Соңғы жаңалықтар
Мәселе • 26 Тамыз, 2025
Бұл алаңдауға тұрарлық жайт дейді сала сарапшылары. Қазір Қытайда – 194 млн, Үндістанда – 75 млн, Аустралияда – 70 млн, Иранда – 55 млн, Нигерияда 50 млн қой бар. Біздегі қой басы 21 млн-нан асады. Қойға қатысты түйткілді мәселелер Орал қаласында тұңғыш рет өткен «Auyl Fest. Қой шаруашылығы-2025» халықаралық форумында айтылды.
Білім • 26 Тамыз, 2025
Елордада астаналық педагогтердің дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті. Іс-шарада қалалық білім саласының өткен оқу жылындағы қорытындысы мен жаңа оқу жылындағы жаңалықтары талқыланып, үздік әдістемелер сарапқа салынды. Конференцияға Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, бас шаһардың әкімі Жеңіс Қасымбек, депутаттар, білім саласының қызметкерлері, ата-аналар қатысты.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2025
Биыл астықты алқаптар көз қуантады. Масағын әзер көтерген сабақтар сыңсып тұр. Көкшетау мен Қорғалжынның арасындағы ақық дән өсірілген ұшы-қиыры жоқ алқаптарда ел ырыздығының мол екенін аңғаруға әбден болады.
Білім • 26 Тамыз, 2025
Байырғы оқу орны заманға сай жұмыс істейді
2025 жыл «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жарияланғаны мәлім. Осыған орай Мемлекет басшысы: «Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – айрықша өзекті мәселе. Бұл – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам», деп айтқан еді.
Ғалам ғажаптары • 26 Тамыз, 2025
Қытайдың Хэнань провинциясында Сяогуй атты тотықұс Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ол түстерді ажыратудан әлемдік рекорд орнатты.
Талбесік • 26 Тамыз, 2025
Асқақ Алатаудың саф ауасы биікке көтерілген сайын жан сарайыңды ашады. Жасыл кілемдей жайқалған байтақтың көз жауын алатын пейзаж жаныңа ғажап күй сыйлайтыны анық.
Құқық • 26 Тамыз, 2025
Әйел құқығының қоғамдық салмағы
Биыл – Конституциямыздың, Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығы. Осы орайда Ата заңымыздың әйелдер мен ерлердің құқықтарын қамтамасыз етудегі рөлі, гендерлік теңдікті орнатудағы елдің 30 жылдағы нәтижесі, сондай-ақ Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының және БҰҰ ҚК 1325 қарарын іске асыру перспективаларын сарапшылар Халықаралық конференцияда талқылады.
Талбесік • 26 Тамыз, 2025
Табиғаттың інжу-маржаны Іле Алатауының ең көрікті аймағы Алматы мемлекеттік табиғи қорығына тиесілі. Қорық 1931 жылы мамырда Кіші Алматы өзені аймағында ұйымдастырылған. Содан бері жан пенденің еш себепсіз топырағын басып, гүлін үзуге тыйым салынған табиғи қорық аумағы Солтүстік Тянь-Шаньның орталық бөлігінде, теңіз деңгейінен 1200–5017 метр биіктікте, жалпы алқабы 71700 гектарды құрайтын Талғар, Есік аудандарын алып жатыр.
Ғалам ғажаптары • 26 Тамыз, 2025
Швейцариялық ерлі-зайыпты Шверер ширек ғасыр мұхитта өмір сүріп келеді. Олар осы уақыт ішінде алты бала сүйген. Кеменің аумағы небәрі 20 шаршы метр болғанымен, олар үшін осы өмір салты қолайлы болған.
Тағзым • 26 Тамыз, 2025
Мәдениеттің жаршысы да, жанашыры да еді...
Ол жаңалықтың жаршысы, өнер мен мәдениеттің қамқор тұлғасы еді. Театр мен драматургияның өзекті мәселелерін бір адамдай түсініп, тұшынып жазатын.
Тағзым • 26 Тамыз, 2025
Қазақ журналистикасы талантты бір аяулы жаннан айырылды. Танымал журналист, «Egemen Qazaqstan» газетінің қызметкері Айгүл Аханбайқызы дүние салды.
Тағзым • 26 Тамыз, 2025
Қаламгерлік қолтаңбасы ұмытылмайды
Аса күрделі 90-жылдардың ортасынан бері ұлт баспасөзінің алғы шебінде жүріп, бар білімі мен білігін замандастарымызды ағартуға, интеллектуалдық деңгейін көтеруге аянбай жұмсаған Айгүл Аханбайқызының ауыр қазасын күйзеліспен қабылдадым.
Ғалам ғажаптары • 26 Тамыз, 2025
1993 жылы АҚШ-та кештен қайтып келе жатқан төрт жасөспірімге көліктен оқ атылады. Екі бала сол жерде тіл тартпай кеткен. Полиция бастапқыда 17 жастағы Дэвид Рэнджелді күдікті деп таниды, бірақ ол айыпты немере ағасы – 16 жастағы Дэниел Виллегасқа жапқан.
