Соңғы жаңалықтар
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Жасанды интеллект білім саласына тың серпін береді -педагог
Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады. Ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды құжатта білім, ғылым, технология және экономика салаларына ерекше назар аударылды. Жолдауды тыңдауға еліміздің әр өңірінен әртүрлі сала мамандары арнайы шақырылды. Солардың бірі – Шымкент қаласының тұрғыны, педагог Марат Таңсықбаев болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Қыркүйек, 2025
Қуанышбек Есекеев Президенттің көмекшісі болып тағайындалды
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында айтылды, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 09 Қыркүйек, 2025
Алтыналмас өз қызметкерлерінің біліміне инвестиция салып келеді: 15 жылда 227 грант берілді
Қазақстандық «Алтыналмас» алтын өндіруші компаниясы 15 жыл қатарынан өз қызметкерлері мен олардың балаларына білім беру гранттары бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бұл уақыт ішінде компания есебінен 227 адам орта арнайы немесе жоғары білім алуға мүмкіндік алды, олардың 74-і оқуын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 09 Қыркүйек, 2025
Ұлытауда медициналық көмекті жетілдіру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келген кезде Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы бірқатар денсаулық сақтау нысанын аралап, мекемелердің материалдық-техникалық базасымен танысты. Министр осы сапарында өңірде Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы жұмыс тобы жұмыс істейтінін жеткізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Астанада түнгі клубтардың бірінде жігітті пышақтап кетті
Әлеуметтік желілерде Астанадағы түнгі клубтардың бірінде 19 жастағы жігіттің өлімі туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 09 Қыркүйек, 2025
Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 09 Қыркүйек, 2025
Цифрлық кодекс Мемлекет басшысы белгілеген мерзімде қабылданады
Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстанның Цифрлық кодексі Мемлекет басшысы белгілеген мерзімде қабылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Жолдау аясындағы негізгі экономикалық бағыттар жарияланды
Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген экономикалық міндеттер бойынша басты бағыттарды атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 09 Қыркүйек, 2025
Қазақстан бойынша тоғыз есірткі зертханасы жойылды
«Қарасора – 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 9 есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Биыл мүгедектігі бар жандарға 427 мыңнан астам қызмет көрсетілді
Жыл басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы мүгедектігі бар адамдарға 427,1 мыңнан астам қызмет көрсеткен. Ең көп сұраныс оңалтудың техникалық құралдарына түсті, сонымен қатар жеке көмекші, ымдау тілі және санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері ұсынылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 09 Қыркүйек, 2025
Үкіметте Жолдауды жүзеге асыру жоспары пысықталды
Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйекте жариялаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру тетіктері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Балқаштағы мектептерге жарылғыш зат қойылғаны рас па
Әлеуметтік желілерде Балқаш қаласындағы мектептерге жарылғыш зат қойылды деген ақпарат тарағанымен, ол жалған болып шықты. Бұл туралы Қарағанды облысының Полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонды Тәжікстанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 09 Қыркүйек, 2025
Биыл дуальды оқумен қамтылған студенттер саны 27 мыңға артты
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2025–2026 оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуальды оқыту жүйесіне қатысатын студенттердің саны 135 мыңға жетеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27 мыңға артық, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Вануатуда жер сілкінісі тіркелді
Кеше Гринвич уақытымен 21:47-де Вануату аймағында магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Сенат • 09 Қыркүйек, 2025
Сенат Жолдауды іске асыруға жүйелі қолдау көрсетеді
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен бюро өтті. Онда депутаттар Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында жүктеген міндеттерге сәйкес Сенаттың жұмыс жоспарын талқылады және Палатаның алдағы отырысының күн тәртібін бекітті.
Үкімет • 09 Қыркүйек, 2025
Кәсіпкерлік жүйесін реттеу талқыланды
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Оған министрліктер мен агенттіктердің өкілдері, іскерлік бірлестіктер мен Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл қатысты.
Пікір • 09 Қыркүйек, 2025
Адам капиталын өрістетудің айрықша міндеттері
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономика салаларының инновациялық әлеуетін күшейту, ғылымның күш-қуатын өндіріс пен ауыл шаруашылығында тиімді пайдалану сияқты күрделі мәселелерді қозғады.
Пікір • 09 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында индустрия және өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселесі де басты тақырыптардың бірі болды. Мемлекет басшысы кейінгі бес жылдағы жетістіктерге тоқтала отырып, жаңа міндеттерді айқындап берді.
