у
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
Өрттен қалай сақтануға болады?
Электр энергиясы өмірімізді жеңілдететіні мәлім, алайда тұрмыстағы өрттердің әр үшіншісі дәл соның салдарынан болады екен. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бірнеше қарапайым ережені сақтасаңыз мұндай қауіптің алдын алу оңай, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 01 Желтоқсан, 2025
Шу өзенінің төменгі ағысы суға толтырылады
Гранттық қаржыландыру аясында Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ирригация мен мелиорация салаларында төрт жобаны жүзеге асырып жатыр. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов ғылыми ұйымның жыл басынан бері атқарған жұмысы туралы есебін тыңдады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 01 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда қарыз алушының қаржылық жүктемесін есептеудің жаңа тәсілі енгізіледі
Қазақстанда тұтынушылық қарыздардың шамадан тыс өсуі мен азаматтардың қайта-қайта мерзімін кешіктіру жағдайлары көбейгендіктен, қаржылық жүктемені есептеудің жаңа тәсілі енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2025
Жетісу облысында патрульдік полиция шетелдік азаматтарға көмек көрсетті
Үшарал ауылы маңында патрульдік полиция экипажы көлігінің дөңгелегі жарамсыз болып, жолда қалған Қытай азаматтарына қол ұшын созды. Полицейлер Алматы–Өскемен трассасында тоқтап тұрған көлікті байқап, көмекке ұмтылған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румынияның ұлттық мерекесі – Бірігу күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 01 Желтоқсан, 2025
Биыл мемлекет кәсіпкерлерге қанша трлн теңге берді?
Жыл басынан бері «Даму» қоры арқылы кәсіпкерлерге 1 трлн 739 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетіліп, 9 мыңнан астам жоба қаржыландырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 01 Желтоқсан, 2025
Қай сала көбірек несие ала бастады?
Биылғы қыркүйек айының соңында Қазақстан банк секторынан кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелер көлемі жыл басынан бері 15%-ға өсіп, 17,6 трлн теңгеге жеткен. Ақшалай мәнде несие портфелі 2,3 трлн теңгеге ұлғайған. Жалпы алғанда, елде бизнеске несие беру белсенділігі сақталып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 01 Желтоқсан, 2025
Жұлдыз Сүлейменова: Педагогтерді аттестаттау қағидалары қайта қаралады
Педагогтерді аттестаттау қағидаларын қайта қарау мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сұрақ-жауап форматында өткен талқылауда Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 01 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында арнайы салық режимінің мөлшерлемесі 2%-ға төмендетілді
Атырау қаласы мен жеті аудандық мәслихаты арнайы салық режимінің мөлшерлемесін 2 пайызға дейін төмендетуді мақұлдады. Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жаңа мөлшерлеме 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Желтоқсан, 2025
Жетісу облысында ер адамды жүк пойызы қағып кетті
Жетісу облысында жүк пойызы адамды қағып кетті. Оқиға салдарынан ер адам аяғынан жарақат алып, шұғыл түрде Сарыөзек станциясының ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 01 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда алғаш рет: Мектептерге енгізілетін бірыңғай әдістемелік нұсқаулық не үшін керек?
Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Орта білім комитеті мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бірлесе дайындаған нұсқаулық барлық мектепке таратылады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 01 Желтоқсан, 2025
Елордалық құсбегілер республикалық турнирде жоғары нәтиже көрсетті
27–29 қараша күндері Абай облысы Абай ауданына қарасты Жидебай қорығында «Абай салбұрыны – 2025» республикалық құсбегілер турнирі өтті. Биылғы дүбірлі додаға еліміздің 12 өңірінен 70-ке жуық бүркіт, 14 ителгі, 15 қаршыға және 20-дан астам тазы қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
Отбасының цифрлық картасы: 246 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) Қазақстандағы барлық мемлекеттік ақпараттық жүйелерден жинақталған деректер негізінде қалыптасады. Қазір онда 20 млн-ға жуық азамат және 6,2 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
Журналист Гүлнар Бажкеноваға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Бүгін журналист Гүлнар Бажкенованың үйінде тінту басталды. Бұл ақпаратты Алматы полиция департаменті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 01 Желтоқсан, 2025
Автономды қару-жарақ жүйелерінің мәселелері талқыланды
Астанада автономды қару-жарақ жүйелеріне (АҚЖ) арналған өңірлік дөңгелек үстел өтті. Қазақстандағы Халықаралық Қызыл Крест Комитеті (ХҚКК) миссиясы дөңгелек үстелді еліміздің Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтына (ҚСЗИ) сілтеме жасап.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2025
36 жастағы ауыл әкімі өз ауылына 345 млн теңге инвестиция тартқан
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы халыққа Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлау бастамасын көтерген еді. Сол уақыттан бері еліміз бойынша 2 334 ауыл әкімі сайланған. Бүкіл билік жүйесінің тірегі саналатын ауыл әкімдерінің ішінде нақты нәтиже көрсетіп жатқандары жеткілікті. Солардың бірі – Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округінің әкімі Медет Бекжанов, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Желтоқсан, 2025
Астанада құрылыс компаниясының қызметкерлері 7,9 млрд теңге жымқырған
Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Qyran» тұрғын үй кешенінен ақша қаражатын жымқыру схемасын ұйымдастырған құрылыс компаниясының қызметкерлерін тексеріп жатыр. Алаяқтық нәтижесінде азаматтар мен компанияға жалпы 7,9 млрд теңге шығын келтірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
Қазақстанның туристік сақтандыру нарығында өсу көрсеткіші байқалды
Туристік сақтандыру нарығы дүниежүзінде тұрақты өсіп жатыр. Бұл динамикаға халықаралық сапарлардың артуы, сақтандыру саласына цифрлық шешімдердің енгізілуі және туристер полистерді онлайн рәсімдейтін платформалардың кеңеюі әсер етіп отыр. Мемлекеттік құрылымдар мен туроператорлардың саяхат кезінде сақтандыруды негізгі қорғаныс құралы ретінде жиі ұсынуы да сұранысты арттырып отыр. Қазақстанда да туристік сақтандыру нарығы өсіп келеді, бірақ сегменттің үлесі небәрі 1%, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 01 Желтоқсан, 2025
Kaspi.kz түркиялық банкті сатып алуға қатысты мәмілені кейінге қалдырды
Kaspi.kz түркиялық банкті сатып алуға қатысты мәміленің аяқталу мерзімін 2026 жылдың ортасына дейін шегерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 01 Желтоқсан, 2025
Павел Дуров Amazon-ға бәсекелес болатын платформасын таныстырды
Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Confidential Compute Open Network платформасын іске қосты. Аталған платформа ақпарат іздеуде ЖИ мүмкіндіктерін қолданушылардың жеке деректері мен құпиясын 100% сақтауға кепілдік беріп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 01 Желтоқсан, 2025
Қыстың алғашқы күнінде ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» синоптиктері 2025 жылғы 1 желтоқсанда республика аумағындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 01 Желтоқсан, 2025
Ауыл мектептерінің оқушылары республикалық жарыста топ жарды
25-29 қараша аралығында Астана қаласында өткен ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиадада жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 36 оқушы бақ сынады. Алматы облысының оқушылары айқын жеңіске жетіп, 18 жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 01 Желтоқсан, 2025
Украина Қазақстанның наразылығына қатысты жауап берді
Украина Сыртқы істер министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КТК) инфрақұрылымына Новороссийск портында жасалған шабуылға байланысты Қазақстанның алаңдаушылығына ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 30 Қараша, 2025
Талдықорғанда тергеу изоляторында заманауи дәрігерлік амбулатория ашылды
Талдықорғандағы ҚАЖК №71 мекемесінде жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Бұл орталық тергеудегі азаматтарға сапалы медициналық көмекті бір жерде, жедел көрсетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қараша, 2025
Павлодарда үш апта бұрын жоғалған ер адам әлі іздестіріліп жатыр
Павлодар облысында 3 аптадан астам уақыт бұрын – 2025 жылдың 5 қарашасынан бастап із-түссіз жоғалған ер адамды құтқарушылар мен полиция үздіксіз іздеп жатыр. Жоғалған адам 1968 жылы туған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Қараша, 2025
«Астана» футбол клубы жабылуы мүмкін
Қазақстан футболының ең қымбат жобаларының бірі, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған «Астана» бүгінде бұрын-соңды болмаған дағдарыстың қақ ортасында тұр, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 30 Қараша, 2025
Талдықорғанда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Талдықорғанда ерекше форматтағы акция ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Қараша, 2025
Президент Садыр Жапаровты Жогорку Кенеш сайлауының табысты өтуімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші сайлауының табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Заң • 30 Қараша, 2025
Атырауда бес күнде борышкерлерден 20 млн теңге айыппұл өндірілді
Атырау облысында әкімшілік айыппұлын төлемей жүргендерді анықтау мақсатында бірлескен рейд өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 30 Қараша, 2025
«Атырау» футбол клубы бас бапкермен келісімшартты ұзартты
Жергілікті футбол клубының директоры Қуандық Жақиялиев бас бапкер Виталий Жкуовскиймен келіссөз жүргізді, деп жазады Egemen.kz.