м
Жастар • 21 Тамыз, 2025
JAIDARMAN. MAMANCUP – республикалық арнайы жоба өтеді
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы мен Жұмысшы мамандар жылына орай Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен және қолдауымен JAIDARMAN. MAMANCUP республикалық арнайы жобасы ұйымдастырылады.
Мәдениет • 21 Тамыз, 2025
Қырғызстанда Шоқан Уәлиханов туралы деректі фильмнің таныстырылымы өтті
Бүгін Қырғызстанда қазақ-қырғыз жастар форумының аясында ұлы ғалым, этнограф Шоқан Уәлихановтың өмірі мен еңбегіне арналған деректі фильмнің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Тамыз, 2025
Президент Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 21 Тамыз, 2025
Астанада самокатшыны көлік қағып кетті
Оқыс оқиға – самокат мінген жас жігіт бағдаршамның жасыл түсінен өтіп бара жатқанда болған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Тамыз, 2025
Көпбалалы отбасыларға қанша жәрдемақы беріледі?
Биылғы сегіз айда көп балалы отбасыларға, сондай-ақ күміс, алтын алқалы аналарға берілетін жәрдемақыға 354,5 млрд теңге бөлінді деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 21 Тамыз, 2025
Жол-құрылыс саласы отандық битуммен толық қамтамасыз етілді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаһандық жобалармен қатар іргелес салаларды негізгі ресурстармен қамтамасыз ету бойынша ағымдағы міндеттер де шешіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Тамыз, 2025
Мәжіліс депутаты «Авангард» зауытының жұмысымен танысты
Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Ержан Бейсенбаев Шымкент қаласында «Авангард» шыны зауытында болды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 21 Тамыз, 2025
2026 жылы ең төменгі жалақы мөлшері өзгеріссіз қалады
Үкімет ең төменгі жалақыны (АЕК) 85 мың теңгеден көтермейтін болды. Бұған дейін вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ең төменгі жалақыны көтеру керектігімен келіскен болатын. Алайда ол инфляцияның өсуіне және өндірістік шығындардың өсуіне себепкер болмау үшін мұны абайлап және кезең-кезеңмен жасау керектігін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 21 Тамыз, 2025
Ислам Сәтпаев Азия додасында топ жарды
Нысана көздеуден Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Ислам Сәтпаев жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Тамыз, 2025
Қазақстанда су саласын трансформациялаудың негізі қаланды - халықаралық сарапшы
Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының ғылыми-зерттеу орталығы директоры Динара Зиганшина Қазақстандағы су шаруашылығы саласын трансформациялау бағытындағы Су ресурстары және ирригация министрлігінің жұмысын жоғары бағалады. Сарапшының пікірінше, ведомство болашақта саланың дамуына негіз болатын маңызды жүйелі өзгерістердің іргетасын қалады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің мәліметіне сілтеме жасап.
Өнер • 21 Тамыз, 2025
Астаналық әртістер Қытайдағы байқауда жеңімпаз атанды
«Астана Опера» әртістері Қытайдан жеңіспен оралды. Театрдың жетекші солисі Диас Құрманғазы мен жас хореограф, солист Сұлтанбек Ғұмар Ляониндегі (Шэньян) балет әртістерінің бірінші халықаралық байқауында марапаттарға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 21 Тамыз, 2025
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
Ол марқұм Шерзат Полат ісінде «Хуторлықтар» қылмыстық тобының жетекшісі ретінде аталған. Қасымбаев бұл айыптауды бейнеүндеу арқылы жоққа шығарған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2025
Берденовке оқ атқан Ернар Жиембай сот үкімімен келіспейтінін мәлімдеді
Бірнеше айдан бері қоғамда қызу талқыға түскен Берденов пен Жиембайға қатысты іске ақыры нүкте қойылды. Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Абинұр Қарабаев 20 тамызда Ернар Жиембайды Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды. Сотта Е.Жиембай үкіммен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 21 Тамыз, 2025
Елімізде күнбағыс майының өндірісі 24,9% артты
2025 жылдың алғашқы 7 айында елімізде 365,4 мың тонна күнбағыс майы (тазартылмаған) өндірілген, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 21 Тамыз, 2025
138 мың оқушы оқу жылын жаңартылған мектептерде бастайды
