Соңғы жаңалықтар
Экономика • 12 Тамыз, 2025
Биылғы 7 айда жалпы ішкі өнім өсімі 6,3 пайыз болды
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар–шілде айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,3%-ға өскен, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында: «Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», деген еді. Президент тапсырмасына сәйкес, биыл алғаш рет 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып аталып өтті. Осы мерекеде қазақ әдебиетін кеңінен насихаттауды көздейтін жаңа жоба – «100 кітап» сауалнамасы басталып, ол Абай күні қарсаңында қорытындыланды.
Марапат • 12 Тамыз, 2025
Өткен аптаның соңында Еуропа төріндегі Хельсинки қаласында «World Dog Show-2025» халықаралық иттер көрмесі өтіп, отандық делегация тазыны жеке тұқым ретінде тұңғыш рет жаһанға таныстырды.
Олимпиада • 12 Тамыз, 2025
Пәндік олимпиада үздіктеріне ерекше құрмет
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті. Іс-шараға 24 лауреат, атап айтқанда, 4 алтын, 11 күміс және 9 қола медаль иегері шақырылды. Оқушылар химия, математика, физика, география, информатика және биология пәндерінен үздік нәтиже көрсеткен.
Саясат • 12 Тамыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Жасанды интеллектіні дамыту бағытында нақты іске көшу қажет
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті. Кеңеске Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты.
Абай • 12 Тамыз, 2025
Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған онкүндік осымен өз мәресіне жетті. Бүгінгі ақпарат – ертеңгі тарих парағы.
Ғалам ғажаптары • 12 Тамыз, 2025
«ChatGPT» енді сізді орынсыз мақтап, жалған сыпайылық танытпайды. Өйткені жақында оның жаңа нұсқасы шықты.
Ғалам ғажаптары • 12 Тамыз, 2025
«ASI» ғарыш агенттігі мен «SpaceX» Марсқа алғашқы коммерциялық сапар жасауға келісті.
Ғалам ғажаптары • 12 Тамыз, 2025
Жоба бойынша көпір Италияның Сицилия аралын Мессина бұғазы арқылы елдің материктік бөлігімен жалғайды.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2025
Түркістан өңірінде облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Абаймен ойлан, Абаймен толған» атты онкүндік өтті.
Абай • 12 Тамыз, 2025
Солтүстік Қазақстан облысы орталығындағы С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми, әмбебап кітапханада «Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты мәдени іс-шара көрмеден басталды.
Абай • 12 Тамыз, 2025
Тұтастықты тұғырландыратын бастама
Ұлы Абайдың тойын маңғыстаулықтар айрықша атап өтті. Семей жеріне аттанған делегация тойға шашу ретінде әрі Президент тапсырмасын орындау мақсатында Достық үйін салып беретінін жария етті. Ақынның мерейтойына арналған іс-шара аясында нысанның іргетасын қалау рәсімі де ұмыт қалмады.
Қоғам • 11 Тамыз, 2025
Астанада ескі пәтерлер құны өсіп жатыр
Астанада екінші нарықтағы тұрғын үй бағалары 2024 жылдың аяғынан бергі ең жоғары қарқынмен өсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Тамыз, 2025
Өскеменде салмағы 6 келіден асатын алып қыз дүниеге келді
Өскеменде облыстық Ана мен бала орталығында салмағы 6 келі 45 грамм болатын қыз бала дүниеге келді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 11 Тамыз, 2025
Қызылордада электронды білезігін үзіп тастаған сотталған түзеу мекемесіне қамалды
Сот қаулысымен оның бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Тамыз, 2025
Трамп Ресейге баратынын мәлімдеді
Бұл туралы Ақ үй басшысы журналистермен өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Тамыз, 2025
Балқашта 8 жастағы баланы ұрған айыпталушы тағы екі айға қамауда болады
Қарағанды облысының Балқаш қаласында кәмелетке толмаған балаға қатысты ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктіге қатысты қамау мерзімі тағы екі айға ұзарды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 11 Тамыз, 2025
Ақтөбеде жолаушылар пойызының бастығын пышақтап кетті
Жолаушылар пойызының Ақтөбе учаскесіндегі бастығын қаланың ескі бөлігінде өлтіріп кетті. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп жазады Egemen.kz.
Абай • 11 Тамыз, 2025
«Абай әлемі»: Ақын шығармаларына арналған кеш өтті
Тараз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тектұрмас» этнотарихи кешеніндегі «Көне қамал» амфитеатрында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай әлемі» атты әдеби сазды кеш өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2025
Таразда кеңес беру орталығы ашылды
Тараз қаласындағы «Almaz Medical Group» ЖШС емханасында әйелдерге кеңес беретін бөлімше ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан Президенті Премьер-министр Никол Пашинянды Вашингтонда Армения мен Әзербайжан арасында бейбітшілік орнату туралы декларацияға қол қойылуымен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Абай • 11 Тамыз, 2025
Абай тойы аясында 100-ден астам ауқымды іс-шара ұйымдастырылды
Абайдың 180 жылдық мерейтойы биыл алғаш рет онкүндік ретінде аталып өтті, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 11 Тамыз, 2025
Қанның қатерлі ісігін емдейтін озық орталық
Ұлттық ғылыми онкология орталығы гематологиялық аурулары бар науқастарға жоғары мамандандырылған көмек көрсететін, халықаралық стандарттарға сай жетекші медициналық мекеме саналады. Онда диагностикадан бастап, жоғары дозалы химиотерапия мен сүйек кемігін трансплантациялаудың барлық түрлерін қамтитын медициналық көмектің толық циклі қамтылған.
Айбын • 11 Тамыз, 2025
Дала қырандары Camp 2025: Патриотизм мен тәртіпке баулитын алаң
Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камалов «Дала қырандары Camp 2025» республикалық жастар лагеріне барды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған іс-шара жас буын арасында патриоттық рух қалыптастыруды көздейді.
Мәдениет • 11 Тамыз, 2025
«100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасының қорытындысы шықты
23 сәуірден 9 тамызға дейін еGov.kz порталында жүргізілген «100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасы қорытындыланды, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 11 Тамыз, 2025
«Ақылды қала» желтоқсанда іске қосылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамытуға арналған жиында Үкімет пен Астана әкімдігінің елордада «Ақылды қала» ауқымды жобасын жүзеге асыру бойынша нәтижелі жұмыс істеп жатқанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 11 Тамыз, 2025
Ел өнерпаздары EXPO 2025-ке қатысты
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының BIRLIK ансамблі Жапонияның Осака қаласындағы EXPO 2025 халықаралық көрмесінде өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 11 Тамыз, 2025
Темірлан Мұқатаев Азия додасында топ жарды
Бокстан 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының финалдық бәсекесінде Темірлан Мұқатаев ел құрамасы қоржынына кезекті алтын медальді салды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2025
Атырау облысында 67 адам қару сақтау талабын бұзған
Атырау облысында атыс қаруының заңсыз айналымына қатысты 280-нен астам құқық бұзушылық анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 11 Тамыз, 2025
Перизат Қайраттың адвокаты апелляциялық сотқа шағым түсірді
Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның қорғаушысы үкімге қарсы апелляциялық шағым түсіргенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.