Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 30 Тамыз, 2025
Ғылымда жануарлардың түрлі дыбыстарды қайталауға, белгілі бір әрекеттерді орындауға қабілетті екені әлдеқашан дәлелденген. Бірақ осы уақытқа дейін сұрақ қоя алу тек адамға ғана тән қабілет деп есептелген еді. Дегенмен бұл көзқарасты өзгерткен бір ерекше оқиға болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 30 Тамыз, 2025
Фламинго – табиғаттағы ең ерекше әрі әсем құстардың бірі. Олар қызғылт түсімен ғана емес, сонымен қатар тіршілік дағдысымен де таңғалдырады. Әсіресе, бұл құстардың ұрпақ өрбіту жолындағы әдеттері ерекше назар аударарлық, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көрме • 30 Тамыз, 2025
Алматыда Испан суретшісінің көрмесі өтеді
5 қыркүйекте Қазақстандағы Испания Елшілігі мен Esentai Gallery бірлесіп ұйымдастырған испан суретшісі Хуан Саликеттің жеке көрмесі ашылады. Көрме атауы «Қаланың археологиясы: Алматы» деп аталады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 30 Тамыз, 2025
Теңгелік салымдар инфляцияға қарамастан кірістілікті қамтамасыз етеді
Сарапшылар арасында инфляция мен тұрақсыз экономикалық ахуал жағдайында қазақстандықтарға ұзақ мерзімге теңгемен салымдарға абайлап қарау керек деген пікір басым. Көптеген банктер толықтыру және алу мүмкіндігі бар өнімдерді ұсынады, бұл депозиттерді қаржыны басқару үшін ыңғайлы құрал етеді. Жоғары ставкаларға қарамастан, елдегі инфляция кірістіліктің бір бөлігін «жей» алады. Сарапшылар қаражатты ұзақ мерзімге орналастырар алдында инфляцияның нақты деңгейін ескеруді ұсынады, деп жазады деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Тамыз, 2025
БҰҰ Даму бағдарламасы аясында елімізде 4 су қоймасы салынады
БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа мен Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 30 Тамыз, 2025
Еліміздегі 19 мың жол камерасына ЖИ орнатылды
Қоғам қауіпсіздігін сақтау мақсатында жаңа технология еліміздің әр саласына еніп жатыр. Енді жол камерасының қызметі де ЖИ-мен жасақталады.
Қоғам • 30 Тамыз, 2025
«Алтыналмас» компаниясы аймақ оқушыларын қолдау дәстүрін жалғастыруда
«Алтыналмас АК» АҚ жыл сайын «Мектепке жол» республикалық науқанына қосылып, өзінің қызмет ететін өңірлеріндегі отбасыларға балаларды оқу жылына дайындауға көмектесіп келеді. Білім күні қарсаңында алтын өндіруші кенттердің балдырғандарына оқу-құралдары салынған жиынтық сыйға тартып келеді.
Денсаулық • 30 Тамыз, 2025
Тұрғындар денсаулығын тексерді
Мемлекетіміздің мерейлі мерекесі Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Талғар аудандық орталық ауруханасында «Ашық есік күні» өтті, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 30 Тамыз, 2025
Тоқаев: Қазақ-Қытай қатынастары сенімге негізделген
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың China Daily басылымында жарияланған мақаласында қазақ-қытай қатынастарының басты іргетасы – өзара сенім екенін баса айтты, деп жазады Egemen.kz.
