Соңғы жаңалықтар
Саясат • 02 Қазан, 2025
Қазақстан мен Мажарстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Астана мен Будапешт арасындағы тығыз әрі сенімді қарым-қатынас ғасырлар қойнауынан тамыр тартатынын және өзара құрметке негізделгенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 02 Қазан, 2025
Мерекесі кезінде мұғалімдер жалақысыз жүр
Елімізде 8 мыңнан аса мектепте 4 миллион оқушы білім алып жатыр. Соның 700-ден көбі – жеке, онда 250 мың бала оқып жүр. Орта білім ұйымдарын жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілгелі кәсіпкерлер оқу ошақтарын көптеп ашуға бет бұрған. Бірақ былтыр олар мемлекеттен берілуге тиіс субсидия қаражатын уақытылы ала алмай біраз қиналған-ды. Биыл тағы осы мәселе тағы ушықты, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 02 Қазан, 2025
Жаңа оқу жылында 10 мыңнан астам жас педагог жұмысқа қабылданған
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қазан, 2025
Бүгін Астана қаласындағы Үндістан Елшілігі Махатма Гандидің туғанына 156 жыл толуын және БҰҰ жариялаған Зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күнді Есіл өзенінің жағасындағы Ганди ескерткіші жанында салтанатты түрде атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Қазан, 2025
Ақмола астықтан рекорд жаңартуға дайын
Ақмола облысы басты астықты өңір екенін тағы айғақтады. Қазірдің өзінде 6 млн тоннадан астам астық бастырылған, ал жалпы өнім көлемі 7 млн тоннадан асады деп болжанып отыр. Мұндай жоғары көрсеткішке өңір соңғы 13 жылда жетпеген екен, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Президентімен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев шақыруын қабыл алып, Астанаға келгені үшін Тамаш Шуйокқа алғыс айтты, деп жазады Egemen.kz.
Көрме • 02 Қазан, 2025
Елордада «Заң мен тәртіп» фотокөрмесі өтті
Астанада ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналып ұйымдастырылған «Заң мен тәртіп» фотокөрмесінде полиция қызметінің сан қырын көрсететін ерекше суреттер қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 02 Қазан, 2025
Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы басталды
Бүгін мемориалдың мұз айдынына алғаш болып қыздар шықты. Олар жасөспірімдер арасында өткен қысқа бағдарламада өнер көрсеткен, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 02 Қазан, 2025
Шәкірт жүрегіне жол тапқан мұғалім
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқу-ағарту ісінде елеулі үлес қосқан мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалармен марапаттады. Соның ішінде Жезқазған қаласындағы № 8 гимназия мұғалімі Күлзира Қыдырпатшаева да бар, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 02 Қазан, 2025
Елімізде мектеп директорлары тапшылығы үш есе азайған
«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» стратегиялық жобасы 2023 жылдан бері іске асырылып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан жоба басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Қазан, 2025
Президент Binance компаниясының негізін қалаушы Чанпэн Чжаоны қабылдады
Digital Bridge 2025 халықаралық форумы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Binance компаниясының негізін қалаушы Чанпэн Чжаомен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қазан, 2025
Қ.Тоқаев Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровпен кездесті
Digital Bridge 2025 халықаралық форумының алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Стэнфорд университетінің профессорын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаев венчурлық инвестиция тарту, сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы Қазақстанның стартаптарын дамыту әлеуетін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Өнім • 02 Қазан, 2025
Азық-түлік бағасын реттеу жаңа үлгіге көшеді
Елімізде 2026 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) тізімін бекіту тәжірибесі тоқтатылмақ. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев үкімет брифингінде мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы БАӘ өкілдерімен кездесті
Мемлекет басшысы БАӘ Жасанды интеллект мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрімен және Абу Даби Денсаулық сақтау департаментінің төрағасымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 02 Қазан, 2025
Президент AI SANA Generative Nation байқауының жеңімпаздарын марапаттады
Digital Bridge 2025 халықаралық форумы аясында AI SANA Generative Nation байқауының жүлдегерлері мен жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Қазан, 2025
Павел Дуров Қазақстанда ЖИ-зертханасы ашылғанын мәлімдеді
Ол бір жыл бұрын Қазақстанда алғашқы өңірлік кеңсе ашылғанын еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан • 02 Қазан, 2025
Елімізде 20 млн тоннаға жуық астық бастырылды
Ел өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінде 12,7 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 79,3%-ы жиналған, нәтижесінде 19,8 млн тонна астық бастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 02 Қазан, 2025
«Астана Опера» елордалықтарға «Риголетто» қойылымын ұсынады
Әлемдік опера сахнасының төрінде атақты композитор Джузеппе Вердидің «Риголетто» қойылымы ең үздіктердің қатарында. «Риголетто» әлемдік репертуардың ең танымал операларының қатарына жатады. «Астана Опера» театры қазан айының 3-нен бастап қатарынан үш күн осы әлемдік деңгейдегі ғажайып туындыны елордалықтарға, қала қонақтарының назарына ранцуз режиссері Арно Бернардың жаңа қойылымында және қоюшы дирижер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаевтың басшылығымен ұсынып отыр.