Жаңа оқу жылы басталғанға дейін 163 білім беру ұйымында жөндеу жұмыстары аяқталады. Жаңартылған және толықтай қайта жабдықталған мектептерде 138 мыңнан астам оқушы білім алады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 21 Тамыз, 2025
48,3 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған
Осы отбасылардағы 259,7 мың адамды қамтитын төлемнің бұл түріне бюджеттен 110,7 млрд теңге қарастырылған, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 21 Тамыз, 2025
Президент Жолдауы: 1,3 ГВт жаңа электр қуаты іске қосылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын орындау аясында Үкімет отын-энергетика кешенін жаңғырту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 20 Тамыз, 2025
Аптап ыстық пен дауыл: Қазақстанның 15 өңірінде ескерту жарияланды
Синоптиктер еліміздің оңтүстігінде аптап ыстық, солтүстігінде нөсер жаңбыр мен дауыл күтілетінін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қылмыс • 20 Тамыз, 2025
Маңғыстау тұрғынының ауласынан заңсыз атылған киіктер қоймасы табылды
Маңғыстау облысында полиция қызметкерлері киіктеің тұтас еттері мен мүйіздерін тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Тамыз, 2025
Жәнібек Әлімханұлының басы дауға қалды
Boxingscene.com және RingTV секілді БАҚ-та қызмет ететін америкалық журналист Франсиско А. Саласар қазіргі кезде көптеген боксшылар рингте кездесудің орнына бір-бірімен әлеуметтік желілерде айтысып жүргеніне теріс көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2025
Ақмола облысында найзағай соққан бала қаза тапты
Ақмола облысында найзағайдың соғуынан бала көз жұмды, тағы бір жасөспірім зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция басқармасына сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Тамыз, 2025
Бензин бе, дизель ме? 2025 жылы автокөліктерге тиімдісі қайсысы?
Көлік сатып аларда жүргізушілердің алдына бензинді ме, әлде дизельді қозғалтқышы бар машинаны таңдаған дұрыс па деген сұрақ жиі шығады. Әр нұсқаның өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бірі дизельдің үнемділігін бағаласа, енді бірі бензин қозғалтқышының тыныштығы мен жайлылығына басымдық береді. 2025 жылы бұл таңдауға жанармай бағасы, экологиялық талаптар мен пайдалану ерекшеліктері айтарлықтай әсер етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 20 Тамыз, 2025
Денсаулық сақтау реформаларының жемісі мен жетістігі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған міндеттер аясында денсаулық сақтау жүйесінде ауқымды өзгерістер жүзеге асуда. Елімізде халықтың өмір сүру ұзақтығын ұлғайтып, әрбір азаматқа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетуге бағытталған жүйелі реформалар жүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 20 Тамыз, 2025
НАТО-ның келесі саммиті 2026 жылы Анкарада өтеді
НАТО саммитін 2026 жылы 7-8 шілдеде өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Тамыз, 2025
Қазақстанда шетелдік мессенджерлерді қолдануға тыйым салына ма?
Цифрлық даму министрлігі қоғамда таралып жатқан WhatsApp, Telegram және басқа да шетелдік мессенджерлерді қолдануға тыйым салынатыны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Тамыз, 2025
Шымкентте сәулет басқармасы басшысының ұсталғаны расталды
Ақпаратты қала әкімінің орынбасары, әкімдік аппаратының ресми өкілі Сәрсен Құранбек растады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 20 Тамыз, 2025
Илон Маск 2028 жылғы сайлаудағы басты үміткерді таңдады
АҚШ-та саяси өмірге жаңа серпін бермек болған Илон Маск ойынан айнып, енді вице-президент Джей Ди Вэнске сенім артып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 20 Тамыз, 2025
Биыл бокстан ел чемпионаты Семейде өтеді
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 20 Тамыз, 2025
Қостанайда өңір мұғалімдерінің тамыз кеңесі өтті
Қостанайда мұғалімдердің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» тақырыбы аясындағы мәселелер талқыланған кеңесте өткен оқу жылы қорытындыланып, жаңа оқу жылының жұмыс жоспары пысықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2025
«Мектепке жол» акциясы аясында 4000-нан астам оқушыға көмек көрсетілді
Түркістан облысы Ордабасы ауданының орталығы Темірлан елді мекенінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында мектеп жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.