Соңғы жаңалықтар
Төтенше жағдай • 16 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында қоқыс полигонынан өрт шықты
Алматы облысында қоқыс полигоны өртеніп, оны сөндіруге 108 адам мен 54 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Қыркүйек, 2025
Егін шаруашылығын дамытудағы басым міндеттер нақтыланды
Мемлекет басшысы Ақмола облысының Зеренді ауданында аймақ шаруаларымен егін жинау науқанына арналған кеңесте жиналған өнімді тиісінше сақтау маңызды міндеттің бірі екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Қыркүйек, 2025
Егіс алқабындағы жұмыстарды уақтылы аяқтап, астықты дер кезінде жинап алу қажет - Президент
Мемлекет басшысы Ақмола облысының Зеренді ауданында аймақ шаруаларымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізді. Іс-шараға Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысының диқандары бейнебайланыс режимінде қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2025
Шалғайдағы ауылдарға «Қолжетімді интернет» желісі тартылды
Түркістан облысы Қазығұрт және Түлкібас аудандарының шалғай елді мекендері интернет желісіне қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 16 Қыркүйек, 2025
Жаңа реформа: қаржыдан агроөнеркәсіпке дейін
Еліміз алдағы жылдары экономиканы әртараптандыру мен жаңа технологияларды енгізуге бағытталған ауқымды реформаны қолға алмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Қыркүйек, 2025
Қараша айында Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы өтеді
Бүгін Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды. Қ.Тоқаев жұмыс сапары аясында егін жинау науқанымен танысып, өңірдегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен әңгімелесті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қыркүйек, 2025
Мемлекеттік қызметшілер пікірсайыста бас қосты
Мемлекеттік қызметшілер пікір сайыс алаңында тартысты. Дебат «Қоғам дамуының негізі – еліміздің ұлттық құндылықтары» тақырыбында өтті. Іс-шара елордада Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Көлік министрлігінің қызметкерлерінен құралған екі команданың қатысуымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 16 Қыркүйек, 2025
Талдықорғанда сот орындаушысы алимент қаржысын жымқырған
Талдықорған қаласында жеке сот орындаушысы заңсыз жолмен алимент ақшасын қалтасына басып келген, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Қыркүйек, 2025
Президент Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен әңгімелесті
Қ.Тоқаев Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен саланың жай-күйі, шаруалардың жетістіктері, сондай-ақ қордаланған мәселелері жөнінде әңгімелесті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң мен Тәртіп • 16 Қыркүйек, 2025
Қыз алып қашу заңмен қудаланады
2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап елімізде қызды еркінен тыс алып қашып, некеге мәжбүрлеу қылмыс болып саналады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2025
Шиелі тұрғындары заңсыз аң аулағаны үшін ұсталды
Қызылордада «Құқықтық тәртіп» шарасы барысында заңсыз аң аулағандар қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 16 Қыркүйек, 2025
Ұлттық парктегі әйгілі әткеншек қайта ашылды
Іле-Алатау ұлттық паркінде 2 524 метр биіктікте орналасқан Фурманов шыңының етегіндегі атақты әткеншектің қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Бұл нысан ұзақ жыл бойы Алматы тұрғындары мен туристері үшін таудағы ең танымал орынның бірі ретінде жақсы таныс, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Ақмола облысындағы егін жинау науқанымен танысты
Президентке биыл өңірдегі егіс алқабының көлемі 300 мың гектарға ұлғайып, 5,5 миллион гектарға жеткені баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң мен Тәртіп • 16 Қыркүйек, 2025
Жеке шекараны қорғауға бағытталған заң күшіне енді
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның қабылдануы азаматтардың құқықтарын қорғау ісінде маңызды қадам болды, деп жазады Egemen.kz policia.kz ақпаратына сілтеме жасап.
Медицина • 16 Қыркүйек, 2025
Зейнетақы қаражатын стоматологиялық қызметтерге жұмсауға тыйым салынды
Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинақтарының стоматологиялық қызметтерге заңсыз пайдаланылуына байланысты 2021 жылғы 15 ақпандағы «емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 16 Қыркүйек, 2025
Астанада балаларға қандай күрделі операциялар тегін жасалады
Кейінгі жеті айда елордадағы №2 көпсалалы балалар ауруханасында 500 мың теңгеден асатын ондаған тегін операция жасалған, деп жазады Egemen.kz.
