Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2025
Қарағанды қаласында Республика даңғылы, 4-үйдің қасбетінде жаңа ауқымды арт-жоба аяқталды. Оның негізгі идеясы «Күшіміз – бірлікте» деген сөздер арқылы бейнеленген, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 18 Қыркүйек, 2025
Атырауда бағалы балықты заңсыз сатқан 2 адамнан 58,4 кило бекіре тәркіленді
Атырау облысының полицейлері «Бекіре-2025» іс-шарасы кезінде бағалы бекіре балығын заңсыз сатқан екі күдіктіні ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы бір топ спортшы мен бапкерді марапаттады
Мемлекет басшысы Ливерпуль қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатындағы (World Boxing) спорттық жоғары жетістіктері үшін бір топ спортшы мен бапкерді марапаттады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Қыркүйек, 2025
Президент бокстан Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты
Президент Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелерін Әлем чемпионатындағы тамаша жеңісімен құттықтап, бұл еліміз үшін тарихи оқиға, халқымыз үшін үлкен қуаныш екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 18 Қыркүйек, 2025
Бектенов Түркі елдері үкімет басшыларының кездесуіне қатысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Бішкек қаласында (Қырғызстан) Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер делегацияларының басшыларымен ұжымдық кездесуіне және үкімет басшыларының, ТМҰ мемлекеттерінің вице-президентінің кездесуіне қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Қыркүйек, 2025
Президент «Әл-Азһар» университеті Жоғарғы имамының орынбасарымен кездесті
Қ.Тоқаев Мұхаммед Абдурахман Әл-Дуайниге ілтипат танытып, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысу үшін Астанаға келгеніне ризашылық білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қыркүйек, 2025
Қазақстандық диджей Иманбек тағы да «Грэмми» сыйлығына үміткер
Қазақстандық танымал диджей әрі продюсер Иманбек Зейкенов (Imanbek) аргентиналық әнші Taichu-мен бірігіп жазған «Ella Quiere Techno» атты композициясы үшін Latin Grammy 2025 сыйлығының «Best Latin Electronic Music Performance» санатында номинацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 18 Қыркүйек, 2025
Қазақстандық оқушылар дрон-футболдан әлем чемпионатына қатысады
Дрон-футбол - халықаралық спорт түрі. 5 адамнан тұратын 2 команда матчты тормен жабылған стадионда ойнайды. Технологияның түрленуімен кең танымалдыққа ие болып келе жатқан чемпионатта Қазақстан құрамасы алғаш рет бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Қыркүйек, 2025
Қ.Тоқаев діни нысандарды қорғау өте өзекті екенін айтты
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің жабылуында сөз сөйледі. Президент жаһанда түбегейлі өзгерістер орын алып жатқан кезеңде дін көшбасшылары барша халыққа адамгершілік қасиеттер мен гуманистік құндылықтардың шамшырағы болуы тиіс екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Қыркүйек, 2025
Дінбасылар ортақ мүдде жолында күш біріктіруге дайын екенін көрсетті - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің жабылуында сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 18 Қыркүйек, 2025
Еңбек пен шеберлікті тоғыстырған аспаз
Мемлекет басшысының биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы еліміздегі еңбексүйгіш мамандарға деген құрметтің нақты көрінісі. Бұл бастама ең алдымен, қоғамның түрлі саласында тер төгіп жүрген мамандардың кәсіби жетістіктерін дәріптеп, олардың еңбегін айқын көрсетуге бағытталған. Өйткені еңбек тек табыс көзі ғана емес, ол адамның бойындағы төзімділік пен шыдамдылықты, шығармашылық пен шеберлікті шыңдайтын күш. Кондитерлік сала да дәл осындай талаптарды қажет ететін мамандықтардың бірі. Мұнда тек өнімдердің үйлесемі ғана емес, сондай-ақ маманның шеберлігі мен шығармашылығы да көрініс табады.
