и
Оқиға • 23 Шілде, 2025
Жәбірленуші Перизат Қайраттың анасын үйқамаққа ауыстыруды ұсынды
Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында жәбірленуші Садық Олжас мәлімдеме жасап, айыпталушыға Газа секторындағы тұрғындарға көмек көрсету үшін 83 миллион теңге бергенін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Логистика • 23 Шілде, 2025
Жүргізушісіз жүк көліктері жолға шығады
Қазақстан мен Қытай шекарасында жүргізушісіз жүк көліктері қатынайтын жаңа жүйе іске қосылды. Бұл – «Бақты» – «Покиту» шекаралық өткізу бекетінде жүзеге асырылып жатқан «Ақылды кеден» пилоттық жобасының нәтижесі. Енді жүк көліктері шекараны автоматты түрде, яғни жүргізушісіз кесіп өтетін болады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Шілде, 2025
Димаш Құдайбергенге Қырғызстанның халық әртісі атағы берілді
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге «Қырғыз Республикасының халық әртісі» құрметті атағы берілді. Тиісті жарлыққа Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 23 Шілде, 2025
Магистратураға түсушілерге арналған күнтізбе жарияланды
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, кешенді тестілеу 21 шілде - 10 тамыз аралығында өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Шілде, 2025
Универсиада-2025 додасында қоржынға алғашқы алтын түсті
Германияда өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медальға қол жеткізді. Бүгінде ел қоржынында 1 алтын және 5 қола медаль бар, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 23 Шілде, 2025
«Каспий» биржасында 26 мың тоннадан астам битум сатылды
«Каспий» тауар биржасы» АҚ 2025 жылдың бірінші жартыжылындағы битумның биржалық сауда-саттық нәтижелерін ұсынды. Жарияланған талдау баяндамасына сәйкес, бұл кезеңде «Каспий» биржа алаңында жалпы сомасы 1 317 млн теңгеге жалпы көлемі 26 365 тонна болатын 45 мәміле жасалды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Шілде, 2025
Президент дәрігерлерге күш көрсеткені үшін жазаны күшейтуді тапсырды
Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне шабуыл жасап, күш қолданып және қатыгездік танытқан әрекеттерге қатысты жазаны қатаңдату мақсатында ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу туралы Парламент депутаттарының, денсаулық сақтау саласы өкілдерінің және белсенді азаматтардың ұсынысын қолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 23 Шілде, 2025
Жарты жылда өндірістегі жазатайым оқиғалардан 77 адам қаза тапқан
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, өндірістегі жұмыс барысында 584 жұмыскер зардап шеккен, оның ішінде 77-сі көз жұмған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 23 Шілде, 2025
АҚШ пен Жапония арасында жаңа сауда келісімі орнады
АҚШ президенті Дональд Трамп Жапониямен жаңа сауда келісіміне қол жеткізілгенін жариялады. Оның айтуынша, бұл келісім аясында жапон тауарларына 15 пайыздық баж салығы енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Президент • 23 Шілде, 2025
Қ.Тоқаев Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 22 Шілде, 2025
«Оян, қазақ!» ізімен» экспедициясы жолға шықты
Арқалық қаласындағы облыстық «Дала өлкесі тарихы» музейінің қызметкерлері Алаш арысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Оян, қазақ» ізімен…» атты жолсапарға шықты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Шілде, 2025
Ақтөбеде мотокөліктер мен мопедтерге тексеріс жүргізілді
Шілде айында Ақтөбе облысында мотокөлік және мопед жүргізушілеріне қатысты рейдтік тексерістер кезінде 200-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 22 Шілде, 2025
Полиция Қытайдан оралған азаматпен профилактикалық әңгіме өткізді
Полиция қызметкерлері жақында Қытай Халық Республикасынан оралған қазақстандық азаматпен алдын алу және түсіндіру бағытындағы әңгіме жүргізді. Бұл шара әлеуметтік желілерде кеңінен таралған бейнероликтерге байланысты қолға алынды, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 22 Шілде, 2025
Талдықорғанда италиялық жоғары оқу орнының филиалы ашылды
Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Италияның Марке политехникалық университетінің филиалы ресми ашылды. Шараға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және Италияның Қазақстандағы елшісі Антонелло Де Риу қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 22 Шілде, 2025
Жетісуда су үнемдеу технологиясы қай деңгейде?
