орда
Президент • 25 Мамыр, 2025
Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен оның отандастарын Иордан Хашимит Корольдігінің төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2025
Жамбыл облысында дәрігерлік амбулаториялар салынып жатыр
Үкімет Жамбыл облысының Қордай және Талас аудандарында екі дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарын аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 319,5 млн теңге бөлді, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 20 Мамыр, 2025
Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар құқық бұзған
Пробация қызметінің бақылауында тұрған азаматтардың жүріс-тұрысын қадағалауға мүмкіндік беретін электронды білезіктер тиімділігін көрсетіп отыр.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2025
Қызылорда облысында 15 мың гектардан астам егістік жер қалпына келтірілді
Жалағаш ауданында Сырдария өзені бассейніндегі ирригациялық және дренаждық жүйелерді қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, осы жұмыстар шеңберінде 1362,2 шақырым канал қайта жаңғыртылған, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 20 Мамыр, 2025
Қызылордада полицейлер екі адамды өрттен құтқарды
Қызылордада патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Азамат Қадыров пен Сүлеймен Камалов аяқ асты шыққан өрттен екі адамды құтқарып қалды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 19 Мамыр, 2025
Мемлекет басышысы хатшылықтың ҚР аумағында болуы шарттары туралы заңына қол қойды
Мемлекет басышысы хатшылықтың ҚР аумағында болуы шарттары жөнінде келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент • 19 Мамыр, 2025
Президент тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Оқиға • 19 Мамыр, 2025
Қызылордада «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы құрылды
Елімізде жаңа арнайы экономикалық аймақ (АЭА) пайда болды. Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған Үкімет қаулысына сәйкес, «Қорқыт Ата» АЭА Қызылорда облысында, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне жақын 550 гектар орналасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Мамыр, 2025
Полиция қызметкері «Елорда кубогінің» жеңімпазы атанды
Ұлытау облысы Полиция департаментінің қызметкері, полиция майоры Думан Бекмағанбетов Астана қаласында өткен «Елорда кубогі» турнирінде чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 17 Мамыр, 2025
Қызылордада ұландықтар жас қыздың өмірін сақтап қалды
Кеше Қызылорда қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқарып жүрген ІІМ Ұлттық ұланы 5547 әскери бөлімінің қызметшілері қырағылық пен жанқиярлық танытып, қайғылы жағдайдың алдын алды.
Президент • 17 Мамыр, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2025
Қызылорда облысында 313 мал иесі жауапкершілікке тартылды
Күре жолға шығып кеткен мал талай апаттың себебі болып отырғаны жасырын емес. Жыл басынан бері облыс аумағында осындай себеппен 10 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам түрлі жарақат алыпты.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2025
Қызылордада экологиялық құқық бұзушылықты тіркейтін бейнекамералар саны артады
Елімізде экологиялық жағдайды жақсартуда заманауи әрі қолжетімді озық технологиялар енгізіліп отыр. Осы күні Қызылорда қаласында полицейлер қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық орындарды ластау фактілерін анықтауда Жедел басқару орталығындағы 272 бейнебақылау камерасының көмегіне жүгінеді.
Қоғам • 14 Мамыр, 2025
Иорданияға тікелей рейс ашылады
Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Иордания Хашимит Корольдігінің еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Хамза Әл-Омари мырзамен кездесу өткізді. Басқосу барысында екі ел арасындағы көлік қатынасын кеңейту және тікелей әуе байланысын орнату мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 13 Мамыр, 2025
Қызылорда облысында жыл басынан бері 3 адам суға кеткен
Суға шомылу маусымы ашылғаннан-ақ құтқарушылардың жұмысы қарбаласып кетеді. Олар жыл басынан бері облыс аумағындағы су айдындарына 201 рейд жасап, 20 мыңнан астам тұрғынға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріп, үнпарақтар таратқан.
Оқиға • 13 Мамыр, 2025
Ұландықтар тұрғындарды өрттен құтқаруға көмектесті
Қызылорда қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өртеніп жатқан көпқабатты үйден тұрғындарды эвакуациялауға атсалысты. Бұл жағдай патрульдік қызмет барысында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2025
Қызылордада 117 ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылды
Осы жылғы 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында өткізілген «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасында барлығы 1231 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, хаттама рәсімделген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Мамыр, 2025
Президент Абу Дабидің Тақ мұрагерімен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаяндының сапары Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретініне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Мамыр, 2025
БАӘ Тақ мұрагерін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 11 Мамыр, 2025
«Хабар» агенттігінің 30 жылдық мерейтойына орай Алматыда шағын футболдан белгілі спорт журналисі Амангелді Сейітхановты еске алуға арналған дәстүрлі республикалық турнирде Сыр журналистерінің командасы жеңімпаз атанды.
Құқық • 06 Мамыр, 2025
Қызылордада екі аптада 5 мыңға жуық жүргізуші құқық бұзған
ІІМ-нің нұсқауына сәйкес жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу және анықтау мақсатында 19 сәуір мен 19 мамыр аралығында облыс көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 05 Мамыр, 2025
Астанада Кенесары көшесінің бір бөлігі жөндеуге жабылады
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, Кенесары көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Сәуір, 2025
Қомақты қаржыны заңсыз иемденген күдікті ұсталды
«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде Астанада Есіл ауданы полиция басқармасының криминалдық полицейлері күдіктіні ұстаған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 27 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамафоса мен оның отандастарын ұлттық мейрам – Бостандық күнімен құттықтады.
Президент • 26 Сәуір, 2025
Президент Иран халқына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Денсаулық • 26 Сәуір, 2025
Ауыр халдегі екі жасар науқас бала Қызылордаға тікұшақпен жеткізілді
Қызылорда облысында ауыр халдегі екі жасар бала шұғыл түрде тікұшақпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 25 Сәуір, 2025
Қызылордада халықаралық театрлар фестивалі ашылды
Қызылордада Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының 70 жылдық мерейтойына орай КСРО Халық әртісі Сәбира Майқанова атындағы «Сырдың Сәбирасы» атты бірінші халықаралық театрлар фестивалі салтанатты жағдайда ашылды. Оған Қазақстанның Еңбек Ері, Халық әртісі Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық әртісі, Театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов арнайы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 21 Сәуір, 2025
Астанада әуе кеңістігін пайдалану уақытша шектеледі
Аталған шектеу – әскери шерудің дайындығына байланысты болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады
Қазақстан мен Ресей президенттерінің келісіміне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев РФ Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 19 Сәуір, 2025
Сырдың бойында грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды
Бүгін Қызылордада грек-рим күресінен ересектер арасында Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған халықаралық турнирдің ашылды. Турнирге 10-нан астам мемлекеттен, еліміздің әр өңірінен келген балуандар он салмақ дәрежесінде белдеспек.