Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 09 Тамыз, 2025
Бала қауіпсіздігі – басты назарда
Оқушы мектепте өзін қауіпсіз сезінуі қажет. Сондай ортада ғана бала өзін еркін ұстайды, бұл оның жақсы білім алуына, тұлға болып қалыптасуына, дамуына ықпал етеді.
Маман • 09 Тамыз, 2025
Қолынан іс келетін адамға еңбек нарығында әрдайым орын бар. Технология дамығанымен, адам қолының шеберлігі мен кәсібилігіне сұраныс ешқашан төмендеген емес. Әсіресе табиғатпен етене жақын мамандық иелері қай заманда да маңызын жоғалтпайды, керісінше, уақыт өткен сайын жаңа деңгейге көтеріле бермек. Биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында кәсіби-техникалық білім беруге және жұмысшы кадрлар даярлауға ерекше мән беріліп отыр. Бұған Астанадағы Сервис және туризм колледжіне барғанымызда анық көз жеткіздік.
Ең қысқа әңгіме • 09 Тамыз, 2025
Бірде Оралдың өлкетану мұражайынан көздің жауын алатын әдемі бір самаурын көрдім. Самаурынды ХІХ ғасырда қазақтың бір байы жүз жылқыға сатып алыпты. Осылай аты белгісіз бай жалқы самаурынды 100 жылқыға айырбастап, артында аңыз қалдырыпты.
Зерде • 09 Тамыз, 2025
Аза тұту күнін атап өтудің жүйелі жолы болса игі
Біз ұлт тарихының трагедиялық парақтарын жүйелі зерттеп, оны ұрпаққа тағылымды ете білуіміз керек. Мені биылғы 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде кейбір азаматтардың көшеге демонстрация жасауға шыққысы келгені ойландырды.
Тарих • 09 Тамыз, 2025
1727 жылғы Бұланты-Білеуті шайқасы – бүгінгі тәуелсіз еліміздің тарихи іргетасын қалап, ұлттық рухымыздың алтын арқауы болды. Ел мен жер тұтастығын қорғау жолындағы сол майданда ұлтымыз тарих сахнасынан жойылып кету қаупінен аман қалды. Осынау Ұлы жеңістің 300 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өту – тарихи әділдік.
Президент • 09 Тамыз, 2025
Әзербайжан мен Арменияның келісімге қол қоюы – АҚШ Президентінің бітімгерлік миссиясының арқасы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Әзербайжан мен Армения елдері арасында қол қойылған келісімді тарихи жетістік деп санайды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім болды.
Қоғам • 09 Тамыз, 2025
Жасөспірімдерге арналған жазғы лагерь
Жастардың азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, отансүйгіштік сезімдерін нығайтып, тұлғалық дамуына ықпал ету мақсатында Ақтөбе қаласының колледждері мен жоғары сынып оқушыларына арналған «Aqtobe camp-2025» жобасы ұйымдастырылды. Үш күн бойы 50 жасөспірім Мәртөк, Қарғалы, Қобда аудандарын аралап, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік нысандар жұмысымен танысты, табиғат аясында серуендеп, экологиялық іс-шаралар ұйымдастырды.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2025
«Agrofest» ауылды дамытуға серпін береді
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына қарасты Сұлукөл ауылында республикалық ауқымдағы маңызды оқиға – «Agrofest Batys – 2025» мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі өтті. Биылғы фестивальға 40-тан аса ауыл шаруашылығы ұйымы қатысқан.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2025
Жаһандық рекордтар кітабына енді
Амангелді ауданындағы «Торғай тәжі» туристік кешенінде орналасқан «Ұлт жады» қабырғасы «Global Book of Records» кітабына енді. Ені – 35, биіктігі – шамамен 4 метрдей болатын мемориалдық нысанға қазақ қауымына қастерлі 248 тарихи тұлғаның есімі жазылған ескерткіш тақта ілінген. 200 тақтаның астындағы ұяшықта әлемнің 35 елінен арнайы әкелінген ұлы бабаларымыздың сүйек топырағы жатыр.
