и
Қоғам • 11 Қыркүйек, 2025
«Ауыл» партиясы Парламенттік реформаны қолдайды
Бүгін Астанада «Ауыл» партиясының Төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған республикалық партиялық активтің отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 11 Қыркүйек, 2025
Жамбыл филармониясында – жаңа маусым
Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық филармония солистерінің 90-шы мерейтойлық маусымы ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 11 Қыркүйек, 2025
Қазақстанның ЖІӨ сегіз айда 6,5%-ға өсті
Қазақстанның жалпы ішкі өнімі биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында 6,5%-ға өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл көрсеткішке сауда, өнеркәсіп және байланыс салаларындағы тұрақты өсім ықпал еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 10 Қыркүйек, 2025
Семейде кәріз құдығына түскен екі жұмысшы есінен танып қалған
Семейде облыстық сот ғимаратының маңында ТЭЦ-тің үш қызметкері кәріз құдығына түскен, соның ішінде екеуі есінен танып қалған, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 10 Қыркүйек, 2025
Алдағы күндері кейбір аймақтарға үсік жүреді
Алдағы күндері республиканың оңтүстік өңірлерінен басқа аумақтарында күзгі, салқын әрі жаңбырлы ауа райы күтіледі. Бұған солтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер себеп болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2025
Қызылордада учаскелік полиция инспекторлары 16 мыңнан астам үйді аралады
«Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіп күзетінде» қағидатын іске асыру мақсатында Қызылорда облысы көлемінде «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Оның барысында учаскелік полиция инспекторлары 16 мыңнан астам үйді аралап, 205 саяжай мен 285 шаруа қожалықтарын тексерді, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 10 Қыркүйек, 2025
Роботтар мен дрондар электр-жылу желілерін диагностикалау үшін қолданылмақ
Елімізде жылан тәрізді роботтар мен дрондар электр-жылу желілерін диагностикалау үшін қолданылмақ, деп жазады Egemen.kz.
Партия • 10 Қыркүйек, 2025
ЖСДП: Бір палаталы Парламентке көшу – демократия жолындағы шешуші қадам
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жарияланған бастамаларға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 10 Қыркүйек, 2025
Жолдаудағы инфрақұрылымдық бастамалар - ел дамуының тірегі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында дамудың басым бағыттарын айқындап, соның ішінде тұрғын үй-коммуналдық және су инфрақұрылымын жаңғыртуды тұрақты экономикалық өсудің негізгі факторы ретінде ерекше атап өтті. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры Әлия Мұрзағалиева осы бастамалардың стратегиялық маңыздылығына қатысты пікір білдірді.
Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2025
Қазақстан Таланттылардың әлемдік рейтингінде 34 орынға ие болды
Бүгін IMD Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы IMD 2025 Таланттылардың әлемдік рейтингінің (IMD World Talent Ranking 2025) нәтижелерін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 10 Қыркүйек, 2025
Мексикада қатыгез видеойындарға салық салу ұсынылды
Мексика билігі зорлық-зомбылық элементтері бар видеойындарға арнайы салық енгізуді жоспарлап отыр. Бұл бастама 2026 жылға арналған бюджет жобасына енгізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 10 Қыркүйек, 2025
Виктория Графеева әлем чемпионатында өзбек боксшысын жеңді
Бүгін Ливерпульде бокстан әлем чемпионатының ширек финалдық бәсекелері өтіп жатыр. Жаһан біріншілігінің бұл кезеңінде Қазақстан құрамасы сапынан алғаш болып Виктория Графеева шаршы алаңға шықты, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 10 Қыркүйек, 2025
Қорғаныс министрлігінде Президент Жолдауын іске асыру тетіктері талқыланды
Астанада авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың басшылығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерге сәйкес қорғаныс ведомствосының даму басымдықтары айқындалды, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 10 Қыркүйек, 2025
Депутат емделмейтін ауруға шалдыққан балаларды қолдау стандартын бекітуді ұсынды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ирина Смирнова балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселесінің әлі де шешімін таппағанын айтып, Премьер-министрдің орынбасары Е.Көшербаевқа қарата депутаттық сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Қыркүйек, 2025
