Соңғы жаңалықтар
Үкімет • 29 Тамыз, 2025
Елімізде тамыздың соңғы жексенбісінде Шахтер күні аталып өтеді. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов көмір өнеркәсібінің ардагерлері мен мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік наградалар табыс етті.
Ата заң • 29 Тамыз, 2025
Ата заңымызды зағип жандар да оқи алады
Павлодарда ел Конституциясының брайль қарпінде басылып шыққан нұсқасы таныстырылды. Жергілікті кітапханаларға әкелінген осы нұсқа инклюзияның мүмкіндігін көрсетеді.
Digital • 29 Тамыз, 2025
16 жастағы оқушы Марсель Бектұрғанов – «Skillset» роботтехника командасының вице-капитаны. Ол биыл көктемде Хьюстонда өткен «First Lego League» халықаралық байқауында топ жарып, ТМД елдері арасынан алғаш рет «Champion Finalist Award» сыйлығын жеңіп алды. Әлемнің 160 командасы қатысқан беделді додада үздік алтылыққа енді.
Digital • 29 Тамыз, 2025
Шығыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың салаларды цифрландыруға байланысты тапсырмасын жүзеге асыруда айтарлықтай жұмыс атқарылып жатыр. Қазіргі таңда мектеп мұғалімдері сабаққа оңай дайындалып, ата-аналар балаларын онлайн бақылау мүмкіндігіне ие болды. Сол сияқты цифрлану дәрігерлердің де қолын ұзартқан. Сонау шалғайдағы науқастың жағдайын цифрлық құжаттар арқылы орталықта отырған білікті маман біліп, ем-домын жасау мүмкіндігіне ие.
Ғалам ғажаптары • 29 Тамыз, 2025
Қытайдың оңтүстігінде «Цзянмэнь» жерасты обсерваториясы жұмысын бастады. Бұл – 20 мың тонна сұйықтыққа толтырылған алып детектор. Ол ғаламдағы ең жұмбақ бөлшектердің бірі нейтриноны зерттейді.
Әдебиет • 29 Тамыз, 2025
Дәрменсіздік дауылдан да күшті
Өткенде белгілі қаламгер Сауытбек Абдрахманов Абайдың Иван Буниннен аударған бір өлеңі туралы «Egemen Qazaqstan» газетіне зерттеу мақаласын жариялады.
Күрес • 29 Тамыз, 2025
Хорватияда Әнұранымыз шырқала ма?
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезден бері еліміздің ұлттық құрамасы еркін күрестен барлығы 26 әлем чемпионатына қатысты. Сол жауапты жарыстарда жерлестеріміз төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді.
Білім • 29 Тамыз, 2025
Базарларға жолыңыз түссе, сөрелерді жаңа оқу жылының жақындап қалғанын көрсететін тауарлар жаулап алғанын байқайсыз. Иә, қыркүйекке қарбалас дайындық тамыз айынан басталып кеткен. Баласын жетектеген ата-ананың қарасы көп, бәрі мектепке қажетін осы айдың соңына дейін әзірлеп алуға асығады. Ал баға қалай? Бір баланы сабаққа дайындауға қанша теңге жұмсалады? Көмекке мұқтаж жандарға қандай қолдау бар? Бірізділік бізге қашан келеді? Салмақты сұрақтарға жауап іздеп көрдік.
Жасанды интеллект • 29 Тамыз, 2025
Жи-дің бизнес нарығына ықпалы қандай?
