Ар
Спорт • 26 Мамыр, 2025
Спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері
Сала министрлігі өткен аптаға шолу жасады. Қазақ спортшылары 5 спорт түрі бойынша жеңістерге жеткен, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 26 Мамыр, 2025
Әлемдік брендтер отандық нарыққа шығады
Қазақстан нарығына көптеген әлемдік бренд еніп жатыр. Қазір жұмыс істеп жатқандарымен қатар нарыққа шығуды жоспарлап отырған ірі компаниялар да баршылық. Бұл туралы шетел инвестициясын тарту төңірегіндегі мәліметпен бөлісе отырып, сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шахмат • 26 Мамыр, 2025
Бибісара Асаубаева гроссмейстер атағын жеңіп алды
Қазақ шахматшысы Бибісара Асаубаева БАӘ-де өткен беделді Sharjah Masters 2025 супертурнирінде тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Мамыр, 2025
22 күн бұрын жоғалған студент әлі табылмады
Солтүстік Қазақстан университетінің 4 мамырдан бері із-түзсіз жоғалған екінші курс студенті Анатолий Филипповтан әлі күнге еш хабар жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Мамыр, 2025
Мәжіліс депутаттары әскери колледжде көшпелі отырыс өткізді
Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 26 Мамыр, 2025
Алматыда 5 мыңнан астам алаяқтық хабарлама бұғатталған
Алматы облысы прокуратурасы интернет-алаяқтықтарға қарсы ірі онлайн-платформалармен біріккен. Осы бағытта Krisha.kz, Kolesa.kz, OLX.kz-тен 5 мыңнан астам алаяқтық хабарламаны бұғаттап, тағы 7 мың аккаунтты тексеруге алған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 26 Мамыр, 2025
Президент қоғам қайраткерлеріне мемлекеттік наградаларды табыстады
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Равиль Шырдабаевқа «Отан» орденін, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Тоқпановқа I дәрежелі «Барыс» орденін салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz Аққорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң мен Тәртіп • 26 Мамыр, 2025
Жетісайдағы жанар-жағар май бекетіндегі кісі өліміне кінәлілер сотталды
Түркістан облысы Жетісай ауданындағы автогаз құю бекетінде екі адам қаза болған еді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2025
Жаңаарқада «Жас сақшы» кадет сыныбы ашылды
Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы орталығында Оразалы Жұмабеков атындағы тірек мектебінде «Жас сақшы» кадет сыныбы ашылды. Сыныпқа қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция капитаны Сәкен Салтанатұлы Әшімовтің есімі берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 26 Мамыр, 2025
Балалар денсаулығын қорғауға ерекше назар аударылады - министр
Елімізде жыл сайын 360 мыңнан астам сәби дүниеге келеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы маңызды кездесулер өткізеді
Осы аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірқатар маңызды халықаралық және ішкі іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 25 Мамыр, 2025
Жоламан Биғабыл - Азия чемпионы!
Каратэші Жоламан Биғабыл Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 25 Мамыр, 2025
АШМ 880 мың гектарға жуық егіс алқабын шегіртке жайлағанын мәлімдеді
Ауыл шаруашылығы министрлігі 880 мың гектарға жуық егіс алқабын шегіртке басқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 24 Мамыр, 2025
Аралда шегірткеге қарсы улау жұмысы күшейтілді
Әлеуметтік желіде Арал ауданы Қарақұм ауылдық округін шегіртке қаптағаны жайлы видео жарияланды. Бейнеүзіктен шегіртке шеруінің біраз аумақты басып алғаны анық байқалып тұр. Осыған байланысты облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасына хабарластық.
Әскер • 24 Мамыр, 2025
Астанада «Айбын» жастар сайысына іріктеу кезеңінің жеңімпаздары аталды
68665 әскери бөлімінде жарыстар өтіп, нәтижесінде Ақтөбе қаласында өтетін XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысатындар анықталды.
Қаржы • 24 Мамыр, 2025
Банктер бірыңғай QR жүйесіне қосылуға міндеттеле бастады
Енді QR банктерді бәріміз біріміз үшін біріміз бәріміз үшін деген шартқа жақындатты. Банктер және банк қызметі туралы жаңа заң шеңберінде барлық банктерді осы жүйеге міндетті түрде қосу бекітілетін болады. Қазақстанның Ұлттық банкі бірқатар банктермен бірлесіп 2025 жылдың соңына дейін бірыңғай QR-кодты енгізуді жоспарлап отыр, келесі жылдан бастап жүйеге қалған банктер қосылады, деп хабарлады Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Бинур Жаленов, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 24 Мамыр, 2025
Криптовалюта платформасы құрылады
Криптовалюта өмірімізге тереңдеп енсе де «Көлеңкелі нарықта жүрген 95 пайыздың құқығын кім қорғайды?» деген сауалға әлі жауап жоқ. Бірақ крипто саудасын ешкімнің тоқтата алмайтыны белгілі болып қалды. ҰБ енді сол 95 пайыз криптоинвесторды заңды айналымға шығармаққа талпынып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 24 Мамыр, 2025
Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы – қазіргі заманның басты күн тәртібіндегі мәселелердің бірі. Осы бағыттағы нақты шешімдердің бірі – Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылып жатқан «Batys AgroHub» жобасы. Бұл бастама КПО б.в. консорциумының акционерлері – «Shell Қазақстан» және «Eni» компанияларының қолдауымен іске асырылып отыр.
