Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 14 Қараша, 2025
Астықты өңірдің әлеуетін арттыратын жобалар
Ақмола облысы – әлімсақтан астықты аймақ ретінде ел экономикасында маңызды орын алатын өңір. Өлкенің еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі үлесі қомақты. Биыл егістік алқаптарының көлемі 300 мың гектарға ұлғайып, жалпы 5,5 млн гектарға жетті. Диқандардың маңдай терінің нәтижесінде дәнді дақылдан мол өнім алынды. Орташа түсім гектарынан 16,3 центнерді құрап, жалпы жиын 7,6 млн тоннаға жетті.
Саясат • 14 Қараша, 2025
ЭЫДҰ алаңында реформалар нәтижелері таныстырылды
Францияның Париж қаласында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы жұмысын бастады. Екі күндік іс-шараға Қазақстан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай қатысты.
Ауыл • 14 Қараша, 2025
Ауыл балаларын қуанышқа бөледі
Бір кезде дүрілдетіп айтылып, кеңінен насихатталатын «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» деген ұранның аясында атқарылатын шаруаның бәсеңсіп қалғаны белгілі. Туған ауылдарына мектеп, балабақша, демалыс орындарын, спорт алаңдарын, мәдениет үйін орнатқандар қатары азайып барады. Осындай олқылықты жуырда Есіл ауданының кәсіпкері Қайырбек Қожасов толтырып, туған ауылы «Бай Еңбекке» жаңа мектеп тұрғызып берді. Құны 350 млн теңге болатын бұл құрылыс бір кезде атағы аспандаған, кейінгі жылдары жүдеңкіреп кеткен «Бай Еңбек» ауылының ажарын ашып, халқын серпілтіп тастады.
Қоғам • 14 Қараша, 2025
Тұлғалар тойы – ЮНЕСКО төрінде
ЮНЕСКО-ның Самарқанда өткен 43-ші Бас конференциясына Қазақстан делегациясы да қатысқаны мәлім. 180-ге жуық мүше мемлекеттен 4 500-ден аса өкіл жинаған ауқымды іс-шара ұйымның білім, ғылым, мәдениет, ақпарат және коммуникация салаларындағы халықаралық ынтымақтастығының стратегиялық басымдықтарын айқындаған ірі оқиға іспеттес болды.
Аймақтар • 14 Қараша, 2025
Жетісудың Сарқан ауданында ұлттық тағамдарды қайта жаңғыртып, жаңа өнімдерге бейімдеп жүрген кәсіпкер Райгүл Закария саумалдан балмұздақ өндірді. Ұлттық дәстүр мен заманауи тәсілдің үйлесімін тапқан маманның өніміне сұраныс артып келеді. Ауыл әйелдерінің іскерлігінің жарқын үлгісін көрсеткен кәсіп иесі осылайша жаңа нарыққа жол ашты.
Саясат • 14 Қараша, 2025
Астана мен Бішкек арасындағы стратегиялық серіктестік
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Астанаға жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев Қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің 13-отырысы шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады.
Еңбек • 14 Қараша, 2025
«Қараөзек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Нартай Ысқақов елдік бастама көтеріп отыр. Күзгі жиын-терім аяқталған соң, еселі еңбек еткен жұмысшыларына республикалық «Egemen Qazaqstan» газетін жаздырып бермек.
Үкімет • 14 Қараша, 2025
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтіп, депутаттар бірқатар халықаралық келісімді ратификациялады.
Алматы • 14 Қараша, 2025
Алматының бір бөлігі жарықсыз қалды
Алматы қаласындағы ЖЭО-2 аумағында 110 кВ №124А және №101А жоғары кернеулі электр желілерінің апатты түрде өшірілуі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz "Алатау Жарық Компаниясына" сілтеме жасап.
Заң • 13 Қараша, 2025
Қарағанды облысында 7 адамның өмірін қиған жол апаты: жүргізушіге сот үкімі шықты
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жеті адамның өліміне және тағы бір адамның жарақат алуына себеп болған жол-көлік оқиғасы бойынша айыпталған жүргізушіге қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 13 Қараша, 2025
Ақтаулық ұстаздар Жапонияда өткен конференцияға қатысты
Жапонияның Хиросима қаласында өткен The World Association of Lesson Studies (WALS 2025) халықаралық конференциясына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Қараша, 2025
«Қайрат» футбол клубының алдағы ойындары қайда өтеді?
"Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері Чемпиондар лигасының матчында Алматыдағы төмен температураға төтеп беруге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев хатта Ресейге жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша Владимир Путинге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Медицина • 13 Қараша, 2025
Елімізде алғаш рет жүрекке роботтық ота жасалды
Астанадағы ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында ел тарихында және Орталық Азия аймағында алғаш рет жүрекке роботтандырылған технология арқылы ота сәтті жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қараша, 2025
Еліміздегі 3 млн Android телефонында жаңа құтқару жүйесі жұмыс істейді
Астаналық құтқарушылар қиын жағдайға тап болған азаматтың нақты орнын автоматты түрде анықтай алады. Android және iOS құрылғысы бар азамат 112 нөміріне қоңырау шалған сәтте оның координаттары бірден оператордың экранына шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қараша, 2025
Салдары ауыр болады: Оқу-ағарту министрлігі оқушыларға ескерту жасады
Оқу-ағарту министрлігі балалар мен жасөспірімдерді қауіпсіздік мәселелеріне бейжай қарамауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 13 Қараша, 2025
Шара Жиенқұлованың бұрын жарияланбаған сирек бейнематериалы табылды
Қазақтың алғашқы кәсіби бишісі, Қазақстанның халық әртісі Шара Жиенқұлованың сирек бейнематериалы "Архив-2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында Ресей Федерациясының Красногорск қаласындағы Ресей мемлекеттік кинофотоқұжаттар архивінен табылды, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 13 Қараша, 2025
Астанада лифт құлады: қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар
Астанада лифт құлап, салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам зардап шеккен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Қараша, 2025
Президент Қазақстан мен Марокко арасындағы құқық мәселесіне қатысты бірқатар заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Спорт • 13 Қараша, 2025
World Boxing басшылығына үміткер Головкинді қолдау науқанын бастады
Әлеуметтік желіде әйгілі боксшы, әлем чемпионы және Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкинді қолдау мақсатында акция қарқын алды, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 13 Қараша, 2025
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың нәтижелері қандай?
Бүгін Париж қаласында (Франция) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы өз жұмысын бастады. Екі күндік іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 13 Қараша, 2025
Түркістанға Өзбекстаннан келетін туристер саны артты
2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысына 830 мың турист келді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13%-ға көп, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 13 Қараша, 2025
Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Алматының әсем табиғатын айшықтаған сурет көрмесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 13 Қараша, 2025
Студенттер сарайын жөндеу: Қоғам белсендісінің сынынан кейін ҚазҰУ эскиздерді көрсетті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Баспасөз қызметі Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың сынынан кейін Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының эскиздерімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қараша, 2025
Бас прокуратура Легкодимованың өліміне қатысты пікір білдірді
Сотта алдын ала сөз байласу арқылы Яна Легкодимованы өлтірді деп айыпталған сотталушыларға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Университет • 13 Қараша, 2025
Шетелдік үшем мен егіз қыздар қазақ тілін үйреніп жүр
Түркістан қаласындағы қазақ-түрік университетінде 30 жылдан астам уақыттан бері түркі елдерінен келген жастар білім алып, «Дайындық орталығында» оқу орданың ішкі гранты негізінде түрік, ағылшын тілдерімен қатар қазақ тілін де меңгеретіні мәлім, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қараша, 2025
«Арсыз дүниелердің ықпалына қарсымыз»: Алматыда ЛГБТ насихатына қарсы жиын өтті
Алматы қаласында «Ұлтқа балта шабар ЛГБТ ұйымдардың насихатына жол жоқ!» атты баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараның мақсаты – Мәжіліс депутаттары ұсынған дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды насихаттауға тыйым салу туралы заң жобасын қолдау және қоғамды ақпараттандыру, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қараша, 2025
Астанада лифт шахтаға құлап, бір адам қаза тапты
Астанадағы тұрғын үй кешенінің бірінде лифт құлап, бір адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 13 Қараша, 2025
«Бұрынғыдан да ақылды»: OpenAI GPT-5.1 моделін таныстырды
OpenAI компаниясы жасанды интеллекттің жаңа үлгілерін – GPT-5.1 Instant және GPT-5.1 Thinking модельдерін іске қосқанын жариялады. Бұл жаңартулар ChatGPT чат-ботының өнімділігі мен өзара әрекет сапасын айтарлықтай жақсартады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қараша, 2025
Сәтсіз сынақ: Қытайлық Chery компаниясының басы дауға қалды
Қытайлық Chery компаниясы өздерінің жаңа автомобильін жарнамалау мақсатында, Тяньмэнь тауында түсірілім жасайды. Сценарийге сәйкес, Fengyun X3L SUV кроссовері «Әуеге апарар жол» баспалдағымен жоғары қарай өрлеп жүруі тиіс болған, деп жазады Egemen.kz.