и
Білім • 01 Тамыз, 2025
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада екі жүлде жеңіп алды
14-20 шілде аралығында Германияның Бонн қаласында информатикадан Еуропалық қыздар олимпиадасы (EGOI) өтті. Оушы қыздар арасындағы алгоритмдік бағдарламалаудан әлемдегі ең ірі жарысқа 60 елден 266 білімпаз қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 01 Тамыз, 2025
БҰҰ Бас хатшысы Қазақстанға келеді
3 тамыз күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан Республикасына сапармен келеді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зерде • 01 Тамыз, 2025
Ел оқушылары халықаралық олимпиадада үздік нәтиже көрсетті
Таиландта география пәнінен IGeO–2025 халықаралық олимпиадасы мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Тамыз, 2025
Елімізде ауыл шаруашылығы санағы басталды
Бүгіннен басталған санақ кезінде жиналған деректер еліміздегі ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайын, оның қалай дамып келе жатқанын, ондағы халықтың тұрмысын көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 31 Шілде, 2025
Аптап ыстық, бұршақ: ел аумағында дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 1 тамызда Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа райының күрт нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 31 Шілде, 2025
Жетісуда 17,5 шақырым арық желісі салынады
Жетісу облысында биыл жалпы ұзындығы 17,5 шақырымды құрайтын арық желілерін жабдықтау жоспарланған. Бұл жұмыстар «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 31 Шілде, 2025
Былтыр ЖІӨ өсімі 5 пайызды құрады
Нақтыланған деректер бойынша 2024 жылы ЖІӨ нақты көлем индексі 105% құрады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Заң • 31 Шілде, 2025
Қоғамдық орында бетті тұмшалауға шектеу: полиция түсіндіруді жалғастырып жатыр
Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда бетті жабуға тыйым салу туралы түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға • 31 Шілде, 2025
Аттракцион сынып, 23 адам жарақат алды
Сауд Арабиясының Эт-Таиф қаласына жақын орналасқан Хада ауданындағы Green Mountain Park ойын-сауық кешенінде төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz Oxu.Az Khaleej Times басылымына сілтеме жасап.
Спорт • 31 Шілде, 2025
Алматыда жас теннисшілерге арналған халықаралық іріктеу турнирі өтеді
4–9 тамыз күндері Алматы қаласында екінші рет Roland Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia турнирінің іріктеу кезеңі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Шілде, 2025
Медиа саласы жарты жылда қалай дамыды
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында елімізде медиасаланы дамыту мен халықтың медиасауаттылығын арттыру бағытында бірқатар маңызды қадамдар жасалды. Мәдениет және ақпарат министрлігі жартыжылдық қорытынды есепті жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Шілде, 2025
Каспий теңізінде мұнай дақтары пайда болды
«Каспийдегі ашық әлем» жобасының мамандары спутник арқылы түсірілген суреттерді қарап, теңіздің Ресей мен Қазақстан жағында мұнаймен ластану белгілерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 31 Шілде, 2025
«Каракуз фильм» фестиваліне отандық фильмдер ұсынылды
Татарстан Республикасының Альметьевск қаласында «Каракуз фильм» халықаралық кинофестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – ТМД елдері мен Орталық Азия кеңістігінен келген режиссерлер мен продюсерлер үшін маңызды мәдени оқиғаға айналған ерекше іс-шара. Биылғы фестивальге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Ресейдің түрлі өңірлерінен 30-дан астам фильм ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Шілде, 2025
Қытайлық спортшы Гиннестің рекордтар кітабына енді
Қытайлық атлет әрі фитнес-инфлюенсер Лю Вэйцян әлемді таңғалдырған жаңа жетістікке қол жеткізді. Ол бір ғана ортаңғы саусағымен 144,72 келі салмақты көтеріп, Гиннестің рекордын жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Шілде, 2025
Eurasian Drive: Жарты сағатта жаңа көлік ал
Цифрлық технологиялардың дамуымен онлайн рәсімдерге кеңінен жол ашылуы, әсіресе тіршілігі қарбалас қалалық тұрғындар үшін көп жеңілдік беріп отыр. Мәселен, бұрын көлік сатып алу үшін адам банктен бастап бірнеше мекеменің табалдырығын тоздыратын. Енді бұдан былай бір жерден көлікті сатып алып, оны онлайн тіркеп, мемлекеттік нөмір алудың мүмкіндігі туды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 31 Шілде, 2025
Премьер-министр Түркістан облысындағы су саласының негізгі нысандарын тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов аталған аймаққа жұмыс сапары барысында су қоймаларының жай-күйімен, гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен және еліміздің оңтүстік өңірлерін тұрақты сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 31 Шілде, 2025
Алдағы 4 жылда қатты қалдықтарды өңдеу көлемі артады
2029 жылға дейін қатты қалдықтарды қайта өңдеу және басқаруды 40%-ға жеткізу мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрлігі 345 млрд теңгені құрайтын 67 жобаны жүзеге асыруға әзірлеп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Шілде, 2025