Қазақстан • 02 Қазан, 2025
Су үнемдеу технологияларын қолдану аумағы 86 пайызға ұлғайтылды
Елімізде 2024 жылдан бері су үнемдеу технологияларын және суару жүйесін енгізуге арналған субсидия түрінде мемлекеттік қолдау көрсету бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Шаруалардың инфрақұрылым тарту, су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын өтеу үлесі 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ тариф құнына байланысты суармалы суға субсидияның сараланған мөлшері енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Қазан, 2025
Түркістан облысында «Құрмет» ардагерлер үйі ашылды
Халықаралық қарттар күніне орай Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылында «Құрмет» ардагерлер үйі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Қазан, 2025
Президент: «Жасанды интеллект бейбіт мақсатта ғана қолданылуға тиіс»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні тек бейбіт әрі игі мақсаттарға пайдалану керектігін атап өтіп, Қазақстанның жаһандық ынтымақтастыққа ашық екенін және «Alem.ai» халықаралық орталығы мен тұңғыш зерттеу университеті елдің цифрлық экожүйесінің өзегіне айналатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 02 Қазан, 2025
Тәттімбет мұрасы жаңа форматта ұсынылады
Астанадағы Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт залында қазақтың ұлы күйші-композиторы Тәттімбеттің 210 жылдығына арналған ерекше кеш өтеді. Шертпе күйдің шебері, Мәдениет саласының үздігі Қайрат Айтбаев көрермендерге «Сарыжайлау» атты музыкалық-поэтикалық концертін ұсынады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қазан, 2025
Жасанды интеллектіні тиімді пайдалану үшін өте маңызды үш міндетті қатар орындау керек - Президент
Мемлекет басшысы Digital Bridge 2025 халықаралық форумында сөйлеген сөзінде жасанды интеллектінің орасан зор әлеуетін Әділетті, Қауіпсіз және Қуатты Қазақстанды құру үшін қолдануға болатынын айтты, хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Энергетика • 02 Қазан, 2025
Радиоактивті материалдарды тасымалдау тәртібі өзгереді
Еліміздің Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Мәжіліске «ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасын қарастыруға ұсынды. Келісімге Үкімет 2020 жылғы 6 қарашада өткен ТМД Үкімет Басшылары Кеңесінің отырысы аясында қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы форум атауын AI Bridge деп өзгертуді ұсынды
Қ.Тоқаев Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде келер жылдан бастап форум атауын AI Bridge деп өзгерту ұсынысын ортаға салды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қазан, 2025
Тоқаев: Жасанды интеллектіні пайдалану үшін тиісті заңнамалық негіз қалыптастыру міндет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде цифрландыру ұлтымыздың менталитетіне оң әсерін тигізетінін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қазан, 2025
Президент: Жаңа технология адамзат игілігіне қызмет етуі керек
Мемлекет басшысы жаңа технологияны адамзат игілігіне пайдалануды, оны прогресс пен ынтымақтастықтың қозғаушы күшіне айналдыруды басты міндет ретінде атады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 02 Қазан, 2025
«Digital Bridge» өте маңызды пікір алмасу алаңына айналды - Президент
Мемлекет басшысы Digital Bridge 2025 халықаралық форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 02 Қазан, 2025
Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев форумның пленарлық отырысында cөз сөйлейді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.