е
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Президент АҚШ компанияларын еліміздің ауыл шаруашылығы әлеуетін барынша пайдалануға шақырды
Мемлекет басшысы PepsiCo және Mars компанияларының заманауи, экспортқа бағдарланған зауыт салу жоспарын құптайтынын жеткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев көлік және логистика секторындағы кең мүмкіндіктерге тоқталды
Президент Американың бизнес өкілдерімен өткен «дөңгелек үстел» отырысында сөз сөйледі. Ол Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытудың келешегі зор екеніне назар аударды.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы: АҚШ уранның 24 пайызға жуығын біздің елден импорттайды
Мемлекет басшысы аталған стратегиялық маңызды міндетті жүзеге асыру ісінде Американың энергетика компаниялары басты рөл атқаратынына назар аударды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Қазақстан өзінің энергетикалық ресурстарын экспорттау бағыттарын әртараптандыруды көздейді — Тоқаев
Мемлекет басшысы Қазақстанның өңірдегі экономикасы ең қуатты ел ретінде Орталық Азияға Америка бизнесінің инвестициясын тарту және олардың кәсіп аясын кеңейту ісінде жетекші рөл атқаруға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Президент Американың бизнес өкілдерімен өткен «дөңгелек үстел» отырысында сөз сөйледі
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорктегі жұмыс сапары АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстел» отырысында жалғасты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Тоқаев пен Стивен Шварцман инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады
Президент Blackstone компаниясының негізін қалаушылардың бірі және басқарма төрағасы Стивен Шварцманмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 22 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы АҚШ Сауда министрімен кездесті
Мемлекет басшысы мен АҚШ Сауда министрі Говард Латник екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелерін қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 22 Қыркүйек, 2025
Америкалық Wabtec компаниясымен бірқатар келісімге қол қойылды
Мемлекет басшысының Нью-Йорк қаласына ресми сапары аясында АҚШ Сауда министрі Говард Латниктің қатысуымен америкалық Wabtec компаниясымен жалпы сомасы 4,2 миллиард долларға жуық келісімге қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 22 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті
Нью-Йорк қаласына сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 22 Қыркүйек, 2025
Колледждерде сұранысқа ие мамандықтарға грант саны артты
Елімізде техникалық мамандар тапшы. Осы мәселені шешу мақсатында техникалық және инженерлік мамандықтарға көбірек гранттар қарастырылған. Бұл ретте жоғары оқу орындарына қоса колледждерге айрықша басымдық беріліп келеді. 2025 жылдың Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануының да себебі – сонда, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2025
Қазақстан Азиядағы ең бақытты үш елдің қатарына кірді
«World Happiness Report – 2025» дерегіне сәйкес, Қазақстан Азия елдері арасында үшінші орынға шығып, аймақтағы ең бақытты мемлекеттердің бірі ретінде танылды, деп хабарлайды Egemen.kz TEMPO.CO басылымына сілтеме жасап.
Ғылым • 22 Қыркүйек, 2025
Ғалымдар жүрек ауруының алдын алатын платформа жасады
Отандық зерттеушілер жүрек-қан тамырлары ауруының алдын алуға арналған платформа жасап шығарды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары әзірлеген «Zhurek AI» платформасы дерттің қауіптілігін ерте анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қыркүйек, 2025
Қарағанды облысында браконьерлер ұсталды
Қарағанды облысының табиғатты қорғау полициясы екі ірі браконьерлік деректі әшкереледі. Нәтижесінде Теміртау және Астана қалаларының тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 22 Қыркүйек, 2025
Алматыға АҚШ-тан жеткен есірткі тәркіленді
Елімізде есірткіге есі кеткендер азаймай тұр. Алматы қаласының Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері АҚШ-тан келген халықаралық пошта сәлемдемесін тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Қыркүйек, 2025
Ким Чен Ын АҚШ-пен келіссөз жүргізуге дайын екенін айтты
Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын егер Вашингтон ядролық қарусыздандыру талабынан бас тартса, Америка Құрама Штаттарымен келіссөз жүргізуге әзір екенін жеткізді. Бұл туралы ВВС Кореяның орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 22 Қыркүйек, 2025
Александр Бублик Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласында ұйымдастырылған ATP 250 жарысының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 22 Қыркүйек, 2025
Түркістан облысының энергетика саласына 60 млрд теңге инвестиция тартылады
Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту бағытындағы Ұлттық жобаны жүзеге асыру басталды. Жоспар бойынша 2029 жылға дейін аймақтың энергетикалық жүйесін дамытуға 60 миллиард теңгеден артық инвестиция құйылады. Қазіргі уақытта өңірде қолға алынған жобаларға 6,9 миллиард теңгеден аса қаражат тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ән • 22 Қыркүйек, 2025
Дүниені танудың тармағы көп, соның бірі – әуен арқылы әлемге үңілу. Хакім Абайдың ғаламшарына бұл жолы музыка кемесінің зерттеушілері келіп қонды. Француздың көрнекті композиторы Пьер Тиллуа «Абай арманы» атты шығарма жазып, ақын әлемінің көркемдік кеңістігіне бойлады. Саз бақшасы мен сөз патшасының үйлесімі «Қазақконцерт» сахнасында көрініс тапты.
Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2025
Сәтбаев қаласында терроризмдi насихаттаған азамат сотталды
Сәтбаев қалалық соты терроризмді насихаттаған жергілікті тұрғынды 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 22 Қыркүйек, 2025
Алматының туған күнінде 69 сәби және үшем дүниеге келді
Биыл Алматыда Қала күні ерекше салтанатпен тойланды. Түрлі іс-шаралар мен мерекелік көңіл күйге қоса, шыр етіп дүниеге келген сәбилермен шаһар тұрғындарының саны көбейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 22 Қыркүйек, 2025
30 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтеді
Былтыр «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында 80 мыңнан астам педагог тегін курстардан өткен. Оның ішінде 57,8 пайызы – ауыл мектептерінің мұғалімдері, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 22 Қыркүйек, 2025
Ақтөбе облысында Мөңке бидің 350 жылдығы атап өтілді
Ақтөбеде тарихи тұлға, қазақ хандығы дәуірінің ірі өкілі, көреген би, өз заманының ойшылы Мөңке би Тілеуұлының 350 жылдығына арналған кең көлемде іс-шаралар өтті. Тахауи Ахтанов атындағы облыстық театр сахнасында «Мөңке би» тарихи драмасы сахналанды. Облыс орталығының іргесіндегі Ақшат елдімекенінде қазақ күресі, тоғызқұмалақ пен асық атудан сайыс өтіп, ат бәйгесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 22 Қыркүйек, 2025
Биыл асыраушысынан айырылғандарға қанша жәрдемақы төленді
Биыл мүгедектік пен асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты азаматтарға жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 436,1 млрд теңге бөлінген. Бұған қоса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры еңбекке қабілеттілігінен айырылған және асыраушысынан айырылғандарға 59,8 млрд теңгеге жуық қаржы төлеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Қыркүйек, 2025
Астанада өткен Backstreet Boys концертіне 45 елден турист келген
21 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында әлемге әйгілі Backstreet Boys тобы өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 22 Қыркүйек, 2025
Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК 2025 жылғы 22 қыркүйекке арналған ауа сапасы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2025
Жыл соңына дейін 120 гидротехникалық нысан мемлекет меншігіне өтеді
Гидротехникалық нысандарды, коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың балансына беру жөніндегі жол карталары әзірленді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 21 Қыркүйек, 2025
Президент Смитсон институтының басшылығымен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Смитсон орталығының халық шығармашылығы және мәдени мұра арнайы жобалары жөніндегі директоры Халле Батвинге қазақ мәдениетін АҚШ-та белсенді түрде дәріптеп жүргені үшін алғыс айтты.
Президент • 21 Қыркүйек, 2025
Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы ETS компаниясының білімді тестілеу мен бағалау саласында көш бастап келе жатқанына ерекше назар аударды.
Президент • 21 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық Goldman Sachs жетекші инвестициялық банкінің Қазақстан Ұлттық банкімен ұзақ мерзімді серіктестік орнатқанын атап өтіп, ықпалдастық деңгейіне жоғары баға берді.
Президент • 21 Қыркүйек, 2025
Президент Cameco корпорациясының президенті Тим Гитцельді қабылдады
Президенттің Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары канадалық трансұлттық компанияның басшысымен кездесуден басталды. Жүздесуде уран өндіру саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.