Шаруашылық • 24 Мамыр, 2025
Сәтбаев атындағы каналда 17 трансформатор мен 19 сорғы қондырғысы жөнделеді
Су ресурстары және ирригация министрлігі Қ.Сәтбаев атындағы каналда 19 сорғы қондырғысы мен электр жабдықтарын ауыстыру жұмыстарын бастады. Бүгінде 17 трансформаторды жеткізу бойынша келісімшарттар жасалып, 9 қосалқы жабдық сатып алынды.
Спорт • 24 Мамыр, 2025
Кирилл Герасименко үстел теннисінен Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/16 финалында жеңіліс тапты. Алғашқы екі айналымда сингапурлық К Чю мен жапониялық Хироко Шинозутаға шаң қаптырған отандасымыз 1/16 финалда Бразилияның беткеұстар ойыншысы Уго Кальдераноға 2:4 есебімен есе жіберді.
Балалар • 23 Мамыр, 2025
Балаларға арналған пайдалы стартаптар
Digital дәуірде дүниеге келген ұрпақ үшін технология атаулы еш таңсық емес. Сол себепті балаларға арналған цифрлық қосымшалар мен білім беру жобаларының маңызы бұрынғыдан да арта түсті. Оқу жылының аяқталуына орай «Astana Hub» білім саласына заманауи EdTech-шешімдер енгізіп жүрген отандық жобалардың топтамасын ұсынған еді. Бұл стартаптар оқу үдерісін жетілдіріп қана қоймай, оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар мен студенттерге жаңа мүмкіндіктер ашады. Бүгінде олардың кейбірі халықаралық деңгейде мойындалып, білім беру жүйесіне серпін беріп отыр.
Үкімет • 23 Мамыр, 2025
Қытай корпорациясымен бірлескен жобалар талқыланды
Бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының (CNPC) президенті Хоу Цицзюньмен жұмыс бабындағы кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Денсаулық • 23 Мамыр, 2025
Кофе сізді оятпайды, керісінше шаршата ма?
Көпшілігіміз таңды бір шыны кофесіз елестете алмаймыз. Кейде тіпті: «Бүгін кофемен ғана тірімін» деп әзілдейтініміз рас. Алайда үнемі шаршап жүрудің себебі сол кофенің өзі болуы мүмкін екенін ойланып көрдіңіз бе?
Қоғам • 23 Мамыр, 2025
Дәрі-дәрмек бағасы қайта қаралып жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарға баға қалыптастыру жүйесін ауқымды түрде қайта қарап жатыр. Басты мақсат – препараттардың бағасын төмендету, олардың қолжетімділігін арттыру және пациенттердің қаржылық жүктемесін азайту. Бүгінде Қазақстанда шамамен 6 мың дәрілік зат тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 23 Мамыр, 2025
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу талабы түсіндірілді
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен қолға алынған Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің талаптарын түсіндіру мақсатында мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың жас мамандарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Мамыр, 2025
Интернеттегі ойындар балалардың ойын улап жатыр
Қазіргі кезде интернетте балалар мен жасөспірімдерге бағытталған қауіпті ойындардың түр-түрі бар. «Тихий дом», «Разбуди меня в 4:20», «Море китов», «Синий кит», «Красный дельфин», «Млечный путь», «U19», «F57», «SchoolBoy RunaWay – Stealth» сияқты ойындар әлі күнге дейін балалардың санасын улап, олардың өміріне қауіп төндіріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 23 Мамыр, 2025
Марсқа қоныстану ақиқатқа айнала ма
Адамзаттың Марсқа қоныстану арманы ғылыми фантастикадан шынайы мақсатқа айналып келеді. NASA, ESA және SpaceX сияқты компаниялар бұл бағытта нақты қадамдар жасап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 23 Мамыр, 2025
Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан U22 Азия чемпионаты финалында 54 келіде Элина Базарова қоржынға алғашқы алтын медальді салды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Мамыр, 2025
Түркістан облысында арызданушылардың саны артқан
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ықпалымен жыл басынан бері 78 азаматтың, оның ішінде сыртқы байқау қорытындысымен 40 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Мамыр, 2025
Президент Бала құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа бала құқықтарын қорғау және жас ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайту бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.