Спорт • 09 Қыркүйек, 2025
AUYL SPORT 2025: ауыл балаларына жаңа мүмкіндік
2025 жылы 10 мыңнан аса жасөспірім жеті спорт түрінен чемпиондыққа таласады.
Пікір • 09 Қыркүйек, 2025
Билік тармағын жетілдіретін бастама
Қазір елімізде қос палаталы Парламент жұмыс істейді. Олар – Мәжіліс пен Сенат. Алайда бұл құрылым кей жағдайда заң шығару үдерісінің баяулауына, процедуралық кідірістердің орын алуына алып келіп отыр. Осыған байланысты бірқатар сарапшылар мен депутаттар бір палаталы Парламентке көшу туралы бастаманы алға тартты.
Пікір • 09 Қыркүйек, 2025
Инвестицияны өңдеу саласына тарту қажет
Президент Жолдауында экономика саласына қатысты айтылған мәселелердің ең маңыздысы – инвестиция тарту. Қасым-Жомарт Кемелұлы елге келіп жатқан инвестицияның көп бөлігі шикізат саласына бағытталатынын, бұл еліміздің дамуына оң ықпалын тигізіп жатқанымен, енді сырттан келетін қаржыны өндіріс саласына көбірек бұру қажеттігін баса айтты.
Пікір • 09 Қыркүйек, 2025
Президент Жолдауында жастар мәселесіне ерекше тоқталып, сенім білдірді. Сондай-ақ оларға отаншылдық дегеннің мағынасын ұқтырып, мән-жайына тоқталды. Бұл Мемлекет басшысының өскелең ұрпақтың тура жолға түсіп, оңы мен солын ажыратуға деген қамқорлығы деп түсіндім.
Пікір • 09 Қыркүйек, 2025
Цифрландыру – агросаланы дамыту тетігі
Президент Жолдауда заманауи технологияларды, әсіресе жасанды интеллект пен цифрландыруды мемлекеттік басқару мен салалық экономикаға терең енгізу қажет екенін нақты атап көрсетті. Бұл – еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолындағы маңызды қадам.
Пікір • 09 Қыркүйек, 2025
Жұмысшы мамандығының мәртебесі артады
«Қоғамды жаңғырту үшін әлі де көп шаруа атқаруымыз керек». Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында айтқан осы сөзі – әрбір саналы азаматтың жүрегіне жетіп, ел алдындағы жауапкершілікті сезінуге үндейді.
Пікір • 09 Қыркүйек, 2025
Саналы да сапалы ұрпақ қалыптастыру қағидаты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған білім саласына қатысты өзекті мәселелер – уақыт талабына сай маңызды бастамалар. Әсіресе білім саласына жасанды интеллектіні енгізу, балаларды осы жаңашылдыққа баулу ерте жастан, яғни мектептен қолға алынуға тиіс екенін атап өтті.
Есірткі • 09 Қыркүйек, 2025
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, биыл жазда шаһарда есірткіге қарсы республикалық «Қарасора-2025» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Ауқымды операция барысында ай ішінде есірткінің заңсыз айналымымен байланысты жалпы 61 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.
Қоғам • 09 Қыркүйек, 2025
Мемлекеттік наградамен марапатталды
Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне орай сала ардагерлеріне және «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) компаниялар тобының қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды тапсыру салтанаты өтті. Іс-шарада «ҚМГ» басқарма төрағасы Асхат Хасенов құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің мұнай-газ секторының қалыптасуына еңбек сіңірген ардагерлерге ілтипат білдірді.
Инвестиция • 09 Қыркүйек, 2025
Абай облысында өңірлік инвестициялық штабтың алғашқы отырысы өтті. Өңір басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен өткен жиынға инвесторлар, кәсіпкерлер, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер өкілдері қатысты.
Өндіріс • 09 Қыркүйек, 2025
Өңірдегі 941 өнеркәсіптік кәсіпорынның шамамен 800-і өңдеу секторына тиесілі. Былтыр кәсіпорындар 3 трлн теңгеден астам өнім өндіріп, жаңа межеге қол жеткізді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 64%-ға өсіп, шамамен 1,5 трлн теңгені құраған. Ал биыл 1,5 трлн теңгеден астам инвестиция тарту көзделіп отыр. Оның ішінде 723 млрд теңге өнеркәсіп саласына бағытталады дейді облыс басшылығы.