Ар
Аймақтар • 17 Маусым, 2025
Қарағандыда 10 мыңға жуық үйге табиғи газ тартылады
Қарағандыда газдандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр. Жақын арада қалада 10 мыңға жуық жеке тұрғын үй табиғи газға қосылады. Жоба бірнеше кезеңмен іске асырылуда және әрбір кешен нақты аудандарды қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Маусым, 2025
Қытай Қазақстанның су мамандарын оқытуды жалғастырады
Бүгінде Қазақстанның 60 су маманы Қытайда біліктілігін арттырды, осы жыл соңына дейін тағы 60 маман оқудан өтпек, курстар Қытай тарапының қаржысы есебінен ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Маусым, 2025
Қазақстанға Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров келді
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 16 Маусым, 2025
Катонқарағайда «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты фестиваль өтті
Катонқарағайдың төрінде үш күнге созылған «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты фестиваль өтті. Оған Моңғолия, Саха, Тыва, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия сынды бауырлас елдерден өнердің жарық жұлдыздары құрметті қонақ ретінде шақырылды. Осы күндерге орайластырып, қазақтың қабырғалы қаламгерлері Қалихан Ысқақ пен Дидахмет Әшімханның мерейтойлары да атап өтілді, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 16 Маусым, 2025
Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығы және Талас ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Майтөбе ауылының баурайында ауылдық клубтар арасында Art-тимбилдинг іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Маусым, 2025
Павлодар облысындағы ірі кәсіпорын 1 млрд теңгеге жуық айыппұл төледі
Ақсу қаласындағы "Қазхром" компаниясына қарасты ферроқорытпа зауытынан атмосфераға шыққан қалдықтар көлемі нормадан асып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Маусым, 2025
Жастардың саяси үдерістегі рөлі
Сарапшылардың айтуынша жастар сайлауға белсенді қатысып, мемлекеттік басқару ісіне араласуға ынталы болса, бұл демократиялық қоғамның нығаюына жол ашатын оң өзгеріс. Ендеше, жас буынның саяси белсенділігі қандай?
Спорт • 16 Маусым, 2025
Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті
Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Маусым, 2025
Спортшылар осы аптада 8 халықаралық жарысқа қатысады
Жарыстар кестесі сала министрлігінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Маусым, 2025
Қарағандыда дәрігерлер соққыға жығылды
Қарағанды облысында дәрігерге жасалған кезекті қатыгездік елді елең еткізді. 12 маусым күні облыстық балалар ауруханасында 38 жастағы ер адамның екі дәрігерге күш қолданғаны туралы ақпарат ресми расталды. Қазір күдікті соттың санкциясымен екі айға қамауға алынған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Маусым, 2025
Ерлан Қарин ҚСЗИ ұжымына жаңа директорды таныстырды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұжымына Мемлекет басшысының өкімімен институттың директоры қызметіне тағайындалған Жандос Шаймардановты таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба • 16 Маусым, 2025
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды
Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру бойынша конкурстың басталғанын жариялайды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Маусым, 2025
Өткен апта ішіндегі спорттық жетістіктер
Өткен аптада отандастарымыз спорттың жеті түрі бойынша жетістіктерге жетті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Маусым, 2025
Қазақ триатлеттері Бурабайдағы халықаралық жарыста топ жарды
Осы айдың 14-15 күндері Бурабай кентінде (Ақмола облысы) триатлоннан халықаралық жарыс өтіп, оған Қазақстан, Беларусь, Чехия, Германия, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Эстония, Түркия, Өзбекстан, Жапония елдерінен 120-дан астам спортшы қатысты. Қазақ триатлеттері Бурабайдағы халықаралық жарыста жарқырады: үш алтын және жасөспірімдер арасында толық подиум. Турнир World Triathlon халықаралық федерациясының құрлықтық күнтізбесі аясында өтті және Азия мен әлем чемпионаттарына дайындықтың маңызды кезеңі болды. Жарыс жолдары көлдер мен ормандар арқылы өтті, сөйтіп, әділ әрі әдемі жарыс үшін тамаша жағдай жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 16 Маусым, 2025
Парижде Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы ұлықталды
ЮНЕСКО штаб-пәтерінде қазақтың ұлы композиторы, дирижер және Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Шабыт бастауы: Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы» атты халықаралық көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Маусым, 2025
Үндістанда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі табылды
