м
Ауа райы • 21 Қараша, 2025
Тұман, көктайғақ: 21 қарашада ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазгидромет 21 қарашада ауа райына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 20 Қараша, 2025
Павлодар облысында 150 сыныптың оқушылары қашықтан оқуға көшірілді
Бұған балалар арасында суық тию және тұмау ауруларының көбейіп кетуі себеп болып отыр. Қазіргі уақытта облыста 14 жасқа дейінгі 32,8 мың бала ЖРВИ-ға шалдыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 20 Қараша, 2025
Ер адамдар неліктен психологиялық көмекке сирек жүгінеді?
Британдық ғалымдар ер адамдар психологиялық көмекке неліктен сирек жүгінетінін зерттеді. Personality and Individual Differences журналында жарияланған зерттеу нәтижесіне сәйкес, toxic masculinity яғни үстемдікке, қатыгездікке және сезімсіздікке бейім көзқарас ерлердің эмоциясын жасыру әдетін күшейтеді. Ал бұл, өз кезегінде, психологиялық қолдауға жүгінбеу тенденциясын тудырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 20 Қараша, 2025
Астанада 22 қарашадан бастап №82 жаңа автобус бағыты іске қосылады
22 қарашадан бастап Астанада жаңа №82 бағыттағы автобус қозғалысы іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Он үшінші жалақы кімдерге беріледі?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметкерлер қандай жағдайда сыйақы немесе «он үшінші жалақы» алуға үміт арта алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қараша, 2025
Панфилов ауданы қарқынды дамып жатыр
Жетісу облысының шекаралық Панфилов ауданында әлеуметтік сала нысандарын нығайту жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Соңғы екі жылда денсаулық сақтау саласында 18 жаңа нысан салынып, 3 объекті жөнделді. Ауылдық жерге барған 17 дәрігерге жалпы 135 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленіп, бұл медициналық кадр тапшылығын азайтуға мүмкіндік берді, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 20 Қараша, 2025
Екібастұз қалалық сотында өтіп жатқан «Майқайыңалтын» кенішіндегі қайғылы жағдай бойынша сот процесі жарыссөзге ұласты. Прокурор кінәлі тұлғалардың әрқайсысына 4 жылдан жаза тағайындауды сұрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 20 Қараша, 2025
Жетісу жеріндегі Кербұлаққа рекордтық инвестиция құйылды
Жетісу облысы құрылғаннан бері Кербұлақ ауданына 128 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Оның 82,8 млрд теңгесі – жеке қаражат. Биылғы он айда ауданда негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсімі байқалды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 20 Қараша, 2025
Қостанай облысында 29 мектеп қашықтан оқуға көшті
Қостанай облысының мектептерінде ЖРВИ, тұмау жұқтырған балалар көбейіп кетті. Тұмаудың оқушылар арасында кең тарауына байланысты Алтынсарин ауданындағы Силантьев, Свердлов ауылының мектептері толықтай қашықтан оқу тәртібіне көшті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Қараша, 2025
Щучинск қаласында жаңа көпфункционалды Спорт сарайы ашылды
Ақмола облысында халықтың спорт нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды кеңейту бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде. Белсенді өмір салтын ұстанатындар үшін Щучинск қаласында көпфункционалды Спорт сарайы ашылды. Осы айтулы оқиғамен Бурабай ауданының тұрғындарын облыс әкімі Марат Ахметжанов пен қазақстандық спорт жұлдыздары құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 20 Қараша, 2025
Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Астана қаласына келді
Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян ресми сапармен Астана қаласына келді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Көкшетауда қолөнер шеберлері ғажайып бұйымдарды көпшілік назарына ұсынды
«Шебер қолдан шыққан терме баулар төрде айқасып, кіре бергенде көзіңе соғылады». Иә, Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» шығармасынан алынған осы бір ғана сөйлемде он саусағынан өнер тамған халқымыздың ісмерлігі тіліміздегі сөздіктің алтын қорымен сипатталады. Облыс орталығы Көкшетау қаласында қолөнер шеберлерінің байқауы өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шарада жиырмаға тарта шебер бақтарын сынады, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 20 Қараша, 2025
Олжас ақынның тұлғасы ТҮРКСОЙ-да ұлықталды
Анкарада белгілі қазақ ақыны, академик, дипломат, түрколог және Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовтің әйгілі «АЗ и Я» (1975-2025) кітабының жарық көргеніне 50 жыл толуына орай «Олжас Сүлейменов. Масштаб. Планета. Жер» атты халықаралық көрменің ашылу салтанаты өтті, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 20 Қараша, 2025
Елімізде бір мезетте бір жарым миллион оқушы мазмұндама жазған
Дүниежүзілік балалар күніне орай, «Заң мен Тәртіп» идеологемасын ілгерілету мақсатында Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен бір мезетте мектеп оқушылары қауіпсіздік пен бала құқықтарының сақталуы жөнінде мазмұндама жазған. Оған республика бойынша 1,5 млн бала қатысқан, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қараша, 2025
Алматыда екі автобус соқтығысып, екі адам зардап шекті
Алматы қаласының Полиция департаментінің мәліметінше, шығыс бағытта келе жатқан №69 автобус аялдамада тұрған №208 қоғамдық көлікпен соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 20 Қараша, 2025
2026 жылы зейнетақы тек 10%-ға өседі
Бүгін Сенатта өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин зейнетақыны 10%-ға арттыру шешімі елдің болжамды макроэкономикалық көрсеткіштеріне негізделгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Алматы Дүниежүзілік туристік альянстың толыққанды мүшесі атанды
Туризмнің тұрақты дамуын қолдауға бағытталған 41 елден 251 мүшені біріктіретін Дүниежүзілік туристік альянсқа (World Tourism Alliance, WTA – үкіметтік емес ұйым) 2025 жылы Алматы толыққанды мүше болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Гонконг тұмауының таралуы: Денсаулық сақтау министрі жағдайға қатысты болжам жасады
Министр Ақмарал Әлназарованың айтуынша, қазіргі уақытта елде инфекциялық вирустардың таралуы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қараша, 2025
Алматыда тарақандар өріп жүрген балабақша жабылды
Әлеуметтік желіде Алматыдағы №29 балабақша асханасында тарақандар қаптап жүрген бейнежазба тарағаннан кейін мекемеге бірден тексеріс жүргізілді. Қалалық білім басқармасы тексерістің нәтижесін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қараша, 2025
Қарағандыда анасынан зәбір көрген 4 жастағы баланың ісіне қатысты сот үкімі шығарылды
Қарағандыда 4 жасар бала қатыгездікке ұшырап, қолы байлаулы күйде үйде қалған. Оқиғаны көршілер байқап, балаларды қорғау органдарына хабарлаған. Қазір бала әкесінің қамқорлығында, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 20 Қараша, 2025
2026 жылдан бастап банктерге қатысты жаңа салық тәртібі енгізіледі
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Сенат отырысында халықтың шамадан тыс несие алуын шектейтін құрал іске қосылатынын айтты. Ол 2026 жылдың алғашқы жартысында күшіне енбек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Қараша, 2025
«Қазсушар» РМК Азия су кеңесінің құрамына енді
Вьетнамда Азия су кеңесінің (AWC) XXIII Басқарма отырысы өтті. Су ресурстары саласындағы 26 елден 176 ұйымды біріктіретін AWC құрамына «Қазсушар» РМК қабылданды, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 20 Қараша, 2025
Жаңа май зауытының ашылуы диқандардың түйткілін қалай шешті?
Азық-түлік бағасының өсуін тежеп, отандық тамақ өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру – Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Үкімет отырысында аталған мәселеге назар аударған премьер министр Олжас Бектенов агроөнеркәсіптік кешенде өнімді терең өндеуге басымдық беру қажет екенін айтты. Үкімет нарықтағы өңделген өнімдер үлесін арттыру арқылы инфляцияны тежеп, халықтың әл-ауқатын арттыруды көздеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Ерлан Қаринді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші – Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Қараша, 2025
Қостанай облысында тауарлардың бағасын өсірген 135 дүкен жазаланды
Қостанай облысында әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын өсірген 135 дүкен анықталды. Кәсіпкерлер ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабына енгізілген жаңа ережелерге сәйкес айыппұл арқалайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 20 Қараша, 2025
Республикалық бюджетте әкімшілік шығындардың үлесі азайтылды
2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттен тиімділігі расталмаған жобалар алынып тасталды. Бұл туралы Сенат отырысында қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 20 Қараша, 2025
Олжас Бектенов: Қазақстанның мемлекеттік қарызы төмен болуы тиіс
Сенат отырысында депутат Сұлтанбек Мәкежанов Премьер-министр Олжас Бектеновтен Үкіметтің бюджет шығыстарын оңтайландыру және басымдық беру шаралары жөнінде сұрақ қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қараша, 2025
Ресейден заңсыз әкелінген тауық жұмыртқалары анықталған
Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринариялық-санитариялық талаптарының бұзылғаны туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 20 Қараша, 2025
УЕФА рейтингі: Қазақстан құрамасы Фарер аралдарын озып, 115-орынға тұрақтады
Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының іріктеу матчтары аясында Бельгия мен Фарер аралдарына қарсы өткізген ойындарынан кейін УЕФА рейтингінде өз орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 20 Қараша, 2025
Отандық өндірушілердің халықаралық сертификаттаудан өтуді өтеу шегі ұлғайды
Энергетика министрлігі мен «Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық» бірлесіп, ірі мұнай-газ жобаларындағы жергілікті қамтуды ұлғайту жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.