Соңғы жаңалықтар
Спорт • 13 Тамыз, 2025
Боз кілемді бағындырған бозбала
Шалғайдағы Жарқайың ауданында ел ертеңінен үміт ететін жастар өсіп келеді. Соның бірі – Әсет Сұлтансейіт. Әсет жеті жасынан бастап қазақша күреспен айналысып, боз кілемде жеңіске жетіп жүр, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 13 Тамыз, 2025
Университетте қысқа мерзімді курстар өткізуге уағдаласты
Болашақта еліміздегі университеттерде бизнес өкілдерін оқытатын курстар ашылуы мүмкін. Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Даму» қоры ортақ меморандумға отырды. Бұл келісім аясында тараптар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының базасында қысқа мерзімді курстар өткізуді және кәсіпкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға уағдаласты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 13 Тамыз, 2025
Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы спорт алаңы ашылды
13 тамызда елордадағы «Жерұйық» саябағында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы спорт алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Келешек мектептері • 13 Тамыз, 2025
«Келешек мектептерінің» ерекшелігі неде
Деректерге сүйенсек елімізде соңғы жылдары салынған 1200 мектептің 217-сі – «Келешек мектептері» ретінде тіркелген. Оның 105-інің құрылысы аяқталған, ал қалған 112 мектеп 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Осыншама мектептердің салынуы – соңғы 30 жылда болмаған серпін, бұл қалаларда ғана емес, ауылдық жерлерде де салынды. Сондықтан, бұл – тарихи рекорд. «Келешек мектептеріне» қабылдау – ата-ананың қалауымен жүзеге асып, кез-келген оқушы өз үйіне жақын орналасқан мектепке құжаттарын тапсырып, білім ала алады, яғни барлық бала үшін қолжетімді. Ендеше ел таңдауына ие болып отырған «Келешек мектептері» басқа оқу орындарынан несімен ерекше? Бұл туралы кеңінен тарқатып көрейік.
Қоғам • 13 Тамыз, 2025
Астанада әскерилер арасында тұңғыш әлем чемпионаты өтеді
Елордада тұңғыш рет әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен CISM Әлем чемпионаты өтеді деп хабарлайды Egemen.kz Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 13 Тамыз, 2025
Қазақстанның астық экспортының географиялық аумағы кеңейді
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметтің баспасөз мәслихатында мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2025
Қостанай облысында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды
Қостанай облысы аумағында 15 сәуірден бастап өрт қауіпсіздігі айлығы аясында ауқымды рейдтер өтеді. Аталған іс-шара өрт қауіпсіздігіне жауапты қызметтердің алда келе жатқан жылу маусымына әзірлігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ өрттің алдын алуды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 13 Тамыз, 2025
Биыл 3,4 млн бала қосымша біліммен қамтылған
Қосымша біліммен қамту бойынша оқушылардың жалпы саны 3,2 млн-нан биыл 3,4 млн-ға дейін артқан. Олардың 62 пайызы (өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары) тегін үйірмелерге барады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Тамыз, 2025
Елімізде Орталық Азиядағы алғашқы споттық биткоин іске қосылды
Fonte Capital инвестициялық компаниясы Орталық Азияда алғаш рет споттық биткоин ETF – Fonte Bitcoin OEIC (BETF) қорын іске қосып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Тамыз, 2025
ШҚО тұрғынының көлігінен Қызыл кітапқа енген құс табылды
Шығыс Қазақстан облысында полицейлер жануарлар әлемін қорғау өкілдерімен бірлесіп өткізген жедел профилактикалық рейд барысында құсты заңсыз алып жүрген тұрғын ұсталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 13 Тамыз, 2025
Ботақарадағы аудандық аурухана заманауи медициналық жабдықтармен толықты
Бұқар жырау ауданының Ботақара кентіндегі аудандық аурухана облыстық бюджет есебінен жаңа медициналық құрылғылармен толықты. Заманауи техника түрлі ауруларды жоғары дәлдікпен анықтап, тиімді ем жүргізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 13 Тамыз, 2025
Отандық ғалымдар су электр стансасын жасады
Еліміздің зерттеушілері құрастырған шағын су электр стансасы сынақтан өтті. Қондырғы жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен уран өндіретін кәсіпорынға орнатылды. Станса тот баспайтын болаттан жасалған және толықтай герметикалық, коррозияға төзімді қаптамамен қорғалған. Құрал ерітінді жүретін құбырға тікелей орнатылады да, ағын қозғалысынан электр энергиясын өндіреді, тіпті агрессивті ортада да жұмыс істей алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Тамыз, 2025
Қазақстанда мемлекеттік наградаларға ұсыну ережелері өзгерді
Қазақстан Республикасы Президентінің өкіміне сәйкес 1999 жылғы 8 қарашадағы №90 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсыну және оларды тапсыру тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына арналған құжаттардың үлгілерін және мемлекеттік наградалар белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы» өкімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Тамыз, 2025
Президент наркотизммен күрес жөніндегі жаңа шараларды атады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің наркотизмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Тамыз, 2025
