Соңғы жаңалықтар
Үкімет • 05 Тамыз, 2025
Елімізде осал топтар үшін азық-түлік ваучері іске қосылады
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 05 Тамыз, 2025
Тауар қозғалысын бақылаудың бірыңғай жүйесі енгізіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы толық цифрландыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында елімізде «Сауданың цифрлық айнасы» атты жаңа ауқымды жоба жүзеге асырыла бастады. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 05 Тамыз, 2025
Жамбыл облысындағы ауруханаларды реконструкциялауға қаражат бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 05 Тамыз, 2025
«Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың кешенді жоспары бекітілді
Мемлекет басшысының Маңғыстау облысында туризмді дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет «Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың 2025–2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 05 Тамыз, 2025
Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясының ашылу салтанатына дейін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі өтті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектеп • 05 Тамыз, 2025
Заманауи мектептер бой көтереді
Алматы облысында 2024–2025 оқу жылын 437 жалпы білім беретін мемлекеттік мектепте 352 856 оқушы аяқтады (46 жекеменшік мектепте 16 412 оқушы). Былтырғы жылмен салыстырғанда оқушы саны 11 059-ге артып отыр.
Салық • 05 Тамыз, 2025
2026 жылдан бастап көлік салығы азаяды
Келер жылдан бастап елімізде көлік салығының есептелу тәртібі өзгереді. Жаңа Салық кодексіне сәйкес, әсіресе ескі және қозғалтқыш көлемі үлкен көліктерге салынатын салық азаяды, деп жазады Egemen.kz.
Ғалам ғажаптары • 05 Тамыз, 2025
«Қалың қалай?» дегенді испандар «¿Cómo estás?» деп жазады. Яғни, бұл тілде сұраулы сөйлем әрдайым екі сұрақ белгісімен жазылады. Біріншісі, сөйлемнің соңында тұрады. Ал екіншісі сөйлемнің басына қойылады, бірақ… төңкерілген күйінде.
Қоғам • 05 Тамыз, 2025
Этномедиация – татулыққа бастар жол
Этномедиацияның басты мақсаты – қоғамдағы әлеуметтік қақтығыстардың этносаралық қақтығысқа айналуына жол бермеу, этносаралық шиеленістің, алдын алу, татуластыққа қол жеткізу.
Экология • 05 Тамыз, 2025
Тазалық қызметі қырағы бақыланады
Ұлытау облысы полиция департаментінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастау фактілерін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Көрме • 05 Тамыз, 2025
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған онкүндік аясында танымал суретші Аңсаған Мұстафаның «Көңілге түрлі ой салар» атты авторлық көрмесі ұйымдастырылды.
Қоғам • 05 Тамыз, 2025
Пойызға кешіксеңіз, билет құнын қайтаруға болады
Елімізде жолаушылар пойызға кешіккен жағдайда билетінің құнын толығымен жоғалтпай, оның бір бөлігін қайтарып алуына мүмкіндік бар. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы ресми түрде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 05 Тамыз, 2025
Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жектің өтетін уақытын атады
Бокстан IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 05 Тамыз, 2025
Абай Құнанбайұлының өмір-тарихын терең білген адам – Мұхтар Әуезов. «Бірақ Мұқаң заман ағымы мен қоғамның саяси бағамына байланысты ақын өмірін сәл-пәл құбылтып баяндаған тұстары да бар. Ең дұрысы бұл кісінің 1927 және 1933 жылдары жазған «Абайдың туысы мен өмірі» атты естелігі» депті тағы бір абайтанушы Қайым Мұхамедханов.
Спорт • 05 Тамыз, 2025
Үкімет спортшыларды марапаттауға 372,6 миллион теңге бөлді
Қытайдың Харбин қаласында өткен IX қысқы Азия ойындарында үздік нәтиже көрсеткен отандық спортшыларды қолдау мақсатында Үкімет қаулысымен 372,6 миллион теңге бөлінді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Тамыз, 2025
Ғарышкер Талғат Мұсабаевты жерлеу рәсімі қайда өтеді
Белгілі қазақстандық ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі 6 тамызда өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 05 Тамыз, 2025
Абай мерейтойының онкүндігі аясында «Абай QUIZ» республикалық зияткерлік ойыны өтті. Елімізде мұндай ой жарысы бұрын-соңды болмаған.