Төтенше жағдай • 18 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін
Алматы облысындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында тұтанған өрттің аумағы 15 гектарға жетті. Қызыл жалынды ауыздықтауға 300-ге жуық маман мен 140 техника тартылды. Өртке қарсы күреске төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен бірге жергілікті атқарушы органдар мен коммуналдық мекемелердің қызметкерлері де жұмылдырылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Қыркүйек, 2025
Демеу Жадыраев әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев Хорватия астанасында өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2025
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері 18 жастағы азаматты ұстады. Ол мессенджер қолданушыларының аккаунттарын бұзды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Қыркүйек, 2025
Газада опат болғандар саны 65 мыңнан асты
Израиль қарулы күштері Газа қаласының орталық бөлігіне кіріп, Хамас жасақтарының соңғы тірек нүктесін басып алуға әрекет жасап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 18 Қыркүйек, 2025
Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді
20 қыркүйек «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акция аясында және Дүниежүзілік тазалық күніне орай елордалықтар жалпықалалық сенбілікке шығады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қыркүйек, 2025
Борышкерлерді анықтайтын жүйе іске қосылды
Борышкерлерді анықтайтын «Цифрлық бақылау» жүйесінің мүмкіндіктері кеңейтілді. Оны Әділет министрлігі, Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы және Бас Прокуратура бірлесіп жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 18 Қыркүйек, 2025
Маңғыстауда әкім орынбасарлары ұсталды
Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданының және Атамекен ауылының әкім орынбасарлары заңға қайшы әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы облыс әкімдігінен хабарланды, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 18 Қыркүйек, 2025
Алматыда Target платформасына 8 мың камера қосылады
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Полиция департаментіне барып, ішкі істер органдарының қызметімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 18 Қыркүйек, 2025
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қазметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Егемен Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2025
«Егемен» не деген? 18 қыркүйек, 1990 жыл.
Жасанды интеллектінің кернеуі күннен күнге күшейгенімен, жылдар арасында жылжытып отыратын уақыт машинасы әлі жасалған жоқ. Сондықтан ілгері замандағы ілкімді ізденістер мен өзекті өзгерістерді гаджеттен емес, газеттен қарауға тура келеді. Әсіресе, халықтың дәл сол кездегі хал-ахуалын БАҚ айнасы анық көрсетеді. Хош, осыдан 35 жылға кейін шегініп көрейікші.
Оқиға • 18 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында сарбаз өзіне қол жұмсаған
Әлеуметтік желіде 17 қыркүйекте Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаздың өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат пайда болды. Ақпаратты ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 18 Қыркүйек, 2025
Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды
Бұл – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі аясында дінаралық және мәдениетаралық диалогты нығайту мақсатымен қолға алынған бірегей бастама. Салтанатты іс-шараға VIII Съезд делегаттарымен бірге Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2025
Жүргізушілердің масаңдық дәрежесін тексеру ережесі өзгерді
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, негізгі өзгеріс бұрын ережелер Үкімет қаулысымен бекітілген болса, енді олар ІІМ бұйрығы арқылы бекітілуі болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қыркүйек, 2025
Қарағандыда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, 3 адам мерт болды
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы Mazda көлігімен соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 18 Қыркүйек, 2025
Қазақстан ет экспортында неге артта қалды
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында сиыр еті экспортына квота енгізу туралы шешім қабылданды, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 18 Қыркүйек, 2025
Алматыда жұмысшы мамандарға сұраныс артып келеді
Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға қажетті іс-қимылдарды жүзеге асыру мақсатында жақында Өңірлік коммуникациялар қызметі мен Алматы қаласының білім басқармасы «Колледж түлектерінің еңбек нарығындағы сұранысы» тақырыбында баспасөз турын ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қыркүйек, 2025
Көпбалалы отбасыларға қанша жәрдемақы беріледі
2025 жылдың басынан бері еліміздегі көп балалы отбасылар мен марапатталған аналарға жалпы сомасы 404,3 млрд теңге мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған. Бұл көмек 855 мың отбасыға берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Қыркүйек, 2025
Елордадағы Ұлттық спорт университетінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылыс барысымен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қыркүйек, 2025
Астанада кафе өртеніп, 8 пәтер зақымданды
Өткен түні Астана қаласы Достық көшесі, 12/1 мекенжайындағы 8 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы KaRima кафесінен өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.