Сауда • 30 Тамыз, 2025
2024 жылы екіжақты сауда-саттық $44 млрд жетті – Тоқаев
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың China Daily басылымында жарияланған мақаласында екі ел арасындағы сауда байланыстарының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 30 Тамыз, 2025
Қытай Қазақстанға $27 млрд астам инвестиция салды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың China Daily басылымында жарияланған мақаласында Қазақстан экономикасына тартылған қытайлық инвестициялар туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 30 Тамыз, 2025
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың China Daily басылымында жарияланған мақаласында Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Тамыз, 2025
Қазақстанның Қытайға агроэкспорты 10%-ға өсті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың China Daily басылымында жарияланған мақаласында ауыл шаруашылығы саласындағы серіктестікке назар аударды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Тамыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ-қытай қатынасы туралы мақаласы China Daily-де жарияланды
Қытайдың жетекші China Daily басылымы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан мен Қытайдың берік әрі сенімді қарым-қатынасы – табысты ынтымақтастықтың кепілі» атты мақаласын жариялады. Бұл – қос ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін паш еткен маңызды оқиға.
Ата заң • 30 Тамыз, 2025
Әділет үстемдігі – қоғам ұстыны
Президент орталығында Конституцияның 30 жылдық мерейтойына орай «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл: мықты мемлекет, еркін қоғам, жауапты азамат» атты сарапшылар кездесуі өтті. Іс-шараны Президенттік орталық пен «Respublica» партиясы ұйымдастырды.
Қоғам • 30 Тамыз, 2025
Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимова «Конституция және мемлекеттілік: құқық және болашақ диалогі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында Президент атынан еліміздің құқықтық жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан адамдарға «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медальдарын табыс етті.
Еңбек • 30 Тамыз, 2025
Күрделі еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік мәселесі қашанда маңызды. Әсіресе әр сәтінде асқан тәуекелмен жеті қат жердің астындағы кенішке түсетін кеншілердің еңбегі ерен. Ауыр жұмысты арқалап, ел экономикасына елеулі үлес қосып жүрген алтын қолды азаматтардың игі ісін насихаттау – парыз.
Әдебиет • 30 Тамыз, 2025
Орталық Азия әлем әдебиеті арасында диалог болса
XXI ғасыр – диалог пен өзара ықпалдастықтың ғасыры. Жаһандану үдерістері күшейіп, мәдени шекаралар жойылып жатқан қазіргі заманда әдебиет те бұл үдерістен тыс қалмады. Әлем әдебиеті – бұл тек Батыстың әдеби канондары емес, бұл адамзат рухының санқырлы көріністері, ал Орталық Азия әдебиеті – сол көріністердің ажырамас бөлігі. Осы мақалада біз Орталық Азия әдебиеті мен әлем әдебиеті арасындағы өзара байланыс, ықпал және болашағы туралы сөз қозғаймыз.
Еңбек • 30 Тамыз, 2025
Иван Куликов 40 жыл бойы Рудныйдағы кен өндірісінде еңбек етіп келеді. 37 жыл бұрғы ұстап, жер қатпарын үңгіген кенші кейінгі жылдары тереңде жатқан кеніш жолдарының үстін бағанмен тіреп, төбесін ұстап тұратын металл тіреуіш бекітетін бригаданың сапында. Қауіп-қатерге толы талай ауыр сыннан сүрінбей өткен тәжірибелі маман жастарға кен өндірісінің қыр-сырын үйретуден жалыққан емес.
Инфографика • 30 Тамыз, 2025
Үш ай алаңсыз жаз да өтті. Бір жылға есейтіп жіберетін демалысты артқа тастаған оқушыларға мектеп партасына оралатын уақыт та жетті.
Білім • 30 Тамыз, 2025
Жоспарға сай жүзеге асқан жұмыс
Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдық елді мекендер мен Петропавл қаласын қоса есептегенде 444 мектеп бар. Онда 74 мыңнан аса оқушы білім алады. Сондай-ақ 448 мектепке дейінгі білім беретін ұйымдар 15 мыңнан аса балдырғанды қамтып отыр. Биылғы оқушылар саны былтырғымен салыстырғанда 234 балаға артық.
