облысы
Аймақтар • 15 Қараша, 2025
Түркістан облысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 212 дерегі анықталды
Түркістан облысында 20 қазан мен 19 қараша аралығында браконьерлікті болдырмау, биологиялық ресурстардың заңсыз айналымын анықтау және оның алдын алу мақсатында жүзеге асырылып жатқан "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасының 22 тәулігі ішінде 2 қылмыстық құқық бұзушылық және табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 212 дерегі анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 15 Қараша, 2025
Қостанай облысында заңсыз ақбөкен атқан браконьерлер ұсталды
Қостанай облысының Жангелдин ауданында браконьерлік жасады деген күдікпен үш адам ұсталды. Полиция олардың автокөлігінен заңдастырылмаған мылтық, жануардың қылшығы жабысқан пышақ тапқан. Сондай-ақ, жақын маңнан оққа ұшып өлген ақбөкеннің денесі табылған, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 15 Қараша, 2025
Алматы облысы білімге инвестицияны ұлғайтып, түлектерге жаңа мүмкіндіктер ұсынуда
Алматы облысында жастардың жоғары білімге қолжетімділігі артып келеді. Биыл мектеп бітірген 17 940 түлектің жартысына жуығы – 7 681 жас мемлекеттік грант есебінен жоғары оқу орындарына қабылданған. Бұл көрсеткіш соңғы жылдары өңірдің білімге басымдық беріп отырғанын айғақтайды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қараша, 2025
Ертіс-Баян өңірінде қысқы мезгілге 188 жылыту пункті дайындалды
Өңірлік төтенше жағдай департаментінің бөлімшелері кез келген шұғыл жағдайда жұмыс істеуге дайындықтарын пысықтап жатыр. Құрылымдар өтімділігі жоғары 90 техникамен жарақталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қараша, 2025
Ұлытау облысында әлеуметтік азық-түлік бұрышы ашылды
Ұлытау облысында халыққа қолжетімді бағада азық-түлік өнімдерін ұсынатын тағы бір әлеуметтік бұрыш ашылды. Жоба «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қараша, 2025
Мемлекеттік Туды өртеген 12 адам қамауға алынды
13 қарашада Алматы облысының Ұйғыр ауданында белгісіз біреулер шет мемлекеттің туы мен басшысының бейнесін өртеп жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 13 Қараша, 2025
Қарағанды облысында 7 адамның өмірін қиған жол апаты: жүргізушіге сот үкімі шықты
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жеті адамның өліміне және тағы бір адамның жарақат алуына себеп болған жол-көлік оқиғасы бойынша айыпталған жүргізушіге қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қараша, 2025
«Бір ауыл - бір өнім»: Жетісулық тұрғын саумалдан балмұздақ өндіре бастады
Жетісу облысында үш баланың анасы, 25 жылдан бері үй жағдайында сүт өнімдерін өңдеумен айналысатын жас кәсіпкер саумалдан балмұздақ өндіре бастады. Ол өз тауарын «Бір ауыл – бір өнім» көрмесінде таныстырған, енді кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың біріне қатысу арқылы өндіріс процесін автоматтандыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 13 Қараша, 2025
Жеке кәсіпкер Қызылорда облысындағы агроөнеркәсіптік жобаға 51 млрд теңге жұмсады
Жалағаш ауданында Harvest Kazakhstan агроөнеркәсіптік кластерінің жобасы жүзеге асырылмақ. Жоба өңірде жоғары технологиялы суармалы егіншілікті дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz
Өндіріс • 13 Қараша, 2025
Құсмұрында вагон доңғалағын жөндейтін шеберхана ашылды
Қостанай облысының Құсмұрын стансасында вагон доңғалағын күрделі жөндеуден өткізетін жаңа шеберхана іске қосылды. Аталған шеберхана «Astana Railway Services» серіктестігінің филиалы болып саналады, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 12 Қараша, 2025
Павлодарда балалар арасында тұмау өршіп тұр
Өңірлік балалар ауруханасының дәрігерлері күніне шамамен 100-120 баланы қабылдап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қараша, 2025
Қарағанды облысында азық-түлік бағасы қалай тұрақтандырылмақ?
Өңірде ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып жатыр. Аграрлық секторға салынған инвестиция көлемі екі есе өсіп, 44 миллиард теңгеге жетті. Биылдың өзінде 18 жоба іске қосылған.
Аймақтар • 12 Қараша, 2025
Абай облысында үш басқарма басшысы қызметінен кетті
Облыстық көлік, құрылыс және спорт басқармаларының басшылар ауысты. Көлік басқармасы басшысы қызметіне Мерей Байырхан тағайындалды. Ол 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында туған.
Аймақтар • 12 Қараша, 2025
Абай облысы: 250 миллион теңгеге жабдықтар мен жиһаз алынды
Абай облысында спорт, жастар саясаты, мәдениет және білім беру сияқты негізгі әлеуметтік бағыттар тұрақты дамып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов мәлімдеді.
Аймақтар • 12 Қараша, 2025
Қарғалы су қоймасына күрделі жөндеу жүргізіледі
Келесі жылы Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасына күрделі жөндеу басталады. Осыған байланысты Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті мен «Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалы мамандары қайта жарақтандыру жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Аймақтар • 12 Қараша, 2025
«Qarmet» Ұлытау облысына 700 миллион теңге бөледі
«Qarmet» АҚ-ның Ұлытау облысына 700 миллион теңге бөлу туралы бастамасы облыс әкімдігі мен компания арасындағы меморандум аясында жасалмақ. Маңызды құжат өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Осылайша, Қаражал қаласында кәсіпорынның қолдауымен жаңа әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылмақ.
Оқиға • 12 Қараша, 2025
Ақтөбе өңірінде үшем дүниеге келді
Аталған облыстың Шалқар қаласының тұрғындары 27 жастағы Аслан Лайықов пен Ләззат Жоламанованың отбасында үшем дүниеге келіп, оларға Әдемі, Сұлу және Әміре есімі берілді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қараша, 2025
Ақтөбе облысында Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 10 Қараша, 2025
Атырауда инвестициялық жобаларға арнайы орталық талдау жүргізеді
Атырау облысында «Бюджеттік инвестициялық ұсыныстарды қарау жөніндегі орталық» КММ жұмысын бастады. Орталыққа бюджеттік инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыру міндеті жүктелді, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 10 Қараша, 2025
Қазақ балаларының сауатын ашу жолында аянбай еңбек қылған Жиенғали Тілепбергенов кім?
Темір ауданында жазушы, драматург, журналист Жиенғали Тілепбергеновтың туғанына 130 жылдығына орай бірқатар іс-шара өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қараша, 2025
Pul.vc венчурлік платформасын ойлап тапқан жас кәсіпкер Президентке алғыс айтты
Алматы облысының жас кәсіпкері Бағлан Олжабаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жас кәсіпкерлер мен IT-мамандардың дамуына ерекше назар аударып отырғаны үшін алғыс білдірді. Кәсіпкер өз сөзінде Президенттің бастамалары жаңа буын кәсіпкерлері мен инноваторлардың қалыптасуына зор серпін беріп отырғанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қараша, 2025
Жамбыл облысында 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды
Сарыкемер ауылында 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 10 Қараша, 2025
Талас ауданына қарасты Бостандық ауылында дене-шынықтыру сауықтыру кешені ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қараша, 2025
Ақтау мектептерінде қантөгіс болады: желіде тараған ақпарат тексеріліп жатыр
Маңғыстау облысында тұрғындардың WhatsApp чаттарында білім беру мекемелеріне жасалатын шабуыл туралы қорқыту сөздер жазылған хабарламалар таратылуда, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Қараша, 2025
Ақмола облысында 1124 спорттық нысан жұмыс істейді
Қазіргі заманда спорт әлеуметтік әділдіктің жаңа формасына айналуда. Бұл үрдіс әсіресе Ақмола облысында айқын байқалады: мұнда әрбір азамат, ауыл баласынан бастап ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға дейін, спортпен айналыса алатындай жағдай жасалуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 09 Қараша, 2025
Жол-көлік оқиғасы 27 пайызға артқан
Тоғыз айдың қорытындысына зер салсақ, өңірде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылғанына қарамастан, жол көлік оқиғасының саны артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 08 Қараша, 2025
Абай облысында ашылған жаңа зауыттың ерекшелігі неде?
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан» деген Абай елінде тағы бір кірпіш зауыты іске қосылып, аймақ жұртшылығын қуанышқа бөледі.
Аймақтар • 08 Қараша, 2025
Құлсарыдан жоғалып кеткен жасөспірім қыз Ақтөбеден табылды
Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында тұратын 15 жасар жасөспірім қыз 24 қазанда із-түзсіз жоғалып кеткен еді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Қараша, 2025
Ақмола облысы су тасқынына дайын ба?
Зеренді ауданындағы Шағалалы өзенінің арнасын тазалау және үш су жинақтаушы тоған салу жұмыстарының 98 пайызы аяқталды. Қалған жұмыстар бойынша тоғандардың еңіс бөлігіне тас төсеу жүргізілуі тиіс. Жоба «Qazaq Union» ЖШС «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қорының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025
Павлодарда ер адам үйінді астында қалып қаза тапты
1967 жылғы ер адамның үстіне ғимараттың төбе жабындылары құлаған. Құтқарушылар марқұмның денесін бүгін таңертең сағат төрттерде алып шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.