и
Банк • 09 Маусым, 2025
Ұлттық банк төрағасы мәлімдеме жасады
Биыл ел экономикасы 6%-ға дейін өскен. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Маусым, 2025
Абай облысында қаржы пирамидасы әшкереленді
Қаржы мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті «Rakhat0425» деп аталатын қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 09 Маусым, 2025
Алматы қаласы мен Шаньдун провинциясы арасында меморандум жасалды
Бүгін Алматыда Қазақстан мен Қытай арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. «Қазақстан – Қытай» туризм жылы аясында жасалған бұл меморандум Қытай Халық Республикасынан туристерді тартуға бағытталған жаңа стратегиялық мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл туралы қалалық Туризм басқармасынан хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 09 Маусым, 2025
Шаруаларға 700 млрд теңге жеңілдетілген несие бөлінді
Үкімет ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында 2025 жылы егіс және орақ жұмыстарын жүргізуге 700 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие бөлді. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Маусым, 2025
Орталық Азиядағы алғашқы футбол академиясы Талғарда салынады
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Талғар ауданына барды. Сапар барысында өңір басшысы болашақ «Атлетико де Мадрид» футбол академиясының құрылыс алаңында болып, жобаның жүзеге асу барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Маусым, 2025
Қазақстанға Словакия Премьер-министрі ресми сапармен келеді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 08 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 08 Маусым, 2025
Ақмола облысының туристік жауһары қалай дамып жатыр?
Жаз шығып, күн жылынғалы Бурабайға ағылған туристер легі көбейді. Табиғаты көз сүріндірген бұл өңір жайлы «Қазақстанның Швейцариясы» деп бекер айтылмайды. Көл мен орман, тау мен саф ауасы бар курорттық аймақ соңғы жылдары ерекше қарқынмен дамып келеді. Бұл жайлы аудан әкімдігі нақты деректермен бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 08 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрін қабылдады
Құрылыс • 08 Маусым, 2025
Модельдік цифрлық фабрикалар: 45 өнеркәсіптік жоба жүзеге асырылуда
«Модельдік цифрлық фабрикалар» жобасы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және оларды Индустрия 4.0 интеграциясына бағытталған Қазақстан өнеркәсібінің цифрлық трансформациясының негізгі бағыттарының бірі болып табылады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 08 Маусым, 2025
БҰҰ қоры еліміздегі экологиялық жобаларға қомақты қаражат бөледі
Климаттың өзгеруіне қарсы күресте және оған бейімделуде елдерді қолдаудың негізгі халықаралық қаржы тетігі болып табылатын БҰҰ-ның Жасыл климат қоры еліміздің тұрақты дамуына инвестиция салуға дайын. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Маусым, 2025
Марат Қарабаев Көлік министрі қызметінен кетті
Ақорда Марат Қарабаевтың Көлік министрі қызметінен кеткенін хабарлады.
Президент • 08 Маусым, 2025
Қорғаныс министрі тағайындалды
Ақорда Қорғаныс министрі лауазымына кім тағайынлғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 08 Маусым, 2025
Руслан Жақсылықов қызметінен босатылды
Ақорда Қорғаныс министрінің қызметінен босатылғанын мәлімдеді.
Туризм • 08 Маусым, 2025
Алматыда Көкжайлау шатқалына шыққан жасөспірімдер адасып кетті
Алматы қаласының Медеу ауданындағы Көкжайлау шатқалында (теңіз деңгейінен 2200 м биіктікте) серуендеп жүрген үш жасөспірім таудан түсу кезінде бағытынан адасып қалды. Оқиға жауын-шашын кезінде болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 08 Маусым, 2025
Азық-түлік корпорациясы бидай экспортына субсидия төлей бастады
Елімізде бидайды алыс нарықтарға тасымалдауға байланысты шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу басталды. Бұл мақсатқа биыл 40 млрд теңгеге дейін бағытталатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Маусым, 2025
Қостанай облысында автокомпоненттер шығаратын зауыт салынып жатыр.
Бұл бастама отандық автоөнеркәсіптегі өндірістік тізбекті тереңдетуге және нығайтуға бағытталған. Жаңа нысан шағын өнеркәсіптік аймақтарды құру бағдарламасына еніп, өңірді индустрияландыруға қосымша серпін бермек, деп жазады Egemen.kz.
