қазақстанда туризмді дамыту үшін Үкіметке жол картасын қабылдауды ұсынды
Мәжіліс депутаттары Ұлықбек Тұмашинов бастаған бір топ депутат Премьер-Министр Олжас Бектеновке Шығыс Қазақстан облысында туризмді халықаралық деңгейде дамытуға бағытталған ұсыныстар топтамасын жолдап, жол картасын қабылдауды сұрады. Депутаттық сауалда өңірдің табиғи әлеуеті, артып келе жатқан туристер ағыны және инфрақұрылымдық кемшіліктер егжей-тегжейлі көрсетілген.
Қылмыс • 24 Қыркүйек, 2025
Полицейлер интернет алаяқтарды қолға түсірді
Шымкентте полиция ірі қылмыстық топты құрықтады. Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері киберқылмысқа қарсы күрес бастады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қыркүйек, 2025
Мәжіліс «Жасанды интеллект туралы» заңды қабылдады
Мәжіліс екінші оқылымда «Жасанды интеллект туралы» заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді қабылдады. Заң жобаларын Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде депутаттар әзірлеп, елімізде жасанды интеллект технологиясын дамытуға құқықтық негіз жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Қыркүйек, 2025
Нұрдаулет Жұмағали пара жүзуден әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Сингапурда өтіп жатқан жатқан пара жүзуден әлем чемпионатында Қазақстан спортшысы Нұрдаулет Жұмағали 100 метр қашықтықты брасс әдісімен 1:06.64 секундта жүзіп, күміс медальге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 24 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Мажарстан екіжақты ынтымақтастықты нығайтады
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Мажарстан Мемлекеттік жиналысының Төрағасы Ласло Кёвермен кездесті. Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылы Мажарстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 24 Қыркүйек, 2025
Депутат заңсыз лотерея өткізетін блогерлерге жазаны күшейтуді ұсынды
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев әлеуметтік желілерде онлайн-курстардың атын жамылып, заңсыз лотерея ұйымдастыратын блогерлерге жаза қатаңдатылуы тиіс екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2025
Құдық – Маңғыстаудың тіршілігінің негізі
Маңғыстау облысы – табиғаты қатал, климаты құрғақ, жауын-шашыны аз аймақ. Шөлейт пен кең жазықтарда малға да, адамға да қажет көкорай шөп аз өседі. Жерүсті өзендерінің жоқтығынан, мұндағы тіршіліктің басты тірегі – жерасты суы. Сол себепті ауыл шаруашылығымен айналысатын халық үшін құдық – өмірдің негізгі көзі, тіршіліктің тірегі, деп хабарлайды Egemen.kz.