Үндістаннан Лондонға бағыт алған Air India AI171 ұшағының ұшу мәліметтерін жазу құрылғысы мен ұшқыштар кабинасындағы әңгімелерді жазатын құрылғы табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 16 Маусым, 2025
Медицина мамандары марапатталды
Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде Ұлытау облысының медицина саласының дәрігерлері марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 16 Маусым, 2025
Үкіметте ЖІӨ-ді өсіру мәселесі талқыланды
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өткізген кеңесте биылғы 5 айдағы еліміздің ЖІӨ өсімінің құрамдас бөлігі мен экономикаға қомақты үлес қосып отырған салалардың даму серпінін арттыру мүмкіндіктері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Маусым, 2025
Стратегиялық зерттеулер институтына жаңа директор тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 15 Маусым, 2025
Жезқазғанда заманауи Оқушылар сарайы салынады
2025 жылдың мамыр айында Ұлытау облысы әкімдігі мен Болат Өтемұратов қоры Жезқазған қаласының жаңа Батыс ауданында заманауи Оқушылар сарайын салуды көздейтін өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 15 Маусым, 2025
Адамға ең жақын, ең керекті екі мамандықтың бірі мұғалім, енді бірі дәрігер деген тәмсіл бар. Елімізде маусым айының əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні аталып өтетіні мәлім. Дәрігер мамандығының қыр-сырын қанық біліп, анық сол жолды таңдау үшін үлкен жүрек керек. Өйткені әрбір дәрігер маман адам өмірінің арашасы. Адамның қай жері ауырса, жаны сол жерде болып, ақ халатты жандардың көмегіне жүгініп, қамқорлықты сезгісі келіп, дәрігерлер қауымына сеніммен барады. Осындай сенімді үлкен жауапкершілікпен атқарып келе жатқан білікті дәрігердің бірі Нұрбек Нәдіров.
Спорт • 15 Маусым, 2025
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысындағы Бескөл ипподромында еліміздің ат спорты чемпионатының 4-ші іріктеу кезеңі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 14 Маусым, 2025
Қонаев қаласында медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік шара өтті
Қонаев қаласында медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Бұл тек мереке емес, өңір денсаулығын дамытудағы нақты нәтижелердің көрінісі болып табылуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 14 Маусым, 2025
Ертіс бойының диірменшілері қиын жағдайға қалып отыр
Қазір өңір бойынша небәрі 8 диірмен жұмыс істейді. Оның өзінде нысандардың жүктемесі 30 пайыздан аспайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 14 Маусым, 2025
Жыл басынан бері «Даму» қоры 6 мыңнан астам орта және шағын бизнес жобасын қолдады
Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және бизнестің қаржы ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры 2025 жылдың алғашқы бес айында жалпы сомасы 755,9 млрд теңгеге 6 114 жобаға қолдау көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 14 Маусым, 2025
Қазақстанда 1,8 млн гектар ауыл шаруашылығы алқабы шегіртке зиянкестеріне қарсы өңделді
Елімізде үйірлі шегірткелерге қарсы ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау науқаны жалғасуда, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 14 Маусым, 2025
Шаруаларға мемлекеттік қолдау көрсету қажет
Шаруашылығы өркендеген Шеңгелдіге арнайы атбасын бұрған Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов бірнеше шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 13 Маусым, 2025
Астанада елдің ең үздік медицина қызметкерлері марапатталды
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Астанада еліміздің денсаулық сақтау саласының үздік өкілдерін мемлекеттік және салалық марапаттармен марапаттау рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Отбасы • 13 Маусым, 2025
Астанада «ХХІ ғасыр әкесі: әрекетке шақыру» декларациясы қабылданды
Қазақстанда маусым айының әр үшінші жексенбісінде Әкелер күні аталып өтеді. Осыған орай Астанада, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Әке.Отбасы.Қоғам» X Республикалық әкелер форумы ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Маусым, 2025
Жоғарғы сотта дөңгелек үстел өтті
Жоғарғы Сотта «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қараудағы сот практикасының проблемалық мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел басындағы жиын өтті. Іс-шараға Жоғарғы Соттың судьялары, Республикалық адвокаттар алқасы, Бас прокуратура, Ішкі істер және Әділет министрліктері, Қаржы мониторингі агенттігі, Сот сараптамасы орталығы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Сот әкімшілігі және басқа да мүдделі ұйым өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.