Соңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан» • 23 Қыркүйек, 2025
Жалпыхалықтық сенбіліктер Көкше өңірінде де кеңінен ұйымдастырылды. Табиғаты тамылжыған өлке ақадал адамдардың алғаусыз ниетімен тағы бір жасарып, хас сұлудай сыланып, жайнап, өзгеше түрге енді.
Білім • 23 Қыркүйек, 2025
Барлық мектепке ортақ бағдарлама
Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымында, соның ішінде жекеменшік мектептерде де тәрбие жұмысы «Адал азамат» біртұтас бағдарлама негізінде жүргізіледі. Бұрын жүзеге асырылған «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасының мазмұны жаңартылып, Мемлекет басшысының «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» идеологиялық қағидасымен үндестірілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.
«Таза Қазақстан» • 23 Қыркүйек, 2025
Астана аулалары абаттандырылды
2023 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы 20 қыркүйекті «Дүниежүзілік тазалық күні» деп жариялау туралы қаулы қабылдады. Елімізде былтырдан бері Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылып келеді. Өткен сенбіде, «Дүниежүзілік тазалық күні» аясында бүкіл ел көлемінде тазалық, абаттандыру сенбіліктері кеңінен ұйымдастырылды. Тұрғындар қоршаған ортаны күл-қоқыстан тазартып, көше, аулаларды абаттандырды.
Мирас • 23 Қыркүйек, 2025
Алаш қайраткері Хайретдин Болғанбай тәржімелеген зерттеу
ХХ ғасырдың бас ширегінде ұлт тұлғалары халқымыздың дамуына септігі тиетін еңбектерді қазақ тіліне аударып, пайдалы ағартушылық-шығармашылық жұмыс та атқарды. Соның бір парасы – қазақ ауыл шаруасына қажетті зерттеулер, тәжірибелер.
Өндіріс • 23 Қыркүйек, 2025
Қайта өңдеу саласының қарышты қадамы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту, қайта өңдеу саласын қолға алу қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде елімізде бірнеше ірі агрожобалар іске асып жатқанын тілге тиек етті. Алдағы уақытта осы жобалардың нәтижесінде мыңдаған жұмыс орны ашылатынын баяндады. Жобаларды іске асыруға отандық, шетелдік инвесторлар қатысып жатқанын, 2 млрд доллардай инвестиция тартылғанын мәлімдеді. Келешекте ол өз жемісін беріп, отандық агроөнімдер шетел нарығына шығарылатынын жеткізді. Мұндай жобалардың ауқымын кеңейту қажеттігін, әр аймақта өндірістен дүкен сөресіне дейін жеткізетін біртұтас желі қалыптастыру керектігін еске салды.
«Таза Қазақстан» • 23 Қыркүйек, 2025
113 мың түп Сібір шыршасы егілді
Шығыс Қазақстан облысында ауқымды экологиялық акция өтті. Негізгі іс-шара Өскеменнің Шмелов Лог ауылы маңында ұйымдастырылды.
Ғалам ғажаптары • 23 Қыркүйек, 2025
«ChatGPT» сырласы – келіншектер
«OpenAI» 1,5 миллионнан астам «ChatGPT» қолданушысын талдап, қызықты деректерді жариялады. Зерттеу нәтижесі бойынша, сервисті ең белсенді қолданатындар – келіншектер екен.
«Таза Қазақстан» • 23 Қыркүйек, 2025
Батыс Қазақстан облысында «Дүниежүзілік тазалық күні» кеңінен аталып өтті. Тазалық, абаттандыру шараларына облыс аумағындағы ірі кәсіпорындар – «Жайықмұнай» ЖШС, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясы, «Орал Ойл энд Газ» ЖШС, мемлекеттік мекемелер, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың «Өнеркәсіптік экология» білім беру бағдарламасының студенттері белсене қатысты.
Ғалам ғажаптары • 23 Қыркүйек, 2025
«YouTube» бүкіл әлемдегі авторларға арналған жасанды интеллект негізіндегі автоматтық дубляж жүйесін енгізді.
«Таза Қазақстан» • 23 Қыркүйек, 2025
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына» орай ұйымдастырылып, облыс аумағында тазалық жұмысы жалғасын тапты.
Ғалам ғажаптары • 23 Қыркүйек, 2025
Алғаш рет деректер орталығы ғарышқа шығарылды. Енді орбитадағы дата-орталықтың арқасында ақпарат алдын ала сұрыпталып, жасанды интеллект көмегімен талданған күйде Жерге жеткізіледі.