Жетісу облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 510,7 мың гектарға егілді. Оның 200,2 мың гектары суармалы алқап. Егістік 6 су қоймасы мен 12 өзен арқылы суарылады. Қазір қоймалар орта есеппен 45%-ға толып, суару режимінде жұмыс істеп тұр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 22 Шілде, 2025
Грузия туризмнен рекордтық табыс тапты
Galt & Taggart инвестициялық компаниясының дерегінше, 2025 жылдың алғашқы алты айында Грузияның халықаралық туризмнен түскен табысы 2 миллиард АҚШ долларына жетіп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2 пайызға артты. Бұл ел тарихындағы ең жоғары көрсеткіш ретінде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Business Media-ға сілтеме жасап.
Мәдениет • 22 Шілде, 2025
Аида Балаева: Қағаз тозады, цифрлық нұсқа – мәңгілік
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Айқын» газетіне берген сұхбатында мәдениет саласындағы цифрландырудың маңызына тоқталды. Оның айтуынша, цифрландыру – есеп жүйесін жаңартумен шектелмейді, бұл – ұлттық мұраны сақтап, оны әлемге танытудың, келешек ұрпаққа жеткізудің заманауи тәсілі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 22 Шілде, 2025
Ұлытау облысында қаржылық пирамиданы ұйымдастырушы сотталды
Жезқазған қаласының тұрғыны 22 азаматқа жалпы сомасы 27 млн теңге шығын келтірген, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 22 Шілде, 2025
Биыл президент стипендиясы қалай бөлінді
2025 жылға арналған Қазақстан Республикасы Президентінің стипендияларын бөлу тәртібі бекітілді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 16 мамырдағы бұйрығында көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Шілде, 2025
Қытайда жұмысқа барғысы келмейтіндерге арналған клиника ашылды
Қытайда жұмыспен байланысты мазасыздық пен күйзелісті емдеуге бағытталған ерекше «Жұмысқа барғысы келмейтіндер» клиникасы ашылды. Бұл бастама бұған дейін іске қосылған «Мектепке барғысы келмейтіндер» клиникасының жалғасы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Шілде, 2025
Министр балаларға арналған фэнтези мен комикстерді көбейтуді ұсынды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Айқын» басылымына берген сұхбатында еліміздегі кітап шығару ісінің жай-күйі мен кітап оқуға баулу мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Шілде, 2025
Сотта Перизат Қайраттың анасына тиесілі шығын жазбалары жария етілді
Перизат Қайрат ісі бойынша сот отырысында жарыссөз барысында прокурор Арман Казекен Ғайни Алашбаеваның (Перизат Қайраттың анасы) телефонынан нақты сома көрсетілген қызықты жазбалар табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Шілде, 2025
Бангладеште әскери ұшақ мектеп ғимаратына құлаған
Бангладеш әскери-әуе күштерінің оқу-жаттығу ұшағы ел астанасы Даккадағы мектеп аумағына құлаған. Апаттан 27 адам қаза тауып, 170 адам жарақат алған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Шілде, 2025
eGov Mobile арқылы әскери оқу орнына қайта қабылдауға өтініш беруге болады
ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қайта қабылдану енді eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Халық • 22 Шілде, 2025
Шетелдегі қазақтар туралы бірыңғай тізім әзірленеді
Еліміз шетелде тұратын этникалық қазақтар жөнінде бірыңғай ақпараттық тізім дайындауды жоспарлап отыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова үкімет отырысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Шілде, 2025
«Бағанашыл» балалар үйіне тексеру жүргізіледі
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің комиссиясы Алматы қаласындағы «Бағанашыл» балалар үйінің қызметіне қатысты жағдайға байланысты жан-жақты және объективті қызметтік тергеу жүргізу мақсатында аталған мекемеге барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 22 Шілде, 2025
КуПС - «Қайрат» матчы тікелей эфирден көрсетіледі
Бүгін алматылық «Қайрат» футбол клубы сырт алаңда Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді, деп жазады Egemen.kz
Әлем • 22 Шілде, 2025
Жапонияда рекордтық көрсеткіш: 42 әйел депутат сайланды
Жапонияның Кеңесшілер палатасына сайлауда 42 әйел депутат сайланып, 2022 жылы тіркелген бұрынғы рекордты жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz Kyodo News агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 22 Шілде, 2025
Алматылық дәрігер Сингапурдан келген альпинисті құтқарып қалды
Сонау Сингапурдан келген турист қыз Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Сәтпаев шыңына көтерілген кезде зақым алғаны туралы Алматы қалалық құтқару қызметінің ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Шілде, 2025
ШҚО аумағындағы 5 815,7 гектар егістік алқапқа су берілді
Өңір диқандары суару маусымы басталғалы 24 млн текше метрден астам су алған. Биыл «Қазсушар» РМК-ның Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы шаруалармен суармалы суды жеткізу бойынша 490-нан астам келісімшарт жасасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.