Соңғы жаңалықтар
Бизнес • 02 Тамыз, 2025
Жеңіл өнеркәсіпке жеңілдік керек
Отандық жеңіл өнеркәсіп өкілдері мемлекеттік жеңілдіктерді көре алмай отырғанын айтып шағынады. Мәселен, «ҚазСПО-N» ЖШС екі брендпен өнім шығарады: ZIBROO брендімен спорттық киімдер тігеді, «Alerma» сауда белгісімен қыстық күртешелерді нарыққа шығарады. Әрине, негізінен мемлекеттік тапсырыс орындайды. Компания өкілдерінің айтуынша, бірнеше қалада сауда желілері жұмыс істеп тұр. Әйткенмен, бәсекелестік өте жоғары. Саладағы көлеңкелі бизнес пен сапасы төмен импорттық арзан тауарлар нарықты «жаулап» алған.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2025
Жаңаарқа кентінде жас кәсіпкер Жанар Әшірова автокөліктің майын ауыстыруға арналған техникалық қызмет көрсету орталығын ашты. Аталған нысан Жаңаарқа ауданы әкімінің жастарға арналған осы жылдағы гранты аясында жүзеге асқан.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2025
Семейде салық мөлшері неге өзгерді?
Алмақтың да салмағы бар. Абай облысының тұрғындары мүлік және жер салығының мөлшері артуына алаңдаулы. Өңірде жеке тұлғалардың аталған салығы қалай есептелуіне қатысты бірқатар ерекшелікті еске сала кеткенді жөн көрдік.
Ғылым • 02 Тамыз, 2025
«Egemen Qazaqstan» газеті отандық ғылымның дамуы жолында жасалып жатқан қадамдарға, ғалымдарымыздың әр жетістігіне, әрбір өнертабысы мен зерделеу жұмыстарына ақпараттық қолдау көрсетіп келеді. Осы дәстүрімізді жалғастырып, зерттеушілердің кейінгі ізденістерінің нәтижесі туралы кезекті шолуды ұсынып отырмыз.
Спорт • 02 Тамыз, 2025
Грекия астанасы – Афинада жасөспірімдер (U-17) арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында 45 кг салмақ дәрежесінде күш сынасқан грек-рим күресі шебері Жаңажол Қуанышбек бас жүлдені олжалады. Аса шиеленісті финалдық сайыста ол қырғыз Нұркерім Құмарбековты 8:7 есебімен еңсерді. Оған дейін Жаңажол Болгария, Молдова, Иран балуандарын жолынан ығыстырған еді. Нұрдәулет Құмарұлы (48 кг) мен Нұрәлі Асқар (55 кг) күміс, Шәміл Досбол (65 кг) мен Марлен Мейірбекұлы (71 кг) қола медаль иеленді.
Футбол • 02 Тамыз, 2025
«Астана» мен «Қайрат» – үшінші кезеңде
УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу турнирінің үшінші кезеңінде өнер көрсеткен еліміздің қос командасы да жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуантты.
Президент • 02 Тамыз, 2025
Президент Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның Аваза қаласында өтетін Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2025
Батыс Қазақстан облысында 2023–2025 жылдары жаңадан 50 медициналық нысан салу жоспарланған. Жақында Сырым ауданының Шағырлыой ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Бұл өңірдегі осындай 45-нысан.
«Таза Қазақстан» • 02 Тамыз, 2025
Маңғыстау өңірінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық тазалық акциясы қарқынды жүріп жатыр. Тазалық жұмыстары, әсіресе туристер көп жазғы мезгілде маңызды әрі қауырт болып тұр.
Тұлға • 02 Тамыз, 2025
Оқырман тарих саласынан академиялық басылымдардың қалай әзірленіп, жарияланатынын әрі ол білім-ғылым, мәдениет саласына не беретінін жіті байыптаса игі. Ел тарихының академиялық басылымы оқулықтармен қатар барлық тарихи энциклопедияларға да, тарихи-танымдық, ғылыми-көпшілік еңбектерге де негіз болады. Өйткені ол – кейінгі ғылыми жетістіктерге табан тіреген, шынайы көзқарас тұрғысынан жазылған ғылыми жұмыс. Осы арқылы білім саласы да, мәдениет саласы да керегін алады, бағытын анықтайды.
Абай • 02 Тамыз, 2025
Мұхтар Әуезов Жамбылдан: – Абай қандай ақын? – деп сұрайды. Сонда Жамбыл: «Абай – пайғамбар ғой», деп жауап береді. Жамбыл Абайдың суретіне қарап: «Мынау тұрған Абайдың суреті ме? Өлең-сөздің ұқсаған құдіретіне», дейді.
Абай • 02 Тамыз, 2025
Тұнып тұрған тарихы, шалқып жатқан шежіресі бар адамзаттың ардақты перзенті, ақыл-ойдың көмбесі, қазақ халқының кемеңгер тұлғасы Абай Құнанбайұлының дүние есігін ашқаны да той болуға тиіс. Оған арналған әр онжылдықтағы дүбірлі той көргеннің көңілінде, көрмегеннің арманында. Бұл той – елді бірлікке бастаған береке, руханият мерекесі.
Медицина • 02 Тамыз, 2025
Химиотерапиялық препаратты робот әзірлейді
Елімізде химиотерапиялық препараттарды дайындайтын алғашқы робот қолданыла бастады. Сөйтіп, Алматы онкология дертіне шалдыққандарға арналған жоғары технологиялы «KiroOncology» роботын пайдаланатын бірінші қалаға айналып отыр.