Күрес • 23 Қыркүйек, 2025
Хорватия астанасы Загребте өткен әлем чемпионатында 60 кг салмақ дәрежесінде күш сынасқан грек-рим күресінің шебері Айдос Сұлтанғали бас жүлдені олжалап, қазақ жанкүйерлерін қуанышқа бөледі. Соңғы рет 1999 жылы Афинада Мхитар Манукян жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Одан кейін «классиктеріміз» төрткүл дүниенің теңдессіздері бас қосқан жарыста күміс пен қоланы ғана қанағат тұтып келді. Енді, міне, арада 26 жыл өткенде Сыр бойының саңлағы еліміздің жанкүйерлеріне алтын медаль тарту етті.
Елорда • 23 Қыркүйек, 2025
Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жұмысшы құқығын қорғайтын заңдар қабылданып, әлеуметтік көмектің жаңа түрлері енгізіліп жатыр. Жалпы, еңбегі адал азаматтарға қандай құрмет көрсетсе де жарасады. Соның бір айғағындай Астана қаласының Сарайшық ауданында жұмысшы мамандық иелерінің құрметіне аллея ашылды.
Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2025
Биылғы егін орағында алыстағы шаруашылықтарға жанар-жағармайдың кідіріссіз жеткізілуі, қыркүйек айының жауын-шашынсыз болуы астықты рәсуасыз жинап алуға мүмкіндік беріп отыр.
Алматы • 23 Қыркүйек, 2025
Алматыда қала күнін мерекелеу аясында дәстүрлі «KitapFest» фестивалі өтті. Оқырман олжасына айналған жобада биыл 60 баспадан шыққан 10 мыңнан астам кітап ұсынылған болса, оның 2 мыңға жуығы – тұңғыш рет жарық көрген тың туындылар.
Тағзым • 23 Қыркүйек, 2025
Қызылордадағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Мәдениет қайраткері марқұм Жақсылық Рахматулланың туғанына 80 жыл толуына орай ғылыми-танымдық конференция өтті. Ұзақ жыл баспасөз саласында қызмет еткен қаламгердің «Алыстай берген аяулым», «Өмір самалы», «Болашаққа сенім», «Ғұмырдария», «Жібек жолындағы жұлдыздар», «Сағым жылдар», «Кие», «Хикаяттар», «Дала толғауы» «Меңсұлу», «Қызғалдақ қалың шыққан жыл» шығармалары – оқырманнан өз бағасын алған туындылар.
Медицина • 23 Қыркүйек, 2025
Шымкенттік фельдшерлер үздіктер қатарынды
Ақтау қаласында халықаралық медициналық жедел жәрдем бригадаларының республикалық чемпионаты өтті. Үш күнге созылған додаға еліміздің 20 өңірінен, сондай-ақ Ресей, Беларусь және Әзербайжан елдерінен арнайы командалар қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 23 Қыркүйек, 2025
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Германия Федеративтік Республикасының Экономика және энергетика министрі Катерина Райхемен онлайн кездесу өткізді.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық футбол федерациясының президенті (FIFA) Джанни Инфантиномен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президентімен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес басшысы Антониу Коштаға ілтипат білдіріп, Қазақстан Ұйыммен екіжақты негізде, сондай-ақ C5+ форматы аясында серіктестікті арттыруды берік ұстанатынын жеткізді.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Украина Президентімен кездесу өткізді
БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен кездесті. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория Президентімен кездесті
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында Черногория Президенті Яков Милатовичпен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қоғам • 23 Қыркүйек, 2025
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысымен кездесу өткізді
Қазақстан Президенті мен Бас хатшы Антониу Гутерриш БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының күн тәртібін талқылады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Шымкент • 23 Қыркүйек, 2025
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкіміне сәйкес Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Берік Серікұлы Беркімбаев тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2025
Атырауда мас күйде көлік жүргізген 12 жүргізуші 20 күнге қамалды
Патрульдік полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде мас күйде көлік рульіне отырған 12 жүргізушіні ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қыркүйек, 2025
Қарағанды-Қарқаралы автобусы жолға шықты
Облысішілік маршруттық желіні дамыту шеңберінде ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінен бастап №109 «Қарағанды-Қарқаралы» ауданаралық (облысішілік қалааралық) бағыты бойынша жолаушыларды тасымалдау қайта басталады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Президент Сitigroup компаниясының бас атқарушы директоры Джейн Фрейзерді қабылдады
Кездесуде еліміздегі ауқымды жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2025
Атырау облысының Жылыой ауданында ірі қара өліп жатыр
Жылыой ауданы әкімдігінің мәліметінше, малдың неден қырылғаны әзірге белгісіз, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 23 Қыркүйек, 2025
Табиғатты аялауға шақырған көрме ашылды
Мемлекеттік орталық музейде суретші ABTU ANET-тің «Менің үйім» деп аталған жеке көрмесі ашылды. Экспозиция табиғатты қорғау идеясын арқау еткен, пейзаж арқылы экологиялық үндеуге айналған кескіндемелік шығармалардан тұрады, деп жазады Egemen.kz.