ақы
Үкімет • 28 Желтоқсан, 2023
Премьер-министр Qarmet-тегі өзекті мәселені шешуге 1 апта уақыт берді
Премьер-министр Әлихан Смайылов Qarmet компаниясының қызметі, жұмысшылардың қауіпсіздігі мен өнім көлемін ұлғайту мәселелері бойынша жиын өткізді. Жиынға орталық аппарат басшылары және компанияның жаңа иесі Андрей Лаврентьев те қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 27 Желтоқсан, 2023
Қаржы министрі қызметкерлерге жаңажылдық сыйақы беру тәртібін түсіндірді
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев аталған министрлік қызметкерлері қанша теңге мөлшерінде жаңажылдық сыйақы алатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 27 Желтоқсан, 2023
Еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері нақтыланды
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстанда ең төмен жалақы мөлшері 70 000 теңгеден 85 000 теңгеге дейін ұлғайтылады, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 26 Желтоқсан, 2023
Жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақы жаңа әдіспен есептеледі
26 желтоқсанда өткен Үкіметтің брифингінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ведомство 2024 жылы орташа жалақы мен еңбек өнімділігі көрсеткіштері бойынша ең төменгі жалақыны есептеу әдістемесін әзірлейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Зиян еңбек жағдайында жұмыс істегендер қалай төлем алады?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында зиян еңбек жағдайында жұмыс істегендерге арнаулы әлеуметтік төлемнің қалай төленетінін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 26 Желтоқсан, 2023
2024 жылы ел азаматтарын қандай өзгерістер күтіп тұр?
Еліміздің бірқатар заңдарына енгізілген өзгерістер жаңа жылдан бастап күшіне енеді. Оған сәйкес, ең төменгі жалақы мөлшері өседі, жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталып, балалар Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің бір бөлігін алады. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы қандай өзгерістер болады? Бұл туралы Egemen.kz материалынан оқи аласыздар.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2023
Жаңа жылдан бастап зейнетақы қанша пайызға өседі?
2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрін ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 7 %-ға, ынтымақты зейнетақыны – 9 %-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға ілгерілеп арттыру көзделген. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап қандай төлемдер өседі, не өзгереді?
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 7 пайызға, яғни, 3450 теңгеден 3692 теңгеге өседі. Осыған байланысты әлеуметтік жәрдемақылар мен бюджетке төленетін салық, айыппұл мөлшері де артады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 20 Желтоқсан, 2023
2024 жылы орташа зейнетақы мөлшері қанша болады?
Бүгін, 20 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2024 жылы зейнетақы бойынша қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2023
2024 жылдан бастап жұмыс берушілер қызметкерге өз қаражатынан зейнетақы жарнасын аударады
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарнасын аудара бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Спорт • 18 Желтоқсан, 2023
10 минутта қанша тапты? Шавкат Рахмонов рекордтық сыйақы алды
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 296 турнирінде жерлесіміз Шавкат Рахмоновтың жеңісі үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 14 Желтоқсан, 2023
Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының директоры тағайындалды
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен жаңадан құрылған «Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығы» ЖШС директоры болып Дәулет Сәрсенбаев тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 14 Желтоқсан, 2023
Халықтың мобильді аударымдары не үшін бақыланатыны айтылды
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ел азаматтарының мобильді аударымдарына салықтық бақылау қалай жүргізілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2023
12 баласы бар отбасыға қанша теңге мемлекеттік жәрдемақы берілетіні айтылды
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 540,8 мың отбасы жалпы сомасы 376,6 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде қараша айында 557,3 мың отбасына 37,2 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2023
Биыл зейнетақы төлеуге 3 трлн теңгеден астам қаржы жұмсалды
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 трлн 33,7 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 930,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 трлн 103,1 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2023
