Соңғы жаңалықтар
Әлем • 26 Қараша, 2025
Ғалымдар Айдың қалыптасуы туралы жаңа дерек ұсынды
АҚШ ғалымдары Жер мен Айдың шығу тегіне қатысты таңғаларлық деректерді анықтады. Ғалымдар олардың химиялық ұқсастығы өте ежелгі ғаламдық апаттың – Теия протопланетасының соқтығысының ізін сақтап қалғанын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 26 Қараша, 2025
Ел тарихын ағылшын тілінде насихаттау Кембриджде талқыланды
Ұлыбританиядағы Кембридж университеті, Пембрук колледжінде Моңғолия мен Ішкі Азияны зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстанды жасау: жады, бірегейлік және мемлекетшілдік» атты халықаралық конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 26 Қараша, 2025
Шекара маңындағы экономикалық хабтар дамып келеді
Шекара бойындағы ірі экономикалық орталықтардың дамуы алыс-жақын елдермен сауда мен өнеркәсіп кооперациясын кеңейтіп, көліктік-логистикалық әлеуетті арттыратыны анық, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 26 Қараша, 2025
Үздік сарбаздарға білім гранттары берілді
Астанада ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілеріне «Сарбаз 2.0» республикалық бағдарламасының қорытындысы бойынша білім гранттарын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
Moody’s «Отбасы банкке» берілген ұзақмерзімді рейтингті растады
Moody’s рейтинг агенттігі «Отбасы банктің» қаржылық тұрақтылығын жоғары деңгейде екенін тағы да растады. Агенттік банкке ұлттық валютадағы депозиттер бойынша берілген ұзақмерзімді рейтингті Baa1 деңгейінде қалдырды. Сондай-ақ банктың қысқа және ұзақ мерзімді қаржылық тәуекелдерді басқару қабілеті де сенімді деген бағасын алды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
Елордада әскери қызметкерлерді әлеуметтік қолдаудың тетіктері талқыланды
Елордада өткен дөңгелек үстелде әскери қызметшілердің құқықтары, әлеуметтік кепілдіктері, әскердің жауынгерлік дайындығы мен қоғаммен өзара байланысын нығайту мәселелері көтерді. Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдар мен күштік құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қараша, 2025
Ауылға барған дәрігерлер 8,5 миллион теңгеге дейін әлеуметтік төлем алды
Осы жылдың 10 айында 1 326 дәрігерге әлеуметтік қолдау көрсетілген. Оның ішінде ауылдық жерлерге қызмет етуге барған 801 дәрігерге 8,5 миллион – 10 миллион теңге аралығында қаржы берілген, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 26 Қараша, 2025
Жетісуда жыртқыш құс фототұзаққа түсіп қалған
Аталған сирек жағдай – «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында болған. Фототұзаққа бүркіттің (Aquila chrysaetos) суға шомылып жатқан мезеті түсіпті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Алматыда БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Реджина Де Доминичиспен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 26 Қараша, 2025
«Копенгаген» – «Қайрат» ойынын қайдан көруге болады
Қазақстанның «Қайрат» футбол клубы Данияның «Копенгаген» командасымен Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 5-туры аясында кездесетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 26 Қараша, 2025
Ерлан Төлеутай халықаралық кинофестивальде «Үздік актер» атанды
Ирландия астанасы Дублинде өткен XIII Silk Road International Film фестивалінде отандық актер, киносценарист Ерлан Төлеутай «Үздік актер» номинациясын жеңіп алды. Бұл туралы Kazakhcinema сүйіншіледі, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 26 Қараша, 2025
Бірыңғай QR: POS-терминалды ауыстыру қажет пе?
Қазақстанда бірыңғай банкаралық QR жүйесі іске қосылғанымен кәсіпкерлер POS-терминалды ауыстыруға міндетті емес. Бұл туралы Ұлттық төлем корпорациясының төлем жүйесін дамыту департаментінің директоры Райымбек Шаймерденов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қараша, 2025
Түркістанда бюджеттік субсидияны жымқыру схемасына қатысқандар сотталды
Түркістан қаласында жұмысқа орналастырылған азаматтардың жалақысын субсидиялау мақсатында бөлінген бюджет қаражатын заңсыз пайдалану фактісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 26 Қараша, 2025
Жүрек аурулары: 2050 жылға қарай өлім саны күрт артуы мүмкін
Алдағы 30 жылда жүрек-қан тамырлары аурулары салдарынан өлім саны күрт өседі деп болжанып отыр. Сарапшылар бұл көрсеткіштің әлем бойынша 36 миллионға жетуі мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 26 Қараша, 2025
«Бәйтерек» холдингі ірі инвесторларды тартатын тиімді тетікке айналуға тиіс – Үкімет
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының экономиканың нақты секторын қолдауды күшейту және инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Холдингті одан әрі трансформациялау мәселелері бойынша «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 26 Қараша, 2025
Мектептерде ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы құрылып жатыр
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының басқарма төрағасы Ақылбек Күрішбаевпен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
Дроппер болудың салдары қандай?
