Соңғы жаңалықтар
Ғалам ғажаптары • 09 Қазан, 2025
Биылғы физика саласындағы Нобель сыйлығы Ұлыбританиядан Джон Кларкқа, Франциядан Мишель Деворетке және АҚШ-тан Джон Мартиниске берілді.
Жоба • 09 Қазан, 2025
Алматыдағы Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында цифрлық келісімдер жүйесін енгізу жобасы басталды. Биыл тамыз айында аурухана мен «TrustMe IT» компаниясы жаңа цифрлық шешім енгізу жөнінде меморандумға қол қойып, қанатқақты жоба ресми түрде іске қосылды.
Басылым • 09 Қазан, 2025
Қазақ әдебиетінің қанжығасы майланды
Анкарада Түрік тіл қоғамының ұйымдастыруымен өткен «Тілде, ойда, істе бірлік» атты Түркі әлемі балалар әдебиеті сыйлығын табыстау рәсімі өтіп, қазақ әдебиетінің қанжығасы майланды.
Аймақтар • 09 Қазан, 2025
«Бір ауыл – бір өнім» жеңімпаздары анықталды
Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасында «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысқан жеңімпаздар марапатталды. Биыл Мәртөк ауданында марал өсіретін «Зәру» шаруа қожалығы, Қобда ауданында «Qobda Milk» брендімен сүт өнімдерін шығаратын «Нұр-МТС» шаруашылығы, Қарғалы ауданында бал шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкер Николай Ровенский үздік деп танылды.
Тағзым • 09 Қазан, 2025
Орал қаласында белгілі қаламгер, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Жазушылар одағының Батыс Қазақстан облысындағы өкілі Бауыржан Ғұбайдуллиннің «Биленбеген вальстің әуендері» атты шығармашылық кеші өтті.
Өнер • 09 Қазан, 2025
Халықаралық байқауда топ жарды
Ән өнерінің жарық жұлдызы Бибігүл Төлегенова әр екі жыл сайын өз атында өтіп келе жатқан Халықаралық вокалистер байқауы – жеке атын шығаратын жарыс емес, отандық опера өнерінің ортақ игілігі екенін айтудан танбай келеді.
Саясат • 09 Қазан, 2025
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті.
Президент • 09 Қазан, 2025
Қ.Тоқаев Газа секторындағы қақтығысты тоқтату туралы келісімді қолдайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырда өткен жанама келіссөздер барысында қол жеткізілген Газа секторындағы қақтығысты тоқтату және тұтқынға алынған адамдарды босату туралы келісімді қолдайды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 09 Қазан, 2025
Сотталғандардың қоғамдық жұмыс атқару тәртібі өзгерді
Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі бұйрығымен пробация қызметінің және сотталған азаматтардың қоғамдық жұмыс істеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 08 Қазан, 2025
Қазанда «Отбасы банк» баспана кезегіндегілерге пәтер таратуды бастайды
«Отбасы банк» тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар арасында жалдамалы және жеңілдетілген несиелік тұрғын үйді бөлу процесін бастайтынын мәлімдеді. Алғашқы SMS-хабарламалар қазан айында жолданады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 08 Қазан, 2025
Несиеден қалай құтылуға болады? Мамандар жолын айтты
«Қарызсыз қоғам» жобасының жетекшісі Дулат Мыңбаев дерегінше Қазақстанда несие жүктемесін өтей алмай жүрген азаматтар саны бір жарым миллионнан асқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Қазан, 2025
Елена Рыбакина Ухандағы турнирде жеңіске жетті
Елена Рыбакина Ухандағы WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 08 Қазан, 2025
"Ұлы даланың шежіресі" атты көрме ашылды
Мемлекеттік орталық музейде қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, суретші Нұрбазар Қожиннің шығармашылығына арналған "Ұлы даланың шежіресі" атты еске алу көрмесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 08 Қазан, 2025
Ұлттық музейде Ерболат Төлепбайдың көрмесі өтіп жатыр
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық музейде өтіп жатқан Ерболат Төлепбайдың мерейтойлық көрмесін тамашалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 08 Қазан, 2025
Бала тәрбиесі барша ортақ. Өйткені, ұрпағы озық жұрттың жығасы қисаймайды. Осы мақсат мүдесіне сай танымал педогог, ұлағатты ұстаз Күляш Шамшидинованың бала тәрбиесіне арналған «ҮЗДІК. Балаға қалай көмектескен жөн? Мектепте де, өмірде де» атты кітабы жарық көрді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қазан, 2025
Аида Балаева ҮЕҰ өкілдерімен өзара байланысты нығайту бағыттарын талқылады
ХІІ Азаматтық форум қарсаңында Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 08 Қазан, 2025
Әйелді ұрып-соқты деп айыпталған ақтөбелік әкім айыппұл төлейді
Сот Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайырды кінәлі деп танып, 80 АЕК көлемінде айыппұл салды. Азаматтық талап арыз ішінара қанағаттандырылды, деп жазады Egemen.kz.
