орда
Үкімет • 30 Шілде, 2025
Қызылорда облысындағы егін алқаптарын сумен қамтуға қаржы бөлінді
Үкімет резервінен Қызылорда облысының қажеттіліктері үшін 53 жылжымалы дизельді сорғы станасын сатып алуға шамамен 1 млрд теңге бөлінді, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 25 Шілде, 2025
18 жастағы маман айына 500 мың теңге табады
Кәсіптік білім алып, еңбек нарығына ерте араласқан жастардың саны артып келеді. Солардың бірі – Астанадағы кәсіптік техникалық колледждің биылғы түлегі Кирилл Савельев қаладағы белгілі асханалардың бірінде шеф-кондитер болып жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 22 Шілде, 2025
Сенаторлар Қызылорда облысындағы әлеуметтік жобалармен танысты
Сенат депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов жұмыс сапарымен Қармақшы және Қазалы аудандарына барып, аймақта жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың барысымен танысты. Тұрғындармен кездесулер барысында өңір үшін маңызды мәселелер көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 18 Шілде, 2025
Елордада Сығанақ көшесінің бір бөлігі жабылды
Бас шаһардың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы тарапынан Сығанақ көшесінің Сауран көшесінен Ақмешіт көшесіне дейінгі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 17 Шілде, 2025
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елордада осы сенбі-жексенбіде яғни 19-20 шілде күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 16 Шілде, 2025
BaiQymyz фестивалінде 16 тоннаға жуық қымыз ұсынылады
Астанада «Қазанат» ипподромында осы айдың 19-20 күндері халқымыздың киелі сусыны – қымызға арналған бұрын-соңды болмаған көлемдегі «BaiQymyz – бапталған қымыз және ұлттық тағамдар» гастрофестивалі өтетіні мәлім, оған еліміздің барлық өңірінен 50-ден астам қымыз өндіруші қатысып, жалпы көлемі 16 тоннаға жуық қымыз ұсынылады деп күтіліп отыр. Гастрофистивалге қатысу тегін болады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 14 Шілде, 2025
Астанада 1000-ға жуық әуесқой спортшы жүгіру іс-шарасына қатысты
«Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында Сарыарқа ауданында кезекті жеңіл атлетикалық жүгіру іс-шарасы өтті. Осы жолғы басты ерекшелігі – қатысушылар жаңа маршрут бойынша бақтарын сынады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Шілде, 2025
Министр Арал теңізінің құрғаған табанында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты
8 шілдеде Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қызылорда облысына барған жұмыс сапары барысында Арал теңізінің құрғаған табанында жүргізіліп жатқан орман – мелиорация жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 09 Шілде, 2025
Астанада Тұран даңғылының бір бөлігі жабылды
Аталған даңғылдың Керей-Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі учаскесі бүгіннен бастап жабылды, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 08 Шілде, 2025
Депутаттар Қызылордада салынып жатқан стадион құрылысымен танысты
Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов және Мұрат Ергешбаев өңірлерге жұмыс сапары барысында Қызылордаға барды. Онда UEFA стандартына сай салынып жатқан стадион құрылысымен танысты. Футболшылармен кездескен депутаттар олардың ұсыныс-пікірін тыңдады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 08 Шілде, 2025
Астанада Тұран даңғылының бір бөлігі уақытша жабылды
Жол бөлігінің жабылуы – Тұран даңғылының Сығанақ көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің үстіңгі қабатын салу жұмысы жалғасуына байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Шілде, 2025
Зейнеткерлер арасында шахматтан турнир өтті
Елорда күніне орай Сарайшық ауданында жеңімпаздар швейцариялық жүйе бойынша анықталатын шахматтың рапид түрінен зейнеткерлер арасында жарыс өтті, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 04 Шілде, 2025
Елордада Алматы көшесінің бір бөлігі жабылды
Астананың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы осы айдың 4-6 күндері аралығында Алматы көшесінің Сауран көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 03 Шілде, 2025
Қызылордада бір айда есірткі өсірудің 21 дерегі анықталды
Ел көлемінде 1 маусымнан «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 03 Шілде, 2025
Астанада Нұржол бульвары учаскелері уақытша жабылады