Үйірмеге қабылдау ережесі өзгереді
Елімізде балаларды қосымша білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі жаңарды. Білім министрінің бұйрығына сәйкес, жаңа ереже 23 тамыздан бастап күшіне енеді, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 13 Тамыз, 2025
Интернет арқылы табыс табатындарға тықыр таянды
Елімізде YouTube, TikTok және басқа да интернет-платформалардан табыс табатын азаматтарға қатысты жаңа талап күшіне енеді. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2026 жылдан бастап мұндай кіріс ресми түрде бақылауға алынады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 13 Тамыз, 2025
Стационарларда 152 полиция бекеті ашылды
Кейінгі жылдары медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау фактісі жиілегенін білеміз. Содан Мемлекет басшысы қызметтік міндеттерін атқару кезінде медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жазалау шараларын қатаңдатуды тапсырған еді, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 13 Тамыз, 2025
Заңсыз жер телімі мемлекетке қайтарылды
«AMANAT» партиясының «Жер аманаты» комиссиясы Алматы қаласындағы шағын жер телімі үшін болған дауға нүкте қойды. Қарасай батыр мен Нұрмақов көшелерінің қиылысында орналасқан, өз бетінше қоршалып алынған жасыл аумақ мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 13 Тамыз, 2025
Жетісу облысындағы гидроэлектр стансасында су құбыры жарылды
Жетісу облысының Сарқан ауданына қарасты Екіаша ауылындағы «Малый Баскан» өзенінде орналасқан ВБ ГЭС-2 гидроэлектр стансасында су құбыры жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2025
Өзге елдегі қарулы қақтығысқа қатысқан атыраулық 5 жылға сотталды
Атырау қаласы тұрғынының Донецк облысындағы қарулы қақтығысқа қатысқаны анықталды. Сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Тамыз, 2025
Атырауда 41 жастағы ер адам көпірден секіруге оқталған
Оны жергілікті үш полицей құтқарып қалды. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 12 тамызда сағат 15:26 шамасында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Тамыз, 2025
Қазақстандық 10 балуан Болгарияға аттанады
Болгарияның Самоков қаласында грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Тамыз, 2025
СҚО-да интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдіктілер ұсталды
Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен прокуратураның үйлестіруімен Солтүстік Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласында полицейлер 19 бен 24 жас аралығындағы 5 облыс тұрғынын ұстаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Тамыз, 2025
Болашақ жол сақшылары Өскеменде бас қосты
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен Өскемен қаласында Ғазиз Байтасов атындағы ХХ мерейтойлық Республикалық жас жол инспекторларының (ЖЖИ) слёті өтті. Шара алғаш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылып, қазақстандық командаларға Қырғыз Республикасының жастары қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2025
Қызылжар ауданында жаңа әкім сайланды
Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында тікелей дауыс беру арқылы Бейбіт Исманов аудан әкімі болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Тамыз, 2025
Полиция қызметкері екі адамды ажалдан алып қалды
Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов ауданындағы полиция бөлімінде Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының аға инспекторы болып қызмет істейтін полиция майоры Ержан Қазиев екі адамның өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 13 Тамыз, 2025
Ақтауда климаттық өзгерістердің Каспий экожүйесіне ықпалы талқыланды
Ақтау қаласында Каспий күніне орай ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Ғаламдық климаттық өзгерістер жағдайындағы Каспий теңізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Қоғамдық коммуникациялар орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Рекорд • 13 Тамыз, 2025
Әуе жолаушыларын тасымалдау жаңа деңгейге жетті
2025 жылғы шілде айында еліміздің әуе тасымалы саласы айтарлықтай өсім көрсетіп, отандық әуе компаниялары 1,7 миллион жолаушыны жеткізді. Бұл өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда 12,9%-ға артық. Аталған көрсеткіш 2007 жылдан бері бір айда тіркелген ең жоғары нәтиже болып отыр, деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 13 Тамыз, 2025
Үкімет Каспий теңізі институтына 305 млн теңге бөлді
Бұл қаржы Мемлекет басшысының Каспий теңізі проблемаларын кешенді зерттеу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» КеАҚ-қа Үкімет резервінен бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Тамыз, 2025
870-тен астам су нысаны мемлекет меншігіне алынды
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде 10 облыста коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару жөніндегі мамандандырылған мекемелер құрылған. Бүгінде олардың балансына 872 нысан қабылданды, 283 арнайы техника берілді, 1 197 маман жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің мәліметіне сілтеме жасап.