и
Ауа райы • 09 Қыркүйек, 2025
Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды
Синоптиктердің болжауынша Қазақстанның бірқатар аймағында жаңбыр жауып, жел күшейіп, найзағай ойнайды, осыған байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 09 Қыркүйек, 2025
Мәжіліс Спикері, «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша партия активімен кеңейтілген отырыс өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Қыркүйек, 2025
Қазақстандық студенттер III Түркі универсиадасында 23 медаль иеленді
Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында 3–9 қыркүйек аралығында өткен III Түркі универсиадасында қазақстандық студенттер 23 медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 09 Қыркүйек, 2025
Атырау қаласына қарасты Береке ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды
Береке ауылында салынып жатқан жаңа медициналық нысанның құрылысы толықтай аяқталды. Амбулатория бір уақытта 25 келушіні қабылдауға мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың ақпан айында басталып, белгіленген мерзімде қорытындыланды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Президент • 09 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохадағы Израильдің әскери акциясын айыптады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жүзеге асырған әскери акцияға қатысты пікір білдірді.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында жас жігіт биіктен құлап көз жұмды
Алматы облысының Бесағаш ауылында 20 жастағы жігіт көпқабатты үйден құлап, көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2025
«Тик-Ток» арқылы жұртты алдап келген қылмыстық топтың жолы кесілді
Павлодар облысы киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіде «Oncharge» дүкені атынан жалған жарнама жариялап келген қылмыстық топты қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда 2027 жылы Amazon спутниктік интернеті қолжетімді болады
Amazon компаниясының Kuiper жобасы аясындағы спутниктік интернет 2027 жылдан бастап Қазақстанда қолжетімді болмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
«Байтақ» партиясы Жолдау бойынша баспасөз конференциясын өткізді
2025 жылғы 9 қыркүйекте Астанада «Байтақ» жасылдар партиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына байланысты арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. «Жолдау – жасыл Қазақстанға бастар жол» атауымен өткен жиында партияның ресми ұстанымы жарияланып, экологиялық мәселелерге қатысты ұсыныстар талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Алматыда самокат мінген жігіт ескерту жасаған ер адамның көзін шығарып жіберді
Алматы қаласының Алмалы ауданында самокат жүргізушісі өзіне ескерту жасаған ер адамның көзін шығарып жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 09 Қыркүйек, 2025
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Ливерпульде өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Бас прокуратура Google деректерінің таралуына байланысты ескерту жасады
Қазақстанның Бас прокуратурасы Google-дағы 2,5 миллиард Gmail қолданушының деректері тарап кеткенін хабарлады. Осыған байланысты құзырлы орган ел азаматтарына Gmail-дағы құпиясөзін өзгертуге кеңес беріп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Қыркүйек, 2025
Қазақстандық садақшылар әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді
Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан садақ атудан әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 09 Қыркүйек, 2025
Су үнемдеу технологияларын дамытуға 214 млрд теңге бөлінеді
Алдағы үш жыл ішінде мемлекет ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізуді қолдауға 214,6 млрд теңгеден астам қаражат бөледі. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкіметтің кезекті отырысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Ерлан Қарин Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Парламент Мәжілісіндегі алты саяси партияның фракция жетекшілерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 09 Қыркүйек, 2025
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Астанада 90 әскери міндетті он күндік жиынға шақырылды
Елордада аумақтық қорғаныс бригадасының базасында 90 әскери міндетті он күндік дайындықтан өтеді. Олардың қатарында 17 запастағы офицер, 73 сержант және қатардағы жауынгер бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 09 Қыркүйек, 2025
Жасанды интеллект цифрлы сауат ашуда жаңа стандартқа айналды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында цифрлық өзгерістер мен ЖИ-ды енгізудің маңызына айрықша басым мән берді. Мемлекет басшысы «Қазақстанды үш жыл ішінде толыққанды цифрлық елге айналдыру» стратегиялық міндетін қойып, бұл үрдістің елдің болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті.
Білім • 09 Қыркүйек, 2025
Қазақстандағы магистратура мен докторантураға қабылдау нәтижелері жарияланды
2025–2026 оқу жылына докторантураға 2 919, магистратураға 13 554 мемлекеттік грант бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Қыркүйек, 2025
Әлеуметтік паразитизм: масылдық мәні неде?
Мемлекет ағзасы – қоғам, ал оның әрбір жасушасы – адам. Сондықтан жеке адамның болмысындағы жақсы-жаман қасиеттер қоғамның да ахуалынан хабар береді. Адам бойындағы жалқаулық, тоғышарлық, масылдық сияқты мінез кеселдері халық санасына да сіңіп, бүгінде рухани дерттің айқын белгілеріне айналып отыр. Ғылым тілінде мұндай құбылыс «әлеуметтік паразитизм» деп аталады.
Әлем • 09 Қыркүйек, 2025
Мексикада жүк көлігі пойызбен соқтығысып, 10 адам қаза тапты
Мексикада канадалық Pacific Kansas City de Mexico теміржол компаниясына тиесілі пойыз жолды кесіп өтпек болған екі қабатты жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Салдарынан 10 адам қаза тауып, 61 адам түрлі дәрежеде жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Президент • 09 Қыркүйек, 2025
Президент Конституциялық сот төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Қыркүйек, 2025
Қуанышбек Есекеев Президенттің көмекшісі болып тағайындалды
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында айтылды, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 09 Қыркүйек, 2025
Алтыналмас өз қызметкерлерінің біліміне инвестиция салып келеді: 15 жылда 227 грант берілді
Қазақстандық «Алтыналмас» алтын өндіруші компаниясы 15 жыл қатарынан өз қызметкерлері мен олардың балаларына білім беру гранттары бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бұл уақыт ішінде компания есебінен 227 адам орта арнайы немесе жоғары білім алуға мүмкіндік алды, олардың 74-і оқуын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 09 Қыркүйек, 2025
Ұлытауда медициналық көмекті жетілдіру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келген кезде Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы бірқатар денсаулық сақтау нысанын аралап, мекемелердің материалдық-техникалық базасымен танысты. Министр осы сапарында өңірде Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы жұмыс тобы жұмыс істейтінін жеткізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 09 Қыркүйек, 2025
Цифрлық кодекс Мемлекет басшысы белгілеген мерзімде қабылданады
Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстанның Цифрлық кодексі Мемлекет басшысы белгілеген мерзімде қабылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Балқаштағы мектептерге жарылғыш зат қойылғаны рас па
Әлеуметтік желілерде Балқаш қаласындағы мектептерге жарылғыш зат қойылды деген ақпарат тарағанымен, ол жалған болып шықты. Бұл туралы Қарағанды облысының Полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонды Тәжікстанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 09 Қыркүйек, 2025
Биыл дуальды оқумен қамтылған студенттер саны 27 мыңға артты
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2025–2026 оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуальды оқыту жүйесіне қатысатын студенттердің саны 135 мыңға жетеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27 мыңға артық, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Вануатуда жер сілкінісі тіркелді
Кеше Гринвич уақытымен 21:47-де Вануату аймағында магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.