Ең қысқа әңгіме • 26 Тамыз, 2025
Телефон қоңырауы соғылды. Белгісіз нөмір. Сәл кідіріңкіреп барып, телефонға жауап берді. Арғы жақтан қарлығыңқы дауыс шықты. Телефон соққан ауылда тұратын, көптен бері хабарласпай кеткен туысқан ағасы екен.
Таным • 26 Тамыз, 2025
Құстың екпін алып, ұшып-қонуына бағыт беріп отыратын – оның құйрығы. Құс сыпыртып ұшқанда бағытын тежеп, керек кезінде, тоқтата алу құйрық атқаратын іс. Мысалы, шапшаң ұшып, кенет тоқтай алатын қаршыға мен тұйғынның құйрығы ұзынырақ келеді. Қазақтың «құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады» дегені осы.
Кино • 26 Тамыз, 2025
Үлкен экранда – «Бақыт құшағында»
23 қазаннан бастап ел кинотеатрларында Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы аясында түсірілген «Бақыт құшағында» жаңа мюзиклі ұсынылады. Кинокартина бастан-аяқ ұлы композитордың әндерімен сүйемелденген. Күрделі әрі қызықты жанрдағы туындының бас продюсері әрі режиссері – New York Film Academy түлегі Санат Шапашов.
Музей • 26 Тамыз, 2025
Алдағы күндері мегаполистің мәдени өміріндегі ең айшықты оқиғалардың бірі – «Almaty Museum of Arts» мұражайының ашылуы болмақ. Қалаға келген туристер табалдырығын аттамай кетпейді деп болжанып отырған, орасан қаржы салынған алып музейдің дақпырты әлден-ақ естіліп жатыр.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 25 Тамыз, 2025
Аягөзге келгенбіз. Діттеген жеріміз – Ақтоғай. Ол – 2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі барып, іске қосқан еліміздегі белді кен орындарының бірі. Біздің мақсатымыз алда келе жатқан Кеншілер күні мен биылғы Жұмысшы мамандары жылы аясында көп жылдар кен өнеркәсібінде еңбек еткен Жексембаевтармен жолығып, әңгімелесу болатын.
Есірткі • 25 Тамыз, 2025
Қазақстанға 770 келі есірткі алып кірмек болған екі шетел азаматы сотталды
Екі шетел азаматы 770 келі героинді елге әкелмек болғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Ауа райы • 25 Тамыз, 2025
Ел аумағының басым бөлігінде аптап ыстық болады
Синоптиктер 26 тамызда Шымкентте және Қазақстанның 16 облысында дабылды ескерту жариялады. Оңтүстікте, солтүстікте және батыста қатты аптап ыстық болады, қалған аумақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Өңірлердің басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Есірткі • 25 Тамыз, 2025
Ұлытау облысында көкнәр тұқымын сатқан 5 азамат сотталды
Ұлытау облысында көкнәр тұқымын заңсыз сақтап, сатқан бес азамат ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды прокуратура.
Әдебиет • 25 Тамыз, 2025
Жас әдебиетшілердің шеберлік мектебі өтуде
Елімізде жас әдебиетшілерді қанаттандыруға бағытталған мазмұнды шаралар жиі ұйымдастырылып жүр. Соның бірі Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағының стратегиялық әріптестігі аясында жүзеге асқан «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» курсы, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 25 Тамыз, 2025
Үкімет тауар бағасын ашық белгілеу үшін жаңа шараларды іске асыруда
Президент Жолдауында қойылған міндеттерге сәйкес Үкімет тауар нарықтарында ашықтық пен бәсекелестік орнату бағытында кешенді шараларды қабылдап жатыр, деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігі.
Реформа • 25 Тамыз, 2025
2022 жылғы конституциялық реформалар азаматтардың күнделікті өміріне оң әсерін тигізді
2025 жылғы 25 тамызда Алматыда Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) «КИСИ GPS: GYLYM. PIKIR. SAYASAT» ұлттық сараптамалық алаңының отырысын өткізді. Отырыс Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент • 25 Тамыз, 2025
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкіміне сәйкес, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Арман Сәбитұлы Сәбитов тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Шымкент • 25 Тамыз, 2025
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Айдын Мейрамбекұлы Кәрімов тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 25 Тамыз, 2025
Астанада ұрланған көлікпен жүрген жігіт апатқа себепкер болды
Астанада 18 жастағы жігіт көлікті ұрлап кетіп, арты жол-көлік оқиғасына ұласты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Тамыз, 2025
Ұшақта жанжал шығарған жолаушы рейстен түсірілді
Жолаушы мас күйінде әуе компаниясының қызметкерлерін балағаттап, өзін дөрекі ұстаған. Ақтөбе станциясындағы желілік полиция қызметкері әкімшілік хаттама толтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 25 Тамыз, 2025
Рудныйда инклюзияны қолдау кабинеті ашылды
Рудныйда өткен «Run for autism» қайырымдылық жобасы аясында Рудныйдағы балабақша мен мектепте екі бірдей инклюзияны қолдау кабинеті ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 25 Тамыз, 2025
Абай облысында жаңа мектептер ашылады
Абай облысында 2025-2026 жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл аймақта 8 мектеп реновациядан өтіп, 2 жаңа мектеп ашылады, деп жазады Egemen.kz.