Ар
Айбын • 23 Мамыр, 2025
Шекара – елдің кіре берісі, абыройдың асқар биігі
Қазақстан – ұлан-ғайыр атырапқа жайылған, төрт тарапқа теңескен кең байтақ ел. Оның әрбір тас жолы, әрбір шекара сызығы – тәуелсіздігіміздің тірегі, тыныштығымыздың қамалы. Ал осы шекара шебінде жүріп, халқымыздың мамыражай тірлігін қамтамасыз ету – мен сияқты мыңдаған сарбаздың, офицердің қасиетті борышы.
Заң • 23 Мамыр, 2025
Тұлға еңбегі насихатталуы керек
Алаштың алғашқы конституциясы деп бағаланған «Қазақ елінің уставы» еңбегінің авторы Барлыбек Сырттанұлы туралы біреу білсе, біреу білмейді. 20 ғасыр басындағы рухани, саяси элита шоғырында ерекше аталатын тұлға қазіргі Ата заңымыздың негізін қалаған. Оның бұл еңбегі - Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сынды құқықтық нормалардың жаңғырығы, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 23 Мамыр, 2025
Шаруалар енді еріген қар суын рұқсатсыз жинай алады
Жаңа Су кодексіне сәйкес бұл үшін көлемі 2 млн текше метрден аспайтын тоған немесе қойма салу қажеттігі туындайды, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 23 Мамыр, 2025
Обырға шалдыққан балалар EFW мінберінде сән үлгісін көрсетті
Елдік шеңберінен шығып, сән әлемінің халықаралық мінберіне айналған EURASIAN FASHION WEEK FW 25/26 биыл тосын сыйлар мен тамаша жаңалықтарға толы болды. Биылғы маусымның тақырыбы – Fluidum – дәуірлер тезінен шыққан көркем әлемнің үздіксіз қимылы мен икемділігін паш етіп, гендерлік шектеулер мен мәдени шекараларды бұзған еркіндік символы іспетті болды. Бұл жәй ғана мода емес – сән әлемін өнер, бизнес пен әлеуметтік платформа ретінде таныта алатын, талантты дизайнерлердің бағын ашатын алаң десек те болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 23 Мамыр, 2025
Қазақстан Қарулы күштерінің делегациясы Түркияға барды
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылығымен Қазақстан Қарулы күштерінің делегациясы Анкара қаласына барды. Сұлтан Қамалетдинов Түркия Қорғаныс министрі Яшар Гюлермен және Түркия Қарулы күштері Бас штабының бастығы армия генералы Метин Гюракпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2025
Н.Әбдіров халықаралық әріптестерімен электоралды мәселелерді талқылады
Осы айдың 19-20 күндері Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Польша Республикасына жұмыс сапары аясында электоралдық процес мәселелері бойынша халықаралық әріптестермен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Іс-шараларға ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман да қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 23 Мамыр, 2025
Президент Жасыл климат қорының атқарушы директорын қабылдады
Кездесуде Қазақстан мен Жасыл климат қорының ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таным • 23 Мамыр, 2025
Ми қай кезде өз-өзін тазартады
Күн сайын миымыз миллиондаған ақпаратты өңдеп, ойлап, есте сақтап, шешім қабылдап, жүйкеге салмақ түсіретін жұмыс атқарады. Ал түнде ұйықтағанда біз тек демалып жатырмыз деп ойлаймыз. Бірақ шын мәнінде, дәл осы кезде ми өте маңызды бір істі атқарады — өзін-өзі тазартады, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 23 Мамыр, 2025
Алматы таулы аймақтарында жаңа жұмыс орындары көбейеді
Алматы маңында қолға алынатын жаңа тау кластері жобасы шеңберінде ашылып жатқан тұрақты және маусымдық жұмыс орындары – таулы аймақ ауылдарының жастарын тұрақтандыруды да көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 23 Мамыр, 2025
Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Мамыр, 2025
Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан Елшісі лауазымынан босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 23 Мамыр, 2025
Қазақстанның бірқатар елдердегі Елшілері тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Мамыр, 2025
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны іске асыру мақсатында, қала тұрғындарының бастамалары мен ұсыныстары негізінде, қаланы абаттандыру мен дамытуға бағытталған жоба-өтінімдер Тараз қаласы әкімдігінің ресми сайтындағы «Халық қатысатын бюджет» электрондық парақшасы арқылы қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 23 Мамыр, 2025
Алматыда 9 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты
Қалада жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді. Бүгінде 14-35 жас аралығындағы тұрғындар саны 695,6 мыңнан асады. Бұл мегаполис халқының 32 пайызы. Оның 442,3 мыңын жұмыс істейтін жастар құрайды. Жоғары оқу орындары мен колледждерде оқитындары 287,4 мыңды құраса, 80 мыңға жуығы жоғары сынып оқушылары, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Мамыр, 2025
Бүгін – Кемел Ақышев дүниеге келген күн
Тұп-тура 101 жыл бұрын қазақ археологиясының атасы атанған ғалым, «Алтын адамды» алғаш тапқан археолог, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткер Кемел Ақышев дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 23 Мамыр, 2025
Алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу жоспары талқыланды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Дания Корольдігінің Ресей Федерациясындағы, Қазақстан Республикасындағы және Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы Йеспер Вармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 23 Мамыр, 2025
Шандақсор су қоймасында балық қырылып жатыр
Солнечный кентінің тұрғындары ГРЭС-2 су қоймасында балықтардың жаппай қырылып жатқанын айтып, дабыл қағуда. Оқиға орнына арнайы комиссия шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 22 Мамыр, 2025
Павлодарда оқушыны үшкір затпен түйреп өткен мұғалім кінәсіз деп танылды
Полиция сотқа дейінгі өндірісті тоқтатып, оқушыны арқасынан өткір затпен түйреген ұстаз дене жарақатын салмаған деген қорытынды жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 22 Мамыр, 2025
22 мамыр мен 1 маусым аралығында Қазақстанда алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны өтуде.