Интернет алаяқтығы күрт көбейді. Алаяқтар халықты алдау үшін түрлі тәсіл қолданады. Сол схемалардың ең жиі тарағаны – дропперлерді пайдалану, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қараша, 2025
Қорғаныс министрі жас сарбаздармен кездесті
Луговой гарнизонында қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов алдын ала ескертусіз «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 03811 әскери бөліміне барып, тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 26 Қараша, 2025
Түркістандық дәрігерлер миына қан құйылған 3 айлық сәбиді аман алып қалды
Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында 3 айлық сәбиді медициналық тексеру кезінде ми ішіне қан құйылғаны анықталған. Дәрігерлер шешімімен науқасқа шұғыл ота жасалған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қараша, 2025
Түркістанда бір отбасы көмір түтініне уланып қалған
Оқиға Сарыағаш ауданы, Ақжар ауылы, Мәңгілік көшесінде болған. Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, оқиғаға жылыту пешінің ақауы себеп болған. Салдарынан түтін үй ішіне тарап, тұрғындардың денсаулығына зиян келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Қараша, 2025
Палестина тарихта болмаған экономикалық дағдарысты бастан өткеріп жатыр – БҰҰ
Біріккен Ұлттар Ұйымы Сауда және даму жөніндегі конференциясының (UNCTAD) Бас хатшысының орынбасары Педро Мануэль Морено 2025 жылғы Палестина аумағының экономикалық жағдайына арналған баяндаманы таныстыра отырып, Газаның экономикасы бұрын соңды болмаған деңгейде күйрегенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 26 Қараша, 2025
БАӘ импорттаушылары тізіміне тағы төрт отандық кәсіпорын енгізілді
Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің жүйелі шаралары нәтижесінде биыл тағы 4 кәсіпорын ресми түрде Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) импорттаушыларының тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 26 Қараша, 2025
Дәрігер баланың қызуы көтерілгенде ата-аналар жіберетін басты қателерді атады
Астанада ЖРВИ-мен сырқаттанушылар саны әлі де артып келеді. Күз-қыс маусымында жедел респираторлық вирустық инфекциялардың өршуі қалыпты болғанымен, дәрігерлер сақтық шарасын күшейтуге кеңес беріп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 26 Қараша, 2025
Отандық жиһаз өндірісі халықтың сұранысын қамтамасыз етіп отыр ма?
Елімізде биылғы қаңтар-қазан айларында жиһаз өндіру көлемі 120,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен бір жарым есеге артқан. Алайда нақты көрсеткішті аңғартатын көлем индексі небәрі 99,9% болып, салада өсу де, айтарлықтай төмендеу де болмай тұр, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 26 Қараша, 2025
Білім саласына жасанды интеллект енгізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды
Аталған жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізген Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова эксперттік қауымдастықпен отандық IT мамандардың ЕdTex саласындағы инновациялық шешімдері мен ұсыныстарын тыңдауға әзір екенін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 26 Қараша, 2025
«Дикий Арман» ісі бойынша апелляциялық сот өтті. Үкім өзгерді ме?
«Қаңтар оқиғасы» кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және оған қатысқаны сынды бірнеше бап бойынша бас бостандығынан айырылған Арман Жұмагелдиевтің ісі апелляциялық тәртіпте қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
2026 жылдан бастап жеңілдетілген салық төлейтін кәсіп иелеренің тізімі жарияланды
Үкімет өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің жаңа тізімін жария етті. Қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресми түрде қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 26 Қараша, 2025
Атаулы әлеуметтік көмекпен биыл қанша адам қамтылды?
Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 53 мың отбасындағы 285,1 мың адамға 27,1 млрд теңге сомасында тағайындалып, бұл мақсаттарға бюджеттен 98,4 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 26 Қараша, 2025
Қарағандылық оқушылар робототехника олимпиадасынан олжалы оралды
Қарағанды облысының оқушылары Италияда өткен беделді Fibonacci International Robot Olympiad робототехника олимпиадасында екі жүлде жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 26 Қараша, 2025
Ақтөбе өңірінен асыл тұқымды қазақы жылқыны экспорттау көзделіп отыр
Облыс әкімдігінің мәліметінше, аймақ басшысы Асхат Шахаров бұл туралы Jibek Joly арнасындағы «Уәде» бағдарламасында айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.