Соңғы жаңалықтар
Айбын • 25 Қыркүйек, 2025
«Ақтас» полигонындағы жауынгерлік жаттығу
Шымкент қаласы аумақтық қорғаныс бригадасының әскери міндеттілері арнайы оқу-жаттығу жиынына қатысты. Қарулы күштер сапына қайта қосылған шымкенттік азаматтар «Ақтастағы» оқу-жаттығу полигонында он күн болып қайтты.
Салық • 25 Қыркүйек, 2025
Жаңа Салық кодексі әкімшілік жүктемені азайтады
Ел кәсіпкерлеріне жаңа жеңілдік дайындалып жатыр. Апта соңына дейін «Ашық НҚА» порталында арнайы салық режімін пайдалана алатын және осы жеңілдік жүрмейтін кәсіп түрлерінің тізімі шығады. Бұл туралы Астанада өткен жаңа Салық кодексін түсіндіру семинарында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2025
Кейінгі жылдары елімізде ауыл халқы азайып, қала тұрғындары көбейіп келеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы 12,9 млн халық қалада, 7,4 млн тұрғын ауылда тұрып жатыр.
Экономика • 25 Қыркүйек, 2025
Қазақстанның астық нарығы: жаңа мүмкіндіктер, ескі мәселелер
2025 жылы Қазақстан бидай мен ұн экспортын 34%-ға арттырды. Бұл тарихтағы ең жоғары көрсеткіш болып, еліміздің өңірлік және жаңа сыртқы нарықтардағы ұстанымдарын нығайтуды қамтамасыз етті. Алайда, оң динамикаға қарамастан, елдің агроөнеркәсіптік саласы жүйелі проблемаларға тап болып отыр.
Пікір • 25 Қыркүйек, 2025
Халықаралық қатынастағы әлеуетіміз айшықталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында жаһандық күн тәртібіне қатысты маңызды ой-толғамын ортаға салды.
Ғалам ғажаптары • 25 Қыркүйек, 2025
Болливуд жылына мыңға жуық фильм түсіреді. Бұл көрсеткішпен ол Голливудты екі орайды. Ал Үндістанның басқа аймақтық киноорталықтарын қосқанда бір жылдағы фильм саны 2000-нан асады.
Ғалам ғажаптары • 25 Қыркүйек, 2025
«Artemis 2»-нің ғарышқа сапары
«NASA» «Artemis 2» миссиясының болжамды ұшу күнін жарияланды.
Шымкент • 25 Қыркүйек, 2025
Жолаушы тасымалы саласындағы өзгерістер
Шымкент қаласындағы №146, №150 қоғамдық көлік бағыттары 30 жаңа автобуспен толықты. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдық көлік паркінде болып, жаңа көліктерді арнайы тексеріп шықты. Жолаушы тасымалдаушы көліктер Қарағандыдағы «Qaz Tehna» ЖШС зауытында өндірілген. «Yutong» маркалы заманауи автобустар халықаралық стандарттарға толық сай келеді, әрқайсысының сыйымдылығы 85 жолаушыны құрайды.
Ғалам ғажаптары • 25 Қыркүйек, 2025
ЖИ жалған ақпарат беруге бейім
«OpenAI» мен «Apollo Research» ғалымдары жасанды интеллект модельдерінің неге жалған ақпарат беретінін зерттеп, жүйені арнайы оқыту әдістерімен үйреткеннің өзінде, олар жаңа тәсілдермен өтірік ақпарат беруге бейім екенін анықтады.
Спорт • 25 Қыркүйек, 2025
Елімізге әйгілі сумошы Хакухо Сё келді. Оның азан шақырып қойған аты – Мұңхбатын Даваажаргал. Моңғолдың алыбы осы спорт түрі тарихындағы ең атақты балуан, 69-ёкодзуна. Спорттық мансабында Хакухо 45 чемпиондық тәжге ие болды. Осыдан төрт жыл бұрын, 36 жасында мансабын аяқтағаннан кейін Жапония азаматтығын алып, «Миягино-бэя» сумо мектебінің тізгінін ұстады. Астанада Хакухо Сё еліміздің Ұлттық олимпиадалық комитетінің басшыларымен кездесіп, бірқатар өзекті мәселені талқылады. Бүгінде әлемде сумоның 85 ұлттық федерациясы жұмыс істейді.
Басылым • 25 Қыркүйек, 2025
Белгілі журналист Оңдасын Елубайдың «Көзден кетсе де...» деп аталатын кітабы жарық көрді. Ұзақ жыл «Egemen Qazaqstan» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі болған қаламгер бұл еңбегіне замандастары туралы ой толғамдарын топтастырған.
Теннис • 25 Қыркүйек, 2025
Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ATP 250 турнирі еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бубликтің жеңісімен аяқталды.
Жәдігер • 25 Қыркүйек, 2025
Осыдан 140 жыл бұрын, 1885 жылы Абай Құнанбайұлының Семейдегі орыс достарының бірі Нифонт Долгополов жаз айларында ақынның ауылына барып, екі айдай қонақ болады. Қайтып келген соң ол Семейдегі өлкетану музейіне Абай ауылынан әкелінген қазақтың тұрмыс-тіршілігіне қатысты елуден астам зат тапсырыпты.
Ұлттық спорт • 25 Қыркүйек, 2025
«Ақ бидай» спорттық ойындары аяқталды
Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» VIII республикалық ауыл спорт ойындары мәреге жетті. Жарысқа 17 команда, 2000-нан астам спортшы қатысты. 20-дан астам олимпиадалық, олимпиадалық емес, ұлттық спорт түрлерін қамтыған іс-шара Қонаев қаласы мен Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандарында өтті.
