е
Президент • 31 Тамыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Тяньцзинь қаласындағы Мэйцзян конференция орталығына келді
Президент ШЫҰ саммитіне қатысушы елдердің делегация басшылары құрметіне ұйымдастырылған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысу үшін Тяньцзиндегі «Мэйцзян» конференц-орталығына келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 31 Тамыз, 2025
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Тяньцзиньдегі кездесуі ШЫҰ саммиті қарсаңындағы негізгі оқиғалардың біріне айналды. Қытай БАҚ-тары Қазақстан көшбасшысының бұл сапарын кеңінен жариялап, әр жолы келіссөздердің Пекиннің мүддесі мен басымдықтарын айқын көрсететін қырларына назар аударды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Тамыз, 2025
Қазақстанда 2026 жылдан бастап жалақы мен зейнетақы өседі
Қазақстанда 2026 жылдан бастап жалақы мен зейнетақы өседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 31 Тамыз, 2025
Меркі ауруханасындағы дау: «Қан аламыз» деп кішкентай баланың қолын сындырған
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, медбикелер қан алу барысында сәбидің қолын сындырып жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 31 Тамыз, 2025
Кәсіпкерлерге ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру қиынырақ болады
Қазақстанда кәсіпкерлердің банк шоттарындағы ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру ережелері өзгереді. Тиісті қаулыны Ұлттық банк пен ҚНДРА қабылдауды жоспарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 31 Тамыз, 2025
Ұлттық банк интервенцияның барлық кезде тиімді болмайтынын ашып айтты
Тамыз айының басында Ұлттық банк 125 миллион долларға валюталық интервенция жасады, бұл бағамды төмендетуге мүмкіндік берді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 31 Тамыз, 2025
Президент Малайзия Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагим мен оның отандастарын Малайзияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 31 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлем • 30 Тамыз, 2025
Жапония смартфон қолдануды шектемек
Жапонияның Тойоакэ қаласының атқарушы билігі тұрғындардың жұмыстан және мектептен тыс уақытта смартфон пайдалануын күніне екі сағатқа шектеуді ұсынып отыр, деп жазады Egemen.kz жапониялық Japantimes сайтына сілтеме жасап.
Президент • 30 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді
Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи Тяньцзинь шаһарында қонақжайлық танытқаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтты. Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысуға шақыруды зор ықыласпен қабыл алғанын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Көрме • 30 Тамыз, 2025
Алматыда Испан суретшісінің көрмесі өтеді
5 қыркүйекте Қазақстандағы Испания Елшілігі мен Esentai Gallery бірлесіп ұйымдастырған испан суретшісі Хуан Саликеттің жеке көрмесі ашылады. Көрме атауы «Қаланың археологиясы: Алматы» деп аталады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 30 Тамыз, 2025
Теңгелік салымдар инфляцияға қарамастан кірістілікті қамтамасыз етеді
Сарапшылар арасында инфляция мен тұрақсыз экономикалық ахуал жағдайында қазақстандықтарға ұзақ мерзімге теңгемен салымдарға абайлап қарау керек деген пікір басым. Көптеген банктер толықтыру және алу мүмкіндігі бар өнімдерді ұсынады, бұл депозиттерді қаржыны басқару үшін ыңғайлы құрал етеді. Жоғары ставкаларға қарамастан, елдегі инфляция кірістіліктің бір бөлігін «жей» алады. Сарапшылар қаражатты ұзақ мерзімге орналастырар алдында инфляцияның нақты деңгейін ескеруді ұсынады, деп жазады деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 30 Тамыз, 2025
Тұрғындар денсаулығын тексерді
Мемлекетіміздің мерейлі мерекесі Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Талғар аудандық орталық ауруханасында «Ашық есік күні» өтті, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 30 Тамыз, 2025
Тоқаев: Қазақ-Қытай қатынастары сенімге негізделген
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың China Daily басылымында жарияланған мақаласында қазақ-қытай қатынастарының басты іргетасы – өзара сенім екенін баса айтты, деп жазады Egemen.kz.
