и
Үкімет • 28 Мамыр, 2025
Министрлік шегірткенің жаппай таралуына қатысты мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желі мен БАҚ беттерінде шегірткелердің жаппай әрі бақылаусыз таралуына қатысты ақпарат тарап жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәлімет пен бейнематериалдар шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Эфиопияның Ұлттық күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Тайе Ацке-Селассиеге Эфиопияның Ұлттық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 28 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті және әзербайжан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 27 Мамыр, 2025
Жақында серуендеп жүргенімде, досым таңғажайып табиғат құпиясын айтты. Бұрын естімеппін. Ол – секвойя ағаштарының ерекше өсу стратегиясы. Мұны ішімнен қаржылық стратегияға айналдырып алдым, өзімше…
Балалар • 27 Мамыр, 2025
Түркістанда «Балалар үні» фестивалі өтті
Түркістанда Оқу-ағарту министрінің «Бала үні – болашақтың үні» атты бастамасымен балаларға арналған «Балалар үні» өнер фестивалі өтті. Фестиваль барысында облыстағы білім беру ұйымдарынан 20 мыңға жуық өнерпаз бақ сынады. Ал қорытынды концертте сараптаудан өткен 600-ден астам оқушы өнерін ортаға салды.
Спорт • 27 Мамыр, 2025
Астана 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайды
Бүгін Катарда Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) Бас ассамблеясында 2027, 2028 және 2029 жылдардағы әлем чемпионаттарын өткізетін елдер анықталды.
Есірткі • 27 Мамыр, 2025
Атырау облысының тұрғыны 1 келіден асатын синтетикалық есірткімен ұсталды
Синтетикалық есірткіні таратып жүрген 37 жастағы жігіт ұсталып, қамауға алынды.
Қоғам • 27 Мамыр, 2025
Аида Балаева Meta өкілдерімен ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Астанада Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Meta компаниясының мемлекеттік саясат жөніндегі директоры Сарим Әли Әзиз кездесті. Тараптар Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 27 Мамыр, 2025
Қазақстандағы сіз білмейтін 7 туристік аймақ
Қазақстан - көз тартар табиғаты, терең тарихы мен мәдени байлығы арқылы Орталық Азияның інжу-маржанына айналған ел. Әдетте көпшілік саяхаттау үшін Алакөл, Бурабай, Көлсай көлдері немесе Шарын шатқалын таңдайды. Алайда ел ішінде әлі де туристер назарына ілінбей жатқан тамаша аймақтар бар. Қазақстандағы сіз білмейтін, бірақ көрген адамды тамсандыратын 7 ерекше туристік бағытты ұсынамыз, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Мамыр, 2025
Александр Шевченко «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады
Қазақстанның ерлер арасындағы екінші ракеткасы Александр Шевченко Францияда өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің алғашқы айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 27 Мамыр, 2025
Ақмола облысында жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр
Алдағы 2024–2025 жылғы жылыту маусымына дайындық аясында Ақмола облысында 27,8 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 27 Мамыр, 2025
Кәмелетке толмаған баладан ақша талап еткендер сотталды
Бас прокуратура мәліметінше, 4 сотталушы жәбірленушінің шетелге оқуға баратынын және ата-анасына тиесілі ақша қаражаты бар екенін біліп, кәмелетке толмаған баладан 20 млн теңге талап еткен, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Мамыр, 2025
Баласына жаны ашымайтын әкелер жауапқа тартылады
Биыл Солтүстік Қазақстан облысы бойынша әкелердің алименттік қарызы 260 млн теңгеге жетіпті, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 27 Мамыр, 2025
Зиянкестермен күрес жеке бақылауымда болады - министр
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Арал ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарымен танысып, жедел штаб отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 27 Мамыр, 2025
Шымкентте әскери міндеттілердің оқу-жаттығу жиыны өтті
Шымкент қаласының маңындағы «Ақтас» оқу-жаттығу полигонында әскери міндеттілерге арналған он күндік жиын өз мәресіне жетті. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оқу жиыны аумақтық қорғаныс бригадасының тактикалық-арнайы жаттығуымен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Медицина • 27 Мамыр, 2025
Ана мен баланың өмірін сақтап қалды
Маңғыстау кардиохирургтері алғаш рет жүкті әйелдің жүрегіне күрделі операция жасады. Облыстық көпбейінді аурухананың дәрігерлері екі сағатқа созылған операциядан кейін ана мен баланы аман алып қалды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Мамыр, 2025
Арзан баға Назаровта ғана... Халық азық-түлікке қанша қаражат жұмсайды?
