у
Үкімет • 15 Тамыз, 2025
Үкіметте егін жинау науқаны қарсаңында жедел штаб отырысы өтті
Тамыздың үшінші онкүндігінде басталуы күтіліп отырған жаппай егін жинау науқаны қарсаңында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жедел штаб отырысын өткізді. Бүгінде жаңа өнім жинау жұмыстары он екі өңірде – Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жастар • 15 Тамыз, 2025
Жастар кадр резервінің үшінші кезеңіне 683 кандидат өтті
Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында іріктеудің «Ситуациялық тапсырмаларды шешу» атты үшінші кезеңіне жолдама алған үміткерлердің тізімі жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 15 Тамыз, 2025
Ақмола облысы жаңа оқу жылын апатты және үш ауысымды мектептерсіз бастайды
Ақмола облысында 2025 жылы жаңа мектептердің пайдалануға берілуі нәтижесінде үш ауысымды оқыту мәселесі түбегейлі жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2025
Қостанай облысында 34 астық қабылдау орны дайындалды
Қостанай облысында 5,1 млн га алқапта ерте пісетін бидай, арпа, сұлы, жем-шөпті жинау басталған, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 15 Тамыз, 2025
Қарулы күштерде кадрлық өзгерістер орын алды
Мемлекет басшысының өкімімен екі кадрлық өзгеріс болды, деп жазады Egemen.kz.
Отбасы • 14 Тамыз, 2025
Атырауда 9 ата-ана 46 млн теңге алиментін төлемеген
Атырау қаласында ұзақ уақыт бойы балаларын асырау жөніндегі міндеттерін орындамаған тоғыз ата-ана анықталды. Қарыздың жалпы сомасы 46 миллион теңгеден асады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Тамыз, 2025
Прокурор АМӨЗ-дің бұрынғы бас директорына қатысты айыптауды қолдаудан бас тартты
Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында бірінші сатыдағы тәртіппен «АМӨЗ» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратовқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Партия • 14 Тамыз, 2025
Мәжіліс депутаты Талдықорғандағы аккумулятор зауытында болды
Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Жетісу облысы, Талдықорған қаласына іссапармен келді. Сапар барысында Азат Тұрлыбекұлы жақында ашылған өнеркәсіптік аккумуляторлар шығаратын заманауи «ASMA Industrial» зауытының өндіріс барысымен танысты. Зауыттың жұмыс барысымен, зауыттың Бас директоры Серікбай Ажмағамбетов таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 14 Тамыз, 2025
Мәжіліс депутаты Қапшағай жағалау аймағын дамыту жайымен танысты
Мәжіліс депутаты, ЖСДП фракциясының мүшесі Наурыз Сайлаубай Қапшағайдағы № 6 жағажайда жұмыс істейтін кәсіпкерлермен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 14 Тамыз, 2025
Шардара су қоймасындағы су көлемі төмендеген
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Орталық Азия елдерінің Мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының 90-шы отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкімін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2025
Атырауда урбанистика орталығы ашылуы мүмкін
Атырау қаласында мұнай компаниясының демеушілігімен ашылған ретро саябақ бар. Енді урбанистика орталығын ашу көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 14 Тамыз, 2025
Мәжіліс депутаты Ұлытаудағы жолдардың сапасын тексерді
Бүгін Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерболат Сатыбалдин «Жезқазған - Қызылорда» тас жолының жағдайымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 14 Тамыз, 2025
Премьер-министр шекаралық өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстарымен танысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының көлік-логистика саласын одан әрі дамыту мақсатында шекаралық өткізу пункттерін жаңғырту жөнінде берген тапсырмасының орындалу барысын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 14 Тамыз, 2025
Екатерина Таранцева Азия додасының күміс жүлдегері
Қытайдың Сиаси қаласында слаломды есуден Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2025
Атырау облысында жол апатынан 49 адам көз жұмған
Атырау облысының аумағында жыл басынан бері 145 жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 14 Тамыз, 2025
Министр таеквондо жеңімпаздарын марапаттады
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов таеквондодан XXXII жазғы Универсиада мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жүлдегерлерімен кездесті. Іс-шараға Халықаралық таеквондо федерациясының (WT) президенті Чунгвон Чоу, Қазақстан таеквондо федерациясының президенті Құдірет Шамиев, жаттықтырушылар және жас спортшылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 14 Тамыз, 2025
Жас суретшілер қазақ классикасы кітаптарын жаңаша қырынан танытты
Алматыдағы «Мұхтар Әуезов атындағы театр» метро станциясында Яндекс Книгиде қолжетімді қазақ классиктерінің кітаптарына арналған мұқабалардан құралған инсталляция пайда болды. Осылайша жас суретшілер танымал әдеби шығармаларды визуалды тұрғыда жаңаша қырынан ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Университет • 14 Тамыз, 2025
Қарабақта жазғы түркология мектебі ашылды
Әзербайжан Республикасының Ханкенді қаласындағы Қарабақ университетінде Түркі Академиясының бастамасымен, Қарабақ университеті, Түркия ғылым академиясы (TÜBA) және Әзербайжан Республикасының Ғылым және білім министрлігі бірлесіп ұйымдастырылған Түркі мемлекеттерінің VII жазғы түркология мектебі жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Тамыз, 2025
Президент Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Астанадағы өкілін қабылдады
Кездесуде адам құқықтарын қорғау, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 14 Тамыз, 2025
Ақтөбе су қоймасында екі бала суға батып кетті
Ақтөбе су қоймасында үш және бес жасар балалар суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.
Тағайындау • 14 Тамыз, 2025
Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды
Асылбек Амантайұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 14 Тамыз, 2025
Су саласында халықаралық ынтымақтастық нығайып келеді
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғалы бері халықаралық әріптестермен 4 келісім және 20 меморандумға қол қойды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында сала министрлігі Франция, Германия, Нидерланды, Испания, Жапония және ҚХР сияқты елдердің халықаралық ұйымдарымен, су саласы мекемелерімен, даму агенттіктерімен және компанияларымен әріптестік орнатты. Су саласын дамытуға гранттар түрінде 14 млн доллардан астам қаржы тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның мәліметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Тамыз, 2025
Президент Пәкістан Премьер-министрін құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Шахбаз Шарифке құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2025
Ұлытауда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 13 Тамыз, 2025
ЖИ өңештегі қатерлі ісікті адамның дауысынан алдын ала анықтай алады
ЖИ өңештегі қатерлі ісікті адамның дауысынан алдын ала анықтай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Тамыз, 2025
«Электрбақташы» ЖКО-дан қорғайды
Солтүстік Қазақстан облысының Аралағаш ауылының тұрғыны Қайырлы Балғожин ауласындағы қара малына арнап «электрбақташы» орнатты, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 13 Тамыз, 2025
Шенеуніктердің табыс декларациясы қашан жарияланатыны белгілі болды
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің табыс декларациясы биыл жылдың аяғында жарияланады. Бұлай деп қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Тамыз, 2025
Ресейде Telegram және WhatsApp арқылы қоңырауларға шектеу қойылды
Бұл шараға құқық қорғау органдарының деректері мен алаяқтардың құрбаны болған азаматтардың шағымдары негіз болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 13 Тамыз, 2025
Бас прокуратура Талғат Арданды экстрадициялау процесіне қатысты ресми жауап берді
Қазақстанның құқық қорғау органдары Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Арданды экстрадициялауға қатысты Түркия шешімін күтіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.