Сауда • 30 Тамыз, 2025
2024 жылы екіжақты сауда-саттық $44 млрд жетті – Тоқаев
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың China Daily басылымында жарияланған мақаласында екі ел арасындағы сауда байланыстарының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 30 Тамыз, 2025
Қытай Қазақстанға $27 млрд астам инвестиция салды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың China Daily басылымында жарияланған мақаласында Қазақстан экономикасына тартылған қытайлық инвестициялар туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 30 Тамыз, 2025
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың China Daily басылымында жарияланған мақаласында Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Тамыз, 2025
Қазақстанның Қытайға агроэкспорты 10%-ға өсті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың China Daily басылымында жарияланған мақаласында ауыл шаруашылығы саласындағы серіктестікке назар аударды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Тамыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ-қытай қатынасы туралы мақаласы China Daily-де жарияланды
Қытайдың жетекші China Daily басылымы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан мен Қытайдың берік әрі сенімді қарым-қатынасы – табысты ынтымақтастықтың кепілі» атты мақаласын жариялады. Бұл – қос ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін паш еткен маңызды оқиға.
Әдебиет • 30 Тамыз, 2025
Орталық Азия әлем әдебиеті арасында диалог болса
XXI ғасыр – диалог пен өзара ықпалдастықтың ғасыры. Жаһандану үдерістері күшейіп, мәдени шекаралар жойылып жатқан қазіргі заманда әдебиет те бұл үдерістен тыс қалмады. Әлем әдебиеті – бұл тек Батыстың әдеби канондары емес, бұл адамзат рухының санқырлы көріністері, ал Орталық Азия әдебиеті – сол көріністердің ажырамас бөлігі. Осы мақалада біз Орталық Азия әдебиеті мен әлем әдебиеті арасындағы өзара байланыс, ықпал және болашағы туралы сөз қозғаймыз.
Президент • 30 Тамыз, 2025
Конституция Қазақстан тәуелсіздігінің, қазақ мемлекеттілігінің берік тұғырына айналды — Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қаржы • 29 Тамыз, 2025
Ұлттық банк банктерден қарызды қайтарудың тетігін тапты
2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін бірқатар ірі банкке мемлекет тарапынан, соның ішінде Ұлттық қор есебінен 15 жыл мерзімге қаржылай қолдау көрсетілгенін білесіздер. Бұл көмек банк акционерлері де ортақ жауапкершілікке ие болады деген талаппен берілді. Кейбір банктер өз шығындарын әлдеқашан өтеген, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 29 Тамыз, 2025
Эльвира Әзімова: Конституциялық Сотқа азаматтардан 11 мыңнан астам өтініш түсті
Бүгін, 29 тамызда, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрайымы Эльвира Әбілхасымқызы Азимова Конституцияның 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 29 Тамыз, 2025
Жасанды интеллект пен тәрбие – оқу үдерісі қалай өзгереді?
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жаңа 2025–2026 оқу жылының басталуына орай дәстүрлі Әдістемелік-нұсқау хатты педагогтерге, әдіскерлерге және мектеп басшыларына ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 29 Тамыз, 2025
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Конституция күні аталып өтті
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Оған Агенттік және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұжымы қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 29 Тамыз, 2025
Астана сахнасында – Қарағанды театры
«Астана Опера» өз сахнасында гастрольдік сапармен келген Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының шығармашылық ұжымын қарсы алды. Меймандардың ересек аудиторияға ұсынған жарқын оперетталары, мюзиклдері мен Гала-концерті, сондай-ақ балаларға арналған қызықты музыкалық ертегілері мен қойылымдары «Астана Операның» жазғы репертуарына көрік берумен қатар елордалықтар мен қала қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлады, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 29 Тамыз, 2025
ERG «Хромтау» жел электр стансасының құрылысын аяқтады
Ақтөбе облысында еліміздегі ең ірі «жасыл» энергетика жобаларының бірі – қуаты 150 мегаватт болатын «Хромтау» жел электр стансасының қосылу рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Тамыз, 2025
Бибігүл Жексенбай: Конституция – елдің тұрақтылығы мен тәуелсіздігінің кепілі
Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған халықаралық конференцияда Сенат депутаты, белгілі журналист Бибігүл Жексенбай Ата заңның мәні мен эволюциясы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2025
Ашық есік күні: біздің болашағымыз – біздің мектебіміз
Бүгін Қостанай қаласының № 31 мектебі ашық есік күнін өткізіп, қонақтарды жоғары көңіл күймен қарсы алуда. Оқушылардың ата-аналары мен қала тұрғындары мектеппен және педагогтармен таныса келе, балаларға жасалған жағдайларды өз көздерімен көріп, сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 29 Тамыз, 2025
Ата заң- барлық заңның бастауы
Қазақ халқының даңқты батыр перзенті Бауыржан Момышұлы «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деп бекер айтпаса керек.