Экономика • 05 Тамыз, 2025
Агроөнеркәсібі қуатты Қостанай
Дәнді даласымен даңқы шыққан Меңдіқара өңірінде Қостанай облысының ауыл шаруашылығы жетістіктері мен техника қуатын жария еткен халықаралық көрме өтті. «Jańa Dala-Qarqyn 2025» деп аталған ауқымды іс-шараға 20 шақты елден 500-ден астам агротехника сатушылар, халықаралық бидай саудасымен айналысатын компаниялар, диірмендер, элеваторлар, логистикалық компаниялардың, ғылыми институттардың өкілдері, алыс-жақыннан келген ірі шаруашылықтар, фермерлер қатысып, өзара сауда-саттық, ынтымақтастық жөнінде келісімшарт жасасты.
Форум • 05 Тамыз, 2025
Игілікке бастайтын инвестициялық форум
Орал қаласында «KazService» ұйымының бастамасымен «ҚПО: Стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру жолында» атты өңірлік инвестициялық форум өтті. Форумға ел экономикасының күретамыры саналатын мұнай-газ саласының ірі инвесторлары қатысып, жиын барысында жергілікті бизнестің мүмкіндігін кеңейту, отандық қамтуды арттыру және өндірісті әртараптандыру мәселелері талқыланды.
Қоғам • 05 Тамыз, 2025
Қазақстан тарихының бірінші томы бекітілді
Алматыда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жеті томдық академиялық басылымды әзірлеуге қатысты редакция алқасының кезекті отырысы өтті.
Саясат • 05 Тамыз, 2025
Қырғыз тарапының шақыруымен Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Бішкекке ресми сапармен барды. Сапар аясында М.Нұртілеу Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың қабылдауында болды.
Саясат • 05 Тамыз, 2025
БҰҰ-ның өңірлік орталығы – Орталық Азиядағы жаңа бетбұрыс
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге сапармен келген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен Алматы қаласында келіссөз жүргізіп, өз ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы қарсаңындағы тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, мәртебелі мейманның Алматыға арнайы келгенін атап өтті.
Абай • 05 Тамыз, 2025
Хакімге қоныс болған қасиетті мекендер
Абайға қатысты тарихи мекендер туралы айтқанда, ұлы ақын өмір кезеңіндегі ерекше орын алатын бес тарихи жерге тоқталғанды жөн көрдік. Әйтпесе, Шыңғыстың ішіндегі жайлауда табиғаты да көркем, тарихи маңызы да ерекше жерлер жетерлік.
Президент • 05 Тамыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев «Аваза» конгресс орталығына барды
Президент Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясының делегация басшыларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысу үшін «Аваза» конгресс-орталығына барды , деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай • 05 Тамыз, 2025
Өткенде жазушы Мұхтар Мағауиннің «Абайдың суреті» атты көлемді эссесін оқып отырып, «Абайды алғаш оқығанда адам қандай күй кешеді?» деген сауалдың төңірегінде ойландым. Айтпақшы, Мұхтар Мағауин «Абай жолы» романының екі томын небәрі 8 жасында оқып тауысқанын жазады. Ал өзге қаламгерлер Абайды алғаш оқығанда, қандай әсерде болды екен – сөйлетіп көрелік. Алғашқы қонағымыз – жазушы Ділдәр Мамырбаева.
Білім • 05 Тамыз, 2025
Білім саласы серпіліс алдында тұр
Өткен оқу жылы Шымкент қаласының білім саласы үшін толағай жетістіктермен есте қалды. Қалалық білім басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Гүлнара Дәрібаеваның айтуынша, оң нәтижелерге ұстаздар қауымымен бірге білім саласына жауапты барлық маман лепті үлес қосты. Мемлекет тарапынан кейінгі жылдары қаржы мен көңіл бөлінуінің нәтижесінде салада оң өзгеріс орын ала бастады.
Ғалам ғажаптары • 05 Тамыз, 2025
«Дежавю» – француз тілінен аударғанда «көріп қойғанмын» дегенді білдіреді. Ол бір оқиғаның бұрынырақта қайталанғаны секілді көрінетін психикалық ахуал. Бір қызығы, осы дежавюдің керісінше құбылысы да бар. Ол – жамевю.
Ғалам ғажаптары • 05 Тамыз, 2025
2004 жылы Берлиннің «Унион» футбол клубы 4-дивизионға қатысу жарнасын төлеуге жеткілікті қаржы таба алмады. Сол кезде клубтың жанкүйерлері қан тапсыру акциясын ұйымдастырып, қажетті 1,5 млн еуроны жинап берді.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2025
Петропавлдағы Оқушылар сарайы – қаладағы айтулы білім мен мәдениет ошағы. Онда оқушы балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған.
Басылым • 05 Тамыз, 2025
Елорда Ұлттық академиялық кітапханасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Абай – тұтас бір әлем» атты кітап көрмесінің таныстырылымы өтті.