Үкімет • 09 Тамыз, 2025
Үкімет өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Мемлекет басшысы тапсырмасының орындалу барысы туралы айтып, өңірлік даму, инфрақұрылымды жаңғырту, су ресурстарын басқару мен ТЖМ дайындығын арттыру жөніндегі стратегиялық бастамаларға назар аудартты.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2025
Тараз қаласында кейінгі жылдары ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Облыс орталығының маңындағы Байзақ, Жамбыл аудандарынан бірнеше елді мекен енші алып шығып, қала аумағына қосылды. Нәтижесінде, Тараз қаласында «Жібек жолы», «Әулиеата» аудандары құрылды. Бұл өз кезегінде шаһардағы жұмысты дер кезінде жүйелеуге мүмкіндік туғызады. Өйткені шағын аудандардағы біршама мәселе алдымен екі аудандағы әкімдікте зерделенеді.
Саясат • 09 Тамыз, 2025
Еурокомиссия EES жүйесін енгізеді
Күзден бастап Еурокомиссия жаңа EES цифрлық шекаралық бақылау жүйесін орнатады. Жүйе төлқұжат орнына пайдаланылады, атап айтқанда, туристің Шенген аймағында болу ұзақтығын автоматты түрде бақылайды.
Көрме • 09 Тамыз, 2025
Тазы тұқымы – әлем чемпиондары
Финляндияның Хельсинки қаласында халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) ұйымдастыруымен «World Dog Show 2025» дүниежүзілік иттер көрмесі өтіп жатыр. Қазақ тазысы жаһанға алғаш рет ит тұқымы ретінде ресми таныстырылды.
Білім • 09 Тамыз, 2025
Көптен күткен грант конкурсының нәтижесі жарияланды. Әлеуметтік желілерде тараған талапкерлер мен ата-аналарының қуанышты видеолары жүрек толқытады. Ал сол грант кімге бұйырды, қай мамандыққа бөлінді? Бөркін аспанға атқандардан бөлек үміттенсе де ілікпеген 36 мың адам тағы бар, оларға келер жылға қалмай-ақ биыл тегін білім алуға әлі де мүмкіндік қарастырылған ба? Зерделеп көрдік.
Экономика • 09 Тамыз, 2025
Тамыздың екінші жексенбісінде Құрылысшылар күні аталып өтеді. Бұл саласы – ел дамуының негізгі драйверлерінің бірі. Құрылысшылар – қала мен ауылдың көрікті сәулетін, келісті келбетін қалыптастыратын өрісті, өнімді еңбек саласының бірегей буыны.
Басылым • 09 Тамыз, 2025
Қазақстан көпвекторлы саясаттың үлгісін көрсетіп отыр
Биылдың өзінде Қазақстан Шығыс пен Батыс арасындағы стратегиялық көпір мәртебесін нығайта отырып, көптеген форум, саммиттер мен әлемнің бірқатар көшбасшыларын қабылдады.
Саясат • 09 Тамыз, 2025
Сауда-экономикалық байланыс арта түседі
Астанада Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Тәжікстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Хоким Холикзоданың тең төрағалығымен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан – Тәжікстан Үкіметаралық комиссиясының 19-отырысы өтті.
Саясат • 09 Тамыз, 2025
Орталық Азиядағы консультативтік кездесулер: рәміздік дипломатиядан нақты ықпалдастыққа дейін
Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана Орталық Азия елдері көшбасшыларының тұрақты диалогі идеясы дипломатиялық сыпайылықтың көрінісі ретінде немесе ортақ тарихи өткенге негізделген көршілестік қадамы іспетті қабылданатын. Бүгінде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесулері (ОАМБКК) өңірдің жаңа саяси-экономикалық архитектурасын қалыптастырудағы маңызды құралға айналды.