Өнер • 25 Қыркүйек, 2025
Алматы облысының орталығы Қонаев қаласының құрылғанына биыл 55 жыл толып отыр. Осыған орай, қалада алты күндік түрлі спорттық, мәдени, танымдық, қайырымдылық іс-шаралар бағдарламасы жасалып, шаһар көгінде әуезді ән-күй қалықтайды. Мерейтой шымылдығы қалалық мәдениет үйінде «Қонаев әуендері» ансамблінің тұсаукесер концертімен ашылды.
Инфрақұрылым • 25 Қыркүйек, 2025
Инфрақұрылым мәселесі жүз пайыз шешілген аудан
Шымкенттің Абай ауданы шаһардың коммуналдық инфрақұрылым мәселесі түбегейлі шешімін тапқан әкімшілік аймағы атанып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 25 Қыркүйек, 2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Математика, механика және ақпараттық технологиялар» атты Х халықаралық ғылыми конференция өз жұмысын бастады, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 25 Қыркүйек, 2025
Биыл шымкенттік диқандар қанша өнім алды?
Биыл Шымкент қаласының диқандары бидайдан гектарына орта есеппен 10 центнерден өнім алды. Жаздың күнгі ыстық пен қуаңшылыққа бидай жақсы шығып қамбаға астық құйылды, деп жазады Egemen.kz.
Тарих • 25 Қыркүйек, 2025
Халықаралық ұйым басшысы тарихи нысандармен танысты
Жуырда Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет бойынша ұйымының (ISESCO) Бас директоры, доктор Салем бин Мохаммед Әл-Малик Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен келді. Жұмыс сапары барысында мәртебелі қонақ республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұра нысандарын аралап көрді. Атап айтқанда халықаралық ұйым басшысы Ибрагим ата мен Қарашаш ана кесенелерінде, сондай-ақ «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде болды, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 25 Қыркүйек, 2025
Студенттерге арналған жатақхана ашылды
Алматыда 339 орынға лайықталып жасалған жатақхана студенттердің игілігіне берілді, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 25 Қыркүйек, 2025
«Бір ел-бір кітап» акциясының аясында оқуға таңдалған 51 кітаптың арасына ақын, жазушы, сыншы, аудармашы Тәкен Әлімқұлов пен ақын, жазушы, күйші Жұмекен Нәжімеденовтың еңбектері енгізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қыркүйек, 2025
Солтүстік Қазақстанның электр қуатын таратушы жекеменшік «СКРЭК» компаниясы түрлі сылтаумен 2026 жылдан бастап 1 квт сағат электр қуатының тарифін бірден 70 пайызға көтермек. Бұл - бүгінгі 9,09 теңге бірден 15,34 теңгеге өседі деген сөз, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2025
Жол белгісіне тоқтамаған жүргізуші апатқа ұшырады
Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл ауылының маңындадағы теміржол өткелінде ауыр жүк машинасы поездбен соғылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 25 Қыркүйек, 2025
Петропавлдың орталығындағы Интернационал көшесіндегі 2 қабатты ескі үйлердің бірінен өрт шығып, бір пәтер от құшағына оралды, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 25 Қыркүйек, 2025
Абай облысында «Жыл кітапханашысы» анықталды
Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы директорының орынбасары Гүлмира Аязбаева Қазақстан кітапханалары Одағының шешімімен «Жыл кітапханашысы – 2025» номинациясына ие болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2025
Семейден еліміздің ірі қалаларына қатынайтын әуе рейстерінің саны артып келеді. 23 қыркүйектен бастап «Қарағанды – Семей – Қарағанды» бағытында сыйымдылығы 50 орындық «Bombardier CRJ200» ұшағы жолаушыларды тасымалдай бастады, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 24 Қыркүйек, 2025
Мегаполисте туризм тынысы қандай?
2025 жылдың алғашқы жартысында Алматыдағы туристік инфрақұрылымға салынған инвестиция көлемі 92,2 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 62%-ға артық. Аталған саладағы тың жаңалықтар туралы қаланың туризм басқармасы хабарлады.
«Таза Қазақстан» • 24 Қыркүйек, 2025
Семей-Астана тасжолы тазаланды
Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Полиция департаменті, этно-мәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жас белсенділер қатысып, қала шетіндегі Семей-Астана тасжолы бойын қоқыстан тазартты.
Алматы • 24 Қыркүйек, 2025
Алматыда Бағалы қағаздар орталығы депозитарийлерінің дүниежүзілік форумы басталды
Форумды ашқан Орталық депозитарийдің (KCSD) басқарма төрағасы Еділ Медеу геосаяси болжамсыздық пен өңірлік бөлшектенудің өсуіне жауап ретінде қазақстандық ұйым дербес инфрақұрылым құруға ұмтылып отырғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 24 Қыркүйек, 2025
Студенттер жасаған ЖИ дәрігер 98% дәлдікке жетті
Медицинадағы цифрландыру үдерісі бүгінде жаңа деңгейге шығып жатыр. Студенттерден құралған «Enactus» командасы жасанды интеллект негізіндегі телемедициналық жүйе жасап, оны тәжірибеге енгізуді бастады. Бұл жоба дәрігер мен пациент арасындағы байланысты жеңілдетіп қана қоймай, диагнозды дәл қояды, деп жазады Egemen.kz.