Сұхбат • 02 Тамыз, 2025
Мақсат Тұрлыбаев: Ауыл шаруашылығы санағы – маңызды стратегиялық қадам
Елімізде 1 тамыздан 20 қазанға дейін Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы жүргізіледі. Санақ деректерінің маңыздылығы мен науқанның өту барысы жайында Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаевпен әңгімелестік.
Саясат • 02 Тамыз, 2025
Үкімет биылғы алғашқы жартыжылдықта өңдеу өнеркәсібі, энергетика және көлік салаларында қандай жетістіктерге қол жеткізгенін баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Баспасөз мәслихатында жаңа өндірістерді іске қосу, газдандыру қарқыны мен жол инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар егжей-тегжейлі айтылды.
Үкімет • 02 Тамыз, 2025
Сала қызметкерлері марапатталды
Көлік қызметкерлері күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов сала мамандары мен ардагерлерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік наградалар табыс етті.
Президент • 02 Тамыз, 2025
Көлік жүйесі – дамудың көрсеткіші
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада көлік саласының қызметкерлерін марапаттады. Президент, ең алдымен, көлік саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, оларды еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жатқан нағыз еңбек адамдары деп атады.
Ғалам ғажаптары • 02 Тамыз, 2025
Норвегиялық ғалымдар сайлау кезінде адамдардың дауысын ешкім бұзып, өзгерте алмайтындай етіп сақтайтын ерекше жүйе ойлап тапты.
Ғалам ғажаптары • 02 Тамыз, 2025
Қытайда арнайы қан алу мақсатында жасалған «MagicNurse» атты робот пайда болды. Ол адамның қолындағы тамырды өзі тауып, қан алады.
Ғалам ғажаптары • 02 Тамыз, 2025
2023 жылы Колумбияда шағын ұшақ апатқа ұшырап, 3 ересек қаза табады. Ал ұшақтағы 4 бала Амазонка орманында жоғалып кетіп, 40 күннен кейін аман-есен табылған.
Еңбек • 02 Тамыз, 2025
Құлсары қаласында тұратын Бауыржан Хасанұлы жүзім өсіруге 6 сотық жер алған. Содан бері тәтті жемістен өнім жинауды кәсіп етеді.
Қоғам • 02 Тамыз, 2025
Алматыдағы «Alatay Creative Hub» орталығында қазақ жазушыларының қырғыз тіліне аударылған «Пандемия дүрбелеңі» атты әңгімелер жинағының және қырғыз жазушыларының қазақ тіліне аударылған «Күннің көзін көргім келеді» әңгімелер жинағының таныстырылымы өтті.
Мирас • 02 Тамыз, 2025
Қазақ тазысы халықаралық көрмеге қатысады
Қазақ тазылары Финляндия астанасы Хельсинкиде өтетін WDS 2025 Дүниежүзілік ит көрмесіне аттанды. Қазақстан кинологтер одағының мүшелері, тазы қожайындары сапарға «Бәйтерек» монументінің алдынан жол тартты.
Мәдениет • 01 Тамыз, 2025
Бүгін Қазақстан кинологтар одағының мүшелері Хельсинкиде өтетін WDS 2025 Дүниежүзілік ит көрмесіне еліміздің әр аймағынан іріктелген 8 тазыны алып, жолға шықты, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 01 Тамыз, 2025
Ақордада көлік саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, осы салаға еңбегі сіңген азаматтарға құрмет көрсетілді. Мемлекет басшысы көлік саласының дамуына үлес қосқан мемлекеттік қызметкерлермен қатар, ел кәсіпкерлерін де марапаттады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 01 Тамыз, 2025
Әлемнің рухани мұрасы: Бейбітшілік және келісім сарайында екі бірегей көрме ашылды
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезі аясында 2025 жылдың 1 тамызында Бейбітшілік және келісім сарайында«Турин Кебіні» және «Қасиетті кітаптар» атты екі халықаралық рухани-мәдени көрме өз жұмысын бастады, деп жазады Egemen.kz.
Абай • 01 Тамыз, 2025
Тұнып тұрған тарихы, шалқып жатқан шежіресі бар адамзаттың ардақты перзенті, ақыл-ойдың көмбесі, қазақ халқының кемеңгер тұлғасы – Абай Құнанбайұлының дүние есігін ашқаны да той болуға тіис. Оған арналған әр онжылдықтағы өткен дүбірлі тойды көргеннің көңілінде, көрмегеннің арманында. Бұл той – елді бірлікке бастаған береке, руханият мерекесі.
Үкімет • 01 Тамыз, 2025
Қанат Бозымбаев Қызылорда облысының шаруаларымен кездесті
Премьер-министр Олжас Бектеновпен бірлескен жұмыс сапары аясында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан және Қызылорда облыстарындағы су шаруашылығы нысандарын тексеруді жалғастырып, жергілікті шаруалармен кездесулер өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 01 Тамыз, 2025
Пара спортшылар шахматтан 9 медаль жеңіп алды
Шахматтан әлем чемпионаты шілде айының 21-30 күндері аралығында Үндістанның Гоа қаласында өтіп, Қазақстанның пара спортшылары 9 жүлде иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 01 Тамыз, 2025
Білім беру гранттарын тағайындайтын комиссия жұмысын бастады
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады, деп жазады Egemen.kz.