Соңғы жаңалықтар
Реформа • 25 Тамыз, 2025
2022 жылғы конституциялық реформалар азаматтардың күнделікті өміріне оң әсерін тигізді
2025 жылғы 25 тамызда Алматыда Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) «КИСИ GPS: GYLYM. PIKIR. SAYASAT» ұлттық сараптамалық алаңының отырысын өткізді. Отырыс Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент • 25 Тамыз, 2025
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкіміне сәйкес, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Арман Сәбитұлы Сәбитов тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Шымкент • 25 Тамыз, 2025
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Айдын Мейрамбекұлы Кәрімов тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 25 Тамыз, 2025
Астанада ұрланған көлікпен жүрген жігіт апатқа себепкер болды
Астанада 18 жастағы жігіт көлікті ұрлап кетіп, арты жол-көлік оқиғасына ұласты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Тамыз, 2025
Ұшақта жанжал шығарған жолаушы рейстен түсірілді
Жолаушы мас күйінде әуе компаниясының қызметкерлерін балағаттап, өзін дөрекі ұстаған. Ақтөбе станциясындағы желілік полиция қызметкері әкімшілік хаттама толтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 25 Тамыз, 2025
Рудныйда инклюзияны қолдау кабинеті ашылды
Рудныйда өткен «Run for autism» қайырымдылық жобасы аясында Рудныйдағы балабақша мен мектепте екі бірдей инклюзияны қолдау кабинеті ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 25 Тамыз, 2025
Абай облысында жаңа мектептер ашылады
Абай облысында 2025-2026 жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл аймақта 8 мектеп реновациядан өтіп, 2 жаңа мектеп ашылады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 25 Тамыз, 2025
Астанада Nomad fest мәдени фестивалі өтті
Елордада өткен фестиваль сән, музыка, өнер мен этнолайфстайлды біріктірді, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 25 Тамыз, 2025
Астанада 207 қоқыс үйіндісі жойылды
Астана қаласы әкімдігі қала және аудандарда тазалыққа қатысты мониторинг жүргізіліп, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 25 Тамыз, 2025
Мысыр 21 жасқа толмаған қазақстандық туристерге жаңа ереже енгізді
Мысыр билігі Қазақстаннан келетін жас туристерге қатысты жаңа шектеулер енгізді. Енді 21 жасқа толмаған қазақстандықтар бұл елге ата-анасының немесе заңды қамқоршысының ертіп жүруінсіз кіре алмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 25 Тамыз, 2025
Азаматтардың конституциялық сотқа тікелей жүгінуге құқығы бар - Еркін Оңғарбаев
Астанада Конституциясының 30 жылдығына орай 2022 жылғы конституциялық түзетулерге түсіндірменің 2-басылымының тұсаукесері өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Тамыз, 2025
Оқушыларға арналған көлік картасын қалай рәсімдеуге болады
Жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп формасы мен құрал-жабдықтары секілді көлік картасын да алдын ала әзірлеу маңызды. Осы орайда Астаналық оқушылар үшін қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік беретін картаны рәсімдеу жолдарын бөлісеміз, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 25 Тамыз, 2025
Түзетулердің нәтижесінде конституционализмнің жаңа кезеңі басталды – Индира Әубәкірова
ҚР-ның Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Индира Әубәкірова 2022 жылы қабылданған конституциялық түзетулер туралы айта отырып, жаңартылған Конституция Қазақстандағы конституционализмнің жаңа кезеңін бастауға негіз болғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Тамыз, 2025
Президент Денсаулық сақтау министрін қабылдады
Мемлекет басшысына денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі мен алдағы кезеңге арналған перспективті міндеттері жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ата заң • 25 Тамыз, 2025
Конституциялық реформалар – Әділетті Қазақстанның іргетасы
Астанада Конституция күні қарсаңында өткен 2022 жылғы конституциялық түзетулерге түсіндірменің 2-басылымының тұсаукесері барысында Конституциялық Сот өкілдері Конституцияға енгізілген өзгерістер нәтижесінде қайта құрылған жаңа құқықтық институттың жұмысы туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Тамыз, 2025
Roblox ойынына қатысты ата-аналарға ескерту жасалды
ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ата-аналарға интернет кеңістігіндегі, соның ішінде балалар арасында кең таралған Roblox ойынындағы ықтимал қауіптерге қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2025