Дін • 16 Қыркүйек, 2025
VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі жаңа форматта өтеді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Астанада өтетін VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі бұрынғыдан да мазмұнды форматта ұйымдастырылып жатыр. Жаһандық деңгейдегі беделді діни қайраткерлер мен саясаткерлерді тоғыстырған форум қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселелерді талқылауға арналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2025
Түгіскен ауылында кірпіш шығаратын шағын зауыт ашылды
Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының Түгіскен ауылында Вибропессті аппарат арқылы кірпіш шығаратын шағын зауыттың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 16 Қыркүйек, 2025
Енді дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Бүгіннен бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне дропперлік үшін жауапкершілікті қарастыратын жаңа 232-1-бабы енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды
Мемлекет басшысы өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуымен танысып, әлеуметтік нысандарды аралап көреді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 16 Қыркүйек, 2025
Бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды
Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында жоғары деңгейде өнер көрсеткен Қазақстан ұлттық құрамасы елге оралды, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 16 Қыркүйек, 2025
Елімізде некеге мәжбүрлеу мен адам ұрлауға қатысты заң өзгереді
16 қыркүйектен бастап елімізде некеге мәжбүрлеу және адам ұрлауға байланысты қылмыстық заңнамаға маңызды өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Әлем • 16 Қыркүйек, 2025
Малайзиядағы көшкіннен 11 адам қаза тапты
Малайзияның Борнео аралының солтүстігіндегі Сабах штатында ұзаққа созылған нөсер жауын салдарынан болған көшкіннен кем дегенде 11 адам қаза тауып, бірнеше адам хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Ғылым • 16 Қыркүйек, 2025
Халықаралық мамандар ядролық физиканың жетістіктерін талқылады
Алматыда археология мен ядролық технологияларға арналған «Археологиялық зерттеулерде жаратылыстану-ғылыми әдістерді қолдану» тақырыбында халықаралық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 16 Қыркүйек, 2025
«Антарес» клубында жас ғалымдар тәрбиеленіп жатыр
М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Антарес» клубының жас ізденушілері өздерінің қызығушылығын болашақ мамандығына айналдырып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 16 Қыркүйек, 2025
Оқушылар сарайы жаңа оқу жылын Отбасы күнімен ашты
Қыркүйектің екінші жексенбісі елімізде ерекше мәнге ие. Бұл күні Отбасы күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы жаңа оқу жылының ашылуын қала тұрғындарына арнап үлкен сахнада ұйымдастырды. «Ертіс Променад» сахнасында өткен мерекелік кеш көрермендерге қуаныш пен шаттық сыйлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2025
Қарағандыда жаңа медициналық пункт ашылды
Шет ауданының Еңбекшіл ауылында елге қайтарылған заңсыз активтер есебінен жаңа медициналық пункт ашылды. Заманауи жабдықталған нысан 200-ден астам тұрғынға қызмет көрсетіп, шұғыл жағдайларда аудандық аурухананың реанимобиль көлігін пайдалануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 16 Қыркүйек, 2025
Үкімет Жолдауды жүзеге асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды мақұлдады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шара жоспарының жобасы қаралды. Сондай-ақ жол қозғалысы мен жаяу жүргінші қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібіне шықты.
Экономика • 16 Қыркүйек, 2025
Ілгерілеу стратегиясының мүмкіндігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасын әртараптандыруға жаңа серпін беру қажеттігін атап өтті. Кейінгі жылдары өңдеуші өнеркәсіптің жалпы қосылған құны екі есе өсіп, 17 трлн теңгеге жуықтаған. Дегенмен оның ІЖӨ-дегі үлесі небәрі 12,4% болып отыр. Президент бұл жеткіліксіз екенін айтып, әртараптандыру қарқынын арттыруды тапсырды.
Пікір • 16 Қыркүйек, 2025
Технологиялық әлеует әскер айбынын арттырады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы Қарулы күштеріміздің әскери қызметшілері арасында зор қызығушылық пен толық қолдауға ие болды. Жеке құрам Мемлекет басшысының жаһандық технологиялық трансформациялар жағдайында ел дамуының басым бағыттары және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі цифрлық технологиялардың рөлін күшейту жөніндегі стратегиялық үндеуін ерекше ықыласпен қабылдады.