Абай • 09 Тамыз, 2025
Қазақ данасы және әлем оқырманы
Абайдың шығармалары – ұлттық шеңберден асып, жаһандық деңгейге көтерілген рухани мұралар. Оның еңбектерін осындай биік белеске көтеріп тұрған, әрине, терең ой мен шынайылық. Кейінгі жылдары хакім еңбектері көптеген шет тіліне аударылып, шетел оқырмандарының да қызығушылығын оятты. «Goodreads», «Amazon», «LibraryThing» сияқты әлемдік ірі сайттарда ақын шығармалары туралы жылы пікірлер жазылғанын көзіміз шалды.
Таным • 09 Тамыз, 2025
Ақынның әдеби мұрасын толық зерттеу үшін оның шығармашылық зертханасымен таныс болған жөн. Яғни «қаламгер жазу үстеліне қандай көңіл күймен отырды?», «туындыны қаншалық уақытта жазып шықты?» деген сұрақтар мәтіннің мәніне терең бойлауға көмектеседі.
Күрес • 09 Тамыз, 2025
Грекияда күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы (U-17) әлем чемпионаты аяқталды. Афинадағы доданы еліміздің грек-рим күресі шеберлері бес жүлдемен қорытындылады.
Таным • 09 Тамыз, 2025
Қасиетті перзенттің дүниеге келуін ең әуелі рухани әлемнің елшілері жеткізеді. Өмірге енетін баланың тегін адам болмайтынын илһам-ишарамен ұқтырады. Сондай оқиға Құнанбай шаңырағында да болған.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2025
54 млн текше метрден астам су жіберілді
Жыл басынан бері «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалы табиғатты қорғау мақсатында су жіберу және табиғи шабындықтарды суару үшін 54 млн текше метрден астам су жіберді.
Өнер • 09 Тамыз, 2025
Азия мен Еуропа арасындағы тарихи байланыс қашанда өзекті. Ол Абай заманында да, Алаш кезеңінде де, М.Әуезов әлемге танылған шақта да ділгір, маңызды еді. Жалпы, Түркия – екі құрлықты жалғаған мәдениеті терең ел. Сондықтан әлемдік мәдени ықпалдастықты арқау етіп түрлі шара өткізіп тұрады. «The Tourism Cartoon Competition» атты халықаралық карикатура байқауының кезекті маусымы қорытындыланды.
Саясат • 09 Тамыз, 2025
Парламентаралық ынтымақтастықтың жаңа белесі
Сенат депутаттары Жақып Асанов, Сұлтанбек Мәкежанов, Нұртөре Жүсіп, Алишер Сатвалдиев және Жанна Асанова еліміздің Парламенті Сенаты мен Тәжікстан Республикасы Оли Мажлисінің Маджлиси Милли арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Тұрақты комиссияның үшінші отырысына қатысып, сауда-экономикалық, цифрлық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Қоғам • 09 Тамыз, 2025
Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында Семей қаласындағы Әлихан Бөкейхан университетінде «Өлең сөздің патшасы» атты ақындардың халықаралық мүшәйрасы өтті.
Үкімет • 09 Тамыз, 2025
Құрылысшы күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов сала мамандары мен ардагерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, мемлекеттік марапат табыс етті.
Абай • 09 Тамыз, 2025
Кемеңгер ойлары – келелі кеңесте
Орал қаласында «Абай мұрасы – ұлт руханиятының алтын діңгегі» атты облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті.
Таным • 09 Тамыз, 2025
Жүрек көзі ашылған адамдар өмірден қай уақытта кететінін де алдымен аңғарады. Балаларының қазасымен өрілген толассыз трагедия хакім жүрегін әбден талдырды. Деректерге сүйенсек, Абай да өмірінің соңғы сағаттары соғып жатқанын келініне жеткізген екен.
Абай • 09 Тамыз, 2025
«Ғылым ордасында» Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Әдебиет – достық көпірі» тақырыбында көрме өтті.