ру
Оқиға • 29 Тамыз, 2025
Ауыл шаруашылығы санағының онлайн кезеңі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды
Үкіметте вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жетекшілігімен Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының барысы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Тамыз, 2025
Президент: Бейбітшілік пен қауіпсіздік – барша адамзаттың ең басты құндылықтары
Бүгін, 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен бекіткен болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 28 Тамыз, 2025
Ауылдардың жеке кірісі 3,5 есе көбейген
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтің айтуынша, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің мәліметіне сілтеме жасап.
Әскер • 27 Тамыз, 2025
Шығыста күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
1-қыркүйектен 31-желтоқсанға дейін Шығыс Қазақстан облысында күзгі әскерге шақыру науқаны жүреді. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңға сәйкес мерзімді әскери қызметке 18-бен 27 жас аралығындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатылуға негізі жоқ ер азаматтар шақырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Тамыз, 2025
Көкшетауда жүгіруден болған түнгі жарыстан кейін 35 жастағы әйел көз жұмды
Көкшетауда өткен түнгі жүгіру жарысы қайғылы жағдаймен аяқталды. 35 жастағы қатысушы 5 шақырымдық қашықтықта өзін нашар сезініп, есінен танып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 24 Тамыз, 2025
Телефонға жолданған SMS әскерге шақыру туралы ресми хабарлама ретінде танылады
«Әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы мамырдағы қаулысына өзгерістер енгізуге қатысты тиісті құжаттың жобасы жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 23 Тамыз, 2025
Қазақстан Қарулы күштерінің шығармашылық ұжымы Мәскеудегі Қызыл алаңда зор қошеметке ие болды
Қазақстан Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына қарасты Орталық әскери оркестр мен Орталық ансамбльдің музыканттары мен әртістері Мәскеуде өткен XVII Халықаралық «Спасск мұнарасы – 2025» әскери-музыкалық фестивалінде табысты өнер көрсетті. Іс-шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды.
Реформа • 23 Тамыз, 2025
Медицина ұйымдарын енді полиция күзетеді
Бүгінгі таңда медицина саласының қызметкерлеріне күш қолдану деректері жиілеп кетті. Осы олқылықтың алдын алу үшін Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы мен полиция департаменті бірлесіп, емдеу мекемелеріне полиция бекеттерін орналастырды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 23 Тамыз, 2025
Автосақтандырудың жаңа коэффициенті дайындалды
Қазақстанда көлік құралдарын міндетті сақтандыру құнын есептеу үшін жаңа түзету коэффициенттерін енгізуге ниетті екені осыған дейін айтылған. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНДРА) қаулысының тиісті жобасы жария талқылауға шығарылды. Ол 8 қыркүйекке дейін жалғасады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 22 Тамыз, 2025
Бектенов жол сапасына қатысты заңбұзушылықтарды сынға алды
Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған міндеттерді ескере отырып, саланың ағымдағы жағдайы мен даму жоспарлары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Екі елдің ықпалдастығы жанданады
Президент аймақтардың ықпалдастығын жандандыруды өзекті мәселенің бірі ретінде атады. Бұл ретте мемлекеттер басшылары аймақаралық форумның келесі отырысын көп созбай өткізуге келісті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 22 Тамыз, 2025
Астанада әскери музыкант қайғылы оқиғаның алдын алды
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Орталық ансамблі эстрадалық-симфониялық оркестрінің концертмейстері аға сержант Аббас Аппазов қайсарлық танытып, 19 жастағы қыздың өмірін сақтап қалды, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 22 Тамыз, 2025
Егіс алқаптарын әртараптандыру қарқыны күшейді
Президенттің ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі еселеу жөніндегі тапсырмасын орындауға арналған Жол картасы аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі егіс алқаптарын әртараптандыру шараларын күшейтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 21 Тамыз, 2025
4 миллион тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімін жинамақ
Жамбыл облысында егін жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Осы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 6 мың гектар алқапға егілген Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мың гектарға артық, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2025
Берденовке оқ атқан Ернар Жиембай сот үкімімен келіспейтінін мәлімдеді
Бірнеше айдан бері қоғамда қызу талқыға түскен Берденов пен Жиембайға қатысты іске ақыры нүкте қойылды. Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Абинұр Қарабаев 20 тамызда Ернар Жиембайды Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды. Сотта Е.Жиембай үкіммен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 21 Тамыз, 2025
Елімізде күнбағыс майының өндірісі 24,9% артты
2025 жылдың алғашқы 7 айында елімізде 365,4 мың тонна күнбағыс майы (тазартылмаған) өндірілген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Тамыз, 2025
Ауыл шаруашылығы санағына 8 мыңнан аса өтініш тіркелді
Ұлттық статистика бюросының 1446 байланыс орталығы азаматтарға Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына қатысу мәселелері бойынша белсенді түрде кеңес беріп келеді. 1 тамыздан бастап байланыс орталығына 10,5 мыңнан астам өтініш келіп түсіп, оның 8,4 мыңы тікелей ауыл шаруашылығы санағына қатысты болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 20 Тамыз, 2025
Пациенттерді цифрлық сәйкестендіру нәтижесінде 4,7 млрд теңге үнемделген
Президенттің тапсырмаларын орындау үшін елімізде денсаулық сақтау саласында цифрлық технологиялар қарқынды түрде енгізіліп жатыр, бұл жүйенің ашықтығын арттыруға, медицина қызметкерлеріне жүктемені азайтуға және халық үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Тамыз, 2025
Оқушыларды мектепке дайындау үшін ата-аналарға 20 миллиард теңге аударылған
«Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында ата-аналардың және заңды өкілдердің есепшоттарына мектеп формасын, аяқ киім мен оқу-құралдарын сатып алу үшін шамамен 20 млрд теңге аударылған. Қолдау 430 мыңнан астам баланы қамтыған. Бұл Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2025
Нұра ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды
Қарағанды облысы, Нұра ауданының Ахмет ауылында өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. Енді мұнда төрт құтқарушы тәулік бойы кезекшілік атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 19 Тамыз, 2025
Цифрландыру арқылы теміржолды басқару жеңілдейді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында теміржол саласын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің телеграм арнасына сілтеме жасап.
Үкімет • 19 Тамыз, 2025
Теміржолды цифрландыру бойынша кешенді жоспар жасалады
Үкімет отырысы барысында Премьер-министр автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу, цифрлық диспетчерлеу, ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен саланы цифрландыруға назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2025
Павлодарда қоғамдық көлік бағыттары оңтайландырылып жатыр
Облыс орталығында қалалық автобус желісі ертеңнен бастап жаңаша жұмыс тәсіліне көшеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 19 Тамыз, 2025
Түйісу пункттерінің өткізу қуаты 296 млн тоннаға дейін артады
Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мемлекетаралық түйісу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Тамыз, 2025
Прокурор Берденовке қастандық жасаған айыпталушыға 11 жыл жаза сұрады
Мемлекеттік айыптаушы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуыл ісі бойынша айыпталушыға 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Тамыз, 2025
Ернар Жиембай Руслан Берденовтен кешірім сұрады
Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті өлтіруге оқталу ісі бойынша сот өтіп жатыр. Бүгінгі сот отырысында айыпталушы Ернар Жиембай жәбірленуші шенеуніктен кешірім сұрады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 18 Тамыз, 2025
Оқушыларды мектептен мектепке онлайн ауыстыруға болады
Оқу-ағарту министрлігі бұл қызмет EGov порталында қолжетімді екенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2025
Ұлытауда қой өсіру жобасы қолға алынды
Ұлытау облысында «5000 бас қой өсіру» жобасы басталды. Бұл ауыл шаруашылық саласына серпін беретін маңызды бастама, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 17 Тамыз, 2025
Ұлттық спорт жаңаша дамып келеді
Ұлттық спорт – халықтың болмысын, мінезін және рухын айқын көрсететін айна. Қазақ күресі мен дәстүрлі садақ ату – ғасырлар қойнауынан жеткен асыл мұра, бүгінгі ұрпақтың мақтанышына айналған өнер. Уақыт өткен сайын бұл спорт түрлері тек ел ішінде ғана емес, әлемдік деңгейде де мойындалып келеді. Еліміздің мақтанышы атанған балуандар мен мергендер жетістіктері арқылы ұлттық спорттың мәртебесін асқақтатады.
Ұлттық спорт • 17 Тамыз, 2025
Тоғызқұмалақ – ойын ғана емес, ұлттың рухани қазынасы – Мақсат Шотаев
Ұлттық ойындарымыздың ішінде тоғызқұмалақ бүгінде әлемнің 30-дан астам елінде кеңінен танымал. Бұл – халқымыздың сан ғасырлық мұрасы, ой мен зердені шыңдайтын зияткерлік мектеп. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері тоғызқұмалақтың дамуына жанашырлықпен атсалысып келе жатқан аға жаттықтырушы, осы саланың көрнекті өкілдерінің бірі Мақсат Шотаевпен Спорт күні қарсаңында сұхбаттасқан едік.