Түлкібастағы «Дар Арганик» қожалығы тәулігіне 2,5 тонна сүт өндіреді
Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты «Дар Арганик» шаруа қожалығы сүт өндіру бағытында Финляндия елінен «Айршери» тұқымды 91 ірі қара сатып алған. Ірі қараның әр басын 3500 евроға алдырған қожалық, қазіргі таңда тәулігіне орта есеппен 2,5 тонна, майлылығы 4 пайыздан асатын сүт өндіріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Тамыз, 2025
Алматыда спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогының кезеңі өтеді
Турнир 29-31 тамыз аралығында «Шабыт» жазғы амфитеатр маңында арнайы дайындалған трассаларда ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 25 Тамыз, 2025
Конституцияға 30 жыл: 2022 жылғы реформалар қандай өзгеріс әкелді
Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай 2022 жылғы конституциялық түзетулерге түсіндірменің 2-басылымының тұсаукесері өтті. Мәжіліс депутаты, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Башимов конституциялық өзгерістердің мемлекет пен қоғам үшін маңыздылығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2025
Түркістан облысында 1 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды
Соңғы үш жылдың ішінде Түркістан облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы шамамен 1 миллион гектар жер мемлекет меншігіне өткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 25 Тамыз, 2025
26-27 тамызда Астанада бірқатар көше уақытша жабылады
ҚР Мемлекеттік күзет қызметі уақытша шектеулер Иордания Королі Абдалла II бен әл-Хусейннің елімізге ресми сапары кезінде енгізілетінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 25 Тамыз, 2025
Астанада өткен әлемдік кітапхана конгресіне 114 елдің өкілі қатысты
«Білімді біріктіріп, болашақты құрамыз» тақырыбындағы IFLA Әлемдік кітапхана және ақпарат конгресі алғаш рет Орталық Азияда өтті. Кітапхана ісіндегі ең ірі халықаралық шараны өткізу құқығы Kazakh Tourism әзірлеген өтінім негізінде, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Astana Tourism және ЖОО кітапханалары қауымдастығының қолдауымен берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Тамыз, 2025
Ресейдің төрт өңірінде орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды
Якутия аумағында орман өрттері 8,4 мың гектардан астам жерді шарпыған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 25 Тамыз, 2025
Елде коронавирус жұқтыру екі есе азайған
Комитет іштегі сырқаттанушылық пен әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға апта сайынғы мониторинг жүргізуді жалғастырып жатыр. Елімізде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Тамыз, 2025
Қарағанды облысында ірі көлемде есірткі тәркіленді
«Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Қарағанды облысының тұрғыны есірткі тасымалдау кезінде қолға түскен, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2025
Қостанай облысында 51 ауыл 4G интернет желісіне қосылады
Осыдан екі жыл бұрын «Билайн» байланыс операторы мен облыс әкімдігі арасында шалғай ауылдарға «Билайн Қазақстанның» базалық стансасын орнату жөнінде меморандум жасалған. Нәтижесінде бүгінге дейін 22 ауыл жоғары сапалы интернет байланысына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен министр Такеши Ивая сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзит және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-жапон кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастық жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Тамыз, 2025
Еңбек министрлігі жұмыссыздарға халық санағына байланысты жұмыс ұсынады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тіркеуде тұрған 24 790 қазақстандыққа жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде SMS-хабарлама жолдайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 25 Тамыз, 2025
Елімізде 3,1 млн тонна астық бастырылды
Егін жинау жұмыстары 15 өңірде жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласы бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2025
Қорғаныс министрі Абай облысындағы әскери бөлімдерді тексерді
Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жұмыс сапарымен Абай облысында орналасқан әскери бөлімдерге барды. Сапар мақсаты – әскери бөлімдердің жауынгерлік әзірлігін тексеру және жеке құрамның қызмет ету жағдайымен танысу, деп хабарлайды Egemen.kz.