Бокс • 22 Мамыр, 2025
Азия додасын ер боксшылар 10 алтынмен аяқтады
Шри-Ланкада өтіп жатқан Азия чемпионатын Қазақстан құрамасының (U19) бас бапкері Мақсат Бақтыбазар қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz Qazsporttv-ге сілтеме жасап.
Білім • 22 Мамыр, 2025
«Ана тіліне» арналған алғашқы олимпиада
Елімізде «Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасы өтті. Биыл алғаш рет ұйымдастырылған жобаны Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры бірлесе жүзеге асырып, жеңімпаздарды марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 22 Мамыр, 2025
Картель шын мәнінде кімге қауіп төндіріп отыр
Жақында ғана тұрақтала бастаған әлемдік мұнай нарығы тағы да назарға ілікті. ОПЕК+ ұйымының мамыр-маусым айларында мұнай өндіру көлемін тәулігіне 411 мың баррельге арттыру туралы шешімі – жай ғана техникалық түзету емес. Бұл – энергетикалық үстемдік үшін жүріп жатқан геосаяси ойын, онда жекелеген елдерді «тәртіпке шақырудың» астарында ұйымның жаһандық ықпалын нақты көрсетіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Мамыр, 2025
Қарағанды облысында ең жас полицей жолдағы қауіпсіздікке үлес қосып жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 22 Мамыр, 2025
Ым-ишарамен түсініскен би ұжымы
Өнердің шекарасы – өлшеусіз. Осы бір өнегелі сөздің жарқын айғағы - Қазақстанның саңыраулар қоғамының жанынан құрылған «SILENSE» би театры. Құлағы естімей, ыммен ғана сөйлесетін жандардан құралған шығармашылық ұжым үшін бұл «ерекшелік» бимен кәсіби тұрғыда айналысуға кедергі емес, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 22 Мамыр, 2025
Алматыда екі электрик токқа түсіп, ауыр күйік алды
Алматыдағы көпқабатты тұрғын үй кешенінде екі электрик жұмыс барысында электр тогына соғылды. Қазір екеуі де ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 22 Мамыр, 2025
Министрлік репродуктивтік денсаулық апталығын қорытындылады
Елімізде 12-16 мамыр аралығында ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Репродуктивтік денсаулық апталығы өтті. Іс-шараның мақсаты — халықтың репродуктивтік денсаулық туралы сауатын арттырып, жыныстық жолмен берілетін инфекциялық аурулардың, адам папиллома вирусының профилактикасын түсіндіру болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Мамыр, 2025
13 жасар теннисші тағы топ жарды
Испанияның Пладжа-де-Аро қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender жарысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 22 Мамыр, 2025
Жер бетінен аралар жойылса не болады
1992 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жануарлар мен өсімдіктер мәселелерін халыққа насихаттау үшін 22-мамырды биологиялық әралуандық күні деп жариялаған, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 22 Мамыр, 2025
Қазақстан ғарыштық держава болуы тиіс – сенатор
Қазақстан ғарыш саласындағы тарихи мүмкіндігін толық пайдалану үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беруші ел ретінде ғана емес, толыққанды ғарыштық индустрия ойыншысы ретінде дамытуы қажет. Бұл туралы Сенат депутаты Андрей Лукин Сенаттың пленарлық отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды egemen.kz.
Оқиға • 22 Мамыр, 2025
Қазақстан армиясының даярлығы талқыланды
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың төрағалығымен Қарағанды гарнизонында Қорғаныс министрлігі алқасының көшпелі отырысы өтті. Жиында 2024–2025 жылдардағы қысқы оқу кезеңінің қорытындысы шығарылып, жазғы кезеңге арналған басым бағыттар белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.