Білім • 30 Тамыз, 2025
Университеттерде академиялық кезеңді бастауға дайындық пысықталды. Жаңа оқу жылында еліміздің жоғары оқу орындарында жасанды интеллектіні қолдану барлық мамандықта оқытылады. Енді студенттердің тәрбиесіне, әлеуметке қосылуына айрықша көңіл бөлінеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Ата заң • 30 Тамыз, 2025
Азамат құқығы – айрықша бақылауда
Конституциялық соттың құрылуы еліміздегі құқықтық мемлекет қағидатын нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде төл тарихымызға жазылды. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз жұмысын бастаған бұл орган еліміздің демократиялық дамуы мен құқық үстемдігін қамтамасыз етуде айрықша рөлге ие болып келеді, мұның мақсат-мұраты да осы еді.
Қоғам • 30 Тамыз, 2025
Мәні ерекше халықаралық конференция
Астанада «Конституция және мемлекеттілік: Құқық пен болашақ диалогі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конституцияның 30 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға Ресей, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан, Тайвань елдерінің өкілдері де қатысты.
Ата заң • 30 Тамыз, 2025
Бүгін демократиялық, құқықтық, әлеуметтік әрі зайырлы мемлекетіміздің заңдық негізі – Конституциямыздың қабылданғанына 30 жыл толып отыр. 90-жылдардың аласапыранында күшіне еніп, қоғамдық бірлік пен тұтастыққа қызмет еткен бас құжатқа әр кезеңде уақыт талабына сай толықтырулар мен өзгертулер енгізілгені белгілі. Соның ең соңғысы әрі маңыздысы – 2022 жылы жалпыұлттық референдум арқылы өткен конституциялық реформа.
Ата заң • 30 Тамыз, 2025
Конституция құндылығын қорғау – ортақ міндет
Осыдан отыз жыл бұрын 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда өтіп, еліміз үшін тарихи мәні зор Қазақстан Конституциясы қабылданды. Содан бері Конституциямыз тәуелсіздігін жаңа алған жас мемлекеттің жаңа белестерге көтерілуіне, дүниежүзілік стандарттар мен демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет қағидаттарына негізделген қоғамдық басқару жүйесіне біртіндеп көшуіне жол ашты.
Пікір • 30 Тамыз, 2025
Заң мен тәртіп – басты ұстаным
Елордада Мемлекет басшысының қатысуымен Конституцияның 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті. Мерейтой қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев өткенге көз жүгіртіп, Ата заңның жүріп өткен жолын сараптап, тарихи белестерге жеке тоқталды. Сонымен қатар халқымыз үшін аса маңызды іргелі шешімдер қалай қабылданғаны жөнінде жаңаша қырынан тарқатып айтып берді. Президенттің бүгінгі сөйлеген сөзінің ерекшелігі – тың ойлар мен тың деректер көп айтылды.
Пікір • 30 Тамыз, 2025
Әділетті Қазақстанның берік негізі
Биыл егемен еліміздің Конституциясына 30 жыл толып отыр. Бүгін осы мерейлі датаға орай өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің саяси-құқықтық дамуын қорытындылап, алдағы бағыт-бағдарымызды айқындап берді.
Ата заң • 30 Тамыз, 2025
Ата заң – мемлекеттілігіміздің мызғымас тұғыры
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогі» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, сөз сөйледі.
Мектеп • 30 Тамыз, 2025
Жаңа оқу жылы қарсаңында Арал ауданының Тоқабай ауылында 100 орындық мектеп ашылды. Бұрынғы білім ошағы апаттық жағдайға жетіп, ауылдықтарды алаңдатқалы біраз болып еді. Байырғы жұрттағы осы мәселе талқыға түскен тұста ауылдағы білім ошағы демеушілік есебінен салынатыны туралы байлам жасалған. Былтыр негізгі оқу корпусы салынып, жақында құрылыс толық аяқталды. Енді Тоқабайдағы оқушылар мәжіліс залы, кітапханасы мен асханасы, спорт залы бар мектепте білім алады.