Жақында Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров БАҚ өкілінің «1 айда азық-түлікке қанша қаржы жұмсайсыз» деген сауалына «ет пен майдан басқа тамақ өнімдеріне 30-50 мың аралығында қаражат жұмсайтынын» айтқан еді. Мәжілісменнің жауабы мен базардағы баға қабыса ма? Біз Астанадағы «Орталық базарға» арнайы барып, Үкімет бекіткен тізімдегі 19 әлеуметтік маңызы бар тауардың бағасын біліп, елордалықтар азық-түлікке айына қанша жаратып жүргенін сұрап білдік, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 27 Мамыр, 2025
«Министрге хат» акциясы басталды
Акция аясында балалар еліміздің бас ұстазы Ғани Бейсембаевқа тікелей хат жолдай алады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2025
Қызылордада киберқылмыспен күрес орталығы ашылды
Қызылорда облысында Полиция департаментінің бастамасымен киберқылмыспен күрес орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 27 Мамыр, 2025
Туризм саласындағы бизнеске мемлекеттен қандай көмек беріледі
Туризм және спорт министрлігі кәсіпкерлік субъектілері үшін туризмді дамытуға бағытталған бірнеше мемлекеттік қолдау түрін ұсынады. Бұл шаралар туристік өнімдердің сапасын арттыруға, сондай-ақ ішкі және келу туризмін кеңейтуге бағытталған. Төменде кәсіпкерлер мен әлеуетті инвесторларға арналған жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар ұсынылған, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 27 Мамыр, 2025
Бүгін - Мырзатай Жолдасбеков өмірге келген күн
Бүгін, 27 мамыр – қазақ әдебиеттану ғылымы мен мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтің туған күні. Ғалым биыл 87 жасқа толып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Мамыр, 2025
Денис Мамонов «Атырау» футбол клубына бас бапкер болды
Жеңілістен көз ашпай келе жатқан «Атырау» футбол клубының бас бапкері үшінші рет ауысты. Енді Денис Мамонов команданың басқару тізгінін қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Мамыр, 2025
Майк Тайсон мен Федор Емельяненко Қазақстанда күш сынасады
Атағы жер жарған кәсіпқой боксшы Майк Тайсонның жасы 58-ден асса да, әлі де жұдырықтасып жүргені белгілі. Соңғы рет ол былтырғы жылдың қараша айында америкалық актер, блогер, шоумен Джейк Полмен күш сынасты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Мамыр, 2025
Еркін күрестен Қазақстан кубогінің иегері анықталды
Астанада еркін күрестен Қазақстан кубогы өз мәресіне жетті. Биыл күзде Загребте жалауы желбірейтін әлем чемпионатының жолдамалары сарапқа салынған жарысқа Нұрқожа Қайпанов пен Ризабек Айтмұханнан басқа балуандардың барлығы қатысты. Ұлттық құрама бапкерлері дүниежүзілік додаларда дараланған дүлдүлдерге жеке бағдарлама бойынша даярлануларына рұқсат беріпті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Мамыр, 2025
Журналистерге арналған «Парасат» конкурсына өтінім қабылдау басталды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бастамасымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған дәстүрлі «Парасат» конкурсына өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 27 Мамыр, 2025
Ақтау гарнизонында сүңгуірлердің дайындығы аяқталды
Ақтау гарнизонында сүңгуірлік даярлық бойынша оқу-әдістемелік жиналыс табысты аяқталды. Бұл шараға барлығы 15 адам қатысты, оның ішінде кеменің штаттан тыс сүңгуірлері де болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2025
Ұлытау облысында ҰҚК-нің жаңа ғимараты ашылды
Жақында Ұлытау облысы, Қаражал қаласында алғашқы республикалық маңызы бар әкімшілік ғимарат ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 27 Мамыр, 2025
Қазақстан экономикасы соңғы төрт айда жоғары нәтиже көрсетті
Ұлттық статистика бюросының болжамды деректеріне сәйкес, 2025 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстан экономикасы 6%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 27 Мамыр, 2025
Нейрохирургтер сәбиді аман алып қалды
Медицина дамыған сайын бұрын күрделі саналған небір дерттің дәруі табылып келеді. Денсаулығы күрт нашарлаған науқастармен күнделікті бетпе-бет келетін дәрігерлерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Мысалы жақын беріде Ұлытау облысында нейрохирургтер жастан асқан балаға операция жасап, аман алып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Мамыр, 2025
Елордада ат спортынан халықаралық жарыс басталады
2025 жылдың 30 мамыры мен 1 маусымы аралығында елордадағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде екі халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.