м
Қоғам • 30 Қазан, 2023
«Ashyq syllabus» жобасы жұмыс тобының отырысы өтті
Бүгін Астанада Қазақстан қоғамдық даму институтында медиа саласы академиялық қауымдастығының қатысуымен «Ashyq syllabus» медиа саласындағы үздік білім беру бағдарламаларын талдау» жобасының отырысы өтті.
Қоғам • 30 Қазан, 2023
«Хизб-ут-Тахрир» және «ДАИШ» ұйымдарының жақтаушылары ұсталды
Алматы мен Түркістанда терроризмді насихаттады деген күдікпен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Есірткі • 30 Қазан, 2023
Бұдан былай OLX-тағы есірткі курьерлерін жалдау хабарламалары бұғатталады
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек балалардың есірткі қылмысына араласу қаупін азайту үшін қандай жұмыс атқарылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қазан, 2023
Шахтадағы апат: Лакшми Миттал қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма?
Қазақстанда «AрселорМиттал Tеміртау» (AMT) компаниясының негізгі инвесторы Лакшми Митталды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап ететін петицияға қол жинау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көрме • 30 Қазан, 2023
Explore Jana Qazaqstan фотокормесі 18 қарашаға дейін жалғасады
Қазан айының 28-і күні сағат 13.00-де Астанадағы Mega Silk Way сауда-сауық орталығында Explore Jana Qazaqstan фотокөрмесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 30 Қазан, 2023
Алматылық дәрігерлер жағдайы өте ауыр науқасты аяққа тұрғызды
Таяу күндері Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық ауруханаға осыдан 10 жылдай уақыт бұрын жамбас буыны алмастырылған пациент өте ауыр жағдайда жеткізілген болатын. Жарақаттың салдарынан цементсіз әдіспен бекітілген протез науқастың жамбас қуысына кіріп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 30 Қазан, 2023
Қай өңірде әйелден ер адам көп?
Ұлттық статистика бюросы жария еткен 2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша елімізде әдеттегідей ерлерден әйелдердің саны басым екені байқалады.
Ауа райы • 30 Қазан, 2023
Алдағы үш күнде елдегі синоптикалық жағдай өзгереді
Синоптиктер 31 қазан мен 2 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Батыс, солтүстік және орталықта біртіндеп жылыну күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 30 Қазан, 2023
Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді?
2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 534 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 30 Қазан, 2023
Қазақ қызы «тарихи алтынға» қол жеткізді
Мажарстанның бас шаһары Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатында каратэден Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 30 Қазан, 2023
Электрмен қамту жүйесі қала бойынша қалпына келтірілді
Төтенше жағдайлар қызметі бүкіл қала бойынша электр желісінің жұмысын қалпына келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Спорт • 30 Қазан, 2023
Азия чемпионаты: Боксшы қыздар ел үмітін ақтай ма?
Астана қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында бокстан жастар санатындағы қыздар арасынан Қазақстанның 10 спортшысы жартылай финалға шықты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Қазан, 2023
Тағы бірнеше мемлекет басшылары қазақ халқына көңіл айтты
Қарағанды облысындағы шахтада болған апатқа байланысты телефон қоңыраулары мен көңіл айту жеделхаттары түсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Қазан, 2023
Иранның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан халқына көңіл айтты
Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Қазақстан халқына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 28 Қазан, 2023
Вадим Басин «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директорының міндетін атқарады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Комиссияның шешімімен Вадим Басин «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 28 Қазан, 2023
Премьер-министр: Апат себептерін жан-жақты тергеп, кінәлілерді анықтаймыз
Премьер-министр Әлихан Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында болған өрттің себептерін тергеу және зардаптарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 28 Қазан, 2023
Франция президенті Қарағандыдағы кеншілер қазасына қазақ тілінде көңіл айтты
Франция елінің басшысы Эмманюэль Макрон өзінің Faсebook парақшасында Қазақстандағы шахта апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қазан, 2023
Қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қандай көмек көрсетіледі?
Қарағанды облысының әкімдігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Костенко атындағы шахтада болған өрт салдарынан қаза тапқан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшыларының отбасы мүшелерінің тізімін жасап жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларға толыққанды көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Қазан, 2023
Шахтадағы апат туралы ақпараттар дер кезінде жеткізіліп отыр - министрлік
Мәдениет және ақпарат министрлігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қарағанды облысындағы И.Костенко атындағы шахтадағы жағдайға байланысты ауқымды және уақтылы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Қазан, 2023
Еліміздің шахталарында 12 ірі апат болған
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан шахталарында 12 ірі апат болған. Ал, апаттардың салдарларынан қайтыс болғандар саны 200-ге жуықтаған.
Қоғам • 28 Қазан, 2023
Қазақстандағы ірі телерадиоарналар ойын-сауық бағдарламаларын тоқтатты
Қарағанды облысында кеншілердің қаза табуына байланысты «Хабар» Агенттігінің телеарналарында және «Қазақстан» телерадиокорпорациясында ойын-сауық жобалары көрсетілмейді, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 28 Қазан, 2023
Мемлекетіміз үшін еш нәрсе адам өмірі мен денсаулығынан артық емес – Ерлан Қошанов
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов өзінің Facebook парақшасында Костенко шахтасында қаза болған кеншілердің жақындары мен туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Қазан, 2023
«АрселорМиттал Теміртау» шетелдіктерге берілмейді
Президенттің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай өзінің Facebook парақшасында «АрселорМиттал Теміртау» шетелдіктерге берілмейтінін жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 28 Қазан, 2023
Костенко шахтасындағы апат: Ауруханадағы кеншілердің жағдайы белгілі болды
Костенко атындағы шахтадағы жарылыс кезінде зардап шеккен 18 адам профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы ауруханаға жеткізілді. Барлығына медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Барлық қажетті мамандарды тарта отырып, консилиум өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 28 Қазан, 2023
Костенко шахтасындағы апат себебін арнайы комиссия анықтайды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында орын алған апаттың себептерін тергеу және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 28 Қазан, 2023
Цифрлы кеңістіктегі медиа және ақпараттық сауаттылық семинары өтті
Жаһандық медиа және ақпараттық сауат апталығы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаменті өкілдігі – Алматыдағы БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаментімен ынтымақтастықта «Цифрлы кеңістіктегі медиа және ақпараттық сауат» атты IV Орталықазиялық ғылыми семинар өтті.
Оқиға • 28 Қазан, 2023
Костенко шахтасында 11 кенші қаза болды
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты Костенко шахтасынан өрт шықты. Өкінішке қарай, апат кезінде 11 кенші көз жұмып, 18 адам түрлі жарақат бойынша ауруханаға жеткізілді.
Аймақтар • 27 Қазан, 2023
Шымкент тұрғыны танысын ұрып өлтірген
Шымкентте 42 жастағы ер адам танысын ұрып өлтірген, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 27 Қазан, 2023
Алдағы күндері температура 10 градусқа дейін төмендейді
Синоптиктер 28-30 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Қазан, 2023
Нұрдәулет Жұмағали - Азия пара ойындарының екі дүркін чемпионы
Қазақстан спортшы Нұрдәулет Жұмағали Қытайдың Ханчжоу шаһарында өтіп жатқан IV Азия пара ойындарының екі дүркін чемпионы атанды, деп жазады Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.