Бас шаһардың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұржол бульварының Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі аралығындағы жоғарғы қабатын салу бойынша жұмыстарды жалғастыруына байланысты тұрғындар мен қала қонақтарына көлік қозғалысы уақытша шектелетіні хабарланды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы Канаданың генерал-губернаторын құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мейрам – Канада күніне орай Генерал-губернатор Мэри Саймонға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ANTIKOR • 30 Маусым, 2025
Антикор Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кірді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Антикоррупциялық қызмет) Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылу арқылы қайта ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 29 Маусым, 2025
Қызылордадағы жедел басқару орталығы жаңғыртылды
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының ғимаратына жүргізілген күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты,деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Маусым, 2025
«Қазсушар» РМК филиалдарының біріне 30 техника берілді
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ суару маусымының барысымен және министрлік жүзеге асырып жатқан жобалардың іске асырылуымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz сала ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 26 Маусым, 2025
Президент орман шаруашылығы туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Энергетика • 26 Маусым, 2025
Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді
Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек Қызылорда облысындағы мұнай-газ өндіруші компаниялармен кеңес өткізді. Кеңесте өңірдің газ қорларын игеру, өндірісті ұлғайту және энергетикалық қауіпсіздікке үлес қосу бағытында бірқатар нақты мәселелер қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Маусым, 2025
Қызылордада «Көкарал» бөгеті қалпына келтіріліп жатыр
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов Арал ауданындағы «Көкарал» бөгетін қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 25 Маусым, 2025
Қызылордада бір аптада жасөспірімдер арасында 255 құқық бұзушылық анықталды
Елімізде кәмелетке толмағандарға түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында, ал 23:00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруіне тиым салынғаны белгілі. Осыған байланысты Қызылорда қаласында түнгі рейд ұйымдастырылып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Маусым, 2025
Президент Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
Мемлекет басшысына сот жүйесі қызметінің биылғы бес айдағы қорытындысы жөнінде мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Маусым, 2025
Президент Одиль Рено-Бассомен пікір алмасты
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Одиль Рено-Бассо Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың перспективасын талқылап, әлемдік экономиканың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң мен Тәртіп • 24 Маусым, 2025
Қызылордада 36 млн теңге жымқырған мектеп есепшісі сотталды
Жаңақорған ауданында мектептің бас есепшісі болған Абзал Сейдековке қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Ол қызмет бабын пайдаланып, мемлекеттік мекеме қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Маусым, 2025
Сыр өңіріне халықаралық туристік экспедиция келді
Маусым айында Мәскеуден бастау алған «Еуразия жүрегіне саяхат – 2025» бірегей туристік танымдық экспедициясы Қызылорда облысына келіп жетті. Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан мемлекеттері өкілдерінің басын қосқан танымдық экспедиция мақсаты – Орталық Азия елдері мен Ресей арасындағы іскерлік, гуманитарлық және ғылыми байланыстарды нығайту, сондай-ақ халықаралық әріптестікті дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 23 Маусым, 2025
Қызылордада жаза өтеушіге сәлемдемеден марихуана табылды
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің қызметкерлері жазасын өтеп жатқан азаматқа әкелінген сәлемдеме арасынан марихауана тапты, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 21 Маусым, 2025
Қызылордада иісшіл иттер көмегімен 112 қылмыс ашылды
Қызылорда облысы Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығындағы иісшіл иттердің қылмыс ашуда көмегі көп, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Маусым, 2025
Қызылорда қаласы – жаңару мен дамудың нақты үлгісіне айналуда
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары Қызылорда облысында сәтті жүзеге асырылуда, деп жазады Egemen.kz.