«1 сағат кері шегеріледі». Депутат бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің тиімділігін айтты
Келесі жылдан бастап елімізде бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі. Ұзақ талқылау мен зерттеудің нәтижесінен кейін мамандар осындай шешім қабылдаудың тиімді екенін айтып отыр. Бізде қазір екі уақыт белдеуі бойынша бағамдалады. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында басқа облыстарға қарағанда 1 сағат уақытқа артта. Келесі жылдан бастап Қазақстанның барлық аймағында бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі. Яғни Батыс аймақтағы төрт облыс және Қызылорда облысы секілді 12 облыста да сағат тілі 60 минутқа кері шегеріледі. Бұл қаншалықты тиімді болмақ? Мәжіліс депутаты Еркін Әбілден сұрап, тілдестік.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2023
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Қазақстанға қайтарылды
Үкімет пен ArcelorMittal корпорациясы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны Қазақстанға беру туралы мәмілеге келді. Мұны Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2023
Кез келген адам таксист бола алмайды. Таксистерге қойылатын талап күшейеді
Осы жылдың сәуір айында Әлеуметтік кодекс шеңберінде «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының заңына бірқатар түзету енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 07 Желтоқсан, 2023
Жұмыс беруші жалақыңызды бермей жүрсе қайда жүгіну керек?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биылғы 11 айда 961 кәсіпорын 25 мың жұмыскерге 6,4 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешегі бар екенін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2023
«Әже, Президентті көрдім». Тоқаевпен кездескен бала жылап қалды
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған болатын. Іс-сапар барысында Президент бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, Smart Bilim мектеп-гимназиясына да ат басын бұрған еді, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 06 Желтоқсан, 2023
1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері өзгереді
Келер жылдан бастап елімізде ең төменгі жалақы мөлшері мен ең төменгі зейнетақы мөлшері өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023
«13-жалақыны» кімдер алады: Жұмыс беруші жаңа жылға сыйақы беруге міндетті ме?
Еңбек шарты бойынша бір жыл ішінде қызметкерге басшылық 12 мәрте еңбекақы төлеуі тиіс. Жекелеген кейбір компанияларда әлі күнге дейін жылдың соңында «13-жалақы» терминімен сіңісті болған ынталандыру қаражаты да аударылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Желтоқсан, 2023
Жалғас Жұмағұлов Астанада өтетін жекпе-жектен қанша сыйақы алады?
Бүгін Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Naiza 55 турнирі өтеді.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2023
1 қаңтардан бастап ел азаматтары қосымша жәрдемақы алады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бюджет • 28 Қараша, 2023
Қазақстанда ақылы жолдар көбейеді
Жыл сайын еліміздегі жолдарды күтіп ұстауға 60 млрд теңге көлемінде қаржы қажет. Осы мәселеде бюджетке түсетін салмақты азайту мақсатында Көлік министрлігі ақылы жолдар қатарын көбейтуді жоспарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 23 Қараша, 2023
Зейнетақы қорындағы ақша инвестициялық жобаларға пайдаланыла ма?
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Сенаттың жалпы отырысынан кейін ірі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражат бөлу мүмкіндігі туралы пікірін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 23 Қараша, 2023
Қазақстанда су саласы қызметкерлерінің жалақысы өседі
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25% өседі, деп хабарлайды Egemen.kz Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кино • 22 Қараша, 2023
Міржақып Дулатовтың ролін сомдаған актер жаңа фильмге түсті
Qazaqstan ұлттық телеарнасының тапсырысымен түсірілген «Міржақып. Оян Қазақ» көркем фильмінде басты ролді сомдаған актер Бақыт Қажыбаев жаңа киноға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 21 Қараша, 2023
Жақып Асанов Финляндияның Әділет канцлерімен кездесті
Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов Финляндияның Әділет канцлері Туомас Пойстимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 21 Қараша, 2023
2024 жылы ең төменгі жалақы, зейнетақы, АЕК қанша болады?
Үкімет «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында 2024 жылға арналған жаңа ең төменгі жалақыны, зейнетақыны, айлық есептік көрсеткіштерді және қазақстандықтарға төлемдер мен өсімпұлдарды есептеуге қажетті басқа да көрсеткіштерді белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.