Нис
Оқиға • 11 Қыркүйек, 2025
ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бағлан Әбдәшімұлы Бекбауов ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қыркүйек, 2025
Жасанды интеллект 50 мың қазақстандыққа жұмыс табуға көмектесті
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Enbek.kz электронды еңбек биржасында жаңа мүмкіндіктің іске қосылғанын хабарлады. Енді жұмыс іздеушілерге жасанды интеллект көмегімен бос орындарды іріктеу қызметі қолжетімді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Астанада 90 әскери міндетті он күндік жиынға шақырылды
Елордада аумақтық қорғаныс бригадасының базасында 90 әскери міндетті он күндік дайындықтан өтеді. Олардың қатарында 17 запастағы офицер, 73 сержант және қатардағы жауынгер бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 09 Қыркүйек, 2025
Биыл дуальды оқумен қамтылған студенттер саны 27 мыңға артты
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2025–2026 оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуальды оқыту жүйесіне қатысатын студенттердің саны 135 мыңға жетеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27 мыңға артық, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда жаңа министрлік құрылады
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Жолдауын жария етіп жатыр. Президент Жолдауында жасанды интеллектің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, оның жастардың мінез-құлқына әсер етіп жатқанына тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 05 Қыркүйек, 2025
Заңғар Нұрланұлы тарихи жеңіспен US Open жартылай финалына өтті
Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы US Open турнирінде тарихи жетістікке жетіп, жартылай финалға жолдама алған тұңғыш қазақстандық спортшы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Қыркүйек, 2025
Трамп Қорғаныс министрлігінің ресми атауына өзгеріс енгізеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Қорғаныс министрлігінің ресми атауына өзгеріс енгізу жөнінде шешім қабылдады. Fox News таратқан деректерге сәйкес, Ақ үй басшысы Пентагонды «Соғыс министрлігі» деп қайта атау туралы атқарушы бұйрыққа қол қояды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 04 Қыркүйек, 2025
Энергетика министрлігі Қазақстан мұнайына қатысты мәлімдеме жасады
ҚР Энергетика министрлігі еліміздегі мұнай өндіру көлемі 2 пайызға артты деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2025
Мұнай өндіру көлемі 2%-ға артты деген ақпарат рас па? Министрлік мәлімдемесі
Энергетика министрлігі тамыз айында Қазақстанда мұнай өндіру көлемі тәулігіне 1,712 млн баррель болғанын хабарлады.
Теннис • 03 Қыркүйек, 2025
Алматыда үстел теннисінен іріктеу кезеңі аяқталды
Алматыда өтіп жатқан үстел теннисінен WTT Contender Almaty халықаралық турнирінде алғашқы жарыс күні мәресіне жетті. Қатысушылар жекелей сынның іріктеу кезеңінде бақтарын сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 03 Қыркүйек, 2025
Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды
Үкіметтің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысымен бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» ММ басшысы болған Садырбаев Ерболат Алтынбекұлы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 03 Қыркүйек, 2025
Дэвис кубогінде кімдер өнер көрсетеді
12-13 қыркүйекте Қытайдың Чхунчхон қаласында теннистен Дэвис кубогінің Әлемдік тобының плей-офф сайыстары өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Қорғаныс министрі әскери оқу орындарына жаңа міндеттер жүктеді
Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов әскери оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен курсанттарға арнап сөз сөйлеп, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Ол әскери білім берудің маңыздылығына тоқталып, саланың алдында тұрған басты міндеттерді атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2025
Бұрынғы банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты
2020 жылы RBK Bank-тен 144 миллиард теңге жымқырды деп сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаев түрмеден шықты. Ақпаратты Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Қыркүйек, 2025
25 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өседі
Қазақстанда су шаруашылығы саласының мамандарына төленетін жалақы өседі. Бұл өзгерістер «Табиғи монополиялар туралы» заңға енгізілген түзетулер негізінде жүзеге асады, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 29 Тамыз, 2025
Әділет министрлігі құқықтық рәсімдерді жеңілдету жұмыстарын жүргізіп жатыр
Әділет министрлігінің басымдықтарының бірі – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ведомство онлайн-қызметтерді қарқынды дамытып, электрондық форматта мемлекеттік қызметтер спектрін кеңейтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Тамыз, 2025
Аида Балаева Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінің уақытша жабылу себебін түсіндірді
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінінің неліктен уақытша жабылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 28 Тамыз, 2025
Мұғалімдерге арналған жасанды интеллект курсы іске қосылды
Қазақстандық педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту мақсатында жаңа оқыту жобасы іске қосылды. Жаңа оқу жылы қарсаңында ұстаздардың кәсіби біліктілігін қазіргі заман талаптарына сай жетілдіру үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ЮНЕСКО-мен серіктестікте арнайы бағдарлама әзірледі. Ол халықаралық тәжірибе негізінде жасалып, қазақстандық білім беру жүйесіне бейімделген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 27 Тамыз, 2025
Ерлан Сағынаев Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Ермекұлы Сағынаев ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Теннис • 26 Тамыз, 2025
Елена Рыбакина US Open турнирін жеңіспен бастады
Әлемдік рейтингте 10-орында тұрған, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open турниріндегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Президент • 25 Тамыз, 2025
Президент Денсаулық сақтау министрін қабылдады
Мемлекет басшысына денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі мен алдағы кезеңге арналған перспективті міндеттері жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Тамыз, 2025
Еңбек министрлігі жұмыссыздарға халық санағына байланысты жұмыс ұсынады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тіркеуде тұрған 24 790 қазақстандыққа жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде SMS-хабарлама жолдайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2025
Қорғаныс министрі Абай облысындағы әскери бөлімдерді тексерді
Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жұмыс сапарымен Абай облысында орналасқан әскери бөлімдерге барды. Сапар мақсаты – әскери бөлімдердің жауынгерлік әзірлігін тексеру және жеке құрамның қызмет ету жағдайымен танысу, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 25 Тамыз, 2025
Шымкенттегі үш ауысымды оқыту мәселесі шешімін тапты
Жаңа оқу жылы қарсаңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Шымкент қаласындағы бірнеше білім беру мекемелерінде болып, олардың жұмысымен танысты. Сапар барысында министр мектептердің қауіпсіздігі, педагогтермен қамтылуы, оқушыларды тамақтандыру жүйесі және заманауи инфрақұрылымның дамуы сияқты негізгі мәселелерге ерекше көңіл бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 25 Тамыз, 2025
Су ресурстары және ирригация вице-министрі тағайындалды
Талғат Амангелдіұлы Момышев су ресурстары және ирригация вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Тамыз, 2025
Жыл басынан бері 8 мыңнан аса азамат қандас мәртебесін алды
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 451,4 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 793 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 658,4 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2025
Министр Ұлытау облысының денсаулық сақтау саласымен танысты
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында министр алдымен Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы бірқатар денсаулық сақтау нысанын аралап, мекемелердің материалдық-техникалық базасымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Тамыз, 2025
Қазақстанда шетелдік мессенджерлерді қолдануға тыйым салына ма?
Цифрлық даму министрлігі қоғамда таралып жатқан WhatsApp, Telegram және басқа да шетелдік мессенджерлерді қолдануға тыйым салынатыны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 19 Тамыз, 2025
Түйісу пункттерінің өткізу қуаты 296 млн тоннаға дейін артады
Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мемлекетаралық түйісу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2025
Министр мыс концентраттарын өңдеу процесін көзбен көрді
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі ірі кәсіпорындарға барды, деп хабарлайды Egemen.kz.