Соңғы жаңалықтар
Банк • 13 Қараша, 2025
Халық қолға ақша ұстамайтын болды: Айналымда қанша банк картасы бар?
Қазақстанның қаржы секторы цифрлық трансформация кезеңін бастан өткеріп жатыр. Соңғы жылдары финтех экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналып, банктер мен басқа да қаржы институттары, бизнес және тұтынушылар арасындағы өзара әрекеттесудің заманауи үлгілерін қалыптастырды. Әлемдік цифрландыру толқыны аясында Қазақстан нарығы тұрақты өсім көрсетіп, ресми деректермен де расталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 13 Қараша, 2025
Астанада қызметтік ит автокөліктен есірткі тауып алды
«Қарасора – 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері есірткі қылмысын әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 13 Қараша, 2025
Бәсекелестікті қорғау агенттігі 276 млн теңге табыс тапқан әуе компаниясының үстінен шағым түсірді
Кассациялық сот «Жезқазған-Эйр» акционерлік қоғамына қатысты антимонополиялық тергеу қорытындысы мен заң бұзушылық белгілері туралы хабарламалардың заңды екенін мәлімдеп, төменгі инстанцияларда өткен дауға соңғы нүкте қойды, деп жазады Egemen.kz.
Тағзым • 13 Қараша, 2025
Павлодарда полицейлер Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды
12 қарашада Павлодар облысында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алу барысында полицейлер Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды. Салтанатты іс-шараға департамент басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері және полиция қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 13 Қараша, 2025
Елдегі инфляцияны маркетплейстер өршітіп отыр ма?
2025 жылы бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да инфляциялық процестердің күшеюі байқалады. Бұл құбылыс геосаяси және экономикалық факторлардың жиынтығымен байланысты. Инфляция жаһандық жеткізу тізбегіне, шикізат нарықтарына және валюта бағамдарына әсер етті. Қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы инфляция деңгейі 12,6%-ды құрап, бір ай бұрынғы көрсеткіштен 0,3 пайызға төмен болды. Осы жағдайда қоғамда инфляцияның жеделдеуі үшін кім жауапты және қандай факторлар негізгі себеп болды деген сұрақ жиі талқыланып жүр. Көптеген нұсқалар бар, олардың кейбірі негізделген, ал кейбірі тек болжам сипатында. Мәселен, кей сарапшылар бағаның өсуін маркетплейстердің қызметімен байланыстырады, бірақ мұндай пікірді растайтын нақты статистикалық не аналитикалық дәлел жоқ, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қараша, 2025
Жеке кәсіпкер Қызылорда облысындағы агроөнеркәсіптік жобаға 51 млрд теңге жұмсады
Жалағаш ауданында Harvest Kazakhstan агроөнеркәсіптік кластерінің жобасы жүзеге асырылмақ. Жоба өңірде жоғары технологиялы суармалы егіншілікті дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 13 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аяқталды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Табиғат • 13 Қараша, 2025
Қазақстанға амур жолбарыстары әкелінетін болды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары шеңберінде Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу және бейімдеу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына екі елдің экология және табиғи ресурстар министрлері - Ерлан Нысанбаев пен Александр Козлов қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 13 Қараша, 2025
Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеуінде сенсациялық жеңіске жетті
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U19) Еуро-2026 чемпионатының іріктеу кезеңін жарқын жеңіспен бастады. Алғашқы ойында Кекер шәкірттері Ирландия құрамасын 1:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 13 Қараша, 2025
Біртұтас ұлт идеясы және Ғылым академиясы
Президент бекіткен ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары – елдің қоғамдық дамуы мен рухани жаңғыруының басым бағыттарын айқындайтын маңызды стратегиялық құжат. Бұл Жарлықта айқындалған бағыттар әлеуметтік-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлттық бірегейлікті сақтау, құқық үстемдігін нығайтумен қатар ғылым мен білім салаларын стратегиялық дамытуды көздейді.
Қоғам • 13 Қараша, 2025
Адал азамат – әділетті қоғамның айнасы
Қоғамда билікке деген сенім, ең алдымен, мемлекеттік қызметші арқылы қалыптасады. Сондықтан көпке үлгі болу – мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық болмысына тән басты сипат.
Экономика • 13 Қараша, 2025
Өркендеу бағытындағы өндірісті өлке
Қарағанды облысының экономикасында өсім бар. Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша инвестициялар көлемі 932,9 млрд теңгеден асты, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 4 трлн теңгені құрады. Агросала да айтарлықтай табысқа жетіп отыр. Бірқатар әлеуметтік-экономикалық жоба жүзеге асырылып жатыр. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында баяндады.
Сұхбат • 13 Қараша, 2025
Нұрмаман ОҚАС: Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейіп келеді
Мемлекеттік тілдің рөлін күшейту және оның ғылым, білім саласында қолдану аясын кеңейту – басты бағыт. Бұл ретте Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының атқарып отырған жұмысы қандай? Бүгінгі сұхбатта аталған басқарманың тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрмаман Оқаспен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, өрісін кеңейту жолындағы жұмыстар жайын сөз еттік.
Аймақтар • 13 Қараша, 2025
Төрт түлік аман болсын десек...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында «Ветеринария мен фитопатологияның кенжелеп қалуы агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілетін айтарлықтай шектеп отыр. Осы мәселеге айрықша назар аударған жөн» деп атап көрсетілді.
Сұхбат • 13 Қараша, 2025
«Америкалық оқушылар қазақ тіліне қызығады»
Бүгінде қазақ жастары әлемнің әр қиырына сапар шегіп, өз білімдері арқылы зор мүмкіндікке қол жеткізіп жатқаны көңілге қуаныш сыйлайды. Солардың бірі – Америкада мұғалім болып жұмыс істейтін Салтанат Сырлыбаева. Біз бүгін оқырманға талапты жас педагогтен алған шағын сұхбатымызды ұсынып отырмыз.
Аймақтар • 13 Қараша, 2025
Елімізде ет қымбаттағалы сырттан келетін кейбір ет өнімдерінің бағасы жергілікті өніммен деңгейлес болып қалған. Павлодарлық ет өңдеушілер қазір импорт тауармен жергілікті нарықта өте қатты бәсеке жүріп жатқанын айтады.
Білім • 13 Қараша, 2025
Орта білім сапасын қалай көтереміз?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы Түркістан қаласында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында: «Қазақстан, оқушылардың білім деңгейін халықаралық бағалауда, дамыған елдерден айтарлықтай артта қалды. Оның басты себебі – осы аса маңызды салада жүйелі және ойластырылған реформалардың жоқтығы», деп айтқан еді. Содан бері 5 жыл уақыт өтсе де білім сапасын көтеруге қатысты жүйелі шешім қабылданған жоқ.
Шаруашылық • 13 Қараша, 2025
Биыл еліміздің қамбасына 27 млн тонна астық құйылды. Бұл пұттық өлшеммен алғанда 1 млрд 687 млн пұт астық деген сөз. Бұрын 1 млрд пұтқа төбеміз көкке жетіп мәз болсақ, енді 2 млрд пұтқа жуық астық жинауға қол жеткізіппіз. Қазақстанның 1 млрд пұт астық жинаған жылдары да бұрын сирек болатын, ал қазір, бұл табысқа жыл сайын жетіп келеміз.
Айбын • 13 Қараша, 2025
Қазіргі жаһандану мен толассыз ақпарат ағынында патриотизмнің мазмұны өзгерді. Бұрын Отанға деген сүйіспеншілік көбіне әскери сипатта не тарихи оқиғалармен байланыстырылып айтылса, бүгінде әр азаматтың өз саласында адал еңбек етуі, әділдікке ұмтылысы, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезініп, ел дамуына шынайы үлес қосуы нағыз патриотизм саналады.
Әскер • 13 Қараша, 2025
Абай облысы ҰҚК Шекара қызметі департаментіне қарасты Мақаншы аудандық шекара бөлімінде «Күз-2025» шақырылымының жас сарбаздары салтанатты түрде әскери ант берді.
Өнер • 13 Қараша, 2025
«Дала дауысы» – дарындарға дара мүмкіндік
«Астана Опера» театрының К.Байсейітова атындағы Камералық залы сахнасында жас дарындарды әлемдік сахнада ілгерілетуге бағытталған «Dala Voices» жарқын концерті көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Кеште «Құрмет» орденінің иегері Руслан Баймурзиннің басқаруындағы камералық оркестрдің сүйемелдеуімен әлемдік һәм отандық классика жауһарлары шырқалды.
Айбын • 13 Қараша, 2025
Еліміздің қорғаныс саласы цифрлық жобаларды арттырмақ. Осыған орай әскерді басқару, шақыру, даярлау мен оқыту үдерісі өзгереді.
Аймақтар • 13 Қараша, 2025
Жұртшылықты қуантқан медициналық орталық
Талдықорғанда заманауи үлгідегі жаңа медициналық нысан ашылды. «Asmarmed» көпсалалы медициналық орталығы заманауи құрал-жабдықпен толықтай қамтылған әрі кешенді қызмет етуге барлық жағдай жасалған.
Мәдениет • 13 Қараша, 2025
Олар жарты ғасырдан астам уақыт бойы өмір мен өнерде жұп жазбай, ұлт мәдениетінің өркендеуіне бар ғұмырын арнаған тұлғалар. Шолпан Жандарбекова мен Бикен Римова секілді сахна саңлақтарынан тәлім алып, сол ұстаздық өнегені келер ұрпаққа жеткізуді өздерінің басты борышы санады. Кино мен театр өнерінде ерен еңбек етіп, сахна мен экранда өмірдің сан бояуын сомдаған қос тұлға – Кендебай Темірбайұлы мен Алмахан Кенжебекованың бүгінде қазақ өнерінің тарихында есімдері алтын әріппен жазылған.
Ғалам ғажаптары • 13 Қараша, 2025
Кейде ойымыздағы сөздер нақты біреудің дауыстай анық естілгендей болатынын байқағансыз ба? Бұл — миымыздың қызық қасиеті.
Спорт • 13 Қараша, 2025
Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында еліміз құрамасының қоржыны тағы бірнеше жүлдемен толықты.
Жәдігер • 13 Қараша, 2025
Халқымыздың бай тарихының бір пұшпағы жауынгерлік өнері мен өткен ғасырларда қолданған жарағы ауқымды түрде толық зерттеле қойған жоқ.
Ғалам ғажаптары • 13 Қараша, 2025
Бәріміз де ұйықтап бара жатқанда аяқ-қолдың кенет тарс етіп дір ете қалуын сезгенбіз. Бұл құбылыс ғылымда «hypnic jerk» деп аталады.
Алматы • 13 Қараша, 2025
Алматы шаһарының шынары іспетті, теңіз деңгейінен 3 200 метр биіктіктегі Шымбұлақ шыңында БҰҰ-ның 80 жылдық құрметіне салынған үлкен мұрал пайда болды.