Бүгінде іздеу жүйесі дегенде «Google» мен сілтемелер тізімі деген ұғым қалыптасқан. Бірақ қазір қолданушылар сұрақтарын тікелей жасанды интеллектіге (ЖИ) қойып, дайын әрі нақты жауапты бірден алады. Бұл бизнес үшін нені білдіреді? Енді іздеу нәтижесінде көрінуден бөлек, ЖИ берген жауапқа ену аса маңызды. Елімізде бұл үрдіс қазірдің өзінде байқалып, компаниялар өз стратегияларын қайта қарастыра бастады.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2025
Су жолы мен теміржолды тоғыстырған хаб
Алдағы уақытта «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында (АЭА) қытайлық зауыттар ашылуы мүмкін. Экономикалық аймақта көптеген жеңілдік бар – келген компаниялар корпоративтік табыс, мүлік, жер салығы мен импорттық қосылған құн салығынан (ҚҚС), кедендік баждардан босатылады. Ал жобаларға толық әкімшілік және техникалық қолдау көрсетіледі. Қазір «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағы ұлғайып келеді. 14 субаймақтан тұратын нысанның жер көлемі Ақтау теңіз сауда порты мен Құрық портының, Солтүстік терминалының қосылуымен 4 407 гектарға үлкейді.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2025
Қарағанды әуежайы транзиттік бекетке айналады
С909 әуе кемесі Қытайдың Үрімші қаласынан алғаш рет тікелей Қарағандыға ұшып келді. Енді екі ел инфрақұрылымдық ынтымақтастықты нығайтып, «Үрімші – Қарағанды» бағытындағы тікелей әуе қатынасын қолға алуды көздейді. Қытай делегациясы мен өңір басшылары «Сарыарқа» халықаралық әуежайы аумағындағы заманауи жанармай құю кешенінің іргетасын қалады.
Білім • 29 Тамыз, 2025
Жаңа оқу жылына дайындық деңгейі
Түркістан облысында «Мектепке жол» акциясы аясында өңір бойынша штаб құрылып, оған білім, денсаулық, жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, полиция, аудан, қала әкімінің орынбасарлары, білім бөлімінің басшылары енді.
Сараптама • 29 Тамыз, 2025
Жасанды интеллект инвестиция тартуға қалай пайдаланылады?
– Энергетика саласында деректерді өңдейтін орталықтар (дата-орталықтар) орасан көп электр тұтынады. АҚШ-та 2040 жылға қарай электрге сұраныс 44%-ға өспек, ал оның тең жартысы дата-орталықтарға тиесілі болмақ.
Экономика • 29 Тамыз, 2025
Мұнай өңдеуді ұлғайтатын стратегия
Мұнай өңдеу саласын дамытудың 2025–2040 жылдарға арналған ұзақмерзімді тұжырымдамасында инфрақұрылымды жаңғырту, экспорттық әлеуетті арттыру және жаңа технологияларды енгізу негізгі міндеттер ретінде айқындалған.
Білім • 29 Тамыз, 2025
Кәсіптік бағдар мамандық таңдауға көмектеседі
«Баланың болашағы оның алғашқы қадамын қалай басқанынан басталады» дейді халық даналығы. Шын мәнінде, әрбір шәкірттің өмір жолы мектептен айқындалады. Бұрын мамандық таңдау жоғары сыныптағы қиын шешім болып көрінсе, қазір ол бастауыштан бастауға тиіс игілікті үрдіске айналып отыр. Еліміздегі жаңа форматтағы «Келешек мектептері» – осы ізденістің алтын көпірі. Бұл мектеп әр баланың қабілетін ашып, болашаққа жетелейтін білім ордасы.
Заң мен Тәртіп • 29 Тамыз, 2025
Сәкен Сәрсенов: Цифрландыру полицияға деген халық сенімін арттырады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына цифрлық технологиялар мен басқа да озық шешімдерді енгізуді жалғастыру қажеттігін айтып, салалық министрліктерге тапсырма бергені белгілі. Ішкі істер саласында бұл бағытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын білу мақсатында біз Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсеновті әңгімеге тартқан едік.
Әдебиет • 29 Тамыз, 2025
Ертеректе орыс әдебиетінің классигі Антон Чеховтың «Әпкелі-сіңлі, үшеуміз» деген пьесасын сахнадан көргенде алай-дүлей күйге түсіп, адам баласының ішкі аңсары мен күнделікті күйбеңнің бір арнаға тоғыса бермейтінін жан-тәнімізбен сезінген едік. Арада бірнеше жыл аунап, Кобо Абэнің «Құм құрсауындағы әйелін» оқығанда сол ахуал қайта бойымызды билеп, денеміз түршікті.
Қоғам • 29 Тамыз, 2025
Баспанамен қамту – басым бағыт
Жыл аяғына қарай жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтайды. Енді отбасын құрған жастар үшін ұзақмерзімді баспана мәселесін шешудің орнықты қадамы іске асады. Жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаның ұсынылуы мемлекеттің тұрғын үй саясатын жақсартып келе жатқанын аңғартады.
Әдебиет • 29 Тамыз, 2025
Ол үшін Қаратаудың сайын даласынан асқан жер жоқ еді. Туған жердің саф ауасымен мәңгі тыныстады. Ауылын айрықша қадір тұтқаннан болар, Астана аспады, алысқа қашпады.
Туризм • 29 Тамыз, 2025
Туризм түйткілдері: қызмет сапасы қашан түзеледі?
Туризмнің табыс көзі екендігі бұрыннан белгілі. Әйтсе де табиғаты тамылжыған өлкеге ат басын бұрған туристердің өкпе-назы туындап жататын жай да бар. Оның дені көрсетілген қызметтің сапасыздығына байланысты. Мәселенің туындауына кадр жетіспеушілігі себеп болып отыр.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2025
«Ауыл аманаты» жобасы аймағымызда сәтті жүзеге асып отыр. Байыпты бағдарлама ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына жол ашып, елді мекендердің еңсе тіктеуіне серпін берді.
Заң мен Тәртіп • 29 Тамыз, 2025
Халықаралық жүргізуші куәлігінің жай-жапсары
Жуырда Ішкі істер министрлігі елімізде халықаралық жүргізуші куәліктерінің берілмейтінін мәлімдеп, мұндай құжатты беру ішкі істер органдарының айрықша құзыретіне жататынын хабарлады. Бірақ бұл мәселе бойынша отандастарымыздың сұрағы көбейіп кеткен сияқты.
Әдебиет • 29 Тамыз, 2025
Жазушы Қайсар Әлімнің «Міржақып Дулатұлы» ғұмырнамалық кітабы қалың оқырманға жол тартты. Етжеңді еңбекте Алаш ардақтысының тартысқа толы өмірі, асыл мұраты жолындағы қайраткерлігі, шығармашылық бай мұрасы, мәлім де беймәлім дерек-дәйектер жөнінде баяндалады.
Жастар • 29 Тамыз, 2025
«Жастар практикасының» игілігі
Жыл басынан бері «Жастар практикасы» бағдарламасымен 9 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. Енді жыл соңына дейін 38,9 мың жасты осы бағыт бойынша жұмыспен қамту жоспарланған.
Әдебиет • 29 Тамыз, 2025
Жазушы Қуандық Түменбай өзінің прозалық шығармаларына көбіне қазіргі күннің оқиғаларын арқау етеді. Әлдеқандай бір идея айту үшін болмағанды болды қылуға әдеттенбеген. Қай шығармасын алып қарасаң да, әркімге-ақ жете таныс оқиғалар жандана өріліп көз алдыңа көлбеп келеді. Тыңнан тақырып іздеп тыраштану оның табиғатына жат. Тақырып деген, оқиға деген өзін қоршаған ортада жетіп артылады. Бәрі де жазуға тұрарлық жайттар. Жазушының оны тез тани қоятын қаламгерлік көзқарасы ұшқыр.
Ғалам ғажаптары • 29 Тамыз, 2025
«SpaceX» тарихтағы ең ірі зымыран-тасығыш «Starship»-ті оныншы рет ғарышқа ұшырды. Бұл жолғы «Flight 10» миссиясы толығымен жоспарға сай сәтті өтті.
Теннис • 29 Тамыз, 2025
16-21 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында теннистен әйелдер арасындағы Билли Джин Кинг кубогінің шешуші кезеңі өтеді. Осы жарыстың ширек финалында Қазақстан құрамасы АҚШ-қа қарсы ойнайды.
Мирас • 29 Тамыз, 2025
Қазақтың жауынгерлік танымында жауды садақпен ату үшін қажет құралды оқ дейді. Осы оқты этнограф-зерттеуші Қалиолла Ахметжан мырза бірнеше бөлікке бөліп қарастырыпты.
Басылым • 29 Тамыз, 2025
Белгілі ақын, аудармашы, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Қорғанбек Аманжолдың «Сырұйық» атты кітабы жарық көрді.
Ғалам ғажаптары • 29 Тамыз, 2025
Өсімдіктер күн сәулесін пайдаланып, көмірқышқыл газын қант молекулаларына айналдырады. Бұл – фотосинтез деп аталатын, бүкіл тіршіліктің негізін құрайтын ғажайып үдеріс. Швейцария ғалымдары осы құбылысты зерттей отырып, ерекше жаңа молекула жасап шығарды.