у
Мектеп • 25 Маусым, 2025
Директорлардың жүктемесі заңмен реттелуі тиіс – Саурықов
Елімізде мектеп басшыларына қатысты әділетсіз тәжірибелердің көрінісі байқалады. Атап айтқанда, сабақтан тыс уақытта, яғни демалыс пен каникул кезіндегі оқушылардың құқықбұзушылықтары үшін оқу бөлімінің меңгерушілерін тәртіптік жазаға тарту, тіпті жұмыстан шығару жағдайлары жиілеп отыр. Осы мәселеге қатысты Премьер-Министр орынбасары Ермек Көшербаевтың атына Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясының депутаттары атынан Ерболат Саурықов сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Форум • 25 Маусым, 2025
«XXI ғасырдың цифрлық триггерлері» форумы өтті
«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету шеңберінде ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі AFM Online 2025 «XXI ғасырдың цифрлық триггерлері» форумын өткізіп, оған мемлекеттік органдардың басшылары, сарапшылар, қоғам қайраткерлері және миллиондаған жазылушысы бар блогерлер, барлығы 2000-нан астам адам қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 25 Маусым, 2025
Туризм саласы қарқынды дамып келеді
Былтыр туризмдегі ел экспорты 2,5 млрд долларды құрады.Үкімет жыл соңына қарай ЖІӨ туризмнің үлесін 8 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Туристерді көптеп тарту мақсатында 2027 жылға қарай 1 трлн теңгеден атсам 181 инвестициялық жоба іске асып, жалпы туризм саласында 800 мың, елді мекендерде агротуризимнің дамуымен 10 мыңдай жұмыс орындары ашылмақ. Ішкі туристер санын 11 млн-ға дейін жеткізу жоспарда тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 25 Маусым, 2025
Жүрек орталығы тағы бір азаматқа жаңа өмір сыйлады
Шымкент қаласының Жүрек орталығында үшінші рет жүрек алмастыру операциясы өтті. Донорлық жүрек мегаполисте мұғалім болып жұмыс істейтін 41 жастағы азаматқа салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Маусым, 2025
Qatar Airways рейс кестесін қалпына келтіріп жатыр
Qatar Airways әуе компаниясы уақытша әуе кеңістігінің жабылуынан кейін рейс кестесін қалпына келтіріп жатыр. Жолаушыларға ұшу күнін өзгертуге немесе билеттерін айыппұлсыз қайтаруға мүмкіндік берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 25 Маусым, 2025
Елімізде құс шаруашылығын субсидиялауға 15,7 миллиард теңге бөлінді
Оның ішінде тауық етін өндіру құнын арзандатуға 15,2 миллиард теңге бөлінген. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Маусым, 2025
Түркістан облысында ішімдіксіз ауылдар көбейіп келеді
Түркістан облысында салауатты өмір салтын ұстанатын ауылдардың қатары артып келеді. Ішкі істер министрлігінің бастамасын қолдаған өңір тұрғындары ішімдіктен бас тартып, қоғамдық келісім мен тәртіпке негізделген жаңа өмір салтын қалыптастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап
Әлем • 25 Маусым, 2025
Қытайдағы су тасқынынан 80 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында толассыз жауын-шашын салдарынан су тасқыны болып, 80 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз аймақтарға көшірілді, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 25 Маусым, 2025
Депутат: жұмысшылардың мәртебесін сөзбен емес, іспен көтеру керек
Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков өзінің депутаттық сауалын Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа жолдады. Ол қарапайым еңбек адамдарының мәртебесі мен жағдайы туралы мәселелерді қозғады, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 25 Маусым, 2025
Балабақша жүйесі түбегейлі реформаны қажет етеді - депутат
Мәжіліс депутаты Ажар Сағындықова еліміздегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты бірнеше өзекті мәселені көтеріп, Оқу-ағарту министріне депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, балабақша саласы заңнамалық тұрғыдан жеткілікті деңгейде қорғалмаған, бұл балалардың дамуына тікелей кері әсер етіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Маусым, 2025
Депутат жайылым тапшылығын шешуді ұсынды
«AMANAT» партиясының мүшесі, депутат Қайрат Балабиев Түркістан облысындағы жайылым тапшылығына қатысты мәселе көтеріп, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғаринге депутаттық сауал жолдады. Депутат жайылым жетіспеушілігі ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайына кері әсер етіп отырғанын атап өтіп, бұл түйткілді шешудің нақты тетіктерін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 25 Маусым, 2025
Аралдың құрғаған табанына 48,7 млн сексеуіл отырғызылған
Ел Президенті 2027 жылға дейін елімізде 2 млрд ағаш өсіруге тапсырма берген болатын. Осы тапсырма аясында 1,3 млрд-тан астам көшет, оның ішінде Арал теңізінің құрғаған табанына 48,7 млн сексеуіл көшеті егілген, ал елді мекендер аумағында 15 млн ағаш отырғызылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Маусым, 2025
Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандар апелляциялық шағым түсірді
Шерзат Полаттың ісі бойынша сотталғандардың басым бөлігі соттың үкіміне апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 25 Маусым, 2025
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 2 млн-ға жуық адам қатысқан
Аталған ауқымды экологиялық жұмысқа қатысқан 2 млн-ға жуық адамның 156 мыңы – еріктілер, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Маусым, 2025
Air Astana Дубай мен Доха бағытындағы рейстерін қайта жандандырады
Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы атысты тоқтату режимінің енгізілуіне байланысты бұл өңірге рейстерді қайта жаңғыртты. Рейстер Иран аумағынан айналып ұшатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Маусым, 2025
Қазақстан халықаралық капитал нарығына еурооблигацияларды орналастырды
Биыл 24 маусымда Қазақстан Республикасы халықаралық капитал нарығына 2,5 млрд. АҚШ долларындағы егеменді еурооблигацияларды орналастырды, оның ішінде: 7 жыл мерзімге 1,35 млрд АҚШ доллары сомасындағы транш, купондық мөлшерлемесі – 5%; ал 12 жыл мерзімге 1,15 млрд АҚШ доллары сомасындағы транш, купондық мөлшерлемесі – 5,5%, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Маусым, 2025
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға мейлінше қолайлы жағдай жасау парыз. Біздің кейіпкеріміз Орал Қабылов рухының мықтылығымен ерекшеленетін адам, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 25 Маусым, 2025
Көкшетау археологтары сақ дәуірінің жәдігерін тапты
Көкшедегі көне дүниенің кебежесі тағы бір олжа – тарихи жаңалықпен толықты. Ұлттық музейдің археологтары Кенжебай қорымында қазба жұмыстарын жүргізген кезде Сақ дәуіріне тиесілі тоналмаған екі мола мен бірнеше құнды жәдігерлер тауып, олжалы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Маусым, 2025
Жаңарқа ауданында «Бір ауыл - бір өнім» жобасы өтті
Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының орталығында өткізілген ll-аудандық шараның көздеген мақсаты – өңірлерді дамыту, халықтың әл- ауқатын жақсарту, ауыл кәсіпкерлігінің әлеуетін ашу, жергілікті шикізаттан өнім өндіру, жергілікті бренд жасау, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Маусым, 2025
Қарағандылық оқушылар халықаралық Абай оқуларында жеңімпаз атанды
«Абай оқулары» XXVI халықаралық шығармашылық байқауы ұлы ақынның 180 жылдығына арналған. Оған Қазақстан, Алтай өлкесі, Өзбекстан, Түрікменстан, Моңғолия және Қытай елінен оқушылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Словения Президентін ұлттық мерекемен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарды Словенияның ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Маусым, 2025
Президенттің қолынан марапат алған журналистер белгілі болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент • 24 Маусым, 2025
Отандық журналистер әрдайым шығармашыл, жаңашыл әрі дамуға құштар - Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент журналистер қауымын алдағы Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен құттықтап, ұлттық медиа – халықтың үні, ал журналист жасампаздық жаршысы екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Маусым, 2025
Құтқарушылар балаларға ТЖ кезіндегі қауіпсіздік шараларын үйретеді
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайларда әрекет етуге үйретуге бағытталған балалар лагерлерінде ауқымды оқыту іс-шараларын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 24 Маусым, 2025
Атыраудағы қамыс өрті 11 күннен кейін сөндірілді
Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Атырау облысы, «Ақжайық» резерватындағы қамыс өрті бүгін, 24 маусымда сағат 14:00 шамасында толық сөндірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Маусым, 2025
Мұхтар Мағауиннің ұлы дүние салды
Қазақтың белгілі жазушысы Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин дүние салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Маусым, 2025
Енді жеке куәлікті онлайн режимде рәсімдеуге болады
eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында құжатты қашықтан қайта рәсімдеуге мүмкіндік беретін пилоттық жоба іске қосылды. Бастаманы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бірлесіп жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 24 Маусым, 2025
Отандық оқушылар Балқан олимпиадасында ел намысын қорғайды
24–29 маусым аралығында Солтүстік Македонияның Струга қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Балқан математика олимпиадасы (JBMO) өтеді. Аталған додаға 20-дан астам елдің өкілдері қатысады, олардың қатарында Қазақстаннан барған ұлттық құрама да бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Citi банк өкілімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Citi банктің клиенттермен жұмыс жөніндегі бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстонмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Маусым, 2025
Президент екіжақты кездесулер өткізді
Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы аясында Мемлекет басшысы бірқатар халықаралық компанияның өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.