м
Экономика • 27 Тамыз, 2025
Ерлан Сағынаев Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Ермекұлы Сағынаев ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Ата заң • 27 Тамыз, 2025
Конституциялық өзгерістер талқыланды
«Қазмедиа» орталығында «Ауыл» партиясы мен Парламентаризм институтының ұйытқы болуымен «Қазақстан Республикасының Конституциясы: мемлекетшілдікті нығайтудың және құқық үстемдігінің 30 жылы» тақырыбында халықаралық сарапшылық кездесу өткізілді.
Табиғат • 27 Тамыз, 2025
Орталық Азияда өсімдіктерді зерттеу мәселесіне арналған ІІІ халықаралық симпозиум өтті
Ұлттық ғылым академиясы Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтымен бірлесіп, аймақ өсімдіктерінің биологиялық алуантүрлілігін зерттеу жөніндегі Орталық Азия желісін дамытуға арналған ІІІ Халықаралық симпозиуымын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 27 Тамыз, 2025
Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында Целиноград ауданындағы Аққайың ауылында ақ түйенің қарны жарылған оқиға орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 27 Тамыз, 2025
Атырауда жыл басынан бері заңсыз айналымнан 19 779 темекі алынды
Атырау облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері акциздік маркасыз заңсыз айналымға шығарылған 19 779 темекі өнімін тәркіледі, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 27 Тамыз, 2025
Ақкөл қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын қолдаған ауқымды акция өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 27 Тамыз, 2025
Ақмола облысының әкімдігі Қосшы қаласынан 371 пәтер сатып алды
Елімізде алғаш рет тұрғын үйді бөлу бойынша пилоттық жоба Қосшы қаласында бастау алды. Ақмола облысының әкімдігі «Отбасы банк» акционерлік қоғамына 371 пәтерді мұқтаж азаматтарға үлестіруді тапсырды. Облыс әкімі Марат Ахметжанов банк өкілдігіне пәтерлердің сертификатын табыстады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Тамыз, 2025
Шымкентте інжу той иелеріне жаңа неке куәлігі берілді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалында 30 жыл бір шаңырақ астында ғұмыр кешкен ерлі-зайыптылардың некесі салтанатты түрде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 27 Тамыз, 2025
Үкіметте тау-кен металлургия кешенін дамыту мәселесі талқыланды
Үкіметте Мемлекет басшысының саланы дамыту жөнінде қойған міндеттерін жүзеге асыру бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның тау-кен металлургия кешенін дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Тамыз, 2025
Тоқаев пен Иордания Королі «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астана халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Тамыз, 2025
Тоқаев пен Король ІІ Абдалла Қазақстан-Иордания бизнес-форумына қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король ІІ Абдалланы Астанада қарсы алуды өзіне зор мәртебе санайтынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2025
Таразда жұмысшы жастарға арналған облыстық форум өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтары жылы» болып жарияланды. Осы бастаманы қолдау мақсатында «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалы Тараз қаласындағы «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар зауытының өндіріс аумағында «Жұмысшы жастар аманаты» атты облыстық форум өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Тамыз, 2025
Қазақстан Президенті мен Иордания Королі Astana Hub кластеріне барды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен ІІ Абдалла бен әл-Хусейн Astana Hub халықаралық кластерін аралау барысында еліміздің ІТ және жасанды интеллект саласындағы жетістіктерімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 27 Тамыз, 2025
Вьетнамдағы тайфун салдарынан 7 адам қаза тапты
Вьетнам Үкіметінің ресми порталында көрсетілгендей, табиғи апаттан болған толассыз нөсердің кесірінен 7 адам қаза тапқан. Қатты жел мен су басудан 12 мыңнан астам үй қирап, Ханой қаласының көп бөлігі су астында қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Тамыз, 2025
Испанияда орман өртіне қатысы бар 48 адам ұсталды
Испанияда орын алған жойқын орман өрттеріне адамдардың әдейі қатысы болуы мүмкін деген болжам жасалды. Бірқатар өрт оқиғалары қасақана ұйымдастырылғаны белгілі болды. Тамыз айында полиция 48 адамды өрт қоюға күдікті ретінде қамауға алып, тағы 134 іске байланысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Тамыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король ІІ Абдалла шағын құрамда келіссөз жүргізді
Қазақстан Президенті Астанаға шақыруын қабыл алғаны үшін Корольге алғыс айтып, жыл басында Амманға жасаған сапарын ықыласпен еске алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 27 Тамыз, 2025
Ақордада Иордания Хашимит Королдігінің Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Ақордада елімізге ресми сапармен келген Иордания Хашимит Королдігінің Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейнді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2025
Түркістан облысында алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Өңірде соңғы жылдары қыс айларында жылуға қатысты мәселе Кентау қаласында жиі көтеріліп келген болатын, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 27 Тамыз, 2025
eGov пен Aitu қызметтеріне нөлдік тарифтеу енгізіледі
Бүгін Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Цифрлық штаб отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысының цифрландыру саласындағы алға қойған міндеттерін жүзеге асыру бағытында бірқатар шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфляция • 27 Тамыз, 2025
Сарапшылар базалық мөлшерлеменің өзгеріссіз қалу себебін түсіндірді
29 тамызда, Ұлттық банк қазіргі уақытта 16,5% құрайтын базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімді жариялайды. Биыл инфляциялық қысымның күшеюін ескере отырып, реттеуші монетарлық саясатты қатаңдатқан: наурызда мөлшерлеме 15,25% -дан 16,5% -ға дейін өсті, содан бері өзгеріссіз қалып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 27 Тамыз, 2025
Трамп Украинаға қарсы санкциялар енгізуі мүмкін
АҚШ тек Ресейге ғана емес, егер бейбіт келіссөздер сәтсіз аяқталатын болса, Украинаға да санкциялар мен кедендік баж салығын енгізуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz NDTV-ге сілтеме жасап.
Футбол • 27 Тамыз, 2025
«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы тарихи жеңісі қанша табыс әкелді
Алматылық «Қайрат» футбол клубы Шотландияның «Селтик» командасын пенальти сериясында жеңіп, алғаш рет UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 27 Тамыз, 2025
Медицина – зор жауапкершілікті қажет ететін сала. Ал, ақ халатты жандардың ішінде науқастың алғашқы сенімін сезінетіндер – мейіргерлер. Астана әкімдігінің ШЖҚ «№8 қалалық емхана» МКК емшара кабинетінің және онколог дәрігерінің мейіргері Гүлнұр Нұриманова осы мамандыққа жүрек қалауымен келген жан. Медицина саласында еңбек етуді қаршадайынан армандаған Гүлнұр Әділқызының айтуынша, «мейіргер» атауының өзі мейірім ұғымынан шыққан.
Бокс • 27 Тамыз, 2025
Жиырма боксшы жаһандық бәсекеде жұдырықтасады
Қыркүйек айының 4-14 күндері аралығында Ливерпуль (Ұлыбритания) қаласында бокстан әлем чемпионаты өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 27 Тамыз, 2025
Йемен астанасында Израиль әуе шабуылынан он адам қаза тапты
Израиль әскері бұл операцияны Қызыл теңіздегі шабуылдарға жауап ретінде түсіндіріп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 27 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Молдова Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Санду мен Молдова халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 27 Тамыз, 2025
«Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама жеңіп алды
Алматылық «Қайрат» футбол клубы плей-офф раундының қарымта матчында шотландиялық «Селтикті» өз алаңында жеңіп, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Тамыз, 2025
Бұршақ, аптап ыстық: бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық болады, жел күшейіп, күн күркірейді, соған байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 26 Тамыз, 2025
Қарағандыда дәрігерлер 1 жарым жастағы баланың ішінен 22 магнит алып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 26 Тамыз, 2025
Алматыда «Jas Camp» жастар лагері басталды
Алматыда Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Jas Camp» жастар лагері жұмысын бастады. Биыл лагерьге 100 қатысушы іріктеліп алынған. Олардың қатарында студенттер, комьюнити орталықтарының резиденттері, еріктілер, жастардың экологиялық қозғалыстарының өкілдері және NEET санатындағы жастар бар, деп жазады Egemen.kz.