Қазақстанның қатерлі ісікке қарсы күрестегі жетістігі жоғары бағаланды
Қазақстан инфекциялық емес аурулардан (ИНА) болатын ерте өлімді 25%-ға қысқарту бойынша 2025 жылғы жаһандық мониторинг жүйесінің өніміне жеткен тоғыз елдің қатарына қосылып, Орталық Азиядағы бұл көрсеткішке қол жеткізген алғашқы мемлекет болды. Бұл –Еуропалық өңірлік Бюро (ЕӨБ) ДДҰ-ның «Preventable Mortality, Risk Factors and NCD Strategies – using data for results» атты жаңа есебінде егжей-тегжейлі баяндалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 31 Шілде, 2025
Санақ деректері құпия сақталады – Ұлттық статистика бюросы
Ауыл шаруашылығы санағы аясында жиналатын барлық мәліметтер құпия түрде сақталып, ешбір мемлекеттік органға берілмейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Әсел Шауенова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Шілде, 2025
Өнеркәсіп комитетіне қарасты мекемеде қызметкерлерге заңсыз еңбекақы төленген
2025 жылы азаматтық белсенді тұрғынның өтінішінен кейін Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Индустрия және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне қарасты «Қазақстан Республикасы минералдық шикізатын кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-да тексеру жүргізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 31 Шілде, 2025
Биыл 19,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі
Мемлекет басшысының қолжетімді баспанамен қамту жөнінде берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында биыл тұрғын үй құрылысы саласында рекордты көрсеткіш – 19,2 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Алғашқы алты айдың қорытындысы бойынша 7,9 млн шаршы метр пайдалануға берілгенін Үкіметте өткен баспасөз конференциясы барысында бірінші вице-премьер Роман Скляр хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Күрес • 31 Шілде, 2025
Жас балуан жаһан жеңімпазы атанды
Жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен Афина (Грекия) қаласында U17 әлем чемпионаты өтті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 31 Шілде, 2025
Биыл 94 елді мекенге табиғи газ жеткізіледі
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елді мекендерді газдандыру мен газ саласының әлеуетін арттыру бағытында биыл елімізде 62 млрд текше метр газ өндіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкіметтегі баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 31 Шілде, 2025
Қазақстан инвесторлар мен өз болашағы үшін жаңа ережелер енгізеді
Орталық Азиядағы негізгі энергия өндірушілердің бірі Қазақстан газ бағасын ұзақ жылдар бойы терең субсидиялау саясатынан бас тартуға бағытталған күрделі, бірақ стратегиялық тұрғыдан қажет реформаларды бастап жатыр. Бұған басты себеп – ондаған жылдар бойы Қазақстан жанармайды ең арзан бағамен ұсынатын әлемдегі үш елдің қатарында болып келгенімен, бұл модельдің ел экономикасына теріс әсері мен жүйелі тәуекелдері шектен шығып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Шілде, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанға ризашылығын білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға ресми сапары кезінде қонақжайлық танытқаны үшін Президент Режеп Тайип Ердоғанға шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 30 Шілде, 2025
Автокөлік бағасы шектес тыс қымбаттап жатыр
Еліміз ЕАЭО елдері арасында жеңіл автокөліктер бағасының ең жоғары өсімін көрсетті. Еуразиялық экономикалық комиссияның дерегінше, 2025 жылғы маусымда елімізде автокөлік бағасы бір жылда 11,6%-ға өскен.
Әлем • 30 Шілде, 2025
Биометриялық төлем әдісі пайда болды
Ресейлік «VisionLabs» компаниясы метрода адамның бет-бейнесі арқылы төлем жасайтын жүйе енгізді. Жүйе Мәскеу, Алматы, Ташкент метроларында орнатылған. Қазірге дейін бұл технология метро стансаларвның 75 пайызына енгізілді, алдағы уақытта барлық стансада іске қосылмақ.
Әлем • 30 Шілде, 2025
Неолит дәуіріндегі ескерткіштер табылды
Сардиния аралындағы Бонорва қаласы маңындағы Сант-Андреа-Приу археологиялық кешенінен археологтар Домус-де-Янас деп аталатын үш жаңа жер асты қабірін тапты. Бұл – шамамен б.з.д. V-III мыңжылдықтар аралығында өмір сүрген неолит дәуіріндегі қауымдардың жартасқа үңгіп жасаған ерекше жерлеу орындары.
Әлем • 30 Шілде, 2025
ChatGPT-ге оқыту режімі енгізілді
OpenAI компаниясы ChatGPT жүйесіне оқыту режімін іске қосты. Бұл мүмкіндік студенттерге дайын жауап берудің орнына, ойлануға, сұрақтың мәнін түсінуге, дұрыс шешім табуға көмектесуді мақсат етеді. Енді ЖИ бірден жауапты айтпайды керісінше, пайдаланушыны бірнеше кезеңмен ойлау, нақтылау сұрақтарын қою және шешімді өз сөзімен түсіндіруге бағыттайды, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 30 Шілде, 2025
Қошанов Парламент спикерлерінің VI Дүниежүзілік конференциясында сөз сөйледі
Бүгін Мәжіліс төрағасы бастаған делегация Женева қаласында өтіп жатқан Парламент спикерлерінің VI Дүниежүзілік конференциясына қатысты. Ерлан Қошанов жалпы дебатта сөз сөйлеп, екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.