Қ.Тоқаев Конго Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Президент бүгін екі ел жылнамасындағы тарихи күн екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Конго президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасы Президентінің елімізге алғашқы сапарын тарихи сәт ретінде атап өтіп, оның Астанаға үлкен делегациямен келуін қазақ халқына көрсеткен зор құрмет деп бағалады, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 10 Қыркүйек, 2025
Бурабайда «Таза орман» экокүні өтті
4 қыркүйекте Бурабай ұлттық паркінде «Таза орман» атты экологиялық акция өтті. Іс-шара Орталық Азияның Тұрақты Даму Қоры Creative Innovation Institute бастамасымен, Болектау тауына жаңа экотропаның таныстырылымы қарсаңында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 10 Қыркүйек, 2025
Жасанды интеллект туралы заң жыл соңына дейін қабылданады
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Президент Жолдауында айтылған тапсырмалардың орындалу мерзімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 10 Қыркүйек, 2025
Ермұрат Бәпи парламенттік реформаға белсене араласуға шақырды
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауына байланысты депутаттық сауал жолдап, қоғамды жаңа реформаларды мемлекетшілдікпен қабылдауға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феликс Чисекеди келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2025
Мәжіліс ең төменгі жалақыға қатысты конвенцияны ратификациялады
Мәжіліс ең төменгі жалақыны айқындау тәсілдеріне қатысты №131 Халықаралық еңбек ұйымы конвенциясын бекітті. Бұл құжатта дамушы елдердің жағдайы ерекше ескерілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 10 Қыркүйек, 2025
Цифрлық штаб Президент Жолдауын орындау үшін бірқатар шешімдер қабылдады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Цифрлық штабтың отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2025
Қазақстан – ғарыштық диалогтың жаңа алаңы
Біздің ғасыр ғылым мен технологияның қарқынды дамыған дәуірі ретінде есте қалары сөзсіз. Әсіресе, ғарыш саласы бүгінде мемлекеттердің даму деңгейін көрсететін стратегиялық бағыттардың біріне айналды. Ғарышты игеру тек қана жаңа ғылыми жаңалықтарды ашу емес, сонымен қатар елдің экономикалық, қорғаныстық және технологиялық әлеуетін арттыратын маңызды қадам, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2025
Қаңтар оқиғасы кезінде қару ұрлаған күдіктілер ұсталды
Ішкі істер министрлігінің дерегінше, биыл елімізде заңсыз айналымнан 50-ге жуық атыс қаруы, 500-ден астам оқ-дәрі мен 6 жарылғыш зат алынды. Сондай-ақ 12 жасырын қоймадан қару-жарақ табылды. Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған 6 қару мен полицияға тиесілі арнайы жабдықтар да тәркіленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 10 Қыркүйек, 2025
100 мыңға жуық студент ЖИ технологиялары бойынша оқытылады
Президент 8 қыркүйектегі Жолдауында экономиканы жан-жақты цифрлық жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейтінін атап өткен болатын, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2025
Елімізде Киберқауіпсіздік орталығы құрылады
Қазақстанда жылу-электр орталықтары мен жалпы отын-энергетика кешенін киберқауіптен қорғау мақсатында арнайы ақпараттық қауіпсіздік орталығы құрылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 10 Қыркүйек, 2025
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясы фракциясының мүшесі Олжас Құспеков Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдап, коммерциялық іс-шараларда тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерін шамадан тыс тарту мәселесін көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 10 Қыркүйек, 2025
Әлем чемпионаты: Назым Қызайбай қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Қазақ боксшысы Назым Қызайбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда 13 қыркүйектен бастап су тұтынуға тәуліктік лимит енгізіледі
13 қыркүйектен бастап Қазақстанда су тұтынуға тәуліктік лимит енгізіледі. Әр адамға 140 литрден аспайтын норма белгіленіп, артық пайдаланған су қымбат тарифпен есептелмек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында көпқабатты үйдің жанынан 20 жастағы жігіттің денесі табылды
Жас жігіттің денесін Алматы облысының Бесағаш ауылындағы көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.