Партия • 08 Қазан, 2025
AMANAT үздік мұғалімдерге «Ұстаз – ұлт айнасы» марапатын табыстады
Еліміздің барлық өңірінен келген 300-ден астам мектеп мұғалімі, колледждер мен ЖОО оқытушылары, студенттер, ғалымдар, білім беру саласының ардагерлері мен сарапшылар қауымы «AMANAT» партиясының «Мұғалім Talks» кейс-платформасының екінші отырысында бас қосты. Талқылау тақырыбы – жасанды интеллект дәуіріндегі мұғалімнің рөлі мен білім беру саласындағы инновация. Сондай-ақ ерекше көзге түскен педагогтарға партиялық және ведомстволық наградалар табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 08 Қазан, 2025
Петропавлдың көпқабатты үйлеріне жылу 24 қыркүйектен бастап беріле бастаған. Бірақ әлі күнге үйлері жылынбай отырған жандар бар деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 08 Қазан, 2025
Осыған дейін біз қараша айында Италияның астанасы – Римде World Boxing (WB) конгрессі өтіп, сол жерде жаңа президентінің сайланатынын жазғанбыз, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Қазан, 2025
Футболдан әлем чемпионатының билеттері құны қанша?
Футболдан 2026 жылы АҚШ, Мексика және Канадада өтетін әлем чемпионатының билеттері сатылымға шығатын күн де жақындап қалды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 08 Қазан, 2025
Қостанайда «Біздің полиция» атты фотокөрме өтті
Қостанайда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Біздің полиция» атты фотокөрме өтті. «Kostanay Plaza» сауда ойын-сауық орталығында ұйымдастырылған көрменің ашылу салтанатына полиция қызметкерлері, оқушылар, студенттер, көпшілік қала тұрғындары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қазан, 2025
Атырау әкімдігі «Жүгіру фестивалі» туралы ақпаратты жоққа шығарды
Атырау қаласының әкімдігі тұрғындарды «Жүгіру фестивалі» туралы фейк ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 08 Қазан, 2025
Бағанашылдағы балалар үйінің тәрбиеленушілері жөндеу жұмыстары кезінде қайда барады?
Биыл қоғамның біраз наразылығы мен түсініспеушілігін туындатқан Алматыдағы Бағанашыл ықшам ауданында орналасқан №2 Балаларды қолдау орталығының ғимаратын қайта жөндеу жұмыстары жоспарланып жатқаны аян. Жаңғырту жұмыстары кезінде балалар уақытша №1 мектеп-интернатқа орналастырылатын болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қазан, 2025
Еліміздегі өмір сүру сапасы былтырға қарағанда жоғарылады – ҰСБ
Ел азаматтарының жартысынан астамы өз өміріне қанағаттанатынын айтты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жүргізген «Халықтың өмір сүру сапасы» тақырыбындағы іріктемелі зерттеу нәтижесінде белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 08 Қазан, 2025
Елімізде 121 бала донор кезегінде тұр
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, донор ағзасына кезекте 4 384 пациент тұр, оның ішінде - 121 бала бар, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 08 Қазан, 2025
Елордада кеме модельдеу сайысы өтті
Астанадағы Ақбұлақ өзені бойында ерекше техникалық сайыс өтті. «TWO BRIDGES ENU» атты ашық кемемодельдеу жарысына еліміздің алты облысынан келген 10-17 жас аралығындағы 40-тан астам оқушы қатысып, өз қолдарымен жасаған кеме үлгілерін таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Қазан, 2025
Маңғыстау облысында әскери қызметкер қаза тапты
7 қазан күні шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде оқыс оқиға орын алып, мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген қызметкер қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Мәди Тәкиевті қабылдады
Президентке республикалық бюджеттің орындалуы және мемлекет қаржысын цифрландыруды ілгерілету жұмыстары жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 08 Қазан, 2025
Ұлттық музей жанынан Реставрация орталығы құрылады
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Италия Мәдениет министрлігінің Реставрация жөніндегі орталық институтының директоры Луиджи Оливамен кездесті. Тараптар ҚР-ның Ұлттық музейі мен Италия Республикасының Реставрация жөніндегі орталық институты арасында Меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес, Ұлттық музей жанынан Реставрация орталығы құрылады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.