Партия • 07 Маусым, 2025
Ұлттық құрылтай аясындағы “100 кітап” жобасының аралық қорытындысы шықты
«AMANAT» партиясы ең көп оқылатын отандық 100 әдеби кітапты анықтау бойынша жалпыұлттық сауалнама жүргізуге белсенді қолдау көрсетуде, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 07 Маусым, 2025
Балқашта экс-полицей әйелін соққыға жықты деген күдікке ілінді
Қарағанды облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі тергеліп жатыр. Жәбірленуші тараптың айтуынша, бұл іске бұрынғы полиция қызметкері қатысы бар. Күдікті әзірге бостандықта жүр, алайда іс бақылауға алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент • 07 Маусым, 2025
Шымкентте мүгедек такси жүргізушіні тонағандар сотталды
Шымкентте есту және сөйлеу қабілеті бұзылған жүргізушіге шабуыл жасаған екі ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 07 Маусым, 2025
Қазақстан жаһандық дағдылар рейтингінде өз орнын нығайтты: әлем бойынша 37-орын
Қазақстан Жаһандық дағдылар рейтингінде 37-орынға және Жасанды интеллектінің жетілу индексі (AI Maturity Index) бойынша 51-орынға ие болып, кадрлар даярлау саласында бәсекеге қабілетті елдер қатарындағы орнының тұрақтылығын растады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 07 Маусым, 2025
Қоршаған ортаны сақтау мақсатындағы меморандумға қол қойылды
Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде Өскемен қаласының ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) туындаған кезде және экологиялық төтенше жағдайларға әрекет ету бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі меморандумға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 07 Маусым, 2025
Боксшылар Нидерландта күш сынасады
6-9 маусым аралығында Нидерландта бокстан «Eindhoven Boxcup» деп аталатын халықаралық турнир өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 07 Маусым, 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындарының мәселесі талқыланды
Сауд Арабиясының астанасы - Эр-Риядта 2025 жылдың күз айларында алауы тұтанатын VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының делегация басшыларына арналған семинар (Chief de Mission Seminar) ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 06 Маусым, 2025
Студенттер Баянауыл ұлттық паркіндегі көлдерді қоқыстан тазартты
Павлодардағы колледждердің студенттері Сабындыкөл және Жасыбай көлдерінің аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартты, дер хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Маусым, 2025
Екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды
ҚР ҚМ аппарат басшысы полковник Ербол Құмарбекұлының басшылығымен Қорғаныс министрлігінің делегациясы Ұлыбританияда ресми сапармен болды. Екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарының құжатына Лондон қаласында қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Маусым, 2025
Бас мүфти бірнеше мұқтаж отбасыға сый-сияпаттар тарту етті
Еске салайық, бүгін айтулы мерекеге орай Қазақстанның барлық мешіттерінде айт намазы оқылды. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұсылман жамағаты таңсәріден мешіттерге жиналды. Астанадағы республикалық Бас мешітте ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб мүфти Ермек Мұқатай, «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінде Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сейітбеков жамағатқа Құрбан айттың мән-маңызы, құрбан шалудың тарихы мен хикметі туралы уағыз-насихат айтты. Айт намазынан кейін елдің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 06 Маусым, 2025
«Елорда жастары» – баспаналы болудың тиімді жобасы
Қала әкімдігінің ресми сайтының мәлімдеуінше осыдан 5 жыл бұрын басталған «Елорда жастары» бағдарламасы бүгінде жемісін беріп отыр. Жобаға қатысушылардың бірі Әнуар Набиев мемлекет бастамасының арқасында қалай баспаналы болғанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Маусым, 2025
Ақтөбе облыстық ҚХА-ның XXVIII сессиясы өтті
Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы өңір басшысы Асхат Шахаровтың төрағалығымен өтті. Іс-шара ҚХА-ның 30 жылдығына орайластырылды және биыл сәуір айында Мемлекет басшысының ҚХА-ның XXXIV сессиясында қойған міндеттерін іске асырудағы маңызды кезең болды. 5 маусымда өткен аталған сессияға облыстық ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенділері, «Ассамблея жастарының» өкілдері, мәслихат депутаттары, қала және аудан әкімдері, құқыққорғау органдарының қызметкерлері, жоғары оқу орындары мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz аталған облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 06 Маусым, 2025
Мемлекетке қайтарылған жерлердің жартысы игеруге берілді
Аталған мәліметтер 5 маусымда Үкімет үйінде